- •13. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :
- •Терінің мрамор тәріздес болуы
- •Ситуациялық есептер
- •Ашық пневмоторакс
- •Пневмококкты пневмония
- •Фридлендер пневмониясы
- •Паракарциноидты пневмония
- •Инспираторлы ентігу
- •Пневмония
- •Пневмония
- •2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
- •Жіті бронхит
- •2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
- •Инспираторлы ентігу
- •Тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы
- •Жіті бронхит
- •Пневмония
- •Пневмония
- •2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
- •3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов қ.М., Қалқабаева с.А., -Алматы.,2010, 452б
- •4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред и.Г. Фомина., в.Ф. Маринин м.., 2003г, 248 с.
- •Тахипноэ
Пневмония
бронхэктаз ауруы
созылмалы обструктивті бронхит
өкпе туберкулезі
жіті плеврит
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№3 сабақ. Тақырыбы: Өкпеден қан кету
Мақсаты: өкпеден қан кетудің диагностикасы мен емдеу дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
Студенттерді өкпеден қан кетудің себептерімен, клиникасымен таныстыру.
Студенттерді өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасымен таныстыру
Студенттерге ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикасына және жедел жәрдеміне үйрету.
Ознакомить студента с особенностями ОДН у детей.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өкпеден қан кетудің себептері.
2.Өкпеден қан кетудің клиникасы.
3. Өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасы.
4. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикалық тізбегі.
5. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің жедел жәрдем тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2004. =704.
Бақылау:
Тестілер
1. Өкпеден қан кетуге күмән тудырады:
қан аралас құсық
зәрде қанның болуы
қақырықта қанның болуы
нәжісте қанның болуы
кеуде клеткасындағы ауру сезімі
2. Төменде аталған аурулардың қайсысы өкпеден қан кетумен асқынуы мүмкін :
ауруханадан тыс пневмония
бронхоэктаз ауруы
бронх демікпесі
өкпе поликистозы
созылмалы бронхит
3.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпеден қан кету және гемодинамика тұрақты болса, емдеудің қай әдісі тиімді:
седативты препараттар
тыныс аналептиктері
эуфиллин енгізу
дицинон енгізу
жүрек гликозидтері
4. Өкпеден қан кетуге төменде келтірілген белгілердің қайсысы тән:
қара-қоңыр түсті қанның бөлінуі
қан алқызыл түсті, көпіршікті
«тот басқан» қақырық
анамнезінде темекі өте көп шегетіндігі ескерілген
қан дене қалпын өзгерткен жағдайда пайда болады
5. Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақыт қан түкіру ең алдымен қандай сырқатқа күмәндандырады?
бронхтың қатерлі ісігі
бронхоэктаз ауруы
созылмалы қбструктивті бронхит
туберкулездің инфильтративті түрі
пневмокониоз
6. Өкпеден қан кетудің көзін диагностикалау үшін негіз болып табылады :
науқасты физикалық зерттеу
спирография
өкпе рентгенографиясы
бронхоскопия
бронхография
7. Өкпеден қан кету кезінде аталған емдік шаралардың бәрі жүргізіліді, БІРЕУІНЕН БАСҚА :
кіші қанайналым шеңберінде қысымның төмендеуі
қантамырлар өткізгіштігінің төмендеуі
тромболитикалық терапия
Қанайналымдағы қан көлемінің қалпына келуі
Қанның ұю қабілетінің жоғарлауы
8. Өкпеден қан кетуде көрсетілетін жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекеті :
науқасты тыныштандыру, күрт қимылдардан сақтандыру, сөйлеуге тиым салу, дицинон енгізу
тыныс аналептиктері, кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ
кеуде клеткасына суық басу, жүрек гликозидтері
реанимация бөліміне шұғыл жеткізу
гормоналды дәрілерді енгізу, антиоксиданттар
9. Өкпеден қан кетудің дамуына ықпал етеді:
артериалды гипертензия
кіші қанайналым гипертензиясы
бассүйек ішілік гипертензия
артериалды гипотензия
порталды гипертензия
10. Аталғандардың ішінде өкпелік қан кетумен асқынбайды:
бронхоэктаз ауруы
бронх демікпесі
өкпенің қатерлі ісігі
өкпе туберкулезі
өкпе артерияларының эмболиясы
11. Өкпеден қан кету кезінде қантамырлар өткізгіштігін төмендету үшін қолданылады
кальций глюконаты
натрий хлориді
калий хлориді
магний сульфаты
глюкоза еріт
12. Өкпеден қан кету емдік шаралар алдымен мынаған бағытталған :
жоғалтқан қанды толтыру
тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету
тромбоздар мен эмболиялардың алдын алу
бронхтардың ұйыған қанмен бітелуінің алдын алу
қанды сорып алу
\
13. Өкпеден қан кету кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету үшін қолданылады:
эуфиллин
преднизолон
контрикал
атропин
коргликон
14.Тасымалдау кезінде өкпеден қан кеткен науқастың дұрыс қалпы :
горизонталды
отырған
бір бүйірімен
аяқтарын көтеріп
ішімен
15. Егер өкпеден қан кеткен науқастың бронхтық өтімділігі жөтелгенде қалпына келмесе, онда қажет:
кеңірдек интубациясы
трахеостомия
катетер арқылы қанды сорып алу
коникотомия
ӨЖЖ
Жағдайлық есеп
1. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшедег табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Асқазан-ішектен қан кету
+Өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
ӨАТЭ
өкпе ісінуі
2. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
+ Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған
асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған
Кеуде клеткасына енген жарақат
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік
ӨАТЭ
3.70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?
