Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Дип. ИНТЕРПОЛ - 2010.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
423 Кб
Скачать
☆

2.3 Интеполдың қылмыскерді ұстап беру (Экстрадиция) қызметі

«Ұстап беру» (экстрадиция-extraditition деген француз сөзі мен ex+tradititio беру деген латын сөзі) ұғымына халықаралық құқық теориясында көп көңіл бөлінген. Профессор Л.Н.Галенская ұстап беруді мемлекеттің қылмыскерді басқа мемлекетке халықаралық құқық нормаларына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе қылмыстық жазаны қолдану үшін беру процесі ретінде айқындайды /10/. Ал, профессор Р.М.Валеев қылмыскерлерді ұстап беру институтын халықаралық және ұлттық құқықтың тоғысындағы институтына жатқызады. Қылмыскерлерді ұстап беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына негізделеді /20/. Бұл мемлекеттің аумағындағы айыпталушы немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе қылмыстан зәбір көрген мемлекеттің сұратуы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау ушін ұстап беруден тұратын құқықтық көмек актісі болып табылады.

Қылмыскерлерді ұстап беру институтына мынадай белгілер тән:

  • ұстап беру рәсімі негізделетін нормалардың кешенді сипаты-мұндай жағдайда екі дербес құқықтық жүйе-ішкі мемлекеттік және халықаралық құқық нормалары өзара әрекеттеседі;

  • мұндай мәселелерді дербес шешуге қабілетті халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретіндегі мемлекеттің құзыреті;

  • ұстап беру қылмыстық іс жасаған жеке адамдарға қатысты ғана жүзеге асырылады;

  • ұстап берілген адам сотпен қудаланады немесе берген мемлекеттің сот органы белгілеген жазаға тартылады /21, 32 бет/.

Ұстап беру мемлекеттердің қылмыстық істермен күресіндегі құқықтық өзара көмек актісі болып табылады. Халықаралық құқықтың бұл институтының мазмұны әлемдік бірлестіктің халықаралық қылмыстылықпен күрес саласында күштерін ортақ біріктірулеріне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.

Қазіргі кезде қылмыстың алдын алатын, онымен күрес жүргізетін және қылмыскерлерді ұстайтын екі жақты, аймақтық және әлемдік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтар бар. Бұл ынтымақтастықтар қарама-қарсы қоғам құрылыстағы, біртекті құрылыстағы мемлекеттер арасында орын алуы мүмкін. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

1. Қылмыскерлерді тауып қылмыстық жұмыстарға құқықтық көмек көрсету,

2. Ғылыми мәлімет, ұлттық тәжірибелік алмасушылық және біріккен зерттеу жүргізу

3. Мемлекеттерге қылмыспен күресте техникалық қызмет көрсету;

4. Бірнеше мемлекеттерді қамтитын қылмыспен күрестегі құқықтық келісім бағыты.

Бейбітшілікке қарсы халықаралық қылмыстар, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған адамдарды ұстап беру туралы мәселе алғаш бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін герман императоры Вильгельмге қатысты талқыланған болатын. БҰҰ антигитлерлік коалицияны ұйымдастырушылық және құқықтық ресімдегеннен кейін ғана бұл институтты жоғарыда аталған қылмыскерлерге қолдануға мүмкіндік туды /22, 48 бет/.

Халықаралық қылмыстық істердің жеке түрлерімен күресудегі халықаралық келісімдер қылмыскерлерді ұстап берудің құқықтық негіздері болып табылады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттер екі жақты тәртіпте әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлерді ұстап беру үшін заңдық негіздерді белгілеген кезде ұлттық заңдардың нормалары мен өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады /23/.

Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлерді ұстап беру шарттарына мыналар жатады:

  • жасалған әрекет ұстап беру туралы шартта көзделуі тиіс немесе қылмыстық істердің жеке түрлері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда белгіленуі керек;

  • қылмыстық әрекет екі мемлекеттің қылмыстық заңдарында бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болуы тиіс (аумағында қылмыскер жүрген мемлекет пен ұстап беруді талап етуші мемлекет).

  • ұстап берілетін адам жасаған қылмысы үшін ғана сотталады;

  • әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) талаптары бойынша қылмыскерді ұстап берген мемлекеттің заңында өлім жазасы көзделмеген болса, адамға ондай жаза қолданылмайды;

  • егер беру туралы өтініш түрмеде қамау туралы үкімді орындау мақсатында немесе осындай құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру шарасын іске асыру мақсатында іздестірілетін адамға қатысты болса, онда мұндай жазалаудың аяқталуына кем дегенде төрт-алты айдай мерзім қалған жағдайда ғана рұқсат етіледі (мемлекеттер арасындағы келісім бойынша).

1990 ж. желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы «Қылмыскерді ұстап беру туралы үлгі шарт» қарарын қабылдайды. Осы ұсынымдық сипаттағы актінің қабылдануы БҰҰ мүше-мемлекеттеріне қылмыстық істермен күресу мәселелеріндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тиімділігінің артуына көмектесті. Әлемдік қауымдастықтың ұсынысы бойынша ұстап беруден бас тартудың императивті және факультативті негіздері болады /23/.

