- •«Интерпол»
- •Мазмұны
- •1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі 6
- •3 Интерпол- және Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросының құқық қорғау органдар қызметін ұйымдастыру 41
- •3.1 Құқықтық көмек ретінде Қазақстан Республикасының конвенциялары және халықаралық келісімдер 41
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметі 45
- •1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
- •1.1 Халықаралық ұйымдағы қылмыстық полицияның құрылу мен қалыптасу тарихы
- •1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымының құрылымы
- •1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы
- •2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметі
- •2.1 Интерпол қызметінің негізгі бағыттары
- •2.2 Интерполдың халықаралық iздестiру қызметі
- •2.3 Интеполдың қылмыскерді ұстап беру (Экстрадиция) қызметі
- •2.4 Халықаралық терроризмен куресудегі Интеполдың қатысуы
- •3 Интерпол- және Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросының құқық қорғау органдар қызметін ұйымдастыру
- •3.1 Құқықтық көмек ретінде Қазақстан Республикасының конвенциялары және халықаралық келісімдер
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік – құқықтық актілер
- •2. Библиография
- •3 Периодикалық басылымдар
1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
1.1 Халықаралық ұйымдағы қылмыстық полицияның құрылу мен қалыптасу тарихы
Интерпол 1923 ж. орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықаралық комиссиясы ретінде құрылды. Интерпол тарихы 1914 ж. сауір айынан басаталады, ол кезде 14 елдің сарапшы-заңгерлері мен полиция офицерлері Монакада криминалды полицияның бірінші Халықаралық конференциясына жиналған болатын. Сөйтіп, криминалды мәліметтердің халықаралық бөлімшесі құрылып, қылмыскерлерді ұстап беру рәсімі келісілді. Екінші конгресте 1923 ж. халықаралық криминалды полиция Комиссиясын (ХКПК) құру туралы қарар қабылданды, оның ресми орналасу жері Вена деп шешілді. ХКПК екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін әрекет етті. 1936 ж. ол қызметін фашистік Германияның Австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде 1946 ж. Комиссия өз жұмысын қайта бастады. Штаб-пәтері Парижге көшірілді. 1956 ж. Интерполың жарғысы 1956 ж. күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. ХКПК өз атауын Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы-Интерпол деп өзгертті. 1989 ж. бері оның штаб-пәтері Лион қаласында (Франция) орналасқан. Еңді Интепролдың қалыптасу тарихында тоқтап кетейік/3, 227-228 бет/.
Қазірге кезде Интерполдың мүшесі 186 мемлекет, Қазақстан Республикасы 1993 жылы қосылды1. Қазіргі кезде Интеполдың Президенті Сингапурдың өкілі Бон Хуэй Ху (2008 жылдан бастап).2005 жылдан екінші мерзімге Бас Хатшы болып Рональд К. Ноубл.
1905 жылы германтілдік мемлекеттердің қылмыстық халықаралық конференциясында полицияның қылмысқа қарсы күресін біріктіруге шарт жасалған болатын.10-шы халықаралық Гамбургте болған Ассамблеяда криминалистер туризммен шет елге саяхат жасау өсуі жаңа халықаралық қылмыстық п.б резолюция қабылдайды. Резолюцияда халықаралық қылмыс тууына байланысты біріккен халылыққар акциялар дайындалу керектігі жазылады. Ассамблея мүшелелері кездесу қорытындысында барлық полиция орталықтарында халықаралық қылмысты алдын алуды жеңілдететін мәлімет алмасу жүйесін құруды көздейді /5, 14 бет /.
