- •1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
- •3. Тұтықпа балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына сипаттама беріңіз.
- •4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу
- •5.Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
- •6. Арнайы білім беру мекемелері және оның түрлеріне сипаттама беріңіз
- •7. Алалия жөнінде зерттеулер
- •8. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •9. Пдб балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды талдаңыз
- •10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
- •11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
- •18. Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс
- •21.Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары
- •22.Афазия және оның формалары.
- •23. Логопунктердің негізгі міндеттері.
- •27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
- •28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
- •32.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар жұмысы.
- •33. Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
- •35. Балалар дизартриясының клиникалық белгілері.
- •37.Логопедияяның тексеру қағидалары.
- •48. Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
- •50. 29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
- •52. Логопедияның принциптері
- •53. Дислалаия және оның түрлері
- •54. Сөйлеу тілі бұзылған баларды тәрбиелеу мәселесіне сипаттама беріңіз.
- •55. Тіл мен сөйлеудің өзара байланысы
- •56. Ринолалия және оның түрлері
- •58. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмі.
- •61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары
- •62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері
- •63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз
- •64.Ппдк қызметіндегі логопед маманның жұмыс міндеттері
- •68. Сөйлеу бұзылысы. Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:
28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу немесе түзету, тұлғаға жанжақты әсер ету үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының симптоматикасын, этиологиясын, механизмін, сөз және сөзсіз симптомдарының арақатынасын білу қажет.
Жүйелік байланыстың ішкі және сыртқы түрі болады. Ішкі жүйелік байланысқа педагогика, арнайы педагогиканың әр түрлі саласымен (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогикамен); ана тіліне және математикаға оқыту әдістемесімен; логопедиялық ритмикамен, жалпы және арнайы психологиямен байланысты. Сыртқы жүйелік байланысқа медициналық-биологиялық және лингвистикалық ғылымдар жатады.
Логопедияның табиғи ғылыми негізі болып: И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы, шартты-рефлекторлық байланыстың қалыптасуының зандылығы туралы, П.К. Анохинның функционалды жүйе туралы ілімі және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы казіргі нейропсихолингвистикалық ілім табылады. И. П. Павловтың ілімі бойынша сөйлеу тілі мидың күрделі психофизиологиялық қызметі, екінші сигналды жүйесі, сигналдың сигналы деп саналады. Біздің сезімімізді, қабылдауымызды И. П. Павлов бірінші сигнал болмысы деп атады. Олар арнайы физиологиялық механизмдердің, талдаушылардың арқасында пайда болады. Адамның ең зор дәулеті - оның сигнализациясының ерекше, жоғары түрі - сөйлеуі. Ол екінші сигналды жүйесі деп аталады.
И. П. Павловтың ілімі бойынша бірінші және екінші сигналды жүйелер өзара тығыз байланыста. Екінші сигналды жүйе бірінші сигналды жүйенің негізінде қалыптасады. Бірақ кейін екінші сигналды жүйе бірінші сигналды жүйеге реттеуші ретінде әсер ететін болады. Бірінші сигналды жүйенің бұзылуы екінші сигналды жүйенің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Мәселен, сөйлеу тілінің бұзылу себебі кейде есту, көру анализаторларының механизмінің бұзылуынан болуы мүмкін. Сөз ерекше қасиеті бар сигнал болып табылады. Осы екі жүйенің өзара күрделі және тығыз байланысын ескеруі сөйлеу тіл бұзылыстарын және сөзсіз функцияларын түзетуіне бағытталған логопедиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Логопедияда сөйлеу тілінің механизмі, сөйлеу процесін ұйымдастыру, сөйлеу әрекетіне қатысатын анализаторлардың құрылысы және жұмысы туралы жалпы анатомия, физиология, нейрофизиологияның жалпы бөлімдері қарастырылады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының механизмін түсіну және түзету процесінің заңдылықтарын анықтау үшін жоғары психикалық функциялардың динамикалық оқшалануы, сөйлеу тілін ұйымдастыру жайындағы білім өте маңызды болып табылады.
Отариноларингология, невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуде мамандарға өте көп көмегін тигізіп, логопедиялық ықпалмен қатар медициналық көмекті де уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, дауыстың бұзылуы көмей және дауыс перделерінің органикалық зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін (ісіктер, папиломмалар, т.б.). Бұл жағдайда дауыс бұзылуын жою дауыс аппаратының физиологиялық қалыпты қызмет етуінсіз мүмкін емес. Ол тек дәрімен емдеу, хирургиялық, физиотерапиялық, психотерапиялық ықпал арқылы нәтижелі болады.
