- •1.Полимерлі композициялық материалдар (толтырылған, армирленген және қоспалар) анықтамасын бер және олардың қолдану маңызын сипатта.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •6.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың физика-химиялық қасиеттерін түсіндір.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •9.Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсеріне мысал келтір.
- •10 Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз
- •11.Полимерлі композициялы материалдарға(толтырылған,армирленген,қоспалар)анықтама беріп,қолдану ерекшілігін сипаттаңыз
- •Олар пкМның берік қасиеттеріне шешуші роль атқаратын толтырғыштар – армирлеуші элементтер.
- •Жеке толтырғыштар, яғни шектелген көлемдегі бөлшектер тектес, оларды енгізгенде пкм қасиеті анықталады, кернеуге және жарылуға бейімділігі кемиді.
- •13.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14.Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсеріне мысалдар келтір.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17.Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланыс
- •23. Полимердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз
- •24.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •25. Пластификациялау.
- •28.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсет. Көбіктендіруші толтырғыштар мен көбіктендірілген пкм
- •29. Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32.Қағаз негізіндегі қатпарлы пластикті лабораториялық жағдайда алу технологиясын келтіріңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жаз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолданылу салалары арасындағы байланыс
- •40.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •50.Полипропиленді пероксидті қосылыстармен тігу реакциясын келтіріңіз. Асқын тотықты қосылыстардан басқа қатайтқыштарды қолдану мүмк
- •51.Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстыр
- •52.Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағала.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдау
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57.Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
29. Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз
Араластыру - бұл жүйенің композиттік біркелкілігін арттыратын үрдіс. Араласуға әр түрлі жүйелер қатысады, бірақ полимерлік композитті материалдарды өңдеуде ұнтақ тәрізді затты тұтқыр сұйықтықпен және екі тұтқыр сұйықтықпенғ яғни полимерлер қоспасын алу үлкен орын алады.
Араласудың ламинарлы теориясы
Ламинарлы араласудың механизмі әсерлесетін екі сұйық фазаның бөлу бетін арттырудан тұрады. 1, а-суретте идеалды араластырғыштың нұсқасы бар. Онда цилиндрлердің арасындағы саңылау полимер балқымасымен және техникалық көмірмен толтырылған соң полимердің сызығы орналасқан. Ішкі цилиндр айналады және қара сызық созылып, спираль түріне өтеді. Мұнда дисперсияланатын фаза және матрицп арасындағы бөлу беті артады. Орам саны артқан сайын, спираль орамдар бір-біріне жақындайды және қоспаның біркелкілігі артады.
r =H/ n+1≈H/n
H-араластырғыш айналмалы қуысының қалыңдығы
r- орамдардың ара қашықтығы
Айналым саны n=1000 техникалық көмір бөлшектерінің арақашықтығы сызық бойымен r мәніне тең болады, ол қоспаның біркелкілігін жоғары көрсетеді.
1 б,в-суреттен көрініп тұрғандай, араласатын полимер қозғалудың бағытында орналасса, араласу тиімді емес. Бұл вальцтерде араластырғанда жақсы байқалады. Валктер бір-біріне бағытты айналады да, материалдың бір валктың соңынан екіншісіне қозғалыссыз қалады. Техникалық көмірді анықталған қуыс нүктесіне енгізу – валкты айнала қоршаған қара жолақтың пайда болуына әкеледі, ал қалған полимер боялмайды.
Дисперсті араласу
Ұнтақ тәрізді толтырғыштарды полимер балқымасына енгізгенде ұнтақтарда агломераттар бөлшектері болатыны байқалған. Агломераттар бөлшектерінде байланыстардың жоғары беріктілігін қамтамасыз ететін адсорбциялық күштер болады. Дисперсті араласу-агрегаттарды бұзып, олардың бөлшектерін полмер көлемінде біркелкі тарату.
Дисперсті араласудың акт кезіндегі сызбаы 1-суретте көрсетілген. Екі бөлшектен тұратын агломерат қозғалысының перпендикуляр бағытына бағытталған. Мұнда екі жағдай болуы мүмкін:
Тіркелі күшін жеңу, агрегаттың ыдырауы, сосын жоғарғы бөлшек төменгіні озады-дисперсті араласудың элементарлы актісі орындалалы.
Агрегатта тіркелу күші жоғары, қозғалу күші агрегатты ыдырата алмайды, ол бұрыла отырып, толығымен қозғалыстың бағытымен бағытталады-дисперсті араласу болмайды.
Егер төменгі бөлшектің орталығын координата басына қойса, онда агрегаттың жоғарғы бөлшек орталығының қозғалыс теңдеуі былай болады:
k=6πRτ/F R-бөлшек радиусы, τ-қозғалыс күші, F-бөлшектердің арасындағы әрекеттесу күші.
Неғұрлым орта тұтқырлығы жоғарылаған сайын, агрегаттың ыдырауы тиімді жүреді. Сондықтан, балқыманың темп-н қажетті шегіне дейін төмендетсе немесе араластырғыш ротордың айналу жиілігін арттырғаннан араластыру қарқындылығы артады.
30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
Композициялық материалдар (лат. тілінен сompositio – құрау, қиын) – бұл екі немесе одан да көп физикалық және химиялық қасиеттері әр түрлі компоненттерден құралған біртексіз тұтас материал. Бұл компоненттер әрқайсысы жеке фаза болып қалады және соңғы композициялық материалда нақты шекарасы болады.
Композиттерді жасау мақсаттары
Эксплуатациялық қасиеттерін арттыру:
- беріктілік, - пластикалығы, - фрикцилық қасиеттері (жоғары үйкеліс коэффициенті),- термотұрақтылық, - жанғыштықтың төмендеуі, - биоактивтілігін немесе биоүйлесімділігін арттыру,- жылуөткізгіштік, - магниттілік, - электрлік,
-оптикалық қасиеттері және т.б.
Технологиялық қасиеттерін арттыру;
Материалды арзандатылуы.
Композиттің физико-механикалық қасиеті компоненттердің мөлшеріне байланыты. Талшықтын мөлшері мен тығыздығы көп болған сайын композиттің беріктілігі мен серпімділік модулі жоғары болады. Талшықтың массалық салмағын (%масс.) Pтал есептеу оның үлгідегі мөлшерімен есептеледі. Мысалы шыны пластиктер үшін байланыстырғышты жандырып тастау әдісін қолдануға болады. Ртал+ Рбайл=1; компоненттердің көлемдік мөлшеріне (%көл)ауыстыру үшін талшықтың, байланыстырғыштың, композиттің, тығыздығын(Pтал, Рбай,Рк) білу керек. Pтал, Рбай анықтамалықтан алынады, ал Рк эксперемет нәтижесінде анықталады.Компоненттердің көлемдік қатынасы келесі формуламен есептеледі:Vтал=Ртал ρк/ρтал; Vбай=Рбай ρк/ρбай; Vкеу=1-Vтал-Vбай. Vкеу-материал кеуектілігі.Талшықтың бір диаметрдегі теориялық максималды мүмкін мөлшері 90,8%.Талшықтың мөлшерін арттыру арқылы композиттің бекріктік-серпімділік қасиетін арттыруы олардың препрегте тығыздалуына байланысты.Байланыстырғыш тұтқырлығының төмендеуі және сыртқы күшті факторлардын артуы арқылы шыны және органикалық талшықтардың композиттегі мөлшерін 78%-ға дейін арттырады. Нәтижесінде композит берік және серпімді болады. Теориялық тұрғыдан талшықтардың құрамы оның диаметріне тәуелді емес, алайда практика жүзінде оған аса көп мән беріледі. Көміртек талшықтар үшін олардың диаметрі органо талшықтармен салыстырғанда екі есе кіші болғандықтан, оның көміртек пластиктегі мөлшерін 65%ға дейін үлкейтуге болады. Себебі бұл жүйенің үйкелсіне төтеп беру ж/е ондағы артық байланытырғышты жою қиынға соғады.
СВМ органо талшықтарын қолданған кезде талшыұтардың мөлшері 90-95%ға дейін жететін жоғары армирденген органопластиктерді алуға болады. Бұл талшықты оське перпендикалялы қайтымсыз термодефоримирлеу арқылы оның қимасын өзгертіге болады. СВМ талшықтарының өзара әсерлесуі талшықтын ішінде бірен-сараң орналасқан байланыстырғыштың жұқа қабаты арқылы н/е талшық компоненттерінің өзара дифузияланунан пайда болатын аутегезиялық байланыс арқылы жүзеге асады.
