Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айд. дет хир.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

5. Нәжісті ішек құрттары мен қарапайымдыларға зерттеу. 30.04.2016 ж.

Нәтижесі:Нәжісте ішек құрттарымен қарапайымдылар анықталған жоқ.

Ажырату диагнозы:

Белгі-лері

Науқаста

Копростаз

Жедел панкреа-тит

Жедел холецис-тит

Бүйрек коликасы

Шенлейн-Генох ауруындағы абдоминальді синдромы

Ауыр-сыну сипаты

Толғақ тәрізді ауырсыну

Пышақ сұққандай

Жоғары интенсив-тілігі

Жоғары интенсивтілігі

Ұстама тәрізді,

қатты ауырсыну

Батып ауырады

Лока-лиза-циясы

Алдымен кіндік маңында,6 сағ.соң оң жақ мықын аймағында

Сол жақ мықын аймағында

Эпигас-трий аймағында

Оң жақ қабырға доғасы астында

Бел аймағын-да көбіне бір жақтан

Іштің барлық аймағында

Ирра-диа-циясы

Оң жақ мықын аймағында ғана ауырсынады

Сол мықын аймағында

Сол жақ қабырға-омыртқа-лық бұрыш

Оң жақ иыққа,оң жауырын-ға,оң жақ иық үстіне

Сыртқы жыныс ағзала-рына,сан-ның алдыңғы-ішкі беті

Іштің барлық аймағына

Іш бұл-шық етте-рінің қа-таюы

Оң жақ мықын аймағында айқын

жоқ

Эпигас-трий аймағында

Оң жақ қабырға астында

Әлсіз немесе жоқ

Жоқ

Щеткин-Блюмберг симптомы

оң

теріс

Іштің жоғарғы бөлігінде оң болады

Оң жақ қабырға астында оң болады

теріс

теріс

ЖҚА

Лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы

Лейкоцитоз,

ЭТЖ жоғарлауы,анемия

Лейкоци-тоз,ЭТЖ жоғарлауы

Лейкоци-тоз,ЭТЖ жоғарлауы

Анемия

Лейкоци-тоз,ЭТЖ жоғарлауы

ЖЗА

Өзгерістер жоқ

Өзгерістер жоқ

Өзгерістер жоқ

Өзгерістер жоқ

Гемату-рия,про-теинурия,лейкоцитурия,ци-ллиндру-рия

Өзгерістер жоқ

Қорытынды: жоғарыда көрсетілген нозологиялармен салыстырмалы ажырату диагнозын жүргізе отырып, Жедел катаральді аппендицит деп қоямын.

Клиникалық диагноз: Науқастың шағымдарына: оң жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуына,бас ауруына жалпы әлсіздікке шағымданады.

анамнезіндегі: Науқастың айтуы бойынша 30.04.2016 жылы сағат кешкі 19.00 кезінде науқас өзін нашар сезіне бастаған, әлсізденіп, басы ауырып, жүрегі айнығаннан кейін жеңілдеп қаламба деген оймен өзі мәжбүрлі түрде құсқан,бірақ құсқаннан кейінде жағдайы жақсармаған, оң жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсыну болған. Үйде жалғыз болғандықтан ауырсынуды басатын ешқандай дәрі дәрмек қабылдамаған және де обьективті зерттеу кезінде алынған мәліметтеріне, сонымен қатар лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтижелеріне: Ауыз қуысын қарағанда: еріні құрғақ, тілі құрғақ; ақ жабынмен қапталған. Иектері ақшыл қызыл, қанталамайды, қабыну көріністері жоқ. Бадамша бездері араң доғасынан шықпайды,өзгеріссіз.Жұтқыншағының шырышты қабаты дымқыл, ақшыл қызыл, таза. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Іш аймағын қарағанда: іші екі жақты симметриялы, дұрыс формалы, үрленулер байқалмайды. Құрсақ қабырғасы дем алу актіне қатысады, дем алғанда оң жақ іш аймағы сол жағымен салыстырғанда қалыңқы. Алдыңғы құрсақ қабырғасында тыртықтар, теріасты веналарының ұлғаюы байқалмайды, стриялар жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды.Беткей іш пальпациясында іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі(Филатов симптомы оң) және іш бұлшық еттерінің айқын қатаюы(defanse musculaire) бар. Құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.Терең сырғанату әдісімен пальпациялағанда мықын аймағында ауырсыну сезімі бар, Щеткин-Блюмберг сипмтомы (құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын басып тұрып, қолды жылдам алып қалған кезде ауырсыну күшейе түседі),Ровзинг симптомы(құрсақ қуысының оң жақ мықын аймағын басып тұрып , оң жақ аяғын түзу жоғары көтерген кезде ауырсыну күшейе түседі) – ОҢ.

