- •Интерн-педиатрларды аттестациялау үшін тестік тапсырмалар «Амбулаторлық-емханалық педиатрия» пәні бойынша жм факультетінің 6 курсы үшін
- •1.1. Ерте жас кезеңі_ Дені сау бала
- •1.2. Фондық патология
- •1.3. Тамақтандыру
- •1.4. Иммунопрофилактика
- •1.5. Соматикалық және жұқпалы аурулар
- •1.6. Амбулаторлық-емханалық жағдайдағы кардиологиялық көмек
- •1.7.Аллергиялық аурулар
- •1.8. Диспансерлік бақылау
- •1.9. Профилактика және реабилитация
1.9. Профилактика және реабилитация
349. Ревматикалық аурулардың біріншілік алдын алуы болып табылады:
А) Өршудің алдын алу
Б) Аурудың қайталауының алдын алу
В) ЖРВИ –ның алдын алу
Г) Созылмалы жұқпа ошақтарын санациялау
Д)+ Стрептококкты жұқпаның емі және алдын алу
350. Ревматикалық аурулардың екіншілік алдын алуы – бұл:
А) Интеркурентті ауруларды емдеу
Б) Қауіп топтарын бөлу
В)+ Қайталау мен өршудің алдын алу
Г) Емдеу кезеңділігін сақтау
Д) Тиімді диспансерлік бақылау жүргізу
351. Туа пайда болған жүрек ақауларының антенатальді алдын алуда маңыздырақ:
А)+ Жүктіліктің ерте кезеңінде әйелдің денсаулығын қорғау
Б) Кәсіби зияндылықтарды жою
В) Медико-генетикалық кеңес
Г) Ұтымды тамақтану
Д) Қозғалыс жүктемесі тәртібін сақтау
352. Ревматизммен ауырған балада интеркурентті ауру дамыған кезде жүргізіледі:
А) Біріншілік алдын алу
Б)+ Ағымды алдын алу
В) Мезгілдік алдын алу
Г) Жыл бойына алдын алу
Д) Екіншілік алдын алу
353. Ревматикалық емес кардитті екіншілік алдын алудың мақсаты:
А)+ Аурудың қайталауының алдын алу
Б) Патологиялық үрдістің асқынуын болдырмау
В) Ауруға дер кезінде диагноз қою
Г) Диспансерлік бақылау
Д) Превентивті ем
354. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының біріншілік алдын алудың міндеті:
А) Балаларды жалпы сауықтыру
Б) Алдын алу қарауларын жүргізу
В) Санитарлық ағарту
Г)+ Ауру дамын тежеу
Д) Егулерден медқарсылық
355. Бір жасқа дейінгі балаларда теміртапшылықты анемияның алдын алудың ең тиімді әдісі:
А)+ табиғи тамақтандыру
Б) балансталған жасанды тамақтандыру
В) асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу
Г) глистілі инвазияның алдын алу
Д) 6 айдан бастап жеміс шырынын беру
356. Жүрек ақауы бар балада ревматизмнің қайталауының алдын алу тәсілі:
А) мезгілдік алдын алу
Б)+ жыл бойына бициллинмен алдын алу
В) ағымды алдын алу
Г) арнайы стационарға жатқызу
Д) күндізгі стационарға жіберу
357. Балада ЖРВИ дамыған кезде ревматизмнің қайталамасының алдын алу тәсілі:
А) мезгілдік алдын алу
Б) жыл бойына бициллинмен алдын алу
В)+ ағымды алдын алу
Г) арнайы стационарға жатқызу
Д) күндізгі стационарға жіберу
358. Мешелдің алдын алу мақсатында Д3 дәруменін жетіліп туған сәбилерге береді:
А)2 аптадан бастап
Б) 2 айдан бастап
В)+ 1 айдан бастап
Г) 3 айдан бастап
Д) 10 күннен бастап
359. Реабилитация проблемалардың біріне жатады:
А) экономикалық
Б) медициналық
В) психологиялық
Г)+ медико-әлеументтік
Д) экологиялық
360. Реабилитацияның мақсатына жету үшін ең маңызды принцип болып табылады:
А)әржақты дәрі-дәрмекті жиынтықты қолдану
Б) реабилитацияның үзіліссіз болуы
В) реабилитацияның кезеңді болуы
Г)+ дәрігер мен аурудың қалауының бір болуы
Д) ауру балаға жеке бап қажет
