- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •3. Ең бірінші қандай ем тағайындау керек?
- •1. Қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •2. Осы жағдайда қандай дәрі қарсы көрсеткіш болып табылады?
- •1. Қандай болжама диагноз қолайлы?
- •2. Алғашқы кезекте қандай дәріні тағайындаған дұрыс?
- •1. Диагнозды қалай дұрыс құрастыру қажет?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •3. Қандай дәріден емді бастау қажет?
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Қандай дәріні емге қолданасыз?
- •2. Алғашқы жедел көмек қандай?
- •1. Сай келетін болжам диагноз?
- •2. Ем жоспары:
- •1. Сай келетін болжама диагноз:
- •2. Қандай емді ең бірінші орында жүргізу керек:
- •1.Сай келетін болжама диагноз?
- •2. Қандай зерттеуді ең бірінші жүргізу керек?
- •3. Ем тағайындаңыз:
- •1. Осы науқаста экг-да анықталуы мүмкін:
- •2.Қосымша қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •1.Сіздің диагнозыңыз?
- •2. Емдеу жоспары:
- •1.Сіздің диагнозыңыз?
- •2. Ең бірінші қандай зерттеу жүргізу керек?
- •1.Қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •1. Сіздің диагнозыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •2. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2.Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспарын таңдаңыз:
- •1. Диагнозды таңдаңыз:
- •2. Емдеу жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз?
- •2. Ем жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Сіздің емдеу жоспарыңыз?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Ем жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз?
- •2. Ем жоспары:
- •1. Диагноз қойыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •1. Сіздің болжама диагнозыңыз?
- •2. Емдеу жоспары:
- •1.Сіздің болжама диагнозыңыз?
- •2. Ем жоспары:
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспары?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспары?
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Ем жоспары?
- •1.Сіздің диагнозыңыз, тыныс жеткіліксіздік дәрежесін анықтаңыз?
- •2. Дәрігердің тактикасы, оны негіздеңіз?
1. Диагнозды таңдаңыз:
А) Бронхоэктаз ауруы. Оң өкпенің төменгі бөлігінде бронхоэктаздар, ауыр ағымы, өршу сатысы. Екіншілік амилоидоз, нефротикалық стадия СБЖ I
Б) Ауруханадан тыс пневмония оң өкпенің төменгі бөлігінде, ауыр ағымы ТЖ II. Екі жақты нефроптоз I дәрежелі
В) ӨСОА, ауыр ағымы ТЖ II. Бүйрек поликистозы СБЖ I
Г) ӨСОА, ауыр ағымы, өршу сатысы ТЖ 3. Бүйрек ісігі.
Д) Ауруханадан тыс пневмония оң өкпенің төменгі бөлігінде, ауыр ағымы ТЖ II Созылмалы активті гепатит, төмен белсенділікте.
2. Емдеу жоспары?
А) Преднизолон+гепарин+плазмаферез
Б) Иммуномодуляторлар+антибиотиктер+унитиол+делагил
В) Цитостатиктер+глюкокортикоидтар+антибиотиктер
Г) Қақырық шығаратын дәрілер+гептрал+фуросемид
Д) Антибиотиктер+емдік бронхоскопия
№19 есеп
Ер адам С., 68 жаста. Шағымы: дене температурасының 39С-қа дейін көтерілуі, тыныштық күйде ентігу сезімі, қалтырау, көп мөлшерде қан жолақтары араласқан шырышты-іріңді қақырықпен жөтел. Анамнезінен: жедел ауырды, алғашқы 3 күнде өз бетімен антибиотиктер, қақырық шығаратын дәрілер қабылдады (цефазолин, терафлю, амбро, парацетамол), аздап жағдайы жақсарды. Бірақ 1 аптадан соң жағдайы қайта нашарлады, жоғарыдағы шағымдар мазалап, жедел жәрдеммен ауруханаға түсті.Объективті: жағдайы ауыр, интоксикацияға байланысты. Акрацианоз. Кеуденің оң жақ бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы байқалады. Перкуторлы дыбыс оң жақта қысқарған, аускультативті оң жақта тыныс әлсіреген, 6-8-9 сегмент тұсында майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс ЖСЖ-104, АҚҚ-100\70мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр, көкбауыры үлкеймеген. Үлкен, кіші дәреті қалыпты.
ЖҚА: лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы
Қақырық анализі: түсі-сары, шырышты-іріңді, қақырық 2 қабатқа бөлінеді. Лейкоциттер- 25-28 к/а, эпителий 8-12к/а.
Кеуде клеткасының рентгенографиясы: оң өкпеде 6-7сегмент тұсында гомогенді көлеңке анықталады.
1. Диагноз қойыңыз?
А) өкпе туберкулезі
Б) өкпе абсцессі
В) өкпенің қатерлі ісігі
Г) жедел пневмония
Д) плевра эмпиемасы
2. Ем жоспары?
А) амикацин+ парацетамол+амбробене
Б) амоксиклав+ моксифлоксацин+амбробене
В) цефазолин+ преднизолон
Г) ампициллин+ бромгексин
Д) офлоксацин+парацетамол
№ 20 есеп
Ер адам Т., 74 жаста. Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, аздаған физикалық жүктемеде ентігу сезімі, дене температурасы 38-39С, дем алумен байланысты кеудеде ауыру сезімі, әлсіздік. Анамнезінде: спирттік ішімдіктерге әуес, 20 жылдан аса темекі шегеді. Жағдайы ауыр, интоксикацияға байланысты. Акроцианоз. Кеуде клеткасының сол жағы дем алудан қалыс қалады. Аускультативті: сол жақта тыныс әлсіреген, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс. ЖСЖ-96, АҚҚ-130/80мм.сын.бағ. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ.
ЖҚА: эритроцит-3,6х1012/л, Нв-112 г/л, лейкоцит-9,1х109/л, эозинофилл-2%, т/я-11%, с/я-54%, лимфоцит-25%, моноцит-8%, ЭТЖ-41мм/сағ.
Қақырық анализі: іріңді, қою. Микроскопия: лейкоциттер к/а көп, альвеолярлы макрофагтар 5-10 к/а.
Қақырық себіндісі: пневмококк диагностикалық титрде анықталды.
Кеуде қуысының КТ зерттеуі: сол өкпеде 6-7 сегмент тұсында ішінде сұйықтығы бар қуыс және инфильтрация анықталады
