- •Интерн-педиатрларды аттестациялау үшін тестік тапсырмалар «Амбулаторлық-емханалық педиатрия» пәні бойынша жм факультетінің 6 курсы үшін
- •1.1. Ерте жас кезеңі_ Дені сау бала
- •1.2. Фондық патология
- •1.3. Тамақтандыру
- •1.4. Иммунопрофилактика
- •1.5. Соматикалық және жұқпалы аурулар
- •1.6. Амбулаторлық-емханалық жағдайдағы кардиологиялық көмек
- •1.7.Аллергиялық аурулар
- •1.8. Диспансерлік бақылау
- •1.9. Профилактика және реабилитация
1.6. Амбулаторлық-емханалық жағдайдағы кардиологиялық көмек
261.Емшек жасындағы баланың жүрегінде шу бар екені анықталды. Кардиологиялық көмек көрсету үшін ата-анасы бару керек:
А)+Емханадағы кардиоревматологиялық кабинетке
Б) Кардиоревматологиялық орталыққа
В) Стационардың арнайы кардиоревматологиялық бөлімшесіне
Г)Мамандандырылған кардиоревматологиялық санаторийлерге
Д) Күндізгі стационарға
262. Бала 10 жаста, ревматизм шабуылын алды. Кардиоревматологиялық стационарда емделді. Ары қарай емдеу үшін оны жіберу керек:
А) Қалалық кардиологиялық орталыққа
Б) Мамандандырылған кардиоревматологиялық бөлімшеге
В)+ Мамандандырылған кардиоревматологиялық санаторийге
Г)Балалар емханасындағы кардиоревматологиялық бөлмеге
Д) Денсаулықты нығайту орталығына (ДНО)
263.Балалар емханасының кардиоревматологы туа біткен жүрек ақауына күмән бар баланы қарады. Қандай тексерулер нақты диагноз қоюға көмектеседі?
А) Анамнез жинау
Б) Объективті қаару
В) АҚҚ өлшеу
Г)ЭКГ
Д)+ЭхоКГ
264.Бала туа біткен жүрек ақауымен диспансерлік есепте тұрады. ТЖА бар балаларды емханада бақылаудың кезеңдеріне кіреді:
А)Баланы тексеру (ЭКГ, ЭхоКГ, рентгенография, АҚҚ өлшеу)
Б)Жеке күтім тәртібін жасау (таза ауада болу, шынықтыру, ЕДШ, инфекцияның алдын алу)
В)+Жағдайы нашарлағанда дереу ауруханаға жатқызу
Г)Қолдаушы ем, асқынуларды емдеу
Д) Саламатты өмір салты
265. Балалар емханасының кардиоревматологиялық бөлмесінде түрлі жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар балалар бақыланады. БМСК кардиологының диспансерлік бақылауына жататын балалар тобы:
А) Созылмалы тонзиллиті бар балалар
Б) Аденоидты вегетациясы бар балалар
В)+Ревматикалық емес кардиті және кардиопатиясы бар балалар
Г) Бас сүйек ішінің гипертензиясы бар балалар
Д) Кариесті тістері бар балалар
266. Науқас балаларды диспансерлік бақылау кезінде балалар емханасының кардиоревматологы негізгі мына міндетті шешуге тырысады:
А) Жүрек-қан тамыр ауруларын дер кезінде диагностикалау
Б) Науқас балаларды дәлелді медицина негізінде медицина ғылымы мен тахниканың заманауи жетістіктерін пайдаланып емдеу
В) Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу (біріншілік және екіншілік)
Г)+Еңбекке қабілеттілікті, физикалық белсенділікті жақсарту (реабилитация)
Д) Кардиоревматологиялық бөлменің қызметі туралы есеп дайындау
267.БМСК кардиологының негізгі қызметі науқас балаларды сауықтыру және оңалту. Осы қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдіс:
А)Учаскелік педиатр жолдаған балаларға мамандандырылған кеңес беру және емдеуді
ұйымдастырып, жүргізу
Б)+Таңдап алған науқас балаларды тікелей диспансерлік бақылауға алу
В) Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
Г) Өз мамандығы бойынша учаскелік педиатр дәрігерлердің білімін жетілдіру
Д) Балабақшадаға балаларды, мектеп оқушыларын профилактикалық қарауға қатысу
268.Кардиоревматологта 5 жасар бала Қарынша аралық қақпақшаның ақауы диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Анықталған жағдайының нашарлауымынаған байланысты:
А) Оң жақ- сол жақты шунт
Б)Сол жақ-оң жақты шунт
В) Өкпе тамырларының бұзылысна
Г)+Өкпе гипертензиясына
Д) Гепатолиеналды сиендром
269.Тексеру кезінде 3 жасар балада туа біткен жүрек ақауы анықталды: жүрекша аралық қалқанша ақауы. Осы ақаудың клиникалық сипаттамасы болады:
А) Сол жақ-оң жақты шунтпен
Б) Оң жақ- сол жақты шунтпен
В) Балалардың шағымы жоқ, дене дауында артта қалмаған
Г) Дене дамуы біршама артта қалған
Д)+Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы жиі болады
270.Бала туған кезде артериялық ағын жабық болатынын белгілі. Ашық артериялық ағыны бар балалардың анамнезінде көрсетілім бар:
А)+Мерзімінен бұрын босану
Б) Мерзімінен асып кеткен жүктілік
В) Перинаталды дистресс
Г) Жүктіліктің басында инфекциялық аурумен ауыру
Д) Көпұрықты жүктілік
271.Жүрек аускультациясы кезінде кардиоревматолог 2 жастағы балада туа біткен жүрек ақауы - ашық артериялық ағын бар екенін анықтады. Осы ақауға тән көрініс қандай:
А) Әлсіз толатын пульс
Б) +Систоладиастолалық шу
В) Артериялық қысым жоғары
Г) Систолалық шу
Д) Протодиастолалық шу
272.Балалардағы өкпе тамырының тұтас аномалиялық дренажы ерте операция жасауды талап ететін туа біткен ақаудың бірі. Осы баланы қарау анықтауға мүмкіндік береді:
А) Сол жақты күшейген прекардиялық пульсті
Б) Сол жақты жүрек дөңесі
В)+ Оң жақты жүрек дөңесі
Г) Көзге көрінетін жүрек аумағы өзгермеген
Д) Жүрек ұшында күшейген сілкіну
273.Фалло тетрадасы айқын көгерумен жүретін ақаудың аса жиі кездесетін түрі. Көгеру пайда болуына әкелетін Фалло тетрадасының анатомиялық белгілері болып табылады:
А)+Өкпе артериясының стенозы
Б) Қарынша аралық қалқаншаның ақауы
В) Сол жақ қарынша гипертрофиясы
Г) Оң жақ қарынша гипертрофиясы
Д) Аорта стенозы
274. Бала 3 жаста. Кардиологта диспансерлік есепте тұрады, Фалло тетрадасын операция арқылы емдеуге дайындалуда. Туа біткен жүрек ақауының осы түрінде баланы ентігу-көгеру ұсатамсы жиі мазалайтыны белгілі. Ұстама басталғаны туралы неден білуге болады?