Көптеген сөйлеу тілі бұзылыстары орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарымен байланысты. Оларды анықтау тек логопедтің невропатолог дәрігермен немесе психоневрологпен өзара тығыз байланыста болғанда ғана бұзылысты диагностикалауға мүмкін болады. Сөйлеу тіл бұзылыстары бар адамдарда психикалық әрекетінің әр түрлі бұзылыстары байқалуы мүмкін (психикалық дамуының тежелуі, мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары, зейін, ес, т.б бұзылыстары). Оларды сөйлеу тілі бұзылыстарының құрылысы ішінде, механизмінің пайда болуын талдау, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына байланысты біріншіреттік бұзылыстарды және сөйлеу тілі бұзылыстарының салдарынан пайда болған психикалық әрекеттерінің екіншіреттік бұзыстарын ажыратып, анықтау психоневролог-дәрігердің міндеті. Дәрігер баланың зияты жайында қорытынды жасап, сөйлеу тілінің клиникалық диагнозын қояды, тиісті ем жасайды.
Невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, есту, көру, сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясының өзара байланысы сөйлеу тілін дифференциалды диагностикалауға қажет. Мысалы, естуі төмендеуінің салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы мен сенсорлы алалияны диагностикалау есту функциясын мұқият тексергенді талап етеді, ал олигофрения және алалия кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын анықтау үшін баланың зиятының қалпын, психикалық және сенсомоторлы дамуының ерекшеліктерін анықтамай онша мүмкін болмайды.
Логопедия лингвистикалық ғылыммен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі әртүрлі денгейдегі тіл бөлшектерінің және олардың жұмысының ережелерін пайдалануды болжайды. Олар әр түрлі сөйлеу тілі кемістіктерінде әр түрлі бұзылуы мүмкін. Баланың тіл нормаларын менгеру реттілігі мен заңдылықтары туралы білу логопедиялық қорытындыны анықтауға ықпал етеді, логопедиялық жұмыс жүйесін құруға қажет. Заманауи логопедияда сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуын зерттеу және түзетуде сөйлеу әрекетінің күрделі құрылысы, қабылдау операцияларының және сөйлеудің пайда болуы туралы Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, А. А. Леонтьевтің іліміне негізделген психолингвистиканың деректері кеңінен қолданылады.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және ерте жастағы баланы психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдермен тексеруді пайдалана білуі керек. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тіл кемістіктерінің түрлерін, зиятты бұзылыстар, эмоционалды және мінез-құлықтағы бұзылыстар салдарынан пайда болған сөйлеу тілі кемістіктерін ажыратуға болады.
29. Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады. Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.
Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу-бұл графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас жасаудың ерекше түрі.
А. Р. Лурия оқу импрессивтік сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады. Дегенмен, екеуінің арасында айырмашылықтар болады:
- ауызша сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста қалыптасады;
- ауызша сөйлеу тілі үлкендермен қатынас үдерісінде пайда болса, жазбаша сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады;
- жазбаша сөйлеу тілінде күрделі пунктуациялық ережелер жүйесін қолданады;
- жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас түрлері (мимика, жест, т.б) қолданбайды;
- оқушыға немесе тыңдаушыға түсінікті болу үшін хабарланатын ақпарат толық, нақты болу керек. Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуының (ЖСТБ) білдіретін әр түрлі терминдер қолданады: жазудың жартылай бұзылуы – дисграфия; жазудың мүлдем қалыптаспауы – аграфия; оқудың жартылай бұзылуы – дислексия; оқу дағдыларының мүлдем болмауы – алексия; орфографиялық біліктілігі мен дағдыларын менгере алмауға байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер – дизорфография деп аталады.
30.
31. Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.
Алалия термині (грек тілінің а- жоқ мағына, lalio –сөйлеу, тіл) – аудармасы – сөйлеу тілінің жоқтығы, бұл термин сөйлеу тілі бұзылыстарына арналған әдебиеттерде бұрыннан бері беріліп келеді. «Алалия» терминінен басқа, сөйлеу тілі бұзылысының бұл түрін белгілеу үшін (әсіресе медициналық және шет елдік) басқа да көптеген терминдер қолданылады: туа біткен афазия, дамудың афазиясы, онтогенетикалық афазия, дисфазия, сөйлеу тілі дамуының тежелуі, сөйлеу тілінің конституциональды тежелуі, сөйлеу тілін меңгерудің бұзылуы, ( мылқау- естімей сөйлей алмау) т.б.Статикалық деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6 - 0,2% кездеседі. Ер балаларда қыздарға қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер бар. А.Либманн (1925) алалияның мынандай түрлерін бөліп атады: моторлы естімеу сөйлемеу, сенсорлы естімеу сөйлемеу, сенсомоторлы естімеу сөйлемеу, ауыр тіл кемістігі мен естімеу сөйлемеу арасындағы өтпелі түрі.
Р.Е.Левина (1951) бұзылыстың психологиялық топтастырылуын ұсынады, онда балалардың топтары мынандай: естіп (фонематикалық) қабылдауы толық емес балалар, көріп (заттық) қабылдауы бұзылған, психикалық белсенділігі бұзылған балалар.
СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯ - Сенсорлы алалияның негізгі белгілері, ол есту-сөйлеу анализаторы қызметінің бұзылу салдарынан болған сөйлеу тілін түсінбеуі. Ол доминантты жартышардағы самай бөлігінің зақымдануынан пайда болады. Соның салдарынан, бас миының қабығына өтетін дыбыс қоздырғыштарының жеткіліксіз талдап жинақтауына әкеп соғады, одан соң дыбыстық бейнемен, ол белгілеген зат арасында байланыс болмайды. Балалар айтқан сөзді естігенімен, түсінбейді, себебі, қабылдап алатын сөйлеу тіл механизміндегі, дыбыстарды ажыратуы дамымаған. Бас мидың жасушалары жетілмегендіктен, дыбысталған сөздің әсерінен қозулар басқа анализаторларға тарамайды, сөзбен байланысты бар күрделі динамикалық құрылым қозбайды. Сенсорлы алалияда, сөйлеу тілінің дыбыстары алғашқы талдаудан өтетін есту-сөйлеу анализаторының қабықша аяғының (жоғарғы самай қатпарларының жасушаларында — Гешль ілмегі) аналитика-синтетикалық іс-әрекетінің ауыр бұзылысы байқалады. Бұл балаларда фонематикалық қабылдауы, акустикалық-гностикалық процестері қалыптаспаған, сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қабылдау қабілеті төмен. Фонемаларды ажырата алмауы, сөзді толық түрде қабылдамауы байқалады,
Сенсорлы алалия моторлы алалияға қарағанда аз зерттелген. Кейбір жағдайда, оны аталмыш бұзылысы бар балалар санының аздығымен байланыстыруға болады. Оны дифференциалды түрде диагностикалау және бұзылыстың басқа түрлерінен ажырата білу қиындық туғызады. Сенсорлы алалия мәселесі оны зерттеу тарихы бойы аса көп пікірталастарды туындатты. Уақыт өте келе, диагностикаға деген талаптар өзгертіліп отырады, бұзылыстың түсінігі кейде азайып, кейде өзектіге айналды.
Ю. А. Флоренскаяның айтуы бойынша, сенсорлы алалияда (сенсорлы-акустикалық синдромында) акустикалық қозғыштықтың және есту функциясының әлсіздігінің ерекше жағдайы байқалады.
Моторлы(экспрессивті) алалия– мағыналық және сенсомоторлық операцияның біршама сақталуы кезінде сөз сөйлеудің зақымдану барысындағы тіл операцияларының қалыптаспауымен шартталған орталық органикалық сипаттағы экспрессивті сөйлеудің жүйелі дамымауы.Моторлы алалия әртүрлі сөздік және сөзсіз симптомдар кешені кездесетін күрделі синдромға жатады.
Сөйлеу тілінің симптоматикасы. Моторлы алалиядағы сөйлеу тілі дамымауы жүйелі сипатқа ие, ол сөйлеу тілінің барлық компоненттерін қамтиды: фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық .Негізгі белгілері бойынша 2 топқа бөлуге болады:1. фонетикалық-фонематиканың дамымауы (олардың саны аз).
2. лексика-грамматиканың дамымауы.
Біріншісі доминантты жартышар қабығының орталық моторлы алалиясының төменгі бөлімдерінің зақымдануымен негізделген. Онда артикуляциялық немесе басқа қимылдар жасағанда бұлшықеттерден түсетін тітіркенулері шоғырланады.
Екінші топ бас ми қабығының моторлы аясының алдыңғы бөлімдерінің зақымдануымен негізделген (моторлы – премоторлы аясының төменгі бөлімдері және белсенді сөз аясы төменгі маңдай қатпарының артқы бөлімдерінде орналасқан). Алалиясы бар балалардың дыбыс айту жүйесінің дамуы сапалы және сандық ерекшеліктермен сипатталады, ол сөйлеу тіл дамуының әрбір кезеңінде әрбірінде байқалады.
Психологиялық–педагогикалық жұмыстарда (Р.Е.Левина, В.К.Орфинская, А.К.Маркова, Е.Ф.Соботович, О.Н.Усанова т.б.) фонематикалық бұзылыстар алалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағының даму ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырады. Фонетикалық жағының дамуы сөз қорының дамуына тәуелді және онымен белгіленеді. Дыбыстар кейбір жағдайларда өзінен-өзі сөз қорының дамуы салдарынан пайда болады, алайда олардың сөз құрамында қолдануы қиын болады. Ол туралы сөздің дыбыстық құрамын балалардың қайталағанда жіберген қателерден білуге болады (жеке дыбыстарды дұрыс айтқан кезінің өзінде сөз құрамында қате жібереді).