Осы іспетті халықаралық қылмысқа қатысты конференцияар мен конгрестер мына жылдары өткізілді: 1905 ж (Буэнос-Айрес); 1909 ж (Мадрид); 1910 ж ( Буэнос-Айрес) ; 1912 (Сан-Пауло, Берлин); 1913 (Вашингтон). Бұл халықаралық конференцияларда қатсушылар бүкіл үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға азар аударып, халықаралық қылмыспен күрес жүргізетін полиция орталықтарын құруды негізге алды. 1914 ж 14-20 Москвада өткен бірінші халықаралық криминалды полиция конгресіде Франция, Италия, Ресей, Австрия, Ұлыбритания қылмыстық полиция мүшелері қатысты. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан соң халықаралық полиция ұйымдарының болуына сұраныс өсті. Ол қылмыстық көбеюі, материялды қылмыс зиянының өсуімен байланыстырылды. Сол тұста әр мемлекеттегі қылмыспен күрес жүргізу орталықтардың базасы өте төмен болды. Ешбір мемлекет халықаралық тұста қылмысқа қарсы тұруға күші келмеді,әсіресе, оның қауіпті түрлері: өнер туындыларын ұрлау, жалған ақша жасау, есірткіні заңсыз тасымалдау. Сондықтан, көп елдердің халықаралық қылмыспен күресуде күш біріктіруі өте қажет болды
1923 ж 3-6 қыркүйек аралығында Венада халықаралық полиция конгресі өтті. Жиын бастамашысы Австрияның полицай-президенті Иоганн Шобер болды. Діл осы Австрия үкіметінің бастамашылығы мен көмегінен Автрияда халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын құру шешімі қабылданды. Конгресс күн тізбесіне келесі сұрақтар шығарылды:
мемлекеттер аралық қылмыстық полиция байланыстарын құру;
қылмыстық әрекеттермен күресті күшейту;
қылмыскерлерді анықтау;
құқық қорғау органдарында халықаралық іскер тіл дайындау;
криминалды ғылымды дамыту;
Вена конгесінің шешімімен мүше мемлекеттер өз мемлекеттерінде ұлттық полиция орталықтарын құруды көздеді. Барлық делегаттар өз континенттерінен жиналып (Австриядан басқа) үкіметтерінен еш шешім шығармау бұйрығын алса да, дәл осы конгресте біріккен олар халықаралық қылмыстық полиция құру шешімін қабылдайды. Яғни, 1923 жылы 6 қыркүйектен бастап Интерполдың құрылу кезеңі болып табылады. Халықаралық полиция ұйымында қолданған «комиссия» термині жеке халықаралық полиция одағын білдірмеді, ол халықаралық полиция конгрестерінің қосымша бөлігі ретінде қолданылды.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1924 жылдың мамырында өте маңызды резолюция қабылдады, меніңше, бұл оның алдынғы жылдарға бағытталған стратегиясын белгіледі. Бұл шешімдерге:
халықаралық қылмыс жөніндегі фактілер жинайтын информациялық бөлімдердің ашылуы
дәлелдеу жүйесін және қылмыскерлері халықаралық іздеу жасау
алыс қашықтықтағы адамдар туралы мәліметтерді білу
халықаралық полиция газетінің басылымы
қолдан жасалатын банкноттармен құжаттарды алдын алу бағдарламасы
Еске аларлық жәйт, ол халықаралық қылмыс полициясы 1930 жылға дейін Австрия үкіметінің қаржылық көмегімен жұмыс жасады.1930 жылы екі қызмет қабылданды: идентификациялық және полициялық радиосвязь. 1930 жылдан бастап өз қаржысымен қызмет жасауын бастады/6, 5 бет/.
Халықаралық қылмыс полициясы басқ да конгрестері қылмыстық полиция сұрақтарын көтере, мынадай мемлекеттерде өткізілді: Вена (1934 ж), Копенгаген (1935 ж), Белград (1936 ж), Лондан (1937 ж), Бухарест(1938 ж), халықаралық қылмыс полициясы тарихында теріс оқиғалар орын алған уақыт та болған, 1940 жылдан бастап Екінші Дүниежүзілік.. соғыс аяғына дейін Комиссия жұмысын неміс қауіпсіздік орталығы басқарды және олар қылмыстық әрекеттеріне ахивтерді қолданды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Батыс мемлекеттерінің басшылары халықаралық қауіпсіздік полиция комиссияның қайта жұмысын жандандыруды ойластырды. Халықаралық қауіпсіздік полиция комиссияның жұмысының қайта жүзеге асу әрекеті мен инициативасын мына кісілер бастады: Ф. Луваж (соғысқа дейін Белгия комиссиясын басқарды, сот Министерствасының инспекторы ), Г. Содерман ( атақты швед криминалисті, соғысқа дейін комиссияда жұмыс атқарды), Р. М. Хау (ағылшын Сколанд – Ярд басшысы ), М. Луне Дюкло ( Сюрте насьеналь ішкі істер Министрлігінің тұсында Француз криминальды полициясының директоры) және В. Мюллер ( Шведцарияның Бери қаласының полиция президенті). Осылайша, 1946 жылы 3-6 маусымда Брюсселде 17 мемлекеттің полиция ведомстваларының мүшелері жиналып, 1938 жылы бастап бірде-бір отырысы өтпеген, халықаралық қылмыстық полиция комиссия жұмысың жандандыруын талқылады.
