Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Дип. ИНТЕРПОЛ - 2010.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
423 Кб
Скачать
☆

1.3 Интерполдың басқа ХалықаралықҰйымдармен ынтымақтастығы

Қазіргі таңдағы қылмыстық кұрес жүргізетін халықаралық ұйымдарды екі тең емес топқа жіктеуге болады:

  1. Өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру мақсатында қылмыспен күрес жүргізетін халықаралық ұйымдар.

  2. Негізгі жұмыс түрі қылмыс пен күрес болып табылатын халықаралық ұйымдар.

Бірінші топқа БҰҰ, халықаралық әуе тасымалы ассоциясиясы, халықаралық банк қауіпсіздік Ұйымы, халықаралық кеден ұйымы және т б.

Екінші топқа Интерпол және Еуропа жатады. Алайда тек интерпол әлемдік дәрежеге ие болса, бүкіл мемлекеттер полициясын басқара алады.Сол тұста интерпол барлық әлемдік және аймақтық халықаралық ұйыммен өарым өатынас жасауға тырысады.

Интерпол әр уақытта БҰҰ мен халықаралық экономикалық және әлеуметтік сұрақтар бойынша байланыс жүргізеді. Егер қылмысты әлеуметтік феномен ретінде алсақ, онда БҰҰ барлық мемлекеттермен қатынасты және қылмыстылықпен күресті басқарады. БҰҰ бір бөлімінен мынандай мақсаттарды көруге болады: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қарым қатынастарды дамыту, халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық тұрғыдағы халықарлық ынтымақтастықты сақтау. Алайда БҰҰ тұрғысында нақты оперативтік ынтымақтастық орын алмаған. БҰҰ қызметі мәлімет жинау, статистика және қылмыстық құқықтық актілер унификациясы жатады. Нақты тұрғыдағы қылмыс БҰҰ ның Бас Ассамблеясының қызметі болып табылады.

Оның құрылуының негізгі себептері ретінде ұйымдасқан қылмыс топтарының қылмыс жасауының өсуі, халықаралық делінетін қылмыс түрлерінің өсуі, Еуропаны біріктіретін мемлекеттер арасында қылмыспен күресті жүргізу стратегияларының керектігі. Алайда, мәлімет алмасу тек осы мемлекеттердің полиция орталықтары арасында жүргізіледі. 2001 жылдың аяғында ғана Питерпол мен Еуропол арасында қарым-қатынас туралы ресми келісім жасады.

Интерполдың басқа мемлекеттердегі Ұлттық орталық бюросы Европол қызметімен толық қанағаттана алмайды.

Одан басқа, Еуропалық Одақ тұсында Еуропалық Одақтың қаржы саласындағы қылмыспен айналысатын Еуропалық алдап-арбауға қарсы жұмыс атқаратын орталығы, (Europeon anti-Haund offise-OLAF), ол 2003 ж сәуірдің соңында ресми түрде Еуропалық Советтің 2007 ж 78 ақпан шешімімен Евроюст (Elujust) ашылады, оның негізгі мақсаты өте күрделі қылмыстармен күрес болып есептеледі1. әсіресе трансшекаралық тұрғыдағы Алайда, қазірге дейін Имперполдың бұл орталықтарымен қарым-өатынасы ресми бекітілген жоқ. Ең бір көзге түсер позитивті жағы, 2003 ж евро белгісінің жасанды ақшамен күрес барысында Ұйымның бас ассамблеясы Еуропалық Орталық банкпен Ынтымақтастық туралы келісім жасауды ұйғарды.

Жаңа мыңжылдықта мемлекеттер біріккен тырысушылығымен «БҰҰ алдынғы қатардағы мәселелерді шешуде өте қолайлы құралға айналдыруды мақсат етті, оның ішінде зорлықпен күрес, террор және қылмыспен күресе Бас Ассамблеяның орталық орнын кқрсете, оның БҰҰ ішіндегі маңызын бекітіп оны ары қарай жалғастыруға мүмкіндік жасау; Қауіпсізідк Кеңесінің баршаға ортақ реформаларын нығайтып, оның түрлі аспектілеріндегі жұмысын нығайту; соңғы жетістіктерге сүйене экономикалық және әлеуметтік Кеңес маңызын жазылған жарғымен сәйкестендіре нығайту; халықаралық мәслелерде әділеттік пен құқықтың бояуын басқаратын халықаралық сотты нығайту; БҰҰ органдары арасындағы консультациялармен бағыттардың өз жұмысын қадағалауда өткізілуін мақұлдау»2. Осы әрекеттердің жүзеге асуы жақын арада БҰҰ ең глобалды және әлемдегі қажетті ұйым болатынын көрсетеді.

