- •Сырқатнама
- •Тыныс алу жүйесі:
- •Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):
- •Ас қорыту ағзалары
- •Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:
- •Болжам диагноз және оны негіздеу
- •Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:
- •5. Нәжісті ішек құрттары мен қарапайымдыларға зерттеу. 30.04.2016 ж.
- •Ажырату диагнозы:
- •Күнделік:
- •Температуралық парақ.
- •Шығару Эпикризі
- •Операция алдындағы консервативті ем:
Тыныс алу жүйесі:
Қарап тексеру: тыныс алуы еркін, мұрын қуысы арқылы. Шырышты қабықта және тері түсінде көгерулер жоқ. Кеуде клеткасында бұғана үсті және бұғана асты шұңқырлар, сонымен қатар жауырындар симетриялы орналасқан. Кеуде клеткасының оң және сол жақ бүйірлерінің тыныс алу кезінде қозғалуы бірдей, тыныс алу актісіне қатысады. Ентігу жоқ. Кеуде клеткасының пішіні дұрыс формада. Бұғана мен жауырын сүйектері бір деңгейде орналасқан. Тыныс алу кезінде кеуделік тыныс алады, тыныс алу ырғағы бірыңғай дұрыс.
Пальпация жасағанда кеуде клеткасында ауырсыну сезімі жоқ, серпімділігі жақсы, кеуде клеткасының екі жағы да дем алу актісіне қатысады, дауыс дірілі кеуде клеткасының екі бөлігінде де, оның симметриялық орындарында да бірдей сезіледі. Деформация жоқ.
Перкуссия: Салыстырмалы перкуссия жасағанда: кеуде клеткасының екі бөлігінде де, оның симметриялық орындарында да өкпелік ашық перкуторлық дыбыс шықты.
Топографиялық перкуссия
Алдыңғы жағынан өкпе ұшының биіктігі сол және оң жағынан 3 см, артқы жағынан VIII мойын омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес келеді. Кренинг алаңы сол және оң жағынан 5 см.
Төмеңгі өкпе жиегінің шекаралары.
Белгілі сызықтар |
Оң жақ |
Сол жақ |
|
ІV қабырға аралық |
- |
|
VІ қабырға аралық |
- |
|
VІІ қабырға аралық |
VІІ қабырға аралық |
|
VІІІ қабырға аралық |
VІІІ қабырға аралық |
|
ІХ қабырға аралық |
ІХ қабырға аралық |
|
Х қабырға аралық |
Х қабырға аралық |
|
ХІ қабырға аралық |
ХІ қабырға аралық |
Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):
Топографиялық сызықтар |
Өкпенің төмегі жиегінің жылжу шектері, см |
|||||
Оң жақ |
Сол жақ |
|||||
Дем алғанда |
Дем шығарғанда |
қосқанда |
Дем алғанда |
Дем шығарғанда |
Қосқанда |
|
1. Бұғана ортаңғы сызығы |
2-3 |
2-3 |
4-6 |
- |
- |
- |
2. Қолтық асты ортаңғы сызығы |
3-4 |
3-4 |
6-8 |
3-4 |
3-4 |
6-8 |
3.Жауырын сызығы |
2-3 |
2-3 |
4-6 |
2-3 |
2-3 |
4-6 |
Аускультация әдісімен тексергенде, өкпені тындағанда везикулярлық тыныс естілді. Қосымша тыныс шуылдары: сықыр, сырылдар, плевра үйкеліс шуылдары естілмейді. Бронхофония: күшеймеген.
Қанайналым ағзалары:
Жүрек тұсын қарағанда патологиялық қағу, дөңестену, ойықтану байқалған жоқ. Жүрек пішінінің кеудедегі нұсқасы өзгермеген. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралыққа сәйкес келеді, 1,5 см ішке қарай. Күші, биіктігі, резистенттілігі қалыпты. Ірі қан тамырлары аймағында патологиялық пульсациялар байқалмайды.
Жүрек перкусссиясы:
Шекаралары
|
Салыстырмалы
|
Абсолютті
|
Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы |
Төстің оң жақ сызығымен IV қабырға аралықта 1 см сыртқары Сол жақ бұғана орта сызығы бойынша V қабырға аралықтан 1 см ішке Сол жақ төс маңы сызығында III қабырға аралығында
|
Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы
Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасына сәйкес III қабырға аралық
|
Жүрек конфигурациясы аортальді. Тамырлар шоғырының ені төстің шетімен II қабырға аралықта 5 см. Жүректің көлденең өлшемі – 12 см. Аускультацияда: Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ-70рет /мин, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Перифериялық артериялардағы пульс орташа, толымды, ырғақты, кернеулі, екі қолда да бірдей.