Көптеген мүшелері бірігіп ниет білдіргендері ол – халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта қалпына келтіру. Осы конгресте 19 мемлекет халықаралық қылмыстық полиция комиссиясында мүше болатындығын айтты. Одан басқа, комиссия штаб- пәтерін Париж қаласына ауыстыру шешілді және Франция ішкі істер Министрлігі комиссия жұмысының құрылысына үлкен көмек көрсетті.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссия 1946 жылы Уақытша жағдай қабылдады. (1923 жылы ескі Жарғы орнына). Осы уақыт ерекшелігі тәжірибе де Жарғы да Уақытша жағдайда қолданылады. Егер Жарғы қолданылуы комиссия бекіткен құжат болса, алайда халықаралық қылмыстық құқық тұрғысынан актіге сәйкес келмеседе оның үстінен қылмыспен күрес жағдайлары бар болу қажет болса, Уақытша жағдай халықаралық қоғамдастық тұрғысынан мүлде халықаралық құқықтық акт ретінде қабылданбады.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссия 20-шы Бас Ассамблеясында бақылаушылар ретінде американың казначейства қызметкерлері қатысты ( алайда АҚШ 1951 жылы мүше емес еді). Бұл дегеніміз халықаралық қылмыстық полиция комиссияда Федеральді іздеу салу бюросының орнын АҚШ қаржы министрлігінің құпия орталығы алмастырды. Бұл қызметтің ерекшелігі ол азаматтық қызмет құрамында жұмыс атқаратындығы болды (өзінің алдындағы Федеральді іздеу салу бюросымен салыстырғанда). Сонымен қоса, казначейства қызметіне құқық қорғау органдары тиісті болмаса да, оның жұмысына ақша белгілерін қолдан жасау және құнды қағаздармен байланысты қылмыс әрекеттерімен жұмыс істеу кірді.
1954 жылы халықаралық қылмыстық полиция 24 жылдық Стамбулда өткен сессиясында жаңа жарғы мәтінінің түп нұсқасы жасалды. Бұл нұсқаны жасауды шешуге итермелеген әр мемлекетте халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы административті-құқықтық жағдайларының дұрыс бағаланбауы болды. Сонымен қатар, комиссия сол уақытқа дейінзаңды халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ретінде саналмай, тек ресми тіркелген халықаралық қылмыстық құқық субъекті болып есептеледі. БҰҰ да халықаралық қылмыстық полиция комиссияда тек мемлекеттік емес тіркелген ұйым болып саналды. Дәл сол тұста қарасақ мемлекеттік емес ұйым халықаралық нормативті құқық өтісіне сәйкес қоғамдық ұлттық ұйымдар бірігуі, жеке физикалық тұлға мен жеке қалаға сәйкес болуы керек.
Алайда құқықтық формада халықаралық қылмыстық полиция комиссияда бекітілгендей аталған қасиеттер жоқ еді. Ал халықаралық қылмыстық полиция комиссияда мүшелік жағдайлары да көрсетілмеген еді. Осы анықтылықтың жоқтығы халықаралық қылмыстық полиция комиссияда мемлекеттік емес ұйымға жатқызудың себебі болды. Сонымен қоса, халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы тіркесіндей «комиссия» термині өз атауына қарсы келді, себебі халықаралық тәжірибеде «комиссия» бұл басқа ұйымға кіретін және сонда жұмыс атқаратын орталық болып саналады. Сондықтан да «комиссия» сөзі мемлекеттердің қарым қатынасындағы копетенциясына, халықаралық статусқа, жағдайларына сәйкес келмейді. Жоғарыда көрсетілген Жарғы жағдайлары халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы халықаралық тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізуде жібермей тұрған мәселе болды.
