Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практ,пф,фарм,каз,2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411 Кб
Скачать
☆

3. Оқыту мақсаты

  • шетккері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының клиникалық көріністерін және олардың патогенезін зерттеу;

  • шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының негізгі

түрлерінің жіктелуін түсіндіру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының түрлері.

2. Вазоконстрикция, вазодилятация механизмдері.

3. Компрессиялық және рециркуляторлық ишемия механизмдері.

4. Артериялық және веналық толыққандылықтың механизмдері

5. Ишемияның клиникалық механизмдері.

6. Артериялық және веноздық толыққандылықтың клиникалық көріністері.

7. Тромбоз. Тромбоэмболиялар.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: бақада артериялық және веналық гиперемияны туғызу.

Қимылсыздандырылған бақаны тақтайшаға іш қуысын жоғарыға қаратып орналастырамыз. Бақаның оң жақ бүйірі тақтайшадағы дөңгелек тесіктің үстіне үштен ортаңғы бөлігі түсуі керек. Ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігінің оң жақ іш сызығында қайшымен біртіндеп бірінші терісін, бұлшық етін іш пердесін кесеміз. Ішкі органдарды зақымдап алмай ашылған іш қуысынан аш ішекті шығарып, тақтайшаның бүйір тесіктерінің үстіне іш шажырқайын түйрегішпен бекітеміз. Шажырқай препаратын дайындап жатқанда ішектің айналып кетпеуін бақылау керек. Дайындалған препаратты микроскоппен үлкейтілген күйде тамырлар ішіндегі қалыпты жағдайдағы қан ағу көрінісін үйренеді. Тамырдың ішкі қуысына, қызмет атқаратын капиллярлар санына, олардағы қан ағу жылдамдығына көңіл аудару керек. Артериалды және веналық гиперемияға тән өзгерістерді түсіндіреді.

6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7. Бақылау

Тесттер

1. Артериялық гиперемияның негізгі тізбегі ... болып табылады.

А) қан келуінің көбеюі

В) жұмыс істейтін капиллярлар санының азаюы

С) қанның ағып кетуінің қиындауы

Д) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

Е) артериолалардың кеңеюі, қан ағып келуінің жоғарылауы

2. Артериялық гиперемияға ... тән.

А) қан ағымының көлемдік жылдамдылығының азаюы

В) веналық қанның артериялизациялануы

С) дәнекер тіннің өсіп кетуі

Д) тамырлардың көлденең кесіндісінің ауданы азаюы

Е) қызмет атқаратын қылтамыр санының азаюы

3. Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляцияның өзгерістеріне ... тән.

а) қан ағымының көлемдік жылдамдығының төмендеуі

б) веналық қанның артериализациялануы

в) капиллярлық қысымның жоғарылауы

г) қан тамырларының көлденең қимасының ауданының кішіреюі

д) қызмет атқаратын қыл тамырлардың санының көбеюі

А) в,г,д

В) а,в,г,

С) б,в,д

Д) а,б

Е) г,д

4. Артериялық гиперемия белгісі ... болып табылады.

А) ұлпа температурасының жоғарылауы

В) ұлпаның көгеруі

С) қан ағу жылдамдығының баяулауы

Д) веналық қысымның жоғарылауы

Е) ұлпа көлемінің кішіреюі

5. Артериялық гиперемия кезінде ... байқалады.

А) тін бөлігі температурасының төмендеуі

В) тін бөлігінің көгеруі

С) тін тургорының төмендеуі

Д) тін бөлігінің қызаруы

Е) жергілікті температурасының төмендеуі

6. Артериялық гиперемия салдарына ... жатады.

а) тіннің некрозы

б) ағза қызметінің күшеюі

в) қан тамырларының жыртылып қан құйылуы немесе эритроциттердің тамыр сыртына шығуы

г) дәнекер тіннің өсіп кетуі

д) зат алмасу өнімдерінің қарқынды шығарылуы және дерттің жайылуы

А) б,в,д

В) в,г,д

С) а,б,в

Д) а,г,д

Е) а,б,д

7. Веналық гиперемияның даму себебі ... болуы мүмкін.

А) әкелуші артерияның қысылып қалуы

В) ангиоспазм

С) әкелуші артерия саңылауының тромбпен бітелуі

Д) веналардың ісікпен басылып қалуы

Е) ұлпа жұмысының күшеюі

8. Веналық гиперемияның себебіне ... жатады.

А) артериолардың кеңеюі

В) артериосклероз

С) вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі

Д) артерияның тромбозы

Е) артериолалардың тарылуы

9. Ишемия дамуының себебі ... болуы мүмкін.

А) ангиоспазм

В) ұлпалардың қызметінің артуы

С) тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

Д) веналардың ісіктермен бітелуі

Е) веналардың тромбпен бітелуі

10. Компрессиялық ишемия ... пайда болады.

А) артериялардың тарылуында

В) артерияның жыртылуында

С) артериялардың тромбпен бітелуінде

Д) сырттан артерияның қысылып қалуында

Е) артериялардың эмболмен бітелуінде

Жағдайлық есеп

56 жастағы ер адам тез шаршайтының,балтыр бұлшық еттерінің жүрген кезде ауырсынуы,журмеген кезде ауырсыну сезімі болмайды,аяқтарының ұйып қалуы және мұздауы.

Тексерген кезде: аяқ басы кебу,мұздай, артерияда пульс аңықталмайды.

Сұрақтар

1. Пациентте қандай шеткері қанайналымының бұзылыстары аңықталады.?

2. Пациентте қандай даму механиздермен өтеді?

3. Пациентте қандай шеткері қанайналымының бұзылыстары аңықталыу мүмкін?

Әдістемелік өндеу №5

1. Тақырыбы: Қабыну.

2. Мақсаты: негізін қабыну үрдісі құрайтын клиникасына және моделдеу жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.