Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-60_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

57.Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.

Полиуретан алынуы:

Полиуретан- ортотоннажды топқа жататын перспективті полимер. Олардың ішінде алдыңғы орында көбікті полиуретандар тұр. Олар құрылыста, жиһаз өндірісінде, автомобиль құрылысында кеңінен таралған. Басқа полиуретанды материалдар толықтырғыш масса ретінде, желімдер, жасанды тері, жабындылар ретінде қолданылады. ПУ барлық түрлері үшін шикізат ретінде полиизоцианаттар мен полиспирттер пайдаланылады. ПУ өндірісі үшін ди-, три- және полиизоцианаттар қолд. Төмен молекулалы ди-, триизоцианаттар 20-160С алифаттық және ароматтық ди-, триаминдерді фосгенмен әрекеттестіріп алады.

ПУ уш түрлі типін өндіруге болады:

  1. Сызықты термопласт;

  2. Сұйық форполимер құймасы;

  3. Каучук түрі;

Сұйықты термопласттарды компоненттердің экфимольді қатынастарында алуға болады. Олардың мольдық массасы 30000-60000 аралығында болады. Төмен мол-лы диолдар қолданылса, қатты полимерлер алады, ал жоғары мол-лы диолдар пайдаланылса эластикалық, жұмсақ полимерлер алуға болады. Сұйық форполимерлер құймасын күрделі немесе жай полиэфирлердің жиизоцианаттармен 130С-температурада әрекеттесуі нәтижесінде алуға болады. Мол-лық массасы- 2000 жуық. Көбікті ПУ қатты, жартылай қатты, эластикалық түрде алынады. КПУ-ды өндірудің технологиялық процесі келесі сатылардан тұрады:

  1. Композиция компоненттерін араластыру (полиол, полиизицианат, БАЗ, катализатор, су, көбіктендіруші агент).

  2. Көбіктендіру үшін теакциялық қоспаны қалыпқа қою;

  3. Көбікті материалды алу;

БАЗ ретінде сульфоқышқылдардың натрий тұздары, сабын, полидиметилсилоксанды май, полиэтиленоксидтер қолданылады. СУ көбіктендіргіш агент ретінде қосылады. Жақсы Жылу дыбысизоляционды қасиеті, қайнаған су, бензин, тұздардың судағы ерітіндісінің әсеріне төзімділігі, жемірілмеуі, ағаш, металл, матаға адгезиясының жоғарылылығы көбікті ПУ барлық техника салаларында қолданылуына себепкер.

58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.

Схема: а – тура (компресионды) и б – литьевой пресстеу:1 – пуансон; 2 – пресс-материал; 3 – матрица; 4 – выталкиватель; 5 – изделие; б – загрузочная камера; 7 – литниковая система

Реактопластарды тура пресстеуді қарастыратын болсақ, бұл әдіс формалары, өлшемдері, қалыңдығы әр түрлі бұйымдарды алуда, әдетте ұнтақ, гранула, талшық тәріздес реактопластарға қолданылады. Пресстеуді бастаудың алдында полимерлер өндеуден өтеді, яғни құрғату, таблетка алу, алдын ала қыздыру арқылы олардан алынатын бұйымдардың технологиялық қасиеттері мен сапасын арттырады. Өнделетін жартылайфабрикатты қыздырылған пресс формаға енгізеді. Материал қыза бастайды да біртіндеп тұтқыраққыш күйге ауысады, қысым 7 ден 50 МПа дейін. Материалды пресс формада қысымда полимер толық қатайып біткенше ұстайды. Біткен соң дайын өнімді пресс формадан пресстеу температурасында шығарады. Нәтижесінде материал тұтқыраққыш күйден қатты күйге ауысады.

Таблетка алу — суық пресстеу процесі, бұл кезде пресс материал матрицаға енгізіліп, пуансондармен нығыздалып, 100МПа ға дейінгі қысымда дайын өнім алу болып табылады.

а — біржақты; б — екіжақты; в — с «плавающий» матрицалы; 1 — жоғарғы пуансон; 2 — төменгі пуансон;3 — пружина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]