Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЛОК 3 мет. 5 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
284 Кб
Скачать
☆
  1. оң жақтық төменгі бөлікті пневмония

  2. Жіті бронхит

  3. жіті плеврит

  4. өкпе туберкулезі

  5. бронх демікпесі

5. Бала 2 жаста. ЖРВИ ауырған. 5-күні кешке жағдайы нашарлай бастаған: «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу, дауысының қарлығуы пайда болған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Аталған препараттың қайсысын енгізген жөн?

  1. седуксен

  2. димедрол

  3. преднизолон

  4. сальбутамол

  5. парацетамол

№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

№4 сабақ.

Тақырыбы: Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясының диагностикасы және жедел жәрдем дағыларын студенттерде дамыту.

Оқыту міндеттері:

  • Студенттерді жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін негізгі факторлармен таныстыру.

  • Студенттерді жоғарғы тыныс жолдары стенозының клиникалық көрінісімен таныстыру.

  • Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері диагностикасымен таныстыру.

  • жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде жедел жәрдем көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін патологиялық жағдайлар.

  • Жоғарғы тыныс жолдары стенозының дәрежелері.

  • Жоғарғы тыныс жолдарына бөгде денелер түскенде тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы

  • Ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы және емінің тізбегі.

Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .

Әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко

С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича, 2007. =704.

Бақылау:

Тестілер

1. Жоғары тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту үшін қолданылатын әдістер:

  1. Селлик

  2. Мендельсон

  3. Сафар

  4. Геймлих

  5. Бобров

2. Геймлих әдісі нәтижесіз болғанда сіздің іс-әрекетіңіз ?

  1. кеңірдек интубациясын орындау

  2. ӨЖЖ жүргізуді бастау

  3. жүректің сыртқы массажын жасауға кірісу

  4. коникопункцию

  5. мұрындық ауаүрлегішті енгізу

3. Тыныс жолдары обструкциясы кезінде бөгде заттар көбіне қай жерде тұрып қалады?

  1. жұтқыншақта

  2. кеңірдекте

  3. көмейде

  4. бронхтарда

  5. мұрын қуысында

4. Heimlich әдісін орындау кезде жыртылып кетуі мүмкін анатомиялық құрылым

  1. жүрек

  2. асқазан

  3. өкпе

  4. бүйрек

  5. қуық

5. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат кездескенде жасауға болмайтын әдіс:

  1. жауырын аралық аймақты ұрғылау

  2. ауа үрлегіш түтікті енгізу

  3. коникотомия

  4. трахеостомия

  5. Heimlich әдісі

6. Көмейге бөгде зат түскен жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде қандай емдік іс-шара ең алдымен орындалу қажет:

  1. ларингоскоп көмегімен бөгде затты алып тастау

  2. профильді стационарға жедел госпитализациялау

  3. жедел трахеостомия

  4. Геймлих әдісі

  5. оттегі ингаляциясы

7. Комада жатқан науқастарда жоғары тыныс жолдарының обструкциясының ең таралған себебі:

  1. көмей –жұтқыншақтың бөгде заты

  2. тіл түбірінің түсіп кетуі

  3. ларингоспазм

  4. ауыз жұтқыншақта трахеобронхиальды секреттің жиналуы

  5. эпиглоттит

8. Кеңірдек интубациясы мына жағдайдың БІРЕУІНДЕ ғана жүргізіледі:

  1. бассүйек негізінің сынығында

  2. омыртқаның мойын бөлімінің сынығында

  3. тахипное 40 аса

  4. көмей –жұтқыншақтың бөгде затпен обструкциясы

  5. көмей ісінуінде

9. Бөгде затпен шақырылған жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде патогномды симптом:

  1. тұншығу

  2. ентігу

  3. ұстамалы жөтел

  4. дене температурасының жоғарлауы

  5. кеуде торындағы ауыру сезімі

10. Жіті стенозды ларинготрахеит дамыған кезде балаларда жоғарғы тыныс жолдарының стенозына тән емес клиникалық белгі: