- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»
- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм
- •Бадамша – 2016
- •Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- •Іріктемені қалыптастыру
- •Мәліметтерді жинау әдісі
- •Құралдар құрылымы
- •Диаграмма 4. Қарғалы ауданы тұрғындары арасында адаптантар мен дезадаптанттардың үлес салмағы (жалпы респонденттердің жауаптары)
- •Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
- •Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
- •Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі
- •Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
- •Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
- •Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
- •Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар
Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
Аудан тұрғындарының басым бөлігі (19,5%), «жаппай толқулар күтілісі бар» деп санаса, 2% «толқулардан қашып құтылуға болмайды» деп қарастырады. Дегенмен, сұрау алынғандардың 14% ҚР белгілі бір жаппай толқулар және бас көтерулердің болуы мүмкін емес деп санаса, ал сұрау алынғандардың 45,5% мүмкіндігі аз , деп көрсетті. Сұрау алынғандардың 19% жауап беруге қиналды. Аудан тұрғындарының негативті болжамдары -ең алдымен, экономикалық ахуалмен, соның ішінде, ұлттық валютаның кенеттен девальвацияға ұшырауы және валюталық нарықтағы тенденциялары болып табылады. Оған қоса, респонденттердің 45%ы сауалнама сұрау мезетінде, оларда немесе олардың қоршаған ортасында жаппай толқулар мен бас көтерулер болған жағдайда қатысуға дайындығының бар екенін білдірді.
Жалпы жауаптарды талдап көрсек, аудан тұрғындары арасында позитивті, оптимистік көңіл күй тән. Протестті топ әлеуеті бар. Десек те, аумаққа тән проблемалар уақытылы шешіліп отырмаса, қақтығыстық жағдайдың өрістей түсу мүмкіншілігі арта түседі.
Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
Жалпы, билік өкілдері арасында ауыл тұрғындарының сенімінің ең жоғарғы көрсеткішіне ҚР Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ие. Респонденттердің басым көпшілігі (94%) толығымен не ішінара сенетінін білдірді. Респонденттердің жастық, жыныстық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарамастан ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың беделі мен сенім білдірушілердің ара салмағы өте жоғары. Оны Елбасымыздың қазіргі таңда жүргізіп отырған салиқалы, ішкі және сыртқы саясатымен түсіндіруге болады. Респонденттер арасында ҚР Үкіметі мен Парламентіне оң көзқарас басымдылықты құрайды. Аудан тұрғындарының арасында ҚР Үкіметінің жұмысына 88,5%, ал ҚР Парламентінің қызметіне 87,5% сенім білдіреді. Қазіргі таңдағы Қазақстанның жетістіктерінде, аталған атқарушы және заң шығарушы билік өкілдерінің келісімді түрде қызмет етуі де өз үлесін қосты. Аудан тұрғындарының бұлай жоғары бағалауы, Президент саясатын жүзеге асырушы орган ретіндегі Үкімет пен Парламенттің рөлімен де байланысты.
Таблица № 1. Аудан тұрғындарының билік өкілдеріне көзқарасы, %-бен
№ |
Билік органдары |
Толығымен сенемін |
Сенемін дегенім дұрысырақ |
Сенбеймін дегенім дұрысырақ |
Толығымен сенбеймін |
Жауап беруге қиыналамын |
1 |
ҚР Президенті |
76 |
18 |
1,5 |
0,5 |
4 |
2 |
ҚР Үкіметі |
60 |
28,5 |
5,5 |
1,5 |
4,5 |
3 |
ҚР Парламенті |
54 |
33,5 |
6,5 |
1 |
5 |
4 |
Жергілікті әкімдік |
54,5 |
28,5 |
6,5 |
6 |
4,5 |
5 |
Жергілікті Мәслихат |
49 |
33,5 |
5 |
5 |
7,5 |
6 |
Аудандық сот |
53 |
31 |
5,5 |
5 |
5,5 |
7 |
Жергілікті прокуратура |
53 |
31,5 |
4,5 |
5,5 |
5,5 |
8 |
Жергілікті Ішкі істер бөлімдері |
46,5 |
37 |
5,5 |
5,5 |
5,5 |
9 |
Халыққа қызмет көрсету орталықтары |
55 |
31 |
5 |
2,5 |
6,5 |
Жергілікті әкімдікке респонденттердің 83% оң баға беріп, сенім білдіретінін жауаптарында көрсеткен. Мемлекеттік органдар арасында аудан тұрғындарының Жергілікті мәслихат пен жергілікті ішкі істер бөлімдеріне сенім білдіруі бойынша үлесі сәл төмендеу, сәйкесінше 82,5% және 83,5% құрайды.
Дегенмен,азаматтардың жеке жүгіну арқылы мемлекеттік органдар мен халықтың өзара қатынасы туралы сұрақтардың жауаптарында, жергілікті билік органдарына сенім деңгейі жоғары екенін көрсетті, аудан тұрғындары бірінші кезекте солардың көмегіне жүгінеді, екінші кезекте ғана құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді. Респонденттердің белгілі бір бөлігі ешкімнің көмегіне жүгінбей, өз күшіне сенеді. Қарғалы ауданы тұрғындары соңғы кезекте бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне жүгінуді жөн көреді.
Оған қоса, Қарғалы ауданының сұрау алынған тұрғындары арасында түрлі бағыттар бойынша мемлекеттік саясатты, соның ішінде, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасы, этносаралық пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын бағалауы анықталды. Тұрғындардың басым бөлігі мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасы деңгейін жоғары бағалады, осы уақыттағы деңгейімен қанағаттанушылардың жиынтық үлесі респонденттердің 88% құрады, дәл солай оң бағаға этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатқа беріледі, 85,5% және 85% сәйкесінше. Оған қоса, респонденттер арасында қалғандарына қарағанда мемлекеттік жастар саясаты деңгейіне қанағаттанғандар төменірек (толығырақ 2 кестеде)