викасол
аминокапрон қышқылы
дицинон
Кальций хлорид
+ гепарин
4. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт .Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
ӨАТЭ
+ өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
Асқазан-ішектен қан кету
өкпе ісінуі
5. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?
Бөліктік пневмония
Бронх демікпесі
+ Өкпе рагы
ӨАТЭ
СӨОА
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ. Тақырыбы: ЖРВИ
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жедел респираторлы вирустық инфекциялардың диагностика және жедел жәрдем дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді ЖРВИ этиологиясымен таныстыру
2. Студенттерді ЖРВИ клиникасымен және диагностикасымен таныстыру
3. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ емдеу тізбегімен таныстыру
4. студенттерді ЖРВИ асқынуларымен таныстыру
5. Студенттерді балалардағы ЖРВИ ағым ерекшеліктерімен таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ЖРВИ этиологиясы, жіктелуі
2. жедел респираторлы вирустық инфекциялардың клиникасы.
3. Тұмаудың және тағы басқа да ЖРВИ салыстырмалы диагностикалық сипаты
4.ЖРВИ асқынулары
5. Ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ диагностикалық және емдік тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:
Тестілер
1.ЖРВИ ең жиі кездесетін таралу жолы :
алиментарлы
ауа-тамшылы
контактты
жыныстық
қан құю кезінде
2. Балаларда ЖРВИ абдоминальды түріне тән:
жөтел
интоксикация
тамақтың ауыру
ентігу
іштің ауыру
3. Төменде аталған аурулардың қайсысы нейротоксикозбен асқынбайды:
тұмау
ЖРВИ
сальмонеллез
менингит
көк жөтел
4. Нейротоксикоздың ең айқын клиникалық көрінісі қандай жастағы балаларда кездеседі?
5-7 жас
3 жасқа дейін
10-15 жас
7 жастан жоғары
1 айға дейінгі балаларда
5. ЖРВИ ауырған балаларда гипертермиямен күресу үшін қолдануға болады:
кестин
эуфиллин
дроперидол
парацетамол
дибазол
6. ЖРВИ ауырған балаларда тырысу синдромын жою үшін қолданылады:
димедрол
преднизолон
седуксен
парацетамол
дибазол
7. Нейротоксикоз бұл төмендегілердің қосылысы:
ОЖЖ инфекциялық және токсикалық зақымдалуы
ОЖЖ токсикалық және механикалық зақымдалуы
ОЖЖ токсикалық және метаболикалық зақымдалуы
ОЖЖ инфекциялық және механикалық зақымдалуы
ОЖЖ инфекциялық және гидродинамикалық зақымдалуы
8. Сәбилерде кездесетін тырысудың ең жиі себебі - бұл
A. іріңді менингит
B. эпилепсия
C. жедел улану
D. вирусты инфекциялар кезінде энцефаликалық реакция
E. ОЖЖ жарақаты
9. Балаларда гипертермияны жоюға бағытталған терапияны неден бастау қажет
A .қызбаны түсіретін препараттарды енгізуден
B.суытудың физикалық әдістерінен
C. аминазин және пипольфен енгізуден
D. дроперидол енгізуден
E. азот қышқыл тотығын ингаляциялаудан
10.Тұмау кезінде инфекция көзі болып табылады
Науқас адам
Реконвалесцент
Жануарлар
Құстар
Кеміргіштер
11. ОРВИ кезінде кездеспейтін симптомды көрсетіңіз:
бас ауруы
гипертермия
мұрыннан су ағу
полиурия
тырысулар
12. Төменде аталғандардың ішінде нейротоксикозда жүргізілмейтін емді атаңыз
тырысуға қарсы
десенсибилизациялық еме
дегидратациялық ем
дезинтоксикациялық ем
нейропротекция
13. Нейротоксикозбен науқастың жүрек қызметі күрт нашарлап немесе күрт тахикардия басталса, қандай дәріні енгізген жөн:
преднизолон
фуросемид
строфантин
изоптин
лидокаин
14. Нейротоксикоздың синонимы болып табылады:
жұқпалы токсикалық шок
токсикалық энцефалопатия
менинго энцефалит
энцефалды реакция
септицемия
15. ОРВИ кезінде асқынуларға жатпайды:
гипертермиялық синдром
эксикоз
нейротоксикоз
фебрильді тырысулар
көмей стенозы
Ситуациялық есептер
1. Бала 2 жаста, жедел ауырды, температура 39ºC, сирек тыныс алады, тұншығу, жіптәрізді пульс, брадикардия, тырысу. Болжам диагноз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІҮ дәрежеде*
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
2. Бір жасар бала кенеттен ауырып қалды, температурасы 38,9°С, қозғыштық, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 мин., тынысы шулы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен. Болжам диагнозыңыз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының II дәрежесі*
ЖРВИ, бронхопневмония
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының I дәрежесі
жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат
3. ЖРВИ ауырған 5 жасар баланың жағдайы күрт нашарлап кетті, жоғары қызба (39°С) фонында тырысулар пайда болды
Оған тырысуға қарсы дәрі енгізу керек:
хлоралгидрат
кальций глюконаты
седуксен
магний сульфаты
люминал
4. Науқас К., 15 жаста. Аз шырышты қақырықты жөтелге, ентігуге, діріл кеуде клеткасында ауыру сезіміне шағымданады. Суық тиіп, жіті ауырған. Температурасы 38,7 С. ТЖ – 22 минутына. Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды орташа және майдакөпіршікті сырылдар. Болжам диагнозыңыз:
