Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс биох.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
403 Кб
Скачать
☆
  1. Мақсаты:

1. диагностикалық тұрғыдан қанда және несепте глюкозаны анықтауды жүргізе алу;

2. организмдегі липидтердің биологиялық ролі және құрылысымен танысу;

3. липидтерлің аралық алмасуын, негізінен ЖМҚ бетта - тотығуын оқып-үйрену.

  1. Оқыту мақсаты:

1. гликоген алмасуының физиологиялық маңызын түсіндіру;

2. көмірсу алмасуының реттелуіндегі гормондардың рөлін түсіндіру;

3. липидтердің және көмірсулардың биологиялық маңызын түсіндіру;

4. ішекте липидтердің қорытылу механизмі, осы процеске қатысатын ферменттерді үйрету.

5. биологиялық сұйықтықтардағы глюкозаны сандық анықтауды үйрету;

6. лабораториялық жұмыс бойынша қорытынды шығару.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қанда және несепте глюкозаны анықтаудың диагностикалық маңызы. 2. Ішекте липидтердің қорытылу механизмдері, осы процеске қатысатын ферменттер.

3. Липидтердің ішекте сіңірілуі. Липидтердің ресинтезі. 4. Липидтер метаболизмінің негізгі жолдары: липолиз, липогенез. 5. Май қышқылдарының биосинтезі және тотығуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс ауызша сұрау, тестілеу

  1. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.

2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж

3. 3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.

4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.

қосымша:

1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011

Орыс тілінде

негізгі:

1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.

3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011

4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,

5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007

қосымша:

1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008

2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007

3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,

под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011

Ағылшын тілінде

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.

3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.

  1. Бақылау: Тест тапсырмалары.

1.Ағзадағы айналуына тәуелсіз үшглицерид ыдырағанда түзілетін глицерин:

а) тотығады

б) фосфорланады

в) тотықсызданады

г) метилденеді

д) ацилденеді

2. Жоғарғы май қышқылдары алмасуының бұзылу жолы:

а) тотықсыздану

б) -тотығу

в) -тотығу

г) -тотығу

д) декарбоксилдену

Көміртегі атомы бар гормондық әсері бар май қышқылының туындысы:

а) тиретропин

б) ауксин

в) гибберрилин

г) гербицид

д) простогландин

4. 3-фосфоглицерин қышқылының май қышқылына және стеролға өтуі қандай жолмен жүреді:

а) ацетил-КоА

б) 1,3-дифосфоглицерат

в) фосфодиоксиацетон

г) рибоза

д) глюкоза

5. Өттің түзілуі және бөліну процесінің бұзылуы қандай ауруға әкеледі:

а) атеросклероз

б) семіру

в) кахексия

г) стеаторея

д) фенилкетонурия

6. Кетогенез қай жерде жүреді:

а) ішекте

б) бауырда

в) бүйректе

г) қанда

д) миокардта

7. Кетонды денелердің синтезінің ұйытқысы болып табылады:

а) ацетил-КоА

б) малонил-КоА

в) глутарил-КоА

г) ацетон

д) гидроксиметил-КоА

8. Липолизді қайсы гормон активтендірмейді:

а) адреналин

б) норадреналин

в) инсулин

г) глюкагон

д) тироксин

9. Қай ферменттің жетіспеуі хиломикронемия ауруын тудырады:

а) фосфолипаза

б) панкреатиттік липаза

в) ұлпалық липаза

г) холестеролэстераза

д) липопротеидлипаза

10. Кетогенез және холестерин синтезінің реакциялары қай сатыға дейін ұқсас:

а) ацетоацетил-КоА

б) ацетоацетат

в) мевалон қышқылы

г) сквален

д) гидроксметилглутарил-КоА

11. Өт қышқылдары неден түзіледі.

а) фосфолипидтерден.

б) май қышқылдарынан

в) простогландиндер

г) ганглиозиндер

д) холестерин

12. Холестерин қай жерде қорытылады

а) ауыз қуысында

б) асқазанда

в) аш ішекте

г) тоқ ішекте

д) қорытылмайды

13. Қазіргі кездегі өт тас ауруын емдеуге және алдын алуға қолданатын әдіс.

а) май тағамдарын пайдалану.

б) холестеринге бай тағам.

в) хенодезоксихол қышқылын пайдалану

г) ақуызға бай тағамды пайдалану.

д) уақытша ашығу.

14. Ішекте май қорытылу процессіне не қатыспайды.

а) өт қышқылдары

б) тұз қышқылы

в) бикарбонат

г) липаза

д) өт пигменттері

15. Майда еритін витаминдерге жатады

а) А, Д, Е, К ;

б) В1, В2, В3;

в) С, Р, РР.

г) А, С, Р.

д) Д, В6, С, В12.

№ 5 сабақ