- •«Интерпол»
- •Мазмұны
- •1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі 6
- •3 Интерпол- және Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросының құқық қорғау органдар қызметін ұйымдастыру 41
- •3.1 Құқықтық көмек ретінде Қазақстан Республикасының конвенциялары және халықаралық келісімдер 41
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметі 45
- •1 Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
- •1.1 Халықаралық ұйымдағы қылмыстық полицияның құрылу мен қалыптасу тарихы
- •1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымының құрылымы
- •1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы
- •2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметі
- •2.1 Интерпол қызметінің негізгі бағыттары
- •2.2 Интерполдың халықаралық iздестiру қызметі
- •2.3 Интеполдың қылмыскерді ұстап беру (Экстрадиция) қызметі
- •2.4 Халықаралық терроризмен куресудегі Интеполдың қатысуы
- •3 Интерпол- және Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросының құқық қорғау органдар қызметін ұйымдастыру
- •3.1 Құқықтық көмек ретінде Қазақстан Республикасының конвенциялары және халықаралық келісімдер
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының қызметі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік – құқықтық актілер
- •2. Библиография
- •3 Периодикалық басылымдар
1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымының құрылымы
Интерполдың жоғарғы пленарлы органы – Бас Ассамблея, ол оның сессиясының аралығында жоғарғы административті орган аз қызметтерімен және құрамымен президент басшылығымен Атқарушы комитет болып табылады1. Тұрақты қызмет атқаратың орган Бас хатшылық , оның басшысы Бас хатшы болып табылады. Интерпол органдары ішінде маңызды қызметті Ұлттық Орталық Бюро атқарады (ҰОБ) және ол екі системада жұмыс істейді: жеке мемлекетте және ұйымда белгілі бір бұйрық тұрғысында. Қосымша органдарға консультативті функциялар атқарылатын кеңесшілер болады /9, 274-275 бет/.
Бас Ассамблея құрамына барлық мүше мемлекеттер қызметшілері кіреді. Делегация саны еш жерде нақты жазылмаған. Жарғы талабы бойынша бұл жерге қылмыстық полицияда жоғарғы дәрежелі қызметкерлер, чиновниктер жатуы тиіс және Бас Ассамблея сессиялары бойынша жұмыс атқаратындар кіруі тиіс2. Сессия жұмысында бақылаушылар ретінде Интерполға кірмейтін мемлекеттерден және халықаралық ұйым делегаттары қатыса алады.
Бас Ассамблея сессиялары жыл сайын, күз уақытында түрлі комитеттердей, түрлі мемлекеттерде өткізіледі. әр делегация сайлау барысында бір дауысқа ие. Бас Ассамблеяның Жарғы негізіндегі қызметтері: Интерпол тұсында полиция қарым қатынастары, түрлі оқиғаларды ұйымдастыру және жүргізу, жаңа мүшелерді қабылдау, келесі жылдық бюджетің қарастыру, тағайындау, қаржы мәселелерін шешу және қызметке адамдарды тағайындау. Осы жерде тұрақты және уақытша комиссиялар арнайы сұрақтарды шешу үшін құрылады, олар кәмілетке толмағандармен жұмыс жүргізу, есірткі тасымалдау және т.б айналысады. Бас Ассамблеяның ішкі құрылым бойынша резолюциясын қадағалау міндетті, ел полиция органдары мен үкіметке бағытталғандары бағытталған болып есептеледі.
Аталған сессиялардан басқа сессиялар Бас Ассамблея функцияларын атқарады. Ол Бас Ассамблея бұйырған мәселелердің жүзеге асырылуын қадағалайды. Бас хатшы жұмысын қадағалап, келесі сессия күнтізбесін дайындайды. Атқарушы комитет Бас Ассамблея президентінің таңдаған (4 жыл )1 3 вице президент (3 жыл) олар түрлі комитеттерді және мемлекеттерді таныстырады (Азия, Африка, Австралия және Еуропа) және делегаттардан тұрады.
Атқарушы комитет президенті Интерполдың бүкіл ұйым басшысы және Бас Ассамблея сессиялары барысында оның жұмыстарын қадағалайды. Барлық басшылық Атқару комитетінен және біріңғай шешім негізінде жүзеге асырылады. 1988 жылы Интерпол президенті француз Иван Борбо сайланады, ол Францияның ішкі істер Министрлігінің ұлттық полициясының директоры болған және оның қол астында барлық француз пленумы мен 125 мың қызметкер әрекет еткен. Атқарушы комитет отырыстары жылына 7 реттен аз емес уақыт арасында өткізіледі. Барлық шешімдер көпшілік дауыспен шешіледі. Ал президент өз даусын басқалар берген дауыс тең болған жағдайда қолданады. Өз жұмысын атқарғанда Атқарушы комитет мүшелері Интерпол атынан, яғни өз мемлекеттері атынан емес қызмет жүргізеді.
Бас хатшының тұрақты ұйым бола Бас хатшыны, арнайы қызметкерлер мен мамандар қатысады. Ол Бас Ассамблея ме Атқарушы комитет шешімдерін жүзеге асырады, ортақ қылмыспен күрес жүргізетін халықаралық орталық болып есептеледі, Интерпол астында қызмет жүргізеді, ұлттық орталық Бюро, халықаралық ұйымдармен қатысқа түседі, қажет басылымдар дайындайды, Бас Ассамблея сессияларында қызметші жұмысын атқарады, президентпен байланыс орнатады және т.б2.
