Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси кукык илим тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.4 Курстың постреквизиттері:

Пәнді оқып-игергеннен кейін төмендегі пәндерді оқып-үйренген абзал:

  1. Философия тарихы

  2. Құқық философиясы

  3. Құқық социологиясы

  4. Халықаралық құқық

  5. Салыстырмалы құқықтану

    1. Пәннің қысқаша мазмұны:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы – іргелі теориялық және тарихи заңдық пәндердің бірі. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы құқық пен саяси ойлардың доктриналарын, теорияларын және негізгі бағыттарын, құқық пен мемлекет теориясы мен философиясы аймағындағы көрнекті ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін, құқық пен мемлекеттің жалпы мәселелері бойынша әлемдік ой тарихына маңызды үлес қосқан, сүбелі теориялық шығармаларды, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ойлардың барынша жарқын өкілдерінің ілімдерін оқып-зерттейді.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып-зерттеу заңгерлер дайындауда үлкен танымдық, мәдени және тәрбиелік маңызға ие. Ол саяси және құқықтық ойлар тарихының теоретикалық мұрасын игеруге көмектеседі, тарих пен қазіргінің байланысын тануға үйретеді.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып-үйренуші тарихтағы мемлекет пен құқық туралы пікірлер мен идеялардың плюрализмін (көпжақтылығын) жақсы түсінеді, өзге көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиеленеді және өз позициясын, соның ішінде теориялық мәселелер бойынша да, негіздеуге, дұрыс дәлелдеуге үйренеді.

Саяси-құқықтық ілімдер тарихы патриоттық тәрбиеге және әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етеді, саяси және құқықтық идеялар мен институттардың даму тенденцияларында бағыт алуға көмектеседі.

1.6 Оқыту нәтижелері

Пәндік құзірет – бұрынғы мен қазіргінің барынша маңызды және кең таралған саяси және құқықтық ілімдерінің мазмұнын білу; мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың экономикамен, идеологиямен, адамгершілікпен, дінмен өзара байланысын және соның негізінде пайда болатын мемлекет және құқық мәселелерін түсіну; көрнекті ойшылдардың шығармаларын және идеяларын қазіргі заман тұрғысынан талдай білу. Пәнді оқығаннан кейін студент құқықтық және саяси ойлардың даму кезеңдерін; адамзаттың барынша көрнекті ойшылдарының аты-жөнін және олардың негізгі туындыларын; құқықтық және саяси ойлардың негізгі ескерткіштерін; құқықтық және саяси ілімдер тарихы мәселелерімен айналысатын қазіргінің ғалымдарының кейбір еңбектерін білуге тиісті.

Пәннен тыс құзірет – әртүрлі кезеңдер мен көрнекті ойшылдардың саяси және құқықтық ілімдерін салыстыра білуге; ойлар мен доктриналардың ерте және қазіргі ағымдарындағы жалпылық мен ерекшелікті ажырата білуге, нақты саяси және құқықтық ілімге, шығармаға және құжатқа баға бере білуге; саяси және құқықтық ойлар тарихындағы үлгілі туындыларды, анықтамалық және арнайы әдебиеттерді жедел іздестіруді жүзеге асыра білуге үйренеді. Пәннен тыс құзіретке Қазақстан Республикасында демократиялық және құқықтық мемлекет қалыптастыруға байланысты мемлекеттік - құқықтық құбылыстарды бағалау дағдысы мен білімін, дүниетанымдық бастауларды қалыптастыру; алынған дағды мен білімді заңгер-құқықтанушының кәсіби әрекетінде қолдана білу де жатады.

1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

№

Жұмыс

түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдалануға ұсынылатын

әдебиеттер

Орындау

мерзімі

Бақылау

түрі

Баллдар

Есеп беру түрі

Тапсыру

мерзімі

1

се ми

нар

2.3-тегі жоспарға

сәйкес

әде

биет тізімі

не сәйкес

дәрістен

келесі

семинарға

дейін

ағым

дық

30

ауызша

семи

нар

сабағы

2

СОӨЖ

2.5-тегі жоспарға

сәйкес

әде

биет тізімі

не сәйкес

сабақ кестесі, оқу жоспар

бойын

ша

ағым

дық

ауызша, жазба

ша

15 аптаға

дейін

3

СӨЖ

2.6-дағы жоспарға

сәйкес

әде

биет тізімі

не сәйкес

7, 12 апта

ара

лық

30

жазба

ша

жоспар бойынша

4

курс жұмысы

2.6.2-дегі жоспарға

сәйкес

әде

биет тізімі

не сәйкес

15 аптаға дейін

қорытынды

40

жазба

ша

15 аптаға дейін

5

ем

ти

хан

барлық нысан

дарға сәйкес

әде

биет тізімі

не сәйкес

үздіксіз

қорытынды

40

ауызша

кесте

ге

сәйкес