Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты ЛД ГЭК 2015 каз өзгерген.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277 Кб
Скачать
☆

3. Стандарт: Өкпеге топографиялық перкуссия жасау.

Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;

Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Бөлме жылы және тыныш болу керек.

  2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

  4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

  5. Тексерулішінің алдында тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).

1. Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.

2. Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.

3. Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.

4. Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)

  1. Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.

  2. Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.

Кренинг кеңістігінің енін анықтау.

1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.

2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.

Ескерту:

  1. Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда бұғанадан - 3-4см.

  2. Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді

  3. Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.

  4. Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.

  5. Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.

4. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .

Мақсаты: Өкпенің барлық үстінен (негізгі және қосымша) тыныс алу шуларын анықтау және бағалау.

Көрсеткіші: Бронх – өкпе аурулары, жүрек - тамыр жүйесі, плевра аурулары.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.

2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқас беліне дейін шешіну керек.

5. Тыныс алу шуларын тындау, науқастың жағдайына байланысты отырғызып, тұрғызып, жатқызып жүргізіледі.

6. Фонендоскоп жылы болу керек және дұрыс жұмыс істеу керек.

7. Өкпені тыңдау алдынан, екі бүйірінен және артынан жүргізіледі.

8. Фонендоскопты науқастың кеудесінің оң және сол жақ бөлігінің бірдей жеріне (симетриялы)

және тығыз қойыңыз (салыстырмалы аускультация).

5. Стандарт: Жүрекке пальпация жасау.

Мақсаты: жүрек ұшының локализациясын, кеңдігін, биіктігін және күшін анықтау.

Көрсеткіші: эксудатты плеврит, бір жақты гидроторакс, гемоторакс,пневмоторакс,миокардит,жүрек ақауы,кардиомиопатия,гипертоникалық ауру,ревмокардит,жүрек жеткіліксіздігі,пирикардит,тиреотоксикоз.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Болатын асқынуы: жоқ.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Бөлме жылы және тыныш болуы қажет

  2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы қажет

  3. Қолды гигиеналық дәрежеде жуу

  4. Науқастан киімді беліне дейін шешуді өтіну

  5. Оң қолдың алақанын тексерілушінің кеудесіне білекті кеудеге, ал саусақтарды қолтық асты аймаққа 4 және 7 қабырғалар арасына қою қажет

  6. Аздап бүгілген үш саусақпен 5 қабырға аралықта алдыңғы қолтық асты сызығына аз күшпен пальпация арқылы жүрек ұшын сезіну

  7. Көлемін,биіктігін,күшін,резистенттілігін анықтау(қалыпты жағдайда жүрек ұшы 5 қабырға аралықта ортаңғы бұғана сызығынан 1-1,5см ішке қарай анықталады)

Ескерту:

Жүрек ұшының сипаттамасы:

1. Көлемі-қалыпты жағдайда 1-2см тең,жүрек ұшыны кеудеге соққысының көлемі 2см үлкен болса-жайылмалы егер 1 см кіші болса шектелген.

2. Биіктігі жүрек ұшы аймағының тербеліс амплитудасымен сипатталады:жоғарғы-сол жақ қарынша гипертрофиясында;төменгі-сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің тқмендеуінде,осыған орай көлеміде өзгереді

3. Күші-сол жақ жүрекшенің жиырылу қабілетін жүрек ұшын пальпация жасаңан кезде қандай күшпен болғанын анықтайды

4. Резистенттілігі-тікелей жүректің бұлшық етінің тығыздығын сипаттайды.Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы және дилатациясы жүрек ұшын жасайтын оның локализациясы және бастапқы сапалары өзгереді,бұндай сапаларға көлемі,биіктігі,күші және резистенттілігі жатады.Қалыпты жағдайда жүрек ұшы пальпацияланбайды.оң жақ қарыншаның гипертрофиясында жүрек түрткісі кеудеден сол жаққа қарай пальпацияланады.