Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-60_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.

Полимерлі композитті материалдар екі фазадан тұрады: матрица – байланыстырушыдан және толтырғыштан. Байланыстырушы әрқашан полимер болады. Ал байланыстырушылар өз алдына термореактивті және термопластты болып екіге бөлінеді. Термопластты байланыстырушылар:

  1. полиолефиндер – этилен, пропилен, бутен, гексен және т,б, қанықпаған қосылыстар қатарының полимерленуі және сополимерленуі арқылы алынатын полимерлі материалдар тобы. Осы полимерлер классының негізгілері полиэтилен мен полипропилен. Полиэтилен этилен полимеризациясының жоғарымолекулалық өнімі (-CH2-CH2-)n. Көптеген маңызды қасиеттер кешеніне ие – жоғары беріктілік, радиацияға және агрессивті әрекеттерге тұрақты, температуралардың кең интервалында жұмыс істей алады. Алу әдістеріне байланысты: төменгі және жоғары тығыздықты полиэтилен. Полипропилен 800С температурада, төмен және орташа қысымда, арнайы Циглер-Натта катализаторы қатысында пропиленнің(CH2=CH-CH3) полимерленуі арқылы алынатын жоғарымолекулалық өнім. Ол полиэтиленге қарағанда қатты және балқу температурасы жоғары, сондықтан полипропиленнен жасалатын заттарды стерилизациялауға болады.

  2. поливинилхлорид (-CH2-CHCl)n массада, суспензияда немесе эмульсияда винилхлоридтің радикалды полимерленуі арқылы аынатын термопластты материал. Екі түрлі материал үшін қолданады: қатты ПВХ (винилпласт) және эластикалық ПВХ (пластикат).

  3. Полистиролды пластиктер –[CH2-CH(C6H5)]n – бұл жалпы термопласттар тобына стирол полимерлері, оның басқа мономерлермен сополимерлері және т.б. жатады.

  4. Полиметилметакрилат [CH2-CH3(COCH3)]n метилметакрилаттың полимерленуі немесе оның басқа акрил қатарды мономерлермен сополимерленуі арқылы алынатын материал. Көп оргпникалық шыны алуда қолданады.

  5. Полиамидтер негізгі тізбекте қайталанатын амидті топтары(-CO-NH-) бар гетеротізбекті полимерлер. Бұдан жасалатын заттар электротехникада, машина құрылысында, прибор құрылысында және т.б. жерлерде қолданады. Өндірісте келесі жолдармен алады:

  • Аминоқышқылдардың лактамдарын полимерлеу

  • Диаминдердің дикарбонқышқылдарымен немесе олардың дихлорангидридтерімен поликонденсациясы

  1. Полиформальдегидтер

Ароматы полиэфирлер және т.б.

9.Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсеріне мысал келтір.

Полимерлік композитті материалдардың толтырылуы-бұл фазалар бөлу бетімен гетерофазалық жүйе түзетін полимер (матрица) фазасында үздіксіз таралған қатты,сұйық және газ тәрізді органикалық және бейорганикалық заттармен олардың толтырылуы.

Полимерлік матрицаға енгізілетін заттар-толтырғыштар,ал полимерлер-толтырылған полимерлік материалдар деп аталады.

Толтырғыштарды полимерлерге мынадай мақсатпен енгізеді:

  • Бағалы тасымалдаушы қасиетті комплексімен жаңа полимерлі материалдар құру

  • Толтырылған полимерлердің қайта өңделуін және технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін

  • Материалдың арзандауы

  • Қалдықтарды жою және экологиялық мәселелерді шешу

  • Толтырғыштардың түрлерін және шикізат базасын арттыру

Толтырғыштардың полимерлердің мынадай қасиеттерін өзгертеді:

  • Полимерлердің аққыштығын арттырады немесе кемітеді

  • Пішінденуін және пішінтұрақтылығын арттырады

  • Термиялық және механикалық отыруын төмендетеді

  • Жылуға төзімділігін және жанғыштығын төмендетеді

  • Полимерлік материалдардың физика-механикалық, химиялық, жылуфизикалық қасиеттерін

  • Оптикалық қасиеттерін

Толтыру арқасында әр жерде қолданылатын және жеңіл және ауыр, жылуөткізгіш және жылуизоляциялық,электрөткізгіш және электризоляциялық,соғуға берік,жоғары модульді және жоғары берік полимерлі материалдар алуға болады.

Толтырғыштарды енгізу толтырылған материалдың бір сипаттамасын жақсартумен және екіншісінің төмендеуімен жүреді. Мысалы қатты толтырғыш материалдың серпімділік модулін арттырады,бірақ деформациясын және аққыштығын кемітеді. Сондықтан,толтырғышты таңдау,оның құрамы әрқашан оңтайлы мәселе болып саналады.

Толтырылған пластмассалардың түрлі маркаларын құру үшін қолданылатын полимерлерді 4 топқа бөлуге болады:

I-қанықпаған полиэфирлер, фенолды, меламинді, кремнийорганикалық шайырлар, полифенилсульфид

II-ПВХ,ЭШ,ПА,ПСФ,ПФО,полиэфирсульфон,ПУ,ПБТ, мочевина формальдегидті шайырлар

III-ПП,ПА,-6,-11,-12,фторпласттар,полиацетальдар,ПК,ПЭТФ

IV-целлюлоза эфирлері,акрилді полимерлер,ПЭ,ПС.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]