Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274 Кб
Скачать
☆

Курстар бойынша оқыту мазмұнының талаптары

БІРІНШІ ОҚУ ЖЫЛЫ

Кіріспе

Шетел тіліне оқытудың бірінші жылында сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің негіздері қалыптасады. Бірінші оқу жылының тілдік материалы А1 деңгейіне сәйкес нормативтік дұрыстықпен сипатталады және жиі қолданылатын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстарды, әр түрлі сөз тіркестерін және клишелерді қамтиды.

А2 деңгейі судентке жеңіл грамматикалық құрылыстарды, жаттаған сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, оңай тақырыптарда қысқаша сөйлеуге өзі жайында, күнделікті сабақтары жайында айтуға, өтініш сұрауға, сұрақ қоюға, сонымен қатар, өзі және басқалар туралы айтуға, олар не істейтіні, қайда тұратыны, нелері бар екені жайлы хабарлауға мүмкіндік береді.

Курстың лексикалық минимумы 1000-1300 лексикалық бірліктен тұратын стилистикалық тұрғыдан бейтарап және күнделікті – ауызекі тілдегі, сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Үйренілетін лексикалық минимумның енжар түрі 1500 бірлікті құрайды.

Сөйлеу әрекетінің (СӘ) әрбір түрінде студенттер А1, А2 деңгейлеріне сай қатынас икемділігінің белгілі бір мөлшерін меңгеруге қол жеткізеді.

СӘ түрлері бойынша студенттердің төмендегілерге икемі болуы керек:

А1 деңгейі

Тыңдап түсіну

  • бәсең жылдамдықпен және анық дыбысталып жатқан сөйлеуде студентке, оның отбасына және айналасына байланысты жеке таныс сөздер мен негізгі фразаларды түсінуге.

Оқу

  • таныс есімдерді, сөздерді және жай сөйлемдерді (мысалы, хабарландырулардағы, афишалардағы немесе каталогтардағы) оқуға және түсінуге.

Сөйлеу

  • әлеуметтік – тұрмыстық және әлеуметтік – мәдени аялардағы сөйлесу көлемінде дайындалған сөзді қолданып жай диалог жүргізуге (қарапайым сұрақтарды қайталай отырып және сондай сұрақтарға жауап бере отырып);

  • қарапайым фразалар мен сөйлемдерді қолдана отырып, мекен – жайы және таныс адамдары туралы әңгімелеуге;

  • белгілі бір қарапайым, жатталған құрылымдар мен сөйлем үлгілерін қолдануға;

  • өзін таныстыру мен сәлемдесудің және қоштасудың қарапайым үлгілерін қолдануға.

Жазу және жазбаша сөйлеу

  • қарапайым, қысқа открыткалар жазуға, формуляр толтыруға, мысалы, өзінің аты – жөнін, ұлтын, мекен – жайын, жұмыс орнын, қонақ үйдегі тіркеу қағазына жаза білуге;

  • сөздер мен сөз тіркестерін қосу үшін қарапайым жалғаулықтарды қолдана білуге.

А2 деңгейі

Тыңдап түсіну

  • тақырыпқа байланысты айтылған, студентке тікелей қатысы бар (мысалы, негізгі жеке және отбасына тиесілі мағлұматтар, дүкенде сауда жасау, мекен – жайы, жұмыс) жеке фразаларды және жиі қолданылатын сөздерді түсінуге;

  • қысқа, анық және қарапайым хабарламалар мен хабарландырулардың негізгі жайларын түсінуге.

Оқу

  • қысқа және қарапайым мәтіндерді оқуға және түсінуге;

  • күнделікті қатынастың қарапайым мәтініндегі (жарнамаларда, проспекттерде, мәзірлерде, сабақ кестесінде, хабарландыруларда) нақты, оңай болжайтын ақпараттарды табуға;

  • жеке сипаттағы қысқа қарапайым хаттарды түсінуге.

Сөйлеу

  • таныс тақырыптар және іс - әрекеттер шеңберінде тікелей ақпарат алмасуды талап ететін әдеттегі қарапайым жағдаяттарда сөйлесу;

  • қарапайым фразалар мен сөйлемдерді қолдана отырып, қысқа қарапайым фразалар және сөйлемдер түрінде өзінің отбасындағы және басқа да адамдар, тұру жағдайлары, оқуы, қазіргі немесе бұрынғы жұмысы, күнделікті істейтін шаруалары туралы әңгімелеп беруге.

Жазу және жазбаша сөйлеу

  • қысқа және қарапайым жазулар мне хабарламалар жазуға;

  • жеке сипаттағы қиын емес хаттар (мысалы, бір нәрсе үшін біреуге алғысын білдіру, шақыру, шақырудан бас тарту және т.б.) жазуға;

  • «және», «бірақ», «себебі» сынды жалғаулықтарға байланысты бірнеше қарапайым фразалар мен сөйлемдер жазуға.