- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу
- •2015 Жылы
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау.
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7.Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту мақсаты
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •7. Бақылау
3. Оқыту мақсаты
гипо- және гипергликемиялық жағдайлар дамуы механизмдерің және себептерің зерттеу;
қантты диабетінің клинико-патофизиологиялық сипаттамасын беру;
дайын лабораторлық көрсеткіштеріне немесе қанның анализі негізінде қант диабетінің түрін анықтау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Көмірсу сіңірілуі және гидролиз бұзылыстарының механизмдері және себептері.
Ағза жасушаларының көмірсуға толеранттылығы.
Жасушалардың көмірсуды сіңіру бұзылыстарының механизмдері және себептері.
Қантты диабет, клинико-патофизиологиялық сипаттамасы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау, ауызша сұрау, жағдайлық есепті шешу.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: аллоксанды диабетің шақырған егеуқұйрықтың зәрінде көмірсу және кетонды денелерді анықтау.
Тәжірибелік жануарға бір рет тері астына 5% аллоксан ерітіндісін 15-20 мг/кг салмағына шағып егеді. 48 сағаттан кейін инсулиндік жеткіліксіздіктің әсерінен тұрақты глюкозурия дамиды. Бақылаудағы және тәжірибелік егеуқұйрықтар ауыстырылатын торға салып бөлек пробиркаларға зәрін жинап отырады. Содан кейін 2 таза пробиркаға 1 мл әр жануардың зәрін оған 0,2 мл ниляндер реактивін құяды. Пробиркаларды ішіндегісімен 3 мин қайнатады. Зәрде глюкоза болса пробиркадағы сұйықтық қара түске боялады.
Кетонды денелерді анықтау үшін бөлек пробиркаларға зәрді құйып, әр қайсысына 0,25 мл алдын ала жасалынған натрий нитропруссидінің қаныққан ерітіндісін және 0,5 мл мұздай сірке қышқылын қосамыз. Пробирканы қозғап араластырып қабырғасына жағалатып 1 мл концентрацияланған аммиак ерітіндісін құяды. Зәрде ацетон болса екіге бөлінген шекарасында сия көк сақина тәрізді қабаты пайда болады.
Тұжырым мен қорытындысың жасайды.
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Ұйқы безінен тыс инсулиндік жеткіліксіздік ... болуы мүмкін.
А) ұйқы безінің өспелік зақымдануынан
В) қанның протеолиздік ферменттерінің концентрациясының жоғарылауынан
С) панкреатиттен кейін
Д) Лангерганс аралшықтары аймағында қан айналымның бұзылуынан
Е) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелердің түзілуінен
2. Инсулиннің бездік жеткіліксіздігі ... дамиды.
А) инсулиннің қандағы антиденелермен бөгелуінде
В) инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуында
С) Лангерганс аралшығының β-жасушаларының бұзылуында
Д) контринсулиндік гормондардың артық түзілуінде
Е) инсулиназаның жоғары белсенділігінде
3. Диабеттік синдромның бастапқы симптомы ... болып табылады.
А) полифагия
В) полиурия
С) глюкозурия
Д) полидипсия
Е) гипергликемия
4. Қантты диабетте глюкозурияға ... әкеледі.
А) полиурия
В) кетонемия
С) гиперлипидемия
Д) гипергликемия
Е) гиперлактатацидемия
5. Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі ... болып табылады.
А) глюкозурия
В) бүйрек микроангиопатиясы
С) кетонурия
Д) гипостенурия
Е) шөлдеу мен полидипсия
6. Ағзада теріс азоттық баланс ... дамиды.
А) күйік ауруында
В) гиперинсулинизмде
С) ағзаның өсу кезеңінде
Д) жүктілікте
Е) анаболдық гормон артық болғанда
7. Ағзада оң азоттық баланс ... дамиды.
А) ақуыздық ашығуда
В) глюкокортикоидтар
С) инсулин артық болғанда
Д) өспелік кахексияда
Е) қантты диабетте
8. Гипопротеинемия – бұл ... .
А) қанда нәруыз мөлшерінің артуы
В) негізінен альбумин азаюымен сипатталатын нәруыздық жалпы мөлшері азаюы
С) қанда патологиялық нәруыздардың пайда болуы
Д) қан нәруыздары арақатынасының өзгеруі
Е) қанда гаммаглобулин мөлшерінің азаюы
9. Гипопротеинемия ... қабаттасады.
а) қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен
б) плазманың нәруыздарының тасымалдау қызметінің бұзылуымен
в) гипокоагуляциямен
г) ісіну дамуымен
д) қанда гормондардың бос бөлшектерінің көбеюімен
А) а,б,г,д
В) в,г
С) б,д
Д) а,в,г
Е) б,в,д
10. Парапротеинемия – бұл ... .
А) сапасы өзгерген гамма-глобулиндер
В) сапасы өзгерген альбуминдер
С) альбуминдердің төмендеуі
Д) ақуыз фракциясы арақатынасының өзгеруі
Е) иммуноглобулиндердің жоғарылауы
Жағдайлық есеп
60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.
Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.
Сараптамаларында: гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.
Сұрақтар
1. Пациентте қандай жағдай дамиды?
2. Оның дамуының механизмдері қандай?
Әдістемелік өндеу №2
1. Тақырыбы: Су-электролит алмасуының бұзылыстары.
2. Мақсаты: су электролиттік алмасуының бұзылыстарымен байланысты клиникалық және модельді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.
