Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274 Кб
Скачать
☆

Жазу және жазбаша сөйлеу

Жазбаша сөйлеудің композициялық сөйлеу түрлері болып: суреттеу және баяндау табылады.

Жазбаша шығармалардың түрлері:

  • жазба;

  • жеке хат;

  • құттықтау открыткасы;

  • анкета, формуляр, кеден декларациясы;

  • хабарламаның жоспары.

Студенттің А1 деңгейіне сәйкес төмендегілерге икемі болу керек:

  • 5 семестрдің сөйлеу тақырыбына байланысты қарапайым фразалармен туысқандары, өзінің айналасындағылар, олардың жұмыстары, үйі (пәтері) және тағы басқаларды суреттеуге;

  • рәсімдеудің (қысқа құттықтау открыткасын жазу, жеке анкета толтыру) нормативтік талаптарына сәйкес коммуникативтік ниетін білдіруге.

Студенттің А2 деңгейіне сәйкес төмендегілерге икемі болу керек:

  • қысқаша жазба, қысқа жеке хат жазуға, рәсімдеудің өлшемдік талаптарына сәйкес формуляр толтыруға;

  • өзінің күн тәртібін құру және жазып қою;

  • өзінің қалауларын, өмірбаяны (өзінің және басқалардың), ағымдағы оқиғаларды, ауа – райын және қарапайым түрде суреттеу;

  • оқылған мәтінге жоспар құру және жазып алу;

  • мәтін, тақырып және т.б. бойынша баяндамасына қысқаша тезис құру.

Тыңдап түсіну

Тыңдап түсіну тіл өкілі және дыбысжазбасы, оқытушы және студенттер тарапынан дыбысталған сөзді тыңдауды және түсінуді болжайды. Тыңдап түсінуге үйрету – үйреніп жатқан сөйлеу тақырыбының шектелген шеңберіндегі монолог және диалог сипатындағы аутенттік мәтіндер негізінде іске асады. Бірінші оқу жылында тыңдап түсіну бойынша материалдар ретінде қиын емес әдеби шығармалар, қысқа диалогтар, автожауапберушідегі хабарлама, жарнама мәтіндері, хабарландырулар пайдаланылады.

А1 деңгейіне сәйкес студенттің төмендегілерге икемі болу керек:

  • оқытушының және өзінің сыныптастарының мақсатын, сөзін түсінуге;

  • сөйлеудің бәсең жылдамдықпен сөйленген және анық дыбысталған шарттарында, курстың сөйлеу тақырыбы бойынша таныс сөздер мен негізгі фразаларды түсінуге;

  • үйреніп жатқан тақырып шеңберінде түрлі дикторлардың оқуындағы қарапайым мәтіндердің жалпы мазмұнын таспадан тыңдап түсінуге.

А2 деңгейіне сәйкес студенттің төмендегілерге икемі болу керек:

  • таныс тақырып бойынша сөйлеп жатса, тікелей сөйлесудегі басқа кісінің сөзінің жалпы мазмұнын түсінуге;

  • түсіну үрдісінде әлеуметтік – мәдени біліміне, үйренген лексикалық және грамматикалық материалдарға, сонымен қатар, мазмұндық контекстік тапқырлыққа сүйенуге;

  • тікелей және қатынас (мысалы, негізгі жеке және отбасылық мәліметтер, дүкенде сауда жасау, қолы бос болмау және т.б.) аясына байланысты фразалар мен жиі қолданылатын лексиакны түсінуге;

  • қысқа, анық және қарапайым хабарламалар мен хабарландырулардың негізгі жерлерін түсінуге.

Оқу

Оқу – сөйлеудің әрекетінің рецептивтік бір түрі ретінде студенттердің шетел тілідегі мәтінді оқу шеберлігін дамытуды, сонымен қатартүрлі мәтіндерден ақпарат алу икемін болжайды. Оқу материалы қиын емес әдеби, ғылыми – жалпыға түсінікті және прагматикалық мәтіндерден: хабарландырулар, нұсқаулар, буклеттер, қала картасы, каталогтар, проспекттер, афишалар, тамақ мәзірі, кестелер және тағы басқа материалдардан тұрады.

1 оқу жылында студенттер шектеулі шеңберде оқудың қарап шығужәне таныса оқу түрлерін меңгереді.

А1 және А2 деңгейлеріне сәйкес таныса оқу саласында студенттердің төмендегілерге икемі болады:

  • таныс есімдер мен қарапайым сөйлемшелерді қамтыған қысқа мәтіндерді оқуға және түсінуге;

  • жиілік лексика және белгілі мөлшердегі интернационализмдарді қамтыған қысқа, қарапайым мәтіндерді жылдам оқуға және түсінуге;

  • үйреніп жатқан сөйлеу тақырыбы бойынша түрлі жанрдағы қысқа, қарапайым мәтіндерді түсінуге;

  • мәтіннің мазмұнын тақырыпшаларға қарай болжауға;

  • мәтіннің тақырыбын, ойын анықтауға;

  • әсіресе маңызды жерлерін бөліп көрсетуге;

  • мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша, толығырақ айтып беруге.

Іздене оқу саласында А1 және А2 деңгейлеріне сәйкес студенттің икемі болу керек:

  • әлеуметтік – тұрмыстық сөйлеу аясына байланысты таныс сөздер мен қарапайым фразаларды қарапайым хабарламалардан тануға;

  • хабарландырулардан, проспекттерден, тамақ мәзірінен, әдеби дереккөздер тізімінен қажетті ақпарат табуға;

  • хаттар, брошюралар, газет мақалалары сияқты қарапайым жазбаша материалдардан қызыққан ақпаратты табуға;

  • тұрмыстық техниканы, дәрі – дәрмектерді және т.б. қолдану үшін түсініктемелер – нұсқауларды түсінуге.