Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Кб
Скачать
☆

18) Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:

1) Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің осы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno

2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi

3) Supīnum – супин: ornātum

4) Infinitīvus praesentis actīvi – етістіктің осы шақтағы негіз етістегі инфинитивтік формасы: ornāre

Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етістікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы:

І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз

ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің

Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз

ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері

Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:

Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.

Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.

Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.

Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.

Латын тілінде етістіктер төрт топқа бөлініп жіктеледі.

I-IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасы түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:

Жақ

Singularis

Pluralis

1

-o, -m

-mus

2

-s

-tis

3

-t

-nt

а) бұл жалғаулар І, ІІ, ІV жіктік тобындағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанады, тек қана ІV жіктік топтағы етістіктердің 3 жақ көпше түрінде түбір мен жалғауды -u жұрнағы байланыстырады;

б) ал жалғаулар ІІІ жіктік топтағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанбайды, арнайы ереже бойынша жұрнақ арқылы жалғанады яғни m, s, t әріптері ĭ жұрнағы арқылы, r әрпі ĕ жұрнағы арқылы, nt u жұрнағы арқылы байланысады.

I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

I жіктік топтағы етістіктер

ornāre - әшекейлеу

Sing.

1

2

3

orno

orna-s

orna-t

мен әшекейлеймін

сен әшекейлейсің

ол әшекейлейді

Pl.

1

2

3

orna-mus

orna-tis

orna-nt

біз әшекейлейміз

сендер әшекейлейсіңдер

олар әшекейлейді

II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus

Persona

II жіктік топтағы етістіктер

vidēre - көру

Sing.

1

2

3

vidē-o

vidē-s

vidē-t

мен көремін

сен көресің

ол көреді

Pl.

1

2

3

vidē-mus

vidē-tis

vidē-nt

біз көреміз

сендер көресіңдер

олар көреді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]