Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айд. дет хир.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

Күнделік:

Науқасты қараған күні: 01.05.2016 ж.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Төсектегі қалпы – еркін. Тәбеті – жақсы. Терісі қалыпты түсте, тілі ылғылды, таза, шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері қалыпты, үлкеймеген. Операциялық жара таңу кезінде құрғақ,таза, бөліністер жоқ, 4 тігіс бар, ескі таңғыш алынып жаңа асептикалық таңғыш салынды Тыныс алу жиілігі 20рет/мин.ырғақты. мұрын арқылы, еркін тыныс алады.

Пальпацияда: операциялық жара маңы ауырсынады.

Аускультация: Өкпеде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, патологиялық шулар естілмейді. Пульс 76рет, ырғақты. Артериялық қан қысымы – 110/70 мм. сын. бағ. б/ша. t – 36.2˚С. Бұрынғы ем жалғастырылады.

Таңғышты таңу: операциялық жара бетінде таңғыш таза, тегіс, жіптері қалыпты жағдайда. Қабыну процесі жоқ. Жара бетін және оң жақ мықын аймағын 96% спиртпен залалсыздандырып асептикалық дәкемен таңғыш салынды. Емі жалғасуда.

Температуралық парақ.

01.05.2016

02.05.2016

03.05.2016

Т

К

т

к

Т

К

39˚

38˚

37˚

36˚


Қорытынды диагноз: Алғашқы және клиникалық диагнозға сүйеніп, сонымен қатар қосымша ауруларды анықтай отырып, жүргізілген консервативті және оперативті(антеградты аппендоэктомия) емге байланысты, операциядан кейін ешқандай асқынулар болмағанын ескере келе қорытынды диагнозды : Жедел катаральді аппендицит,асқынусыз.Қосымша ауру:жоқ деп қойдым.

Болжамы: науқастың өмірі жайындағы болжамы оң, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жарасы жазылып келе жатыр, ағымы барысында ешқандай патологиялық ауытқулар жоқ.