Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз тесты АПП 6 к ОМ каз (послед. вар)2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
563 Кб
Скачать
☆

1.3. Тамақтандыру

115. Мезгілінен бұрын босанған әйелдің уызында болады:

А)+ Ақ уыз көбірек

Б) Ақ уыз аз

В) Май көп

Г) Май аз

Д) Көмірсутегі аз

116. Баланың интелектуальді дамуына ең тиімді тамақтану түрі:

А) Жасанды бейімделмеген қоспалармен

Б) Жасанды бейімдетілген қоспалармен

В)+ Табиғи тамақтанса

Г) Аралас тамақтандыру

Д) Қаныққан қоспалармен тамақтандырылса

117. Аралас тамақтану деп балаға 1 жасқа дейін ана сүтімен қатар мынандай қосымша тамақ түрін беруді айтады:

А)Жеміс пюресі

Б) Көкөніс пюресі

В) Донор сүті

Г)+ Жасанды сүт қоспалары

Д) Жеміс және көкөніс пюресі

118. Жас нәрестені перзентханада емшекке салу мерзімі:

А)+ Туғаннан кейін бірден

Б) 6 сағаттан кейін

В) Бір тәуліктен кейін

Г) 2 тәуліктен кейін

Д) Перзентханадан шыққан соң

119. Табиғи тамақтандыру кезінде мына жастан бастап шырын береді:

А) 2 айлық

Б) 3 айлық

В) 4 айлық

Г) 1 айлық

Д)+ 6 айлық

120. Баланың 5 айлық кезіндегі ақуыз қажеттілігі:

А)2,2 г/кг

Б) 2,5 г/кг

В)+ 2,6 г/кг

Г) 2,9 г/кг

Д) 3,0 г/кг

121. Гипогалактия дегеніміз - бұл:

А) Сүт бездерінің көлемі кіші

Б)+ Сүт шығудың азаюы

В) Сүт құрамының өзгеруі

Г) Сүт мөлшерінің артуы

Д) Сүттің мүлдем болмауы

122. Бірінші қосымша тамақ ретінде береді:

А)+ Көкөніс езбесін

Б) Сүзбе

В) Ет өнімдерін

Г) Жеміс езбесін

Д) Ботқаларды

123. БДҰ-ның бағдарламасы бойынша екінші қосымша тамақ беріледі:

А)+ 7 айдан бастап

Б) 1 айдан бастап

В) 6 айдан бастап

Г) 1 жастан бастап

Д) 3 айдан бастап

124. Балалардың жан сақтау стратегиясының бірі болып табылады:

А) Жас нәресте кезеңінде жеміс шырынын ерте енгізу

Б) Тамақты белоктық препараттармен түзету

В)+ 6 айға дейін тек емшек сүтімен тамақтандыру

Г) Бейімдетілген сүт қоспаларын ерте енгізу

Д) Жасанды тамаққа көшіру

125. Тәуліктік тамақ көлемін есептеуде ең дәлірек тәсіл болып табылады:

А) Финкельштейн формуласы

Б) Зайцев формуласы

В) Көлемдік тәсіл

Г)+ Калориялық тәсіл

Д) Шкарин бойынша есептеу

126. Сәбидің туғандағы салмағы 3100 гр, бойы 50 см . 2 айда салмағы 4500 гр. Дамуы жасына сай. Осы баланы тамақтандырудағы дұрыс тағамдық ингредиенттер қатынасы (Б:М:К):

А) 1,5-2; 2,5-3,5; 8-10

Б) 1,0-1,5; 5,0-6,0: 7-8

В)+ 2,0-2,5; 6,0-6,5; 12-14

Г) 2,5-3,0; 7,0-7,5; 14-16

Д) 3,0-3,5; 7,5-8,0; 16-18

127.Сәбидің туғандағы салмағы 3000 гр, бойы 50 см. Табиғи тамақтанады. Қазір оған 3 ай. Салмағы қанша болуы керек:

А) 6500 гр

Б)+ 5400 гр

В) 2000 гр

Г) 7500 гр

Д) 3500 гр

128.Сәбиге 6 ай. Туғандағы салмағы 3000 г. Қараған кездегі салмағы 8000г.