Бас Хатшылықты Бас Ассамблея 5 жылға тағайындаған Бас хатшы басқарады, ол 65 жастан жоғары болмауы қажет. Бұл қылмыспен күрес жүргізгендегі негізгі мүше болып табылады. Өз ұстнымы бойынша ол қызметшілерді Бас хатшылыққа жинап, олардың қызметін басқарады. 1997 жылдын қаңтар айына хатшылық шеңберінде 280 қызметкер саналған, олардың 16 сы контракт бойынша іс жүргізілген. Басқалары бұл жерге мүше мемлекеттердің полиция орталықтарымен жіберілген. Барлық осы қызметкерлерге өздерінің іс жұмыстарын орындау барысында кез келген мемлекеттердің немесе басқа Интерполға қатысы жоқ органдарға ережелеріне сұраныс жасауға немесе ұстануға тиым салынған. Олар өздерінің халықаралық мақсаттарын орындауға кедергі болатын әрекеттерден аулақ болуы қажет3.
1987 жылдан бастап Бас Хатшылықта Еуропалық хатшының аймақтық мәселелерді шешу бойынша, әсіресе есірткі тасымалы бойынша және басқа мәселелерді шешу жұмысын атқарады. Бас хатшылықтағы басқа органдарында Бас хатшылықтың қызметің айтып кету қажет, ол ұйымдағы арнайы бөлімде қауіпсіздікті нығайту және жалпы сипаттағы жұмыстарды жүргізуменде айналысады. Қазіргі таңда хатшылықтың құрамында жұмыс істейтін 4 бөлім бар: әкәмшілік, полициялық, ғылыми зерттеулік және техникалық қамтамасыздандыру. Үлкен қызығылушылықты полиция бөлімінің ықпалы тудырады, олар басқа полициялық органдармен бірлесіп қылмысқа қарсы күресуді үйлестіреді. Оның құрылымында заңсыз қару сату және халықаралық ланкестікпен күресумен айналысатың бөлімше бар. Басқа бөлімшелерінде жалған және темірден жасалған ақша, жол жүруге арналған чектер, облигация, акциялар және т.б жалған фактілер туралы ақпарат жинайтын жұмыстармен айналысады. Бұл жерде өздерінің сараптау зертханасы жұмыс жасайды, ол құнды қағаздарды зерттеумен және шығарылады, оған әлемнің 15 мыңдай банктері және эмиссиялық мекемелері жазылған.
Полициялық бөлімінің арнайы бөлімшесі заңсыз есірткі тасу туралы ақпараттарды жинау және талдау жасау жұмыстарымен айналысады. Оның құрамына Банкнонта орналасқан арнайы бөлім басшылығы операция жүргізетін арнайы топ кіреді. Үлкен көлекті аймақтық қылмыспен айналысатын топтар көрсетеді. Бөлім қызметінің АҚШ есірткі тасымалдау сот министрлігі басқарады.
Ұлттық Орталық Бюро әр Интерпол мүше мемлекет полициясында құрылады1. Олар Интерполдың қылмыс жүргізу орталықтары болып табылады. Әр мемлекетте Ұлттық Орталық Бюро тұрақты қызмет атқаратын орталық болып есептеледі. Сонымен қоса, ол полиция орталығы болып табылады. Мұндай ұйым ешбір басқа ... жоқ. Ұлттық Орталық Бюро өз елінде сот, прокуротура, кедендік бөліммен байланыспайды және басқа мемлекеттердің Бас хатшылықтары мен қатынаста болады.
1994 жылы Римде Интерполдың Бас Ассамблеясының 63 сессиянда ұлттық бюроларды қайта құру жөнінде қарар қабылданды. Экономикалық қылмыс, жеке адамға қарсы құқыққа қайшы әрекет, есірткі саудасы және басқа да қызметтік бағыттар бойынша құрылымдық бөлмшелер құруға ұсыныстар жасалды. Сонымен бірге, Интерпол арналары бойынша берілетін халықаралық сұратуларға, тергеу тапсыррмалары мен хабарларын орындау және жіберу мерзімдерінің жіктелуін мемлекеттік деңгейде бекітуге ұсыныстар жасалды /9,274-275/.
Интерполдың мүше -мемлекеттердің Ұлттық Орталық бюросына келiп түсетiн барлық ақпарат мынадай :
1) кiрiс және шығыс құжаттар жөнiндегi;
2) қылмыс оқиғалары жөнiндегi;
3) сұрау салулар мен тапсырмалар бойынша өтетiн адамдар жөнiндегi (бөлiп қарағанда: қылмыс жасағандар немесе қылмыстың жасалуына күдiктiлер; iздеуде жүргендер және хабарсыз жоғалғандар; сәйкестендiруге жататындар; жәбiрленушiлер мен куәлер);
4) қылмыстық қол сұғушылықтың мәнi жөнiндегi (ақша белгiлерi мен құнды қағаздарды қолдан жасау қоса алғандағы);
5) заңды тұлғалар жөнiндегi;
6) ұрланған және табылған көлiк құралдары жөнiндегi;
7) ұрланған өнер туындылары мен антиквариат жөнiндегi;
8) есiрткiлердiң заңсыз айналымы жөнiндегi жедел-анықтамалық қорларға жинақталады.
