Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sit_zadachi_Pulmokaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
898 Кб
Скачать
☆

1. Сай келетін болжам диагноз?

А) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы I сатысы, өршу сатысы ТЖ I

Б) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы II сатысы, өршу сатысы ТЖ I

В) Ауруханадан тыс пневмония екі өкпенің төменгі бөлігінде, орташа ауырлық дәрежесі ТЖ 2

Г) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы II сатысы, өршу сатысы ТЖ II. Созылмалы өкпелік жүрек, компенсация.

Д) Бронх астмасы, персистирлеуші, ауыр ағымы, бақыланусыз, өршу сатысы ТЖ II

2. Ем жоспары:

А) антибиотиктер (сезімталдықты ескере отырып), бронхолитиктер, оксигенотерапия, қақырық шығаратын дәрілер

Б) бронхолитиктер, муколитиктер, базисті қабынуға қарсы терапия

В) антибактериалды терапия, бронхолитиктер, муколитиктер, жүрек

гликозидтері, диуретиктер

Г) антибиотиктер (сезімталдықты ескере отырып), қақырық шығаратын дәрілер

Д) антибиотиктер, жүрек гликозидтері

№ 8 есеп

Ер адам Т., 74 жаста, шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, аздаған физикалық жүктемеде ентігу сезімі, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. 2 аптадан бері ауырады, суықтанумен байланыстырады. Жүректің ишемия ауруымен ауырады, 20 жылдан бері темекі шегеді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт. Кеуде клеткасы қалыпты, дауыс дірілі оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген, осы аймақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы және аускультативті – тыныстың әлсіреуі, ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ-23. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс ЖСЖ-76, АҚҚ-130/90мм.сын.бағ. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ.

ЖҚА: эритроциттер-3,6х1012/л, Нв-112 г/л, лейкоциттер- 9,1х109/л, эозинофилдер- 2%, т/я-11%, с/т 54%, лимфоциттер- 25%, моноциттер-8 %, ЭТЖ-51 мм/сағ.

Қақырық анализі: іріңді, қою. Микроскопия: лейкоциттер көру алаңында көп, альвеолярлы макрофагтар 5-10 к/а. ТМБ және атипиялық клеткалар табылмады.

Қақырық себіндісі: пневмококк диагностикалық титрде анықталды.

Кеуде клеткасының рентгенографиясы: екі жақта өкпе суреті күшейген, оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтрация анықталады, бөлік аралық плевра анық білінеді, өкпе түбірі кеңеймеген, синустар бос.

Кеуде қуысының КТ зерттеуі: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде екінші сегмент аймағында инфильтрация анықталады.

1. Сай келетін болжама диагноз:

А) Ауруханадан тыс пневмония оң өкпенің жоғарғы бөлігінде, ауыр ағымы, абсцесспен асқынған ТЖ II.

Б) Ауруханадан тыс пневмония оң өкпенің жоғарғы бөлігінде, ауыр ағымы, экссудативті плеврит ТЖ II.

В) Инфильтративті туберкулез оң өкпенің жоғарғы бөлігінде, ыдырау фазасы.

Г) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қатерлі ісік, ыдырау фазасы

Д) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде эхинококкты киста

2. Қандай емді ең бірінші орында жүргізу керек:

А) амоксоциллин/клавуланат + азитромицин + қақырық шығаратын дәрілер

Б) клофаран +амоксоциллин/клавуланат + дезинтоксикация + емдік бронхоскопия

В) изониазид + рифампицин + витаминдер

Г) хирургиялық ем (ісік түзіндісін алу)

Д) хирургиялық ем (эхинококкты кистаны алу)

№9 есеп

Ер адам К., 55 жаста, шағымы: қиын бөлінетін сарғыш түсті қақырықпен жөтел, қақырық мөлшері көбейді, физикалық жүктемеде ентігу сезімі. 20 жылдан бері бронх-өкпе патологиясы бар, темекі шегеді. Объективті: жағдайы орта ауырлықта, аздаған еріндерінің цианозы. Өкпеде перкуторлы қораптық дыбыс, тыныс әлсіреген, барлық аймақта құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығару ұзарған. ТЖ-27. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс ЖСЖ- 76., АҚҚ -125/78 мм.сын.бағ. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]