- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу
- •2015 Жылы
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7.Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
3. Оқыту мақсаты:
қабыну үрдісі патогенезінің негізгі компоненттерді зерттеу;
флогогенді факторлардың жіктелуін түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
«Қабыну» түсінігінің сипаттамасы.
Қабыну этиологиясы. Флогогенді факторлардың жіктелуі.
Қабыну патогенезі, оның негізгі компоненттері.
Альтерация қабынудың бастапқы факторы ретінде.
Қабыну медиаторлары және олардың қабыну үрдісіндегі маңызы.
Қабыну ошағындағы физико-химиялық көріністері
Қабыну ошағындағы қан тамырлық серпілістері.
Тамыр арнасынан форменді элементтердің шығуы және экссудациясы.
Экссудация үрдісінің сипаттамасы.
Қабыну ошағына лейкоциттер эмиграциясының механизмдері және
сатылары.
Қабыну кезіндегі фагоцитарлық реакциясы.
Жедел және созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері.
Қабынудың биологиялық маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау, жағдайлық есепті шешу.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: Гросстық модификацияланған тәсілі арқылы іріңдегі протеазаны анықтау.
1. Бірінші пробиркадан басқа барлық пробиркаларға натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінен 0,5 мл құяды.
2. 1-ші және 2-ші пробиркаға 0,5 мл іріңді сарысу құйып араластырады. 2-ші пробиркадан 3-ші пробиркаға 0,5 мл сарысуын құяды. 3-ші пробирканы араластырып, одан 4-шіге 0,5 мл құяды. Осылайша әр пробиркада 0,5 мл сарысу концентрациясы қалады.
3. Әр пробиркаға 0,2% казеин ерітіндісінен 1 мл құяды.
4. Араластырып, 40 мин термостатқа қояды. Берілген уақыт өте ақуыз толық піскенде ерітінді мөлдір болады; ақуыз піспей қалған жерлерінде ерітінді бұлыңғыр. Фермент күшін келесі жолмен санайды: егер толық пісуі мысалы 3-ші пробиркада болса, онда сары судың 0,25 мл 1 мл казеинді қорытуға жеткілікті. Осыдан 10 рет сұйылтылған 1 мл ірің сарысуы ақуызды 8 есе көп қорытады, ал бұзылмаған сарысу 10 есе көп яғни 80 мл соңынан қорытындылар жасайды.
Тұжырым мен қорытындысың жасайды.
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Қабынудың жиі шақыратын себептері ... болып табылады.
А) химиялық факторлар
В) биологиялық факторлар
С) физикалық факторлар
Д) механикалық факторлар
Е) термиялық факторлар
2. Қабынудың компонеттеріне ... жатады.
А) қабыну ошағындағы ацидоз, гиперосмия, гиперонкия
В) артериялық гиперемия, веноздық гиперемия, стаз
С) альтерация, қан айналым бұзылыстары экссудациямен бірге, пролиферация
Д) домбығу, қызару, қызметінің бұзылуы, ауырсыну, қабыну ошағында жергілікті температурасының көтерілуі
Е) лейкоцитоз, РОЭ жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі
3. Қабынудың бірінші сатысы ... болып табылады.
А) альтерация
В) лейкоциттер эмиграциясы
С) фагоцитоз
Д) экссудация
Е) пролиферация
4. Қабынудағы біріншілік альтерация ... нәтижесінде дамиды.
А) флогогенді фактордың зақымдаушы әсерінің
В) қабыну медиаторларының әсерінен
С) қабыну ошағындағы физико-химиялық өзгерістердің әсерінен
Д) микроциркуляция бұзылыстарының
Е) қабыну ошағындағы зат алмасу бұзылыстардың
5. Қабыну ошағындағы заттардың ыдырауының күшеюіне ... әкеледі.
А) гликолизде анаэробты этап ферменттерінің тежелуі
В) митохондриялық ферменттердің әсерленуі
С) аденилатциклаза әсерленуі
Д) лизосомалық ферменттердің әсерленуі
Е) майлардың асқын тотығуы ферменттерінің тежелуі
6. Қабыну ошағындағы көмір су алмасуы өзгерістеріне ... тән.
А) липолиздің әсерленуі
В) кетон денелері түзілуі арқылы
С) нуклеотидтер, нуклеозидтер мөлшері артуы
Д) гликоген түзілуінің артуы
Е) анаэробты гликолиздің тежелуі
7. Қабынудағы жергілікті ацидоздың патогенездік факторға ... жатады.
А) зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы
В) артериялық гиперемия
С) тамыр өткізгіштігінің бұзылуы
Д) лейкоциттер эмиграциясы
Е) транссудация
8. Қабынудың гуморалдық медиаторларына ... жатады.
А) брадикинин
В) серотонин
С) простагландиндер
Д) гистамин
Е) цитокиндер
9. Гуморалдық медиаторларға ... жатады.
А) фермент емес катиондық нәруыздар
В) комплементтің белсенді бөлшектері
С) лейкотриендер
Д) серотонин
Е) лимфокиндер
10. Қабыну ошағындағы гистаминнің қайнар көзге ... жатады.
А) нейтрофилдер
В) паренхиматозды жасушалар
С) лаброциттер (мес жасушалар)
Д) лимфоциттер
Е) моноциттер
Жағдайлық есеп
Екі жұмызшы медпунтке келіп автоклав авариясына балтырының күйікке ұшырағаның айтты. Шарттары – бастын ауруы, күйік орналасқан жерде –домбығу, ауырсыну. Тексергенде А. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан, ал Б. науқаста балтырының гиперемиясы, терісі домбыққан және таза сүйықтықпен толған көпіршік аңықталды. Екі науқасқа науқастық қағаз берілді, ал олар емдеу шарттарын орындамаған.
3 күннен кейін А. пациент жағдайы қалпына оралды, ал Б. пациенттің жағдайы нашарлады: ісігі тарап кетті, көпіршіктің іші ірінді (бактериалды анализ өткізгенде – алтын стафилоккок), дене температурасы 38,9оС.
Сұрақтар
1. Пациенттерде қандай патологиялық процесс дамиды?
2. Екі пациенттін патологиялық процесстін екі түрде өтуі неге байланысты?
3. Б. пациенттің симптомдарының даму механизмі қандай?
Кредит №2
Әдістемелік өндеу №1
1. Тақырыбы: Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Қантты диабет.
2. Мақсаты: көмірсу алмасуының бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.
