- •1) Үндіеуропа тілдер тобындағы латын тілі
- •15)Дифтонгтар мен диграфтар
- •I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •Iiі жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •18) Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:
- •I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •Iiі жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
- •20)Етістіктің 3 формасы мен 4 формасы( толық 16 сұрақта)
- •34) Мына сын есімдердің салыстырмалы шырайын анықтаңыз
- •35) Мына сын есімдердің күшейтпелі шырайын анықтаңыз
- •36) Мына сын есімдердің салыстырмалы шырайын анықтаңыз
- •37) Dare-(беру) етістігінің грамматикалық формасын анықтаңыз
- •38) Studere-( үйрену) етістігінің грамматикалық формасын анықтаңыз
- •39) Legere-(оқу,жинау) етістігінің грамматикалық формасын анықтаңыз
- •40) Dicere-(айту,жинау) етістігінің грамматикалық формасын анықтаңыз
15)Дифтонгтар мен диграфтар
Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у,
Дифтонг - екі дауыстының бір буын болуы (қос дауысты) — аu, еu.
Диграф – (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар.
16) Етістіктің негізгі формалары
Латын тілінің етістігінің екі формасы бар. Олар: жақты (verbum finitum) және жақсыз ( verbum infinitum) формалары.
Латын тілінде етістіктің барлық түрі үш негізден құрылады. Олар:
1) инфект негізі;
2) перфект негізі;
3) супин негізі
Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:
1) Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің осы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno
2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi
3) Supīnum – супин: ornātum
4) Infinitīvus praesentis actīvi – етістіктің осы шақтағы негіз етістегі инфинитивтік формасы: ornāre
Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етістікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы:
І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз
ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің
Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз
ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:
Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.
Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.
Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.
Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.
Бірінші (praesens) және соңғы төртінші (infinitivus) формаларының түбірі (негізі) бір. Оны инфект түбірі(негізі) деп атайды. Екеуі де негізгі формаларға жатады, себебі жалғыз бір формасы бойынша жіктеу түрін анықтау қиындыққа соғады. Екі формасын қатар қолдана отырып, жіктік түрін дұрыс анықтуға болады. Латын тілінде инфект түбірі арқылы негіз және ырықсыз етістерде тұрған, шақтары бойынша аяқталмаған істі білдіретін етістіктер жасалады.
Екінші формасы – перфект түбірі - І жақта жекеше түрде тұрған перфект формасының –і жалғауын алып тастау арқылы анықталады:
-
1 d.act.
Перфект түбірі
ornāvi
ornāv-
Перфект түбірінен аяқталған істі білдіретін негіз етіс формасындағы етістіктер формасы жасалады.
Супин (Supīnum) - етістіктен жасалған түбірі - ŭ –ға аяқталып, табыс септігінде тұрған зат есім. Супин қимылды білдіріп, істің мақсатын сипаттайды. Мысалы: Venio ornātum. Әшекейлеу үшін келдім.
Супин түбірін супин формасының –um жалғауын алып тастау арқылы анықтауға болады.
-
Супин (supinum)
Cупин түбірі
ornātum
ornāt-
Супин түбірінен перфект қатарына жататын өткен шақта тұрған ырықсыз етіс (рarticipium perfecti passīvi)формасын құруға болады.
Жіктік жалғау
Жіктік жалғауы басқа қосымшалары сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатнасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді.
Сөздерге жіктік жалғауы үш жақта, жекеше және көпше түрде жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Латын тілінде етістіктер төрт топқа бөлініп жіктеледі.
I-IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасы түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
-
Жақ
Singularis
Pluralis
1
-o, -m
-mus
2
-s
-tis
3
-t
-nt
а) бұл жалғаулар І, ІІ, ІV жіктік тобындағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанады, тек қана ІV жіктік топтағы етістіктердің 3 жақ көпше түрінде түбір мен жалғауды -u жұрнағы байланыстырады;
б) ал жалғаулар ІІІ жіктік топтағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанбайды, арнайы ереже бойынша жұрнақ арқылы жалғанады яғни m, s, t әріптері ĭ жұрнағы арқылы, r әрпі ĕ жұрнағы арқылы, nt u жұрнағы арқылы байланысады.
