- •1. Стандарт: Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.
- •2. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •3. Стандарт: Өкпеге топографиялық перкуссия жасау.
- •Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.
- •4. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
- •5. Стандарт: Жүрекке пальпация жасау.
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз
- •Стандарт: Жүрекке перкуссия жасау.
- •4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •8. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
- •9. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •10. Стандарт: Бауырға перкуссиясы жасау. Образцов в.П. Бойынша бауыр тұйықтығының көлемдерін анықтау.
- •1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек
- •11. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;
- •12. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •13. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету
- •14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
- •15. Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
- •16. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету
- •17. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •19. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •20. Стандарт: Гипертоникалық кризде жедел көмек көрсету.
- •21. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •22. Стандарт: Миокард инфарктісі кезінде жедел көмек көрсету.
- •23. Стандарт: Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.
- •24. Стандарт: Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.
- •25. Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •26. Стандарт: «Бүйрек шаншуы» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
- •27. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •28. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •29. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек көрсету.
8. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
Мақсаты: іштің бұлшық етінің қатты-жұмсақтығын, ауыратын ауырмайтындығын, іш аймағында тығыздалған бөліктердің, түйіндердің, жарықтың, ісіктің бар-жоғын анықтау.
Көрсеткіші: іш қуысы мүшелерінің аурулары.
Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы, жарық және тыныш болу керек;
2. Тексерушінің қолы жұмсақ, құрғақ, жылы болуы керек, өйткені, қолы салқын болса іш бұлшық еті тітіркеніп, рефлекторлы жиырылуын тудырады, тырнақтары алынған болуы керек;
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуу;
4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;
5. Науқасты кушеткаға немесе қатты жерге бас жағын төмен етіп жатқызу;
6. Науқастың қолын кеудесіне қойып, аяғын созып жатуын сұраңыз. Бас жағы аласа болу керек, басы жоғары болса іш бұлшық етінің қатаюына алып келеді, ол пальпация жасауға кедергі болады;
7. Науқастың оң жағында, бетпе-бет қарап отырыңыз, орындық науқастың кереуетімен бірдей деңгейде болу керек;
8. Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз (алақан жазылып, саусақтар сәл бүгулі болу керек);
9. Науқастың аузымен терең дем алуын сұраймыз, мүмкіндігінше іш бұлшықеттері тыныс алуға қатысу керек, бұл кезде іш бұлшықеттері босайды;
10. Пальпацияны сау жағынан бастайды;
11. Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың ішіне қойыңыз және ақырындап, тереңдемей ішке пальпация жасаңыз;
12. Пальпация сол жақ мықын аймағынан бастап және біртіндеп сол жақ қабырға астына көтеріліңіз, эпигастрии аймағы, оң жақ қабырға астына көшіңіз, оң жақпен төмендеп,оң мықын аймағына түсіңіз;
13. Осылайша пальпация сағат тіліне қарсы бағытта жүргізіледі;
14. Сосын іштің ортаңғы бөлігіне пальпация жасап, эпигастрий аймағынан бастап, төмен қасағаға қарай жүргізіңіз;
15. Іштің тік бұлшық етінің айырылуын және кіндік сақинасында, ақ жолақта жарықтың бар-жоғын анықтаңыз;
16. Ол үшін оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп, төстің семсер өсіндісінінен төмен іштің ақ жолағына қолыңызды қойып, науқастын басын көтеруін сұраймыз;
17. Іштің үстіртін беткей пальпациясы арқылы анықтаңыз:
1. іш пресінің жергілікті және жалпы ширығуын анықтаңыз;
2. Іштің жергілікті және жалпы ауырсынуы
3. іштің тік бұлшық етінің айырылуын, кіндік сақинасында және іштің ақ
жолағында жарықтың бар-жоғын анықтау;
4. іш қуыс мүшелерінің ұлғаюын, үстіртін орналасқан ісікті анықтау
9. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
Мақсаты: пальпация арқылы бауырдың төменгі шетінің орналасқан жерін, ауырсынуын, тығыздығын, пішінін анықтау.
Көрсеткіші: созылмалы инфекциялы аурулар, улану, (арақтан болған) бауырдың эхинококкозі, жедел және созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісік ауруы және оның таралуы, лейкоздар және гемабластоздар, жүрек жеткіліксіздігі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жедел қабыну аурулары және іш мүшелерінің зақымдануы;
Болуы мүмкін асқынулар: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы, тыныш болуы керек;
2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4. Науқастан сыртқы киімін шешіп, кушеткаға жатып немесе қатты жерге аласа жастықпен, басын сәл көтеріп, қолдарын кеудесіне қойып, аяғын созып, дем алуын сұраймыз.
5. Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отырыңыз, орындық биіктігі науқас кереуетімен бірдей деңгейде болуы керек .
6. Перкуссия арқылы бауырдың төменгі шекарасын анықтаңыз.(пальпация үшін оң қолды қою)
7. Оң қолыңызды науқастың ішіне алақанды жазып, саусақтар сәл бүгіп, оң жақ қабырға астына перкуссияда табылған бауыр шекарасынан 3-5 см төмен қойыңыз.
8. Сол қалдың 4 саусағы мен алақаны оң жақ қабырға доғасын бел тұсынан, ал бас бармақ қабырға доғасын алдынан қапсыра ұстайды. Бұл кеуде қуысының қозғалмалылығын дем алғанда шектейді, және диафрагманың төмен қарай қозғалысын күшейтеді.
9. Бауырдың төменгі шекарасына пальпацияны оң жақ бұғана орта сызығымен, оң жақ төс маңы сызығымен, алдыңғы ортаңғы сызығымен жүргізеді.
10. Қолды дұрыс қойғаннан кейін, оң қолмен теріні төмен жиырамыз, дем шығарғанда саусақтың ұшын біртіндеп ішке енгіземіз (терең емес 1-2 см), науқастың терең дем алуын сұраймыз.
11.Терең дем алғанда бауыр қабырға доғасынан шығып пальпацияда білінеді.
12. Егер бауырдың төменгі шекарасы білінбесе, саусақты 1-2 см жоғарылатып қайта пальпация жасаймыз.
13. Пальпацияда бауырдың шетін, тегістігін, консистенциясын, сезімталдығын бағалаңыз.
Ескерту:
1. Қалыпты жағдайда бауырдың шеті жұмсақ, түзу, оның беті тегіс, ауырмайды.
2. Бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруында бауыр тығыздығы артады.
3. Қатерлі ісік ауруында бауыр бұдыр, тегіс емес, тығыз болады.