1956 жылы Бас Ассамблеяның Венада өткен халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының 25 сессиясында полиция ұйымының жаңа Жарғысы қабылданды. Жарғы жасағандар бұл нормативті құқық актісіне 1923 қосылмай дұрыс жағдайларды енгізді. Жарғыда жартылай қабылданған ұйымға мүшелік туралы жағдай, меніңше, үлкен маңызды болды және атқарушы құжатқа айналды. Бұл , құжатта ұйымның жағдайлары өте анық көрсетілді, яғни, оның мақсаттары, принциптері, шарттары, халықаралық тұрғыдағы қылмысқа қатысудағы құрылымы, әр орталық қызметтері, шешім қабылдау тәртіб /7, 40-41 бет/.
Жаңа Жарғы ерекшелігі «комиссия» сөзі «халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» «ұйым» сөзімен ауыстырылды. Жаңа Жарғыда халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (интерпол) бұрын «халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы»1 болса, осыдан бастап халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Интерпол болып ауысты (Интерпол қысқартқан италиандық Д. Дози еді) /8, 111 бет/.
Сол тұста ресми атқарушы актінің болмауы. халықаралық қылмыстық полиция ұйымы үкіметтік емес ұйым екендігін көрсетеді. Жаңа Жарғыдағы «Жалпы жағдайлар» бөлімінде нақты көрсетілмеген тұстардың болуы оны зерттеуді талап етеді. Мысалы, Жарғының 4-ші бөлімінде: «Ұйым қызметіне сәйкестендірілген кез келген мемлекет полициясы ұйым мүшесі ретінде шыға алады» делінген «Мүшелікке қосылу сұранысы белгілі бір үкімет органына жіберілуі тиіс» /8, 112 бет/.
Бұл жерден шығатын қорытынды ұйымда мүшелікті мемлекет емес, полиция орталығы ғана аса алады. Алайда Интерпол мүше мемлекеттер тізімінде полиция емес мемлекет атауы ғана көрсетіледі. Бұл мемлекеттің полициясының Интерполда қызмет атқаруға берілетін жағдайларымен түсіндіріледі. Интерполда мүше болу сұранысы үкіметтік ұйымдар жібереді. Яғни, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудегі құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру мен реттеу бойынша халықаралық орталықтың құрылуының бастамашылары мемлекеттер емес, полиция қызметінің үкіметтік емес ұйымдары болды.
Айтылғандар бойынша, ұйым бағыттары туралы Интерпол мүшелерінің ұлттық орталық бюролары туралы сұрақтар оның құрылу барысында бекітілгендігін көрсетеді. Бұл тұжырым халықаралық қылмыстық полиция ұйымы интерполдың өз бетінше белгілі бір қылмысты зерттеу, оперативті іздеу салумен айналысу құқығы жоқтығын дәлелдейді.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы негізгі қызметтері халықаралық тұрғыдағы қылмысты шешуде қылмыстық жұмыста өзара көмек көрсету, заңды актілерді қадағалап оны халықаралық құқықпен сәйкес қолдау, конференция, конгресс, концультациялар,жүргізу болып табылады. Интерпол Сыртқы басқару орталығы болмаса да, ол сыртта Интерпол мүше мемлекеттерімен құқықтық қарым қатынасқа түсіп, қылмыс шешілуіне көмектеседі. Интерпол мен БҰҰ Жапонияның жжәне Әлеуметтік Совет арпасында жасалған арнайы келісім негізінде Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы мемлекет аралық статусқа ие болды /5, 115-116 бет/. Ал 1996 жылдың 15 қазаныңдағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес Интерпол БҰҰ Бас Ассамблеясының бақылаушысы, адменистративті құқықтық дәрежесіне ие болды. Сол тұстан бастап Интерпол ресми халықаралық дәреже алды. Халықаралық нормативті құқық актісіне сәйкес Интерпол мүше мемлекеттердің емес, халықаралық құқық жағдайларына сәйкес іс жүргізеді. Сондықтан Интерпол өзінің халықаралық статусына сәйкес мүше мемлекеттерінің заңдарына бағынбайды.