Мемлекеттердің қылмыспен күрес барысында жасаған маңызды қадамы халықаралық қылмыс полиция ұйымы интерполды құру болды, бұл үкіметтік емес ұйым құрамына әлем бойынша 186 мемлекет кіреді. Я.М.Бельсон айтқандай: «Әлемдік деп есептелетін ұйым Интерпол өз қызығушылық салаларын бүкіл континенттерге тартады» Қазақстандық заңгер Т.М.Джангельдин былай деп жазған: «Интерпол аса жоғары дәрежедегі халықаралық ұйым, себебі ол өзінің керемет құрылымына, құқықтық негізімен техникалық қамтамасыздануына байланысты өте мұқият және рационалды түрде халықаралық полиция ынтымақтастығын қадағалайды».

Шындығында да, бүгін Интерпол мүше – мемлекеттердің полиция күшін біріктіретін, кереметтілікке сәйкес келетін жалғыз ұйым болып есептеледі. В.Г.Горбачев және А.Н.Гуров атап айтқандай: «Кінәлі емес адамдарға тигізетін қылмыстың көбеюі, оның халықаралық дәрежеге түсуі, көлемінің ұлғаюына байланысты халықаралық саяси ұйым құру қажеттілігі бұрын туындаған болатын.

Сонымен қатар, жеке мемлекеттердің ұлттық полиция қызметкерлерінің «халықаралық» делінетін қылмыспен күресу нәтижесі өте төмен болатын. Ешбір мемлекет тек өз күшіне сүйене нәтижелі түрде есірткіні заңсыз тасымалдаау, тірі тауар сату, ұрлық, өнер туындыларын контрабанда жасау іспетті қылмыс түрлерімен нәтижелі күресе алмаған.

Я.М. Бельсон атап көрсеткендей Интерполдың есебі бойынша халықаралық қылмыс дегеніміз 3 немесе одан көп мемлекеттер араласқан қылмыс түрі. Сол тұста Интерпол қызығушылық танытқан жоқ бағыттарын қадағалайды. Бұл жағдай халықаралық құқықта бекітілген ешбір мемлекеттің басқа мемлекеттің соттық, полициялық ұлттық қызметтің өз қолына ала алмауымен түсіндіріледі».

Ресми түрде бұл ұйым қылмыстың полицияға мүше мемлекеттердің халықаралық қылмыспен күрестегі қимылдарын бақылайды. Интерпол жарғысына сәйкес ұйымның негізгі міндеттері криминалды полиция арасында кең көлемді мәлімет алмасу жалпыға бір адам құқықтары жөніндегі мемлекетте қызмет декларация тұсында жұмыс істеу және қылмыспен жедел күрес атқаратын, болғызбайтын Институттар ашу 1.

Интерпол жарғысына сәйкес ұйым діни, россалық, әскери, саяси тұрғыдағы мәселелер мен айналыспайды. Ұйымның негізгі міндеттері криминалды полиция арасында кең көлемдімәлімет алмасу және қылмыспен жедел күрес жүргізетін, қылмысты болдырмайтын институттар ашу.

Қазіргі таңда Интерпол қылмыспен күресте айтарлықтай маңызды әсерін тигізеді. Интерполға мүше әр мемлекет бір орган құрады, ол орган Ұлттық орталық бюро болады. Ұйым және ұлттық полиция органдарымен ынтымақтастықтықадағалап тұрады 2. Осыған ұқсас орталықтар басқа халықаралық ұйым құрылысында жоқ. Оның қызмет атқаруы халықаралық қылмыспен күрес ынтымақтастығын жеңілдетеді. Интерпол механизмінің институтциональды қызметінің болуына оның нақты ұйымдастырылған құрылымы себеп болады.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес тұсында арнайы ФОПА тобы жұмыс атқарады, Бас хатшылықпен құрылған бұл топ елдерден түскен нақты қылмыс түрі туралы мәліметтерді сараптап, «ұйымдасқан қылмысқа» сәйкес мліметтерді бөліп қарайды. Топ міндеттері ішіне нақты қылмыстың топқа түсетін пайда көздері туралы мәліметті сараптау, мемлекеттердің «ұйымдасқан қылмыс» тұсында консультациялар өткізу, ұйымдасқан қылмыспен айналысатын полиция құралына оқу жүргізу жатады.