А) Туғаннан бастап көгеру
Б) Жүктеме кезіндегі ентігу
В) Периоральды көгеру
Г)+Бала жиі тізесін бүгіп отырады
Д) Терісінің бозаруы
275.Фалло тетрадасы бойынша бақылауда тұратын 5 жасар баланы ентігу өршумен сипатталатын және көгеру күшейетін ентігу-көгеру ұсатамсы мазалайды. Осы ұстама бірге жүреді:
А) Кенеттен мазасызданумен
Б)+ Есінен танумен, тырысу пайда болуымен
В) Жоғары тершеңдікпен
Г) Бозарудың күшеюімен
Д) Жөтелдің күшеюімен
276. Фалло тетрадасымен диспансерлік есепте тұратын 2 жасар балада ентігу-көгеру ұстамасы жиіледі. Осы ұстама дамуының қауіп факторларына жатады:
А) Шала туу
Б) ЖРВИ
В)+Гипертензиялық-гидроцефальды синдром
Г) Туу мерзімінен асып кетуі
Д) Резус-конфликт
277.Туған кезде балаға жайылған көгеру, жүрек декомпенсациясы және аускультациядағы көрініс нәтижесінде Фалло тетрадасы диагнозы қойылды. Фалло тетрадасы беріледі:
А) Жүрек түбінінің систола-диастолалық шуымен
Б)+ III-IV сол жақ қабырға арасында күшейетін қатаң систолалық шумен
В) Жүрек ұшының І тоны әлсіреуімен
Г) Екі тон да күшейген
Д) Протодиастолалық шумен
278. Объективті қарау кезінде 10 жастағы балада кардиолог туа біткен жүрек ақауы - аорта коарктациясына күмәндады. Осы ақауы бар балаларда назар аудартады:
А) Аяқ-қолының мұздауы
Б)+Денесінің жоғарғы бөлігінің жақсы дамуы
В) Баланың дене дамуы пропорционалды
Г) Акроцианоз
Д) Астениялық дене бітімі
279.Аускультация кезінде 14 жастағы балада бұрын болмаған жүректегі шу анықталды. ЭхоКГ мәліметтері бойынша митральды қақпақшаның екіншілік пролапсы диагнозы қойылды, ол мынадан болуы мүмкін:
А)+ Вегетотамырлық дистониядан
Б) Климаттық жағдайлармен
В) Жастық ерекшеліктермен
Г) Тамақтану сипатымен
Д) Иммунитет жағдайымен
280.Митральды қақпақшаның пролапсы бар балалардың анамнезін жинаған кезде дәрігер осы патология дамуына себеп болатын факторға ерекше көңіл аударды:
А) Анасының жасы 30-дан асқан
Б)+Алғашқы 3 айда жүктіліктің асқынуларына (токсикоз, жүктілікті үзу қаупі, ЖРВИ)
В) Демалыс тәртібін сақтамау
Г) Жүктілік кезінде серуендеудің болмауы
Д) Жүктілік мерзімінің асып кетуі
281.Невропатологат бас сүйек ішінің гипертензиясымен есепте тұрған 9 жастағы балаға Митральды қақпақшаның пролапсы диагнозы қойылды. Осы патология дамуына әсер етеді:
А) +Астенонероздық синдром
Б) Логоневроз, энурез
В) Созылмалы тонзиллит
Г) Аденоидит
Д) Созылмалы риносинусит
282.Бала 10 жаста. Митральды қақапақша пролапсы 3 жыл бұрын тексеру кезінде анықталған. Сол кезден бері баланың жағдайы өзгерген жоқ, бірақ кейде шағымданады:
А) Тәбеттің төмендеуіне
Б) Жөтелге
В)+ Бас айналуы, әлсіздікке
Г) Тыныштық кезіндегі ентігуге
Д) Бас ауыруына
283.Клиникалық тексеру кезінде митральды қақапақша пролапсы бар 10 жасар балада дәнекер тіннің диспластикалық даму белгілері анықталады, мысалы:
А) Көз бітімінің кішіреюі
Б) Дененің төменгі бөлігінің гипотрофиясы
В) Бас сүйектің деформациясы
Г)+Бұлшықеттің әлсіз дамуы, сколиоз, «тік арқа» синдромы
Д) Киль тәрізді кеуде
284.Қыз бала 13 жаста. Бас ауруына, жүрек тұсының шаншып ауруына, бас айналуына шағымданады. Жалпы білім беретін мектептен басқа ол музыка және биге барады, шет тілдерді үйреніп жүр. Осы балада вегето-тамырлық дистония дамуына әкелетін жетекші фактор:
А) Созылмалы тонзиллит
Б) Бас-ми жарақаты
В) Мидың ісіктері
Г) Жиі ЖРВИ
Д)+Психикалық-эмоцияның күшеюі
285.Қыз бала 14 жаста, гипертониялық тип бойынша вегето-тамырлық дистония диагнозы қойылды. Осы синдромды қоздыратын факторға жатады:
А)+Гормондық дисбаланс
Б)Гиподинамия
В) Материалдық-тұрмыстық жағдайлар
Г) Емдәмді бұзу
Д) Ұйқының бұзылуы
286.Бала 12 жаста, қолдары суық, ылғалды, терісі мәрмәр тәрізді. Ваготония пайдасына көрсетеді:
А) Ақ дермографизм
Б) Дене қызуының жоғарылауы
В) Құрғақ тері
Г)+Жоғары тершеңдік
Д)Акроцианоз
287. Симпатикотониясы бар 7 жастағы балада ақ дермографизм, аздаған тершеңдік байқалады. Оған тән:
А)+ Құрғақ тері
Б) Ылғалды тері
В) Жалпы цианоз
Г) Жоғары тершеңдік
Д) Мәрмәр тәрізді тері
288.Бала 12 жаста. Вегето-тамырлық дистония бойынша кардиологта бақыланады. Бас ауруына, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. Осы синдромның аса жиі клиникалық көрінісіне жатады:
А) Тәбеттің төмендеуі
Б)+ Кардиалгия
В) Салмақты жоғалту
Г) Дене қызуының жоғарылауы
Д) Функциялық ішқату
289.Қыз бала 14 жаста. Аралас генезді вегето-тамырлық дистония бойынша кардиологта бақыланады. Жүрек қағуына, қолға, жауырынға берілетін кардиалгияға шағымданады. Дистонияның осы түріне тән:
А) Кеуде ішіндегі ауру сезімі
Б) Тұрақты тахикардия
В)+ АҚҚ құбылмалығы
Г) Қалыпты жүрек ырғағы
Д) Брадикардияға бейімділік
290.Терісі мен шырышты қабатта бөртпе пайда болуымен жүрген вирусты инфекциядан кейін балаға кардит диагнозы қойылды. Ревматизмдік емес кардит дамуының ықтимал этиологиялық факторы болуы мүмкін:
А) Цитомегалия вирусы
Б)+Жай ұшық вирусы
В) Қызылша вирусы
Г) Коксаки энтеровирусы
Д) Эпидемиялық паротит вирусы
291.Бала 2 айлық. Терісінің бозаруы, емізген кезде шаршайтыны байқалады. Тексеру кезінде туа біткен кардит диагнозы қойылды. Туа біткен кардиттің клиникалық белгісінен басқа балада байқалады:
А) Ұйқы бұзылысы
Б) Бір тонды айқай
В)+Салмақты нашар қосуы
Г) Тырысулар
Д) Жүйке-психикалық дамуының тежелуі
292.Бала 5 жаста, вирусты инфекциядан кейін миокардтың диффузды бұзылысымен ревматизмдік емес кардитпен ауырды. Жедел ағымды жүре пайда болған кардитке тән:
А) Инфекциямен ауырғаннан кейін бірнеше аптадан соң дамиды
Б)+Өткізгіш жүйенің бұзылысы (блокада, тахиаритмия)
В) Жүректік өткізгіштік жүйесі интактылы
Г) Жүрек дөңесінің болуы
Д) Торпедалық жүрек жетіспеушілігі
293.Рентгенологиялық тексеру кезінде балада кардиомиопатия анықталды. Диагноз қою үшін аса маңызды белгі болып табылады:
А) Кардиалгия
Б) Жүрек қағуы
В) Естен тану
Г)Жүрек жетіспеушілігі
Д) +Кардиомегалия
294.Қыз бала 14 жаста. Жақсы тамақтанады, алақандарында гипергидроз, қатты терлейді, басы ауырады, ашуланшақ, жылауық. Вегетативті дисфункцияны ауырлатады:
А) Тамақтану тәртібін бұзу
Б)+ Семіздік
В) Ұзақ терең ұйқы
Г) Спортпен шұғылдану
Д) Суық сумен шомылу
295.Митральды қақпақшаның пролапсы бар бала жүрек ырғағының бұзылысына шағымданады. Осы патология кезінде ЭКГ – тексеруі нәтижесінде жиі анықталады:
А)+Жүрек алды экстрасистолия
Б) Сол жақ қарыншадан экстрасистолалар
В) Тахикардия
Г) Брадикардия
Д) Шоқырақтау ырғағы
