Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

Iiі жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

IIІ жіктік топтағы етістіктер

legĕre – оқу

Sing.

1

2

3

leg -o

leg – ĭ- s

leg – ĭ - t

мен оқимын

сен оқисың

ол оқиды

Pl.

1

2

3

leg - ĭ- mus

leg - ĭ- tis

leg - u - nt

біз оқимыз

сендер оқисыңдар

олар оқиды

IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

IV жіктік топтағы етістіктер

audīre – тыңдау

Sing.

1

2

3

audī-o

audī-s

audī-t

мен тыңдаймын

сен тыңдайсың

ол тыңдайды

Pl.

1

2

3

audī-mus

audī-tis

audī -u - nt

біз тыңдаймыз

сендер тыңдайсыңдар

олар тыңдайды

19) Үш райы бар:

modus indicatīvus – ашық рай; осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағаналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады.

modus conjunctīvus – қалау райы; іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағанасында айтылатын етістіктің түрін қалау райы деп атайды.

modus imperatīvus – бұйрық райы; істің бұйыру мағанасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Істің бұйыру мағанасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Латын тілінің бұйрық райының жекеше, көпше түрі бар. І, ІІ, IV жіктік топқа жататын етістіктердің бұйрық райының жекеше түрі етістіктің инфенитивтік түбіріне сәйкес келеді.

Мысалы: І жіктеуге жататын amāre жақсы көру етістігінің бұйрық райы ama! жақсы көр!

Мұндағы: amā-re, amā – етістіктің инфинитивтік түбірі де, re- инфинитивтік жұрнағы

ІІ жіктеуге жататын valēre дені сау болу етістігінің бұйрық райы valе! сау бол!

IV жіктеуге жататын audīre тыңдау етістігінің бұйрық райы audі! тыңда!

Ал ІІІ жіктік топтағы етістіктердің бұйрық райы инфинитивтік түбірге –е жұрнағын жалғау арқылы жасалады.

Мысалы: legĕre оқу етістігінің бұйрық райы legе! оқы!

Бірақ осы ІІІ жіктік топтқа жататын төрт етістік өздерінің бұйрық райының жекеше түрін құрастыру барысында бұл ережеге бағынбайды. Олар: dicĕre сөйлеу, ducĕre жетелеу, ferre әкелу, facĕre істеу етістіктері. Бұл етістіктердің бұйрық райы dic! Сөйле! Duc! жетеле! Fer! әкел!, fac! Істе! болады.

Етістіктің түбіріне -te жалғауы жалғанып, бұйрық райдың көпше түрі жасалады. Тек қана ІІІ жіктік топтқа жататын етістіктердің бұйрық райының көпше түрін құрастыру барысында –te жалғауы түбірмен –ĭ жұрнағы арқылы байланысады.

Қазақ тілінде етістіктің түбіріне -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғанып, бұйрық райының болымсыз түрін білдірсе, латын тілінің бұйрық райының болымсыз түрінің жекеше формасы noli, көпше формасы nolĭteарқылы жасалады. Мысалы:

Singularis Pluralis

І жіктеу: noli clamāre айғайлама! Nolĭte clamāre айғайламаңдар!

ІІ жіктеу: noli movēre жылжытпа! Nolĭte movēre жылжытпаңдар!

ІІІ жіктеу: noli scribĕre жазба! Nolĭte scribĕre жазбаңдар!

ІV жіктеу: noli audīre тыңдама! Nolĭte audīre тыңдамаңдар!

–IO –ға аяқталатын IIІ жіктік топтағы етістіктердің Imperatīvus Рraesentis Activi формасы:

Singularis Pluralis : cap-ĕ capĭ-te

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]