Интерпол заңсыз есірткі заттарының айналымы және психотропты заттар туралы сұрақтармен айналысады. Интерполдың Бас хатшылығы күнделікті түрде мемлекеттерге есірткі жаңа әдіспен тасымалдау мәліметін беріп оны қызмет барысында қолдану үшін баспаға шығарады.

Ұлттық орталық бюро арқылы Бас хатшылық жыл сайын мемлекеттерден есірткіні тұтыну және сату туралы, бұл іспетті қылмыспен күресу заңдылықтарын сұрап, наркомандарды емдеу туралы мәлімет алады. 1977 ж Интерпол жыл сайын Бас хатшылық мемлекеттері ішінде тіркелген, сатылған, тұтынған есірткі туралы мәлімет жинау формалары ашылған. Интерпол есірткі заттарының әлем бойынша және жеке мемлекеттерде таралуын бөлек алып қарады. Бұдан басқа, БҰҰ Комиссиясына мемлекеттерде ұсталған есірткі мөлшері, сол әрекеттерде қатысы болған тұлғалар жөнінде мәлімет беріледі. Бұл мәліметтерді БҰҰ жыл сайынғы қорытынды құжаттарға қосады. Бангкокта есірткі тасымалын қадағалайтын әлемге әйгілі «Алтын Үшбұрыш» плантациясы Тайланд, Лаос6 Бирма шекарасының қиылысында орналасқан, орталық соны қадағалайды3. Интерпол сонымен бірге қолдан ақша жасау әрекеттерін алдын алады. Сол тұста ол мына бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

1. Қолдан ақша жасау әрекеттерін тіркеу

2. Шығарушылар мен басатындарды

3. Ұсталған өтірік ақша мен құнды қағаз саны

4. Әлем мемлекеттеріндегі ақша системасының өзгеруі және реформалар жөніндегі мәліметті жинау;

5. Қылмыскерлер қолданатын ақша белгілерімен құнды қағаздарды танып білуді үйрену

6. Қылмыскерлер қолдануға қиын болатын ақша белгілері мен құнды қағаздарды технологияны күрделендіру

7. Халықаралық және ұлттық деңгейде жасанды ақша жасаумен күреске құқықтық қадағалау енгізу

8. Жасанды ақша және құнды қағазбен күрестегі полиция тәжірибесін өсіріп, пайдалы әдістерді қолдану

9. Жасанды ақшамен күрестегі полиция қызметкерлерінің профессионалды деңгейін арттыру, мүлде күрделі жасанды ақша жасау статистикасын тіркеу.

ЮНЕСКО Халықаралық музей Кеңесі, түрлі мемлекеттердің кедендік орталықтарымен біріге жұмыс жасап, Интерпол мәдени құндылықтардың жоғалуымен күреседі. Осы тұста ол міндеттеме ішіне мүше мемлекеттер музейде белгі беретін система орнатып, музей, шіркеу, мемлекеттік және құндылықтарды қорғауды күшейтуді ескертеді. Интерпол ұрланған туындылардың фотосуреттеріне арнайы бюллетень жасайды. Мәдени құндылықтардың ұрлануына күресте және осы саладағы оңалу үшін Бас Хатшылық, ЮНЕСКО, халықаралық музей Кеңесімен жұмыс атқаратын арнайы Комиссия құрылған.

Қазіргі таңда терроризм қанатын жайған уақытта, Интерпол мемлекеттердің осы қылмыстың алдын алуда жұмыс атқарып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауда мәлімет жинайды.

Интерполда бар мәлімет банкі халықаралық қылмысты болғызбауда осы орталықтарға көмектеседі, қылмыс ашылуына негіз жасайды және жасырынып жүрген қылмыскерлерді табуда өте маңызды құрал болады. 1994 ж басында соңғы қылмыс және қылмыскерлер жөнінде мәлімет беретін халықаралық автоматты іздеу салу системасы құрылады (АТС). Автоматты іздеу салу системасы бірте-бірте бүкіл Интерпол жүйесіне енеді. Мүше – мемлекеттерге План штаб-пәтерінде орналасқан қылмыскерлер туралы түспен кодталатын мәліметтералу мүмкін болды. Компьютерленген архив жұмыс жасауда фотосуретін беру, саусақ суретін беру және түрлі жасанды заттарды тану системасы бар. Шифрларды тез және нәтижелі ашатын, хакер немесе қылмыскерлерден мәліметті қорғайтын Х400 компьютерлік почта системасы орнатылған.

