Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sit_zadachi_Pulmokaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
898 Кб
Скачать
☆

1.Сай келетін болжама диагноз?

А) пневмония

Б) бронх астмасы

В) бронхоэктаз ауруы

Г) созылмалы іріңді бронхит

Д) ӨСОА

2. Қандай зерттеуді ең бірінші жүргізу керек?

А) ЭКГ

Б) Спирометрия

В) Кеуде қуысының рентгенографиясы

Г) Кеуде қуысының КТ зерттеуі

Д) Бронхоскопия

3. Ем тағайындаңыз:

А) Антибактериалды ем+сальбутамол

Б) Антибактериалды ем+сальбутамол+қақырық шығаратын дәрілер

В) Антибактериалды ем+ беродуал+ қақырық шығаратын дәрілер

Г) Антибактериалды ем+ беродуал+ИГКС

Д) Антибактериалды ем

№10 есеп

Ер адам 65 жаста, ӨСОА ауырады, шағымы: аздаған физикалық жүктемеде ентігу, шамалы қақырықпен жөтел, оң қабырға астында ауырлық сезімі, әлсіздік. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының домбығуы, эпигастральды аймақта пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауырдың үлкеюі, аяқта ісінулер.

1. Осы науқаста экг-да анықталуы мүмкін:

А) қалыпты электрлік ось

Б) сол қарыншаның гипертрофиясы

В) сол жүрекшенің гипертрофиясы

Г) оң қарыншаның гипертрофиясы

Д) Гисс шоғырының сол аяқшасының блокадасы

2.Қосымша қандай зерттеу жүргізу қажет?

А) Кеуде қуысының КТ зерттеуі

Б) Кеуде қуысының МРТ зерттеуі

В) ЭЭГ

Г) ЭХОКГ

Д) Допплер ЭКГ

№ 11есеп

Әйел адам О., 45 жаста, тігін фабрикасында тоқымашы болып жұмыс істейді, соңғы 2 айда тәулігіне 3 ретке дейін және түнгі мезгілде тұншығу ұстамасы мазалайды. Ентігу жоқ. Анамнезінде–өсімдік, шөп тозаңдарына аллергиясы бар. 3жылдан бері аллергологта «поллиноз» диагнозы бойынша бақылауда тұрады. Тұншығу ұстамасы осы жолы бірінші рет мазалап отыр. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде тыныс қатайған, тыныс шығару фазасында өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ шашыранды сырылдар естіледі. ТЖ–18. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-88, АҚҚ- 110/70мм.сын.бағ. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ.

ЖҚА: эритроцит-4,5х1012/л, Нв-146 г/л, лейкоцит-6,5х109/л, эозинофилл-11%, т/я-2 %, с/т-61 %, лимфоцит-21 %, моноцит-5 %, ЭТЖ-19мм/сағ.

ЖЗА: мөлшері-250 мл, түсі сарғыш, реакция-қышқыл, салыстырмалы тығыздығы-1023, белок-жоқ, микроскопия: жалпақ эпителий 3-5 к/а, лейкоциттер 1-2 к/а.

Қақырық анализі: мөлшері-3мл, консистенциясы тұтқыр, шыны тәріздес. Эозинофилл 5-7к/а. Спирография: ӨТС (ЖЕЛ)-53%, ФТШК1 (ОФВ1)-46%, ФТШК1/ӨТС-47%

Өкпенің вентиляциялық қызметі обструктивті тип бойынша бұзылған.

1.Сіздің диагнозыңыз?

А) Созылмалы бронхит, өршу сатысы ТЖ 0

Б) Созылмалы бронхит, өткінші обструкциямен, өршу сатысы ТЖ I

В) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы I сатысы, өршу сатысы ТЖ II

Г) Бронх астмасы, персистирлеуші, орташа ауырлық дәрежесі, бақыланатын, өршу сатысы ТЖ I

Д) Бронх астмасы, персистирлеуші, орташа ауырлық дәрежесі, бақыланусыз,

өршу сатысы ТЖ II

2. Емдеу жоспары:

А) ингаляциялық кортикостероидтар, бронходилататорлар

Б) антигистаминдік дәрілер, бронходилататорлар

В) мес клеткалардың стабилизаторлары, антигистаминдік дәрілер

Г) антибиотиктер, қақырық шығаратын дәрілер

Д) антибиотиктер, бронходилататорлар

№ 12 есеп

Әйел адам, 26 жаста, шағымы: қалтырау, дене температурасының 38,60С-қа дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, инспираторлы ентігу, кеуденің сол бөлігінде дем алуға байланысты ауыру сезімі. Анамнезінен: 1 апта бұрын жедел ауырды. Дәрігерге көрінген жоқ. Жедел жәрдеммен ауруханаға түсті. Сатушы болып жұмыс істейді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, сол жаққа ыңғайланып жатады. Тері жабындылары қалыпты, еріндерінің цианозы. Сол жақ кеуде клеткасы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы дыбыс сол жақта IV қабырғадан тұйық, тыныс осы аймақта бірден әлсіреген. ТЖ- 30. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ-140 рет 1 минутта. АҚҚ-100/60 мм.сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, көкбауыры үлкеймеген. Ісінулер жоқ.

ЖҚА: э-4,5х1012/л, Нв-146 г/л, л-12,5х109/л, эозинофилл-2%, т/я-11%, с/т-54%, лимфоцит-25%, моноцит-8 %, ЭТЖ-48 мм/сағ.

ЖЗА: мөлшері-250мл, түсі-сарғыш, реакция-қышқыл, с/т-1023, белок-жоқ, микроскопия: жалпақ эпителий 3-5к/а, лейкоцит-1-2к/а.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]