Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты ЛД ГЭК 2015 каз өзгерген.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277 Кб
Скачать
☆
  1. Бөлме жылы және тыныш болу керек;

  2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болуы керек;

  3. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

  4. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз;

  5. Пальпацияны шүйде аймағынан бастаңыз, кейін құлақ айналасы, жақ асты, бұғана үсті, қолтық асты, шынтақ, шат аймағын екі жақтан тексеріңіз;

  6. Пальпацияны екі қолдың саусақтарын бүгіп және сәл басып жүргізіңіз;

  7. Көлемін, тығыздығын, ауырсынуын, қозғалғыштығын, өзара және терімен біріккен және бірікпегенін, бетінің кедір-бұдырлығын анықтаңыз;

Ескерту:

1. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері, әсіресе үлкендерде анықталмайды.

2. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және олардың ауырсынуы жақын орналасқан қабыну ошағымен немесе қатерлі ісік процесімен байланысты.

3. Лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы және тығыздалуы кейбір созылмалы инфекциялы ауруларда байқалады (мысалы: туберкулез, бруцеллез, балаларда рахит ауруында).

4. Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, лимфа түйіндерінің «топтасып» ұлғаюы лимфогранулематоз, лейкоз, жүре пайда болған иммундық тапшылықты, қатерлі ісік ауруының бар-жоғын анықтау талап етіледі.

12. Стандарт: экг - ға түсіру.

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші : Артериялық гипертензия, ЖИА, стенокардия, инфаркт миокарда, жүрек ақаулары, жүрек жеткіліксізідігі.

Қарсы көрсеткіші: жоқ.

Қажетті заттар: кушетка, жайма, ЭКГ аппараты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа беліне дейін шешініп, аяғын балтырына дейін жалаңаштау.

2. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.

3. Кеудесіне және балтырының 3/1 бөлігіне ылғалдаушы гель жағу.

4. Ылғалдандырылған теріге металл пластинкалы электродтарды бекіткіш арқылы орналастыру

5. Электродтарды металды пластинкаларға мына ретпен бекіту:

Оң қолға - қызыл электрод

Сол қолға - сары электрод

Оң аяққа - жасыл электрод

Сол аяққа - қара электрод

  1. Кеуденің электродтар қойылатын жеріне ылғалдаушы гель жағу

  2. Кеудеге резеңкелі сорғыштарды нөмірленген саны бойынша ретімен 6 жерге орналастыру:

V1 - оң жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V2 - сол жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V3 - V2 мен V4 аралығында сол жақ төс маңы сызығы

V4 – сол жақ бұғана орта сызығы бойыменV қабырға аралық

V5 - сол жақ қолтық алды сызығымен V қабырға аралық

V6 - сол жақ қолтық орта сызығымен V қабырға аралық

  1. ЭКГ аппаратын қосып, «іске қосу» термесін басып ЭКГ жазу. (әр бір тіркемеде үш жүрек комплексі жазылып алуы тиіс)

  2. 12 тіркемеден кейін жазба аяқталған соң ЭКГ аппаратын өшіру. Науқастан электродтарды алып тастау.

  3. Тіркелген ЭКГ лентасына науқастың аты жөні, жасы, тіркелген күні жазылады.

13. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету

Мақсаты: тұншығу ұстамасын жою

Көрсеткіші: Бронх демікпесінің ұстамасы

Қарама –қарсы көрсеткіші : жоқ

Асқынулары: астматикалық статус (демікпе күйі), гипоксемиялық кома.

Қажетті заттар: қалта ингаляторы бронхолитиктермен, небулайзер бронхолитиктермен, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, к/т дәрі енгізуге арналған системалар, мақта түйірлері, этил спирті , жгут, резенкелі қалғап, дез.ертіндідегі пинцет, клеенкалы білеу, лоток,КБУ, дәрілік заттар: преднизолон 120-180 мг, гепарин 5000-10000 ЕД, бронхолитиктер, (беротек, беродуал, сальбутамол), 0.9% натрий хлор ертіндісі, эфедрин 5%-1 мл, эуфиллин 2,4%- 10 мл, димедрол 1%-1мл, пипольфен 2,5%-2 мл, преднизолон 60-90 мг немесе гидрокортизон 125-250 мг, натрий гидрокарбонаты 4%--400 мл к/т.

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қамтамасыз ету.

  2. Науқасқа ыңғайлы жағдай беру.

  3. Қысып тұрған киімін шешу.

  4. Қалта ингаляторын беру.

  5. Бронхолитиктерді небулайзер арқылы (беротек, беродуал, сальбутамол) беру.

  6. Ылғалды оттек беру.

  7. Эуфиллин 2,4%- 10 мл к/т енгізу.

  8. Преднизолон 60-90 мг к/т бірден енгізу.

  9. Натрий хлор ертіндісі 0,9% -500,0 мл, немесе натрий гидрокарбонаты ертіндісі 4%--400 мл к/т енгізу.

  10. Гепарин 5000-10000 ЕД к/т.

  11. Науқастың жағдайын үнемі бақылау-пульс, АҚҚ, ТАЖ және қақырықты бақылау.

  12. Науқасты жан сақтау бөліміне жатқызу немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқызу.

  13. Науқасты оғтырызып немесе зембілге басын көтеріп жатқызып тасымалдау.

Ескерту:

1. Бронх демікпесінің ұстамасы басылмаса , бірден реанимация бөліміне жеткізу.