Төменде көрсетілген мән-жайлардың кез келгені бойынша қылмыскерді ұстап беруге рұқсат берілмейді (императивтік негіздер):

а) егер ұстап беру туралы келіп түскен өтініш бойынша құқық бұзушылық сұратқан мемлекетке саяси сипаттағы құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын болса;

б) егер сұратылған мемлекет ұстап беру туралы өтініш адамды нәсілі, діни сенімі, азаматтығы, тегі, саяси көзқарасы, жынысы немесе мәртебесі белгілеріне қарай немесе соттық қудалау мақсатында сұратады деп немесе қандай да бір себептермен байланысты мұндай адамға зиян келеді деп ойласа;

в) егер құқық бұзушылыққа қатысты ұстап беру туралы келіп түскен өтініш бойынша әскери құқық көздейтін құқық бұзушылық деп танылса, бірақ әдеттегі қылмыстық құқықта олай деп есептелмесе;

г) егер сұратылған мемлекетте адамға жасаған құқық бұзушылығы үшін түпкілікті үкім шығарылып қойылса;

д) егер ұстап беру туралы өтініш келіп түскен адам екі жақтың бірінің заңы бойынша ескіру мерзімін немесе рақымшылық актісін қоса алғанда, соттық қудалаудан немесе жазалаудан иммуниеті бар болса;

е) егер ұстап беру туралы өтініш келіп түскен адам сұратылатын мемлекетте азапталатын болса, ар-намысын қорлайтындай әрекет жасалатын болса немесе оған қатысты қылмыстық бақылау процесінде ең төменгі кепілдіктер қолданылмайтын болса;

ж) егер сұратылған мемлекетте сот шешімі адамның қорғалуын жеткілікті қамтамасыз етпей немесе ол жоқ кезде істі қайталап тыңдауды қамтамасыз етпей шығарылса.

Бас тартудың факультативті негіздеріне мыналар жатады:

а) егер ұстап беру туралы өтініш келіп түскен адам сұратылған мемлекеттің азаматы болса;

б) егер ұстап беру туралы өтініш келіп түскен адамға қатысты сұратылған мемлекеттің құзыретті органдары істі қозғамау немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаса;

в) егер ұстап беру туралы өтініштің түсуіне байланысты құқық бұзушылыққа қатысты соттық қудалау сұратылған мемлекетте ұстап беру талап етілген адамға қатысты іс қозғалатын болса;

г) егер ұстап беру туралы өтініш келіп түскен құқық бұзушылыққа сұрататын мемлекетте өлім жазасы тағайындалатын болса, дегенмен, егер мемлекет өлім жазасын тағайындамауға немесе оны орындамауға жеткілікті кепілдік берсе, адам ұстап берілуі керек.

Қылмыскерді ұстап беру туралы өтініш жазбаша нысанда жіберіледі. Өтініштер, куәландыратын құжаттар және хабарламалар дипломатиялық жолдаумен немесе тікелей келісімде белгіленген және тараптар тағайындаған құзыретті органдар арасында беріледі. Сөйтіп, ұстап беру туралы өтініште талап етілетін тұлға мен қажетті мәліметтердің барлығы анық сипатталуы тиіс. Мұндай мәліметтерге:

-нақты қылмысты саралайтын заңның тиісті ережелері мен осындай құқық бұзушылыққа тағайындалатын жазаның сипаттық мәтіні;

-бұл адамды ұстауға ордер немесе ұстап беру туралы өтінішке қатысты құқық бұзушылықты сипаттайтын осындай ордердің куәландырылған көшірмесі; көзделген құқық бұзушылықты құрайтын әрекет немесе әрекетсіздікті, жасалған уақыты мен орнымен бірге сипаттау;

-айыптау бөлімін мазмұндайтын шешімнің немесе кез келген басқа құжаттың және шығарылған үкімнің түпнұсқасы не куәландырылған көшірмесі, егер адам құқық бұзушылық үшін сотталған болса, үкімнің орындалғанын және тағайындалған жаза мерзімін немесе қалған мерзімін көрсету;

-егер адам өзі жоқ болған кезде, немесе құқық бұзушылық үшін сотталса, онда жоғарыда аталған барлық құжаттармен бірге, өзі жоқ болған жағдайда істі қайталап тыңдау үшін нақты адамның қолында бар құқықтық құралдарды сипаттау керек /24/.

Шығындарға келетін болсақ, ұстап беру туралы өтінішке байланысты туындайтын барлық сот талқылауының шығындарын сұратушы мемлекет өз құзыреті шегінде төлейді. Сұратушы мемлекет, сондай-ақ беру туралы өтініш келіп түскен адамдарды қамауға алуға және ұстауға байланысты және өз аумағында адамды қамауға алу мен мүліктерді беруге байланысты шығындарды төлейді. Сұратқан мемлекет сұралған мемлекет аумағынан адамды алып кетуге байланысты транзиттік шығындарды қоса алғанда шығындарды көтереді.