Бала табиғи тамақтанады, тәулігіне 550 мл сүт емеді, 2 рет қосымша тамақ ішеді: көкөніс езбесі, 10 %, манна ботқасы сары маймен, алма езбесі, жұмыртқаның сарысы. Бала тәулігіне 1 кг дене салмағына 2,66 г белок, 6,46 гр. май; 15 г көмірсутегін алады. Барлығы дене салмағына 130 ккал/кг.

Келесі қорытынды дұрыс:

А) 1 кг дене салмағына тамақ көлемі баланың жастық нормасына сай

Б) Тамақ көлемі баланың энергияға қажеттілігін ғана қамтамасыз етеді, бірақ көмірсутегі жеткіліксіз.

В) Тамақтың көлемі баланың энергияға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды (ккал).

Г) Бала көп тамақ ішеді, салмағы жастық нормасынан артық.

Д)+ Баланың тамағы балансталмаған. Бала бір қосымша тамақ ішудің орнына екі қосымша тамақ ішеді, белок жеткіліксіз, көмірсутегі мен май біршама көбірек. Белокты көбейтіп, көмірсутегі мен майды азайту арқылы тамақтануына түзету жасау керек.

129.Сәбиге 3 ай, туғандағы салмағы 3100 г. Қараған кезде салмағы 4500 г. Бақылау емізуінде 130 мл сүт емді. Бала басын жақсы ұстайды, күледі, жарқыраған заттарға қарайды, дыбыстарды тыңдайды. Жүйелер мен ағзалардың функциональді күйі жастық нормасына сай.

Бала ана сүтімен тәулігіне салмағының 1кг-на Б – 2,5 гр, Ж – 6,0 гр, У -12,0 гр, ккал – 130 алатындығын анықтады . Келесі қорытынды дұрыс:

А) Салмағының қалыпты болуына, сүттің жеткіліктілігіне қарамай, баланың тамағында негізгі тағамдық ингредиенттердің жетіспеушілігі байқалады (Б, Ж, У).

Б)+ Тамағы балансталған, бала тәулігіне құрамында белок, көмірсутегі, май жеткілікті сүт көлемін ішеді.

В) Баланың 1 реткі тамақтануында сүт көлемі жеткіліксіз.

Г) Баланың салмағы нормадан артық.

Д) Ккалның жетіспеушілігін кг салмаққа көмірсутегінің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады.

130.Сәбиге 2 ай, салмағы 4600г. Туғандағы салмағы 3100 г. Табиғи тамақтанады. Бала тәулігіне 780 млге дейін сүт қортады. Дене және психикалық дамуы жасына сай. Бала емшек сүтімен тәулігіне 1 кг салмаққа Б – 2,5 гр, Ж – 6,5 гр, У – 12 гр, ккал – 110 алатындығын анықтаған. Келесі қорытынды дұрыс:

А)+ Бала қажетті сүт көлемін емеді, негізгі тағамдық ингрендиенттердің жетспеушілігі байқалмайды.

Б) Сүт көлемі жеткілікті, бірақ баланың негізгі тағамдық ингредиентке қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.

В) Бала артық сүт емеді.

Г) Тамақтануы үйлестірілмеген.

Д) Сүттің жеткіліксіздігіне қарамастан тамақтануы үйлестірілген.

131. Уыз калоражы болады:

А) 0,5 ккал/мл

Б) 1,0 ккал/мл

В) 0,7 ккал/мл

Г) 1,2 ккал/мл

Д)+ 1,5 ккал/мл

132. Ақуыз-энергия жетіспеушілігінің ІІІ- дәрежесінде баланың тамақтануын есептейді:

А) Болуға тиісті салмағына

Б) Боуға тиісті салмаққа жуық салмаққа

В) Жастық нормасынан 15%-ға аз

Г)+ Қазіргі салмағына

Д) Жастық нормасына

133. Баланың рационына басқа тағам енгізуге қолайлы жас:

А) 7-8 ай

Б) 3-5 ай

В)+ 6 ай

Г) 8-10 ай

Д) 1 жастан кейін

134. Бірінші енгізілетін қосымша тағам-шырын:

А) Бананның

Б) Құлпынайдың

В) Өріктің

Г) Абрикостың

Д)+ Алманың

135. Емшек сүтіне тән:

А) құрамында казеиннің жоғары болуы

Б) буферлігі жоғары

В) альфа-лактозаның бар болуы

Г) құрамында липазаның төмен болуы

Д)+ иммунологиялық қорғау факторларының бар болуы