Қылмысты алдын-алумен байланысты Интерполдық теоретикалық мәселелерін қарастыру мүше мемлекеттер арасында қылмыс туралы қатты маңызы жоқ қылмыс туралы мәлімет алмасу, олардың құқық қорғау органдарына таптырмас көмек болады.

Менімен К.С. Радилов ойы сәйкестенеді, ол: «Интерпол халықаралық қылмысқа әсер ететін ұйымбола отырып, құқықтық, техникалық, ұйымдасқан және басқа да жағдайларға сүйене алмайды. Интерпол қылмысқа тек мүше мемлекет арқылы әсер ете алады, ал оның нәтижесі әр мемлекет қаншалықты еңбек еткендігіне байланысты болады. Көптеген мемлекеттердің Ұлттық Орталық бюросы халықаралық ынтымақтастығы жүйеленбеген құқық негізінде болады. Сондықтан олар Бас, Ассамблея мақұлдаған жағдайларды және басқа мемлекеттерден түскен жағдай шарттарды жүзеге асыра алмайды.. »

Сол тұста Интерполдың 31 бөліміне сәйкес ұйымда алда қойылған мақсаттарғажетуде мүшелердің қатысуы болып, олар БҰҰ керек бар талаптарды ұстансада, жұмыстың нәтижелі болуы бірінші кезекте мүше мемлекеттерге тиісті болу керек.

Интерпол қызметінің нәтижелі жұмысы халықаралық қылмыс құқығының дамуына да байланысты.

Айтып өтетін жайт, ұйым жұмысында да белгілі бір қиындықтар туындайды.

Жалпыға бірдей заң бойынша ұлттық орталық бюро шет елден сұраныс алғанда сол мемлекеттің заңының қызығушылығына сәйкес жұмыс атқарады. Осы тұста мәлімет беру уақыт өткен кезде, мәлімет беруші мемлекетке қатысты ешқандай жаза қолданылмайды. Соған қатысты қылмыспен күресте Ұлттық Орталық бюро, полиция қызметкерлерінің жұмысы, Интерпол тұсындағы оперативті мәлімет алмасу өседі.

2. Алдымен халықаралық орталық мәлімет беру, тіркеу, санау ұйымы бола отырып, Интерпол халықаралық масштабтағы белгілі бір акция немесе қылмыстық топ операцияларының ликвидациялауына бастамалық жасалайды. Одан басқа, Интерпол мемлекеттерде өзіндік тексерулер жүргізбейді.

3. БҰҰ-ның Қылмыспен күрес және құқық бұзушыларды алдын алу туралы 5-ші конгресінде көптеген мемлекеттердің халықаралық қылмыспен күресте полицияның халықаралық деңгейде өсіретін заң қабылдау керек болады. Осыған байланысты полицияның Интерполмен ынтымақтастығы халықаралық және мемлекет ішіндегі құқыққа сүйене жүргізілуі, яғни, ұлттық және халықаралықнормалар тұсында болғандықтан, Интерпол тұсындағы қызмет барысында мүше мемлекеттер ерекшеліктері айқындалады. Мәселен, бір мемлекеттерді қылмыскерлерді экстрадация жұмысымен сол мемлекет прокурорлары айналысса, басқа сұрақтармен сот органдары айналысады.

Қылмыстық және қылмыс процесінің заңдылықтарының мүше мемлекеттерде ерекше болуы, Интерполмен біріккен қылмыс ашуда үлкен қиындық туғызады.

Айтатын қағида, халықаралық терроризм мәселесі тек зерртеушілердің ғана емес, сонымен қатар БҰҰ бас назарында. 1972 жылы 23 қыркүйектегі БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында халықаралық терроризммен күресетін арнайы комитет ашылады, ол екі рет жиналып терроризмнің шығуы, онымен күрес жүргізуге нақты бағыттар көрсетті (1973,1977). Өкінішке орай, арнайы арнайы комитет қарастырған мәселелер әлі де шешімін таппаған, әсіресе, Нью-Иорк, мәскеудегі оқиғалардан кейін бұл сұрақтар маңызы арта түсті.

БҰҰ Арнайы комитеті террористік актінің шығуына мына мәселелерді айтқызады:

  1. БҰҰ жарғысына қарсы болатын күшті қолдану

  2. Агрессия;

  3. Мемлекеттің саяси тәуелсіздігінің, суверинеттігінің территориялық біртұтастығының бұзылуы;

  4. Рализм

  5. Фашизм және шофонизм

  6. Әлеуметтік, экономикалық саяси әділетсіздік;

  7. Адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы

  8. Мемлекет кедейлігі, адамдардың тұру, өмір сүруіне әсер етіп, жалпының аштық жағдайына алып келу;

БҰҰ Бас Ассамблеясы Арнайы Комитет зерттеуінің қорытындысы бойынша (Әсіресе, 42/159-1987 ж 7 желтоқсан, 44/29-1989 4 желтоқсан, 46/51-1991 ж 9 желтоқсан резолюциялары) мүше мемлекеттерге халықаралық терроризм себептерін ликвидациялауға шақырды. Сол тұста, шақыру, мемлекеттерді тарту мәселе шешімі емес екендігін уйғару жөн.

Осылайша, халықаралық терроризм шығу себептерімен жағдайларын зерттеу, террористік актілерді алдын-алу қазіргі таңдағы аса маңызды сұрақ болып отыр.

Қазіргі таңда құрылған әлемдік ұйымдар БҰҰ мен Интерпол тұсындағы институциональды механизм айналуы олардың алға шығуын талап етеді, себебі олардың әлемдік дәрежеде болуы мемлекеттердің қылмыспен күресте ынтымақтастығын нығайтып, түрлі өмір салаларындағы біріккен әрекеттерін өсіреді. Бұл ұйымдардың міндеттері мемлекеттердің біріккен жұмыстары мен тәжірибелерінсіз жүзеге аспайды. Осыған қатысты мен мына жағдайларды атап өтуім абзал:

1. БҰҰ негізгі реформасының бөлігі мемлекеттердің халықаралық – құқық пен міндеттемелерді ұстануы, халықаралық құқық нормаларын ескеруі орындалмаған жағдайда бүкіл адамзатқа қауіп төнудің болуы

2. БҰҰ тұсында бақылау системасы нақты ұйымдастырылуы тиіс. Мемлекеттер сол тұста БҰҰ-ң бақылау жүргізу орталықтарына кедергі жасамауы тиіс.

3. БҰҰ дағы өзгертулер жүргізу ең маңызды орган қауіпсіздік кеңесінің міндеттерімен байланыстырылады. Бұл орган жұмысының маңыздылығының артуы, оның механимдерінің жедел орындалуы, оның алдына қойылған сұрақтардышешуде өте маңызды.

4. Анық жағдай мемлекеттердің әлемдік дәрежедегі халықаралық қылмыс полициясы Интерполмен түсініспеушілікті болдырмау. Қылмыспен күресте мемлекеттердің осы ұйым жағдайларын қолдануы ұйым мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді.

Қылмыс жалпы жағдайда халықаралықтана түсуде. Соған орай қылмыс пен күресте халықаралықтана түсу керек. Қылмыспен күрес жүргізу бірыңғай шаралар негізінде болатын әлем аймақтарында қылмыспен күрес бірыңғай криминалды саясатқа негізделу керек. Қарастырылып отырған ынтымақтастық зерттеу контекстінде Еуропа мемлекеттерін жақындастыру мәселелері аймақтық ұйымдардың ролі маңызды, мәселен, Орталық, Шығыс Еуропа мемлекеттерін біріктіретін, еуропалық бірлік көрсеткіші болатын, адам құқықтары мен демократиялық 1949 жылғы 5 мамырдағы жарғыға сәйкес жұмыс атқаратын Еуропалық Кеңесті айтса болады.

Соңғы уақытта Еуропа Кеңесі қылмыспен күрес жүргізуге, мүше мемлекеттердің қылмыспен күрес әрекеттерін біріктірудегі маңызы артты. Бұған дәлел 40 м ішінде халықаралық қылмысты одан алатын заңдар мен нормалардың пайда болуы.