Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-60_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆
  1. Жеке толтырғыштар, яғни шектелген көлемдегі бөлшектер тектес, оларды енгізгенде пкм қасиеті анықталады, кернеуге және жарылуға бейімділігі кемиді.

  2. Олар пкМның берік қасиеттеріне шешуші роль атқаратын толтырғыштар – армирлеуші элементтер.

Армирлеуші элементтер – пкмге әсер ететін негізгі жүктемені қабылдайтын үлкен сызықты өлшемдегі талшықты материалдар.

Химиялық құрылымына, пішініне, бөлшектердің өлшеміне және агрегаттық күйіне байланысты толтырғыштарды жіктейді. Табиғатына байланысты олар бейорганикалық және органикалық; агрегаттық күйіне байл қатты, сұйық, газ; КМдағы роліне байл дисперсті және армирлеуші; бөлшектердің пішініне байл дисперсті, дән тәрізді, талшықты, қабатталған болып бөлінеді. Соңғы жіктеу ең қолайлысы болып келеді.

ПКМде конструкциялық мақсатта қолд армирлеуші талшықтар эксплуатациялық және технологиялық талаптарға жауап беруі тиіс. Оларға берілген температурада талшықтың беріктілігі, қаттылығы, тығыздығы, қасиеттерінің тұрақтылығы жатады.

12. ПКМ құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипатта. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері:

Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал. агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді;  радио- және электротехникалық касиеттері жоғары, сонымен бipre диэлектрлік көрсеткіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді;  арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең аймағында жарық, сонымен бipгe ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді).  физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (каттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және 6ip материалда карама-қарсы касиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштік («брондалған» полимерлер).

Композиттердің физико-механикалық қасиеттері көбінесе компоненттердің мөлшеріне және көлемдік үлесіне байланысты болады. Талшықты компоненттердің көлемдік үлесін есептеу үшін талшықтың, байланыстырғыштың және композит тығыздығын білу қажет. Талшықтың максималды көлемдік үлесі 90% болуы керек, көп жағдайда бұл шама 65-83% құрайды.

Талшықтардың теориялық үлесінде диаметрлері ескерілмейді, ал тәжірибелік есептеулерде үлкен роль атқарады. Көміртектік талшықтардың диаметрлері шыны және органикалық талшықтар диаметрлерінен екі есе кіші, сондықтан олардың үлесі 65% құрайды. Органикалық талшықтарды қолданған кезде үлесі 90-95% болатын жоғары армирленген органопластиктерді ала аламыз.

ПКМ ерекшелігі – механикалық қасиеттері өзгертілетін гибридті және градиентті армирленген пластиктерді (ГАП) алу. Оларды алуда екі немесе одан да көп талшықтар – шыны, органикалық, көміртектік, борлы – қолданылады. ГАП механикалық қасиетіне әсер ететін фактор – материалға қолданылатын талшықтардың шекті деформациясы. Деформациялық қасиеттері жақын талшықтардан жасалған ГАП-ке органошыны пластиктер және көміртекборлы пластиктер жатады. Бұл талшықтар өте берік келеді.

Ал деформациялық қасиеттері әртүрлі талшықтар қолданылса, ГАП қасиеттерінде басқа заңдылық байқалады. Көміртекшыны-, көміртекоргано-, боршыны- және борорганопластиктерді созған кезде талшықтардың үзілуі бір уақытта жүрмейді. Бұл жағдайда композиттің шекті деформациясы көлемдік үлесі көбірек талшықтың шекті деформациясымен анықталады.

Шыны және органикалық талшықтарды қатар қолданғанда, органопластикпен салыстырғанда беріктілігі жоғары, шыныпластикпен салыстырғанда созылуға тұрақты материал ала аламыз. Шыны және көміртекті талшықтарды қолданғанда, шыныпластикпен салыстырғанда серпімдірек материал пайда болады, оларды сындыру үшін көп күш қажет болады. Шыны пластиктерге бор талшықтарын енгізсе, олардың серпімділік модулі едәуі артады, беріктілігі өзгермейді немесе артады.

Гибридті және градиентті армирленген пластиктердің бір түрі – градиентті ПКМ. Олардың құрылымы мен қасиеттері кеңістікте әртекті болады. Бұл ПКМ-нің серпімділік-беріктілік қасиеттерін өзгерту арқасында ПКМ-ге түсетін күштің біркелкі таралуын қамтамасыз етуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]