- •1. Логопедия ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •2. Жалпы тіл кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама.
- •3. Тұтықпа балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына сипаттама беріңіз.
- •4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мәселесіне қысқаша тарихи шолу
- •5.Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
- •6. Арнайы білім беру мекемелері және оның түрлеріне сипаттама беріңіз
- •7. Алалия жөнінде зерттеулер
- •8. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •9. Пдб балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыруды талдаңыз
- •10. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету жүйесі
- •11. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
- •18. Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс
- •21.Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары
- •22.Афазия және оның формалары.
- •23. Логопунктердің негізгі міндеттері.
- •27. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
- •28. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
- •32.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар жұмысы.
- •33. Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
- •35. Балалар дизартриясының клиникалық белгілері.
- •37.Логопедияяның тексеру қағидалары.
- •48. Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.
- •50. 29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
- •52. Логопедияның принциптері
- •53. Дислалаия және оның түрлері
- •54. Сөйлеу тілі бұзылған баларды тәрбиелеу мәселесіне сипаттама беріңіз.
- •55. Тіл мен сөйлеудің өзара байланысы
- •56. Ринолалия және оның түрлері
- •58. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмі.
- •61. Сөйлеу механизмі және негізгі заңдылықтары
- •62.Сөйлеу бұзылыстарының себептері
- •63.Жалпы тіл кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесін талдаңыз
- •64.Ппдк қызметіндегі логопед маманның жұмыс міндеттері
- •68. Сөйлеу бұзылысы. Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:
14. Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Көрмейтін және нашар көретін балалармен түзету жұмысы педагогикалық үрдіс жағдайында кешенді, жан жақты ықпал ету түрінде жүргізіледі. Түзету жұмысы жалпы дидактикалық және арнайы қағидаларға сүйеніп ұйымдастырылады. Арнайы қағидаларға түзете оқыту, бірінші реттілік екіншіреттілік ақаулықтар, сақталған анализаторларға сүйену және полисенсорлы негіздерін құруға жағдай жасау, қоршаған орта туралы ұғымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі мен сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру, сөйлеу іс-әрекетінің сақталған (компоненттерін) бөліктеріне сүйену, сөздік материалдың жаңалығын, көлемін, күрделілігін ескеру жатады.
Түзету жұмысында арнайы ұйымдастырылған логопедиялық сабақтардың орны ерекше. Көбінесе жеке сабақтар жүргізіледі. Топпен сабақтарда баланың көру деңгейін, сөйлеу қабілеті, қабылдау тәсілдері және жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.
Тәрбиешілер мен тифлопедагогтар логопедпен бірге сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету жұмыс бағыттарын анықтайды. Сөйлеу мәдениетін дамыту жұмысын барлық сабақтарда жүргізу керек.
Логопедиялық сабақ барысында нашар көретін балалардың сақталған көру мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін рельефті суреттер, «сиқырлы қапшық», дыбысты, буынды, сөзді белгілеуге қажет кубиктер, т.б. көренкіліктер пайдаланады. Түзету жұмысында мына бағыттар қарастырылады:
- есту зейінін дамыту;
- сөз қорын дамыту және молайту, сөздің мағынасын анықтау;
- тиісті ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыруға байланысты сөйлеу-қимыл дағдыларын, координациясын, кеңістікті бағдарлауын жетілдіру;
- жалпылама түсініктерін қалыптастыру;
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын меңгеру;
- байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- дыбыс айтуын және фонематикалық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, көруі бұзылған балаларда кездесетін ринолалия, тұтықпа, дауыстың бұзылуын түзету жұмыстары жүргізіледі.
15.Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексереді. Терең (толық) тексеруден өздері келген сыныпқа байланысты емес өтеді. Логопедтің сабақтарына бұрыннан қатысқан, бірақ жұмысты әліде қажет ететін балаларда тексеріледі.
Бұл балаларды тексерудің мақсаты: оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау.
Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп құрылады: кешенділік көзқарас, жанжақтылық, жүйелік, динамикалық.
Жеке тексеруге алынған мәліметтер сөйлеу картасына толтырылады. Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына қосымша сөйлеу тіл қорытындысына сәйкес құралған, онымен өткізілетін логопедиялық сабақтардың жеке жоспары тіркеледі.
Тексеру нәтижелері бойынша логопедиялық сабақтарға балалар топтастырылып алынады. Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеудің көрсеткіші болып сөйлеу тілінің бұзылысының сипаты, оның үлгеріміне тигізетін әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының ұқсастығы, бірдейлігі, сипаты бойынша құрылады.
Логопед әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету жұмысы ақаулықтың құрылымын, жас ерекшеліктерін ескеріп мектеп бағдарламасы материалында құрылады. Логопедиялық сабақтар екі түрге бөлінеді: жеке және топтық сабақтар.
Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтығын көрсететін жұмыстың ұзақ мерзімдік жоспарын құрады. Сабақтарды қажетті оқу-әдістемелік материалмен жабдықталған логопедиялық кабинетте өткізеді. Логопедтің сабақтан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шараларының мектепте біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыздандырылуын бақылауды көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата –аналарымен тығыз байланыста болады.
Логопед сабақтар, сыныптан тыс іс – шараларға біріншіден оқушыларды бақылау мақсатымен, екіншіден балаларға көмек беру жөнінде өзі берген ұсыныстарды мұғалімдермен, тәрбиешілердің ұстанып, орындауын қадағалайды.
Логопед әрекетінің бағытының бірі – мектеп қызметкерлерін, сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың ата –аналарын сабақтан тыс уақытта, сабақтарда, үй жағдайында қолданатын тәсілдерді (дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру, жазу бұзылыстарының алдын алу, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, артикуляциялық аппаратын дамыту т.б.) үйрету.
Логопед мұғалімдер, тәрбиешілер ата -аналарға арнап сұхбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, жаңа ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен таныстырумен айналысады.
Сонымен, логопедтің мұғалімдермен, тәрбишілермен, ата –аналармен жұмыс негізінен кеңес беру сипатында болып, логопедиялық білімдерді пропагандалау мақсатын көздейді.
Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарының себепті күрделілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларды есепке алу, сөйлеу карталары, алдын ала мерзімді және сабақ жоспарлары, жылдық жоспары бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру.
16. Афазия(грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту) - сөздің бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі толық немесе жарым-жартылай сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты.
Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, оның басқа психикалық процестерімен байланысына әсер етеді және адамның барлық психикалық ортасының дезинтеграциясына әкеліп соғады, әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады.
Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша қатынасуы және сөздің бұзылуы; басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген жеке реакциясы.
«Афазия» терминін француз ғалымы Труссо 1864 жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын бірінші кезең деп білеміз. Осы уақытта неврология классиктері афазияның негізгі екі түрін (формасын) ажыратты: моторлы афазия (П. Брок (1861) афазиясы) және сенсорлы афазия (К. Вернике (1874) афазиясы). Кейінгі он жылдың ішінде афазияның басқа да түрлері сипатталып, ажыратылды. Олардың негізіне моторлы және сенсорлы бұзылыстардан басқа оданда күрделі процестердің бұзылыстары алынған. Осылай өткізгіш (проводниковая) афазия бөлінді. Оның жалғыз симптомы ретінде моторлы және сенсорлы орталықтардың арасындағы «жолдардың үзілісінің» салдарынан сөзді қайталауының бұзылуы есептелді. Кейіннен сенсорлы және моторлы транскортикальды афазия ажыратылды. Бұл жағдайда сөз қайталауы сақталғанымен спонтанды сөйлеуі бұзылған болып келеді. Кейіннен сенсорлы және моторлы субкортикальды афазия пайда болды. Онда ми қыртысының моторлы және сенсорлы орталықтарынан мидың төменгі бөліктеріне апаратын «жолдарының үзілісі» байқалады.Екінші кезең. ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.Үшінші кезең, А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі. Афазия жөнінде зерттеулер жалғастырылды және қазіргі кезде жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова, В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі көрсетілген.
17. Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктеріЕсту қабілетінің төмендеуі салдарынан сөйлеу тілін қабылдау қиындатылып, экпрессивті сөйлеу тілі бұзылысына әкеліп соғады. Мұнда эксперссивті сөйлеу тілі бұзылысының деңгейі әр жағдайда есту қабілетінің төмендеу деңгейіне, кереңдіктің пайда болу уақытына, баланың даму жағдайларына, түзету көмегінің жағдайына байланысты.Есту қабілеті зақымдалған балаларға сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің бұзылуы тән. Кеңінен таралғаны дыбыс айту бұзылыстары. Мұның ішінде дыбыстардың фонетикалық топтарының көбін қамтыған полиморфты бұзылыстар жағдайының көптігі. Қабылдайтын дыбыс жиілігінің диапазонының шектелгендігінен сөйлеу тілі дыбыстарын естіп ажыратуы бұзылады, сөзік есту анализаторының орталық бөліміндегі аналитикалық-синтетикалық әрекетінің екіншілік дамымауы байқалады. Әсіресе ызың және ысқырық дыбыстарын естіп ажырату қиындатылған. Дәл осы дыбыстар айтылуда да кешігіп ажыратылады.Дыбыс айтуының қалыптасуы қалыпты жағдайдан айтарлықтай ауытқумен болады, себебі сөйлеу-есту анализаторының қалыпты еместігі. Артикуляциясы күрделі дыбыстардың айтылуы мен қатар арткуляциясы жеңіл дыбыстарда бұзылады.Есту қабілеті нашар балалардың дыбыс айту бұзылыстарының негізгі түрлері мынадай болады:
1. Сөйлеу аппаратын сенсорлы бөлімінің жеткіліксіздігі мен күрделенген дыбыс айту бұзылысының сенсорлы түрлері бүл түрде сөйлеу тілінің бір дыбыстары басқаларына ауыстырылады. Дыбыстарды бұрамалап айту сирек кездеседі. Дыбыстарды алмастыру ауызша сөйлеу тілінде де, жазбаша сөйлеу тілінде де әріптерді алмастыру түрінде байқалады.
