Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОГОПЕДИЯ ШПОР 1-75.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
579 Кб
Скачать
☆

63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз

Логопед маманның жүмысы ең алдымен оқушылардың сөйлеу тілін тереңдеп зерттеуден басталып, анамнез жиналады. Оқушылардың жалпы түсінігін тексеру. Сөйлеу мүшелерінің құрылысын қимыл-қозғалысын тексеру. Жалпы моторикасын тексеру. Қолдың ұсақ моторикасын тексеру. Фонематикалық есту қабілетін (дыбыстық талдау, жинақгау, ажырату, қабылдау) тексеру. Әр түрлі буындардан тұратын сөздерді айтуын тексеру. Дыбыс айтуын (жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуінде) тексеру. Сөздік қорын (енжар және белсенді сөз қоры) тексеру. Сөздің грамматикалық құрылымын (сөйлем құрау дағдыларын, септік жэне жіктік жалғауларды қолдануын т.б.) тексеру. Байланыстырып сөйлеуін тексеру. Оқуын жэне жазуын тексеру сияқты көптеген жұмыстарын жүргізуімен бірге ата-аналармен кеңесу көмек көрсетуді де алға қоя білу керек. Әр сынып оқушыларына логопедиялық жан жақты бағыттарын қамтитын, сөйлеу тілінің грамматикалық, лексикалық,фонематикалық құрылыстары түрлі тексерілуден өткізілгеннен кейін логопедиялық жұмыс барысының мақсаты алға қойылады. Сонымен қатар тіл мүкістігін түзеу барысында, артикуляциялық жаттығулардағы кимыл қозғалыстарын дамыіу Кейбір дыбыстарды бала айта алмайды немесе оларды ұқсас дыбыстармен алмастырады. Бұл физиологиялық құбылыс. Физиологиялық сақаулықгың себебі артикуляциялық аппаратгың, яғни ауыз қуысының толық жетіліп қалыптаспандығы. Қазіргі таңда логопедия саласында жаңадан технологиялар дамып жетілуде. Баланың тіл кемістігін тиімді түзетумен айналысатын маманның қоржыны практикалық материалдарға байып келеді. Әр практикалық материалдарды ойша екі түрге бөліп қарастыруға болады: баланың тілін тікелей түзету барысы немесе дәстүрлі емес технологиялар. Бұлар: логопедиялық массаж (сылап,сипау,уқалау), тілдік массаж, Су-Джок терапиясы, аурикулотерапия, коррекциялық педагогикада дәстүрлі емес эдістер. Көптеген тэжірибелерге сүйенсек, сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсенді қозгалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықгар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі кезеңде де мектеп жасында да маңызды болып табылады. Бүл ғылыми түрде дәлелденген тұжырымы.Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белседі нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ жэне буындарына массаж қолданудың да маңызы бар. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар: массаж балаға қолайлы жагдайда мүмкіндігінше жақсы, жайлы музыкалық сүйемелдеумен өткені жақсы, баланың терісі - Қ¥рғақ, таза, ал массаж жасаушының қолы таза, жылы, жарақатсыз, тырнағы алынған болуы керек. Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда сондай-ақ эртүрлі.Ұсақ конструкторларды құрастыру, моншақты жіпке тізу, бау байлау, мозайкаларды Күрастырумен т.б. айналысса ойы сабақталып тілге сөз оралу сәті жиі эрі сәтті болады.