Ішке перкуссия жасағанда барлық жерден тимпаникалық перкуторлық дыбыс шығады, мықын аймағын перкуссиялау кезінде ауырсынады. Раздольский симптомы(құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын перкуссиялаған кезде оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімінің болуы) – ОҢ,Лабораторлы мәліметтерге:ЭТЖ 16 мм/сағ-жоғары; лейкоцитоз - 22*109/л, сегмент ядролы лейкоцитттердің солға жылжуы -78*109/л

сүйене отырып клиникалық диагнозды: Жедел катаральді аппендицит деп қойдым. Асқынулары : жоқ

Қосымша аурулары :жоқ

Емі

Түскеннен кейін консерватимті терапия және динамикалық бақылау жүргізу.

Препараттар

06.04.2015

07.04.2015

08.04.2015

09.04.2015

1. Режим стационарлы

+

+

+

+

2. Диета № 5

+

+

+

+

3. Глюкоза5%400,0+6ЕД инсулина+КСL4%-10,0 +гепадиф көк тамырға.

+

+

+

+

4. Sol NaCL0,9%-400,0+vit C5,0

+

+

+

+

5. Sol NaCL0,9%-400,0+No-spasini5,0

+

+

+

+

6. Vit B1,B6-2,0

+

+

+

+

7. пеницилин 1млн ЕД күніне 4рет бұлшықетке

+

+

+

+

Хирургиялық емі: антеградты аппендоэктомия

Операция алды эпикриз.

30.04.2016 күні сағат 22:25-ге науқас Увалиева Ясмин дайындалды. Жасы 6-да. Жедел катаральді аппендицит белгілерімен стационарға жатқызылды. Науқасқа консервативтік ем тағайындалды. Емнің барысында оң нәтиже алынды (яғни интенсивті ауырсыну белгілері төмендеді)..

Науқасты дайындағаннан кейін оперативті ем қолданылмақ, яғни: аппендоэктомия, жергілікті жансыздандырумен. Науқастың қан тобы (0)І , Rh-фактор-оң. Алдын ала болжанған қан жоғалту- қауіпті емес, сондықтан интраоперациялық гемотрансфузия жоспарланған жоқ.

Науқастың операцияға келісімі алынды. Тромбоэмболиялық асқынулардың болу деңгейі орташа.

Клиникада операция алды дайындық курсы жүргізілді.Ол келесі премедикациядан тұрады:

1) 0,1 % атропин сульфат ерітіндісі - 0,5 мл, 2) 1% димедрол ерітіндісі- 1 мл;тері астылық енгізу: 2% промедол ерітіндісі - 2, 0 мл.

Операция Хаттамасы: 30.04.2016 ж ;сағ 22:25-00:10

Аппендоэктомия

Sol.Novocaini 0.25% ерітіндісінің көмегімен жергілікті анестезия жасалды, оң жақ мықын аймағын Волкович – Дьяконов тілуі бойынша қабат – қабатымен іш қуысы кесілді. Бұл кезде жалқық анықталмаған. Жарақатқа соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісі қиылысқан. Техникалық қиындықтармен құрт тәріздес өсінді жарақат арқылы шығарылған, ұзындығы7,5-8 см, гиперемияланған және қалындаған. Кей жерлері фибринмен жабылған. Соқыр ішектің күмбезі қалыңдап, инфильтрацияланған.

Құрт тәріздес өсіндінің шажырқайы қысқышпен қысылған, содан кейін кесіліп – тігілген және байланған. Аппендициттің культясы соқыр ішектің қабырғасына кисеті тігіспен ішке енгізіліп,Z тәрізді тігіс салынды. Кіші жамбас тексерілген, құрғақ. Тоқ ішектің терминальді бөлігі тексерілді.Ұзындығы шамамен- 1м . Патологиясыз.

Қабат – қабатымен тігіс салынып, асептикалық таңғыш байланды.

Макропрепарат: аппендикс – 7,5-8см,гиперемияланған,қалыңдаған, Кей жерлері фибринмен жабылған.

Итраоперациялық диагноз: Жедел катаральді аппендицит

Қорытынды диагноз: Алғашқы және клиникалық диагнозге сүйене отырып және операция барысында макроскопиялық зерттеулер негізінде қорытынды диагнозды: Жедел катаральді аппендицит,асқынусыз