2. Дыбыстардың бұзылыстарының моторлы формалары сөйлеу тілі аппаратының моторлы бөлімінің жетілмеуімен күрделенген, яғни артикуляция мүшелерінің функциясының немесе құрылымының қалыпты жағдайдан айтарлықтай ауытқуына байланысты. Бұзылыстардың белгісі – дыбыстардың бұрмаланып айтылуы (тісаралық, бүйірлік айту т.б.).
3. Дыбыс айту бұзылыстарының аралас түрлері және сенсорлы жеткіліксіздікпен күрделенген. Мұндай жағдайларда бала акустикалық жағынан жақын фонемаларды естіп ажырата алмайды, басқа дыбыстарды айту бұзылыстары, артикуляциялық аппараттың құрылымы және функциясының қалыпты жағдайдан ауытқуымен күрделенген болып келеді. Мысалы, бала сөйлеу тілінде жуан дауыссыз дыбыстарды естіп ажыратуға мүмкіндігі жоқтықтан, оларды сәйкес жіңішкеге ауыстырады, дыбыстарды бүйірлік сигматизмдегідей.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің лексикалық жағының жетілмеуінің негізіне айтылуы бойынша ұқсас сөздерді ажыратып, естіп-қабылдау қиыншылықтары жатады. Нашар еститін балаларға ерекше күрделі болып табылатын дерексіз мәні бар сөздерді және көмекші сөздерді меңгеру. Сөз қорының аздығы сөздерді нақты қолданбауға, олардың мәндерінің кеңейтілуіне әкеп соғады да, балалар бір сөзді басқасымен ауыстырады. Сөздердің мәні бойынша ауыстыруға жататыны: белгілері бойынша ұқсас затты атау; аталған затпен сыртқы бейнесі бойынша ұқсас затты атау; аталған затпен байланысты әрекетті атау.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың айналасындағылармен сөйлеу тілі көмегі арқылы қатынасқа түсуге қажеттілігі толық іске аспайды. Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі. Ол төрт деңгейге бөлінеді.Бірінші деңгей – оптимальды. Балалар «мектеп бағдарламасының талаптарына сай» сөз қорын толық меңгерген. Оларға қаратпа сөйлегенде жақсы түсінеді, өзіндік сөйлеуінде сөйлеу тілінің барлық топтарын белсенді қолданады (зат есім, етістік, сын есім, үстеу, есімдіктер). Сөйлеу тілінің дамуының бірінші деңгейіндегі оқушыларға аграмматизмдер, сөздердің дыбыстық-әріптік құрамын бұрмалау тән.Екінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының төмендеген деңгейі. Мұнда сөз қоры оптимальды жақын. Сөйлеу тілінде аграмматизмінің көптігі, жұрнақтар, жалғаулардың мағынасын түсінбеу байқалады. Дыбыстарды бұрмалап айтады.Үшінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының шектелген деңгейі: сөз қоры бір талай шектеулі, соның салдарынан мағынасы және дыбыстық құрамы жағынан сөздер орынсыз ауыстырылады. Сөйлеу тілін түсінуі төмен. Балалар екі, үш сөздерден тұратын сөйлемдерді пайдаланады. Сөйлемдерді құрауда қателер байқалады.Төртінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының өте шектеулі деңгейі. Мұнда сөз қоры өте аз, балалар тұрмыстағы қарапайым заттарды атауда қиналады, толық сөйлемді «мәні жоқ» бір сөз немесе сөз тіркестерімен ауыстыра салады. Сөйлеу тілін түсінуі өте шектеулі, шағын мәтінді қабылдағанда «жеке сөздерді түсінгенмен» оқығаның мәнін түсінбеуі байқалады. Нашар еститіндерге сөздердің дыбыс буындық құрамын өте бұрмалау тән, себебі сөздерді естіп қабылдауы ажыратылмаған. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының ерекшеліктері салдарынан фразалық сөйлеуін меңгере алмайды, олардың сөйлеу тіл өзара байланысы жоқ сөздерден тұрады.
