- •Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.4 Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2. 1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпарат
- •Сырттай бөлімнің тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Лабораториялық жұмыс қарастырылмаған.
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыс тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2. 8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •2.6.1.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары...........129
- •Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні бойынша
- •050301 – Юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030100 – юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030200 – халықаралық құқық мамандығы үшін оқу әдістемелік кешен
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
«КСРО-ның саяси және құқықтық ілімдері: негізгі бағыттары және олардың дамуы» мәселесі бойынша талдау өткізуге дайындық
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;76;
83;84;101;106;109;111;114;118;121;123;125;127;129;130;136-148
№17. ХХ ғ. Қытайдағы, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Мына сұрақтар бойынша конспект дайындау:
а) Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (М.Ганди, Д.Неру)
ә) Қытайдың ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (Сун Ятсен, Мао Дзэдун)
б) посткеңестік кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси-құқықтық идеялар
в) Қазақстанда тәуелсіз мемлекет қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі саяси және құқықтық идеялар
3. «ХХ ғасырдағы Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар» тақырыбын талдауға дайындалу
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;48;64;
75;83-84;88;97;99-100;104;109;118;126;127;131;133;136-148.
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
№1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
Тапсырма:
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымының түсінігін, пәні мен әдістерін қамтитын конспект жасаңыз
Мына терминдердің түсіндірме сөздігін жасаңыздар:
-саяси-құқықтық доктрина
-саяси-құқықтық концепция
-саяси-құқықтық ілім
-саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы сабақтастық
-бағдарламалық ережелер
-жалпыадамзаттық құндылықтар
Әдістемелік нұсқаулар: Саяси-құқықтық теориялардың қалыптасуын, мәнін, қызмет етуін қамтитын ғылымның пәнімен қатар, саяси және құқықтық идеялар мен ілімдердің бастапқы, негізгі әдістемелік заңдылықтарын да жете меңгеру абзал. Саяси және құқықтық ілімдердің қалыптасуына және дамуына ықпал еткен қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және саяси компоненттеріне де назар аудару жөн. Саяси және құқықтық ілімдерді зерттеуге негіз болатын тарихи және логикалық әдістердің маңыздылығын да ескеру қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;40;52;
76;136-148.
№2.Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
«Таяу және Орта Шығыстың саяси және құқықтық ойлары» сұрағына конспект дайындау
Ежелгі Египет, Шумер және Аккад, Ежелгі Вавилон, Ежелгі Иранның саяси-құқықтық және әдеби ескерткіштеріне жазбаша қысқаша талдау жүргізу
Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық ойлары қайнар көздері бойынша қысқаша конспект негізгі категорияларына қатысты дайындау
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дүние саяси және құқықтық ілімдерін сипаттау барысында бұл ілімдердің қоғамның таптық жіктелуі кезеңінде қалыптасқанын естен шығармау қажет. Оларда мемлекет пен құқықты мифтік түсіндіруден мемлекет және құқықтың теориялық түсінігінің алғашқы жүйелеріне, қоғамдық сананың алғашқы нысандарынан дамыған, дифференциялы нысанына ауысу жолы көрініс табады. Ежелгі Шығыстың (Вавилон, Мысыр, Ежелгі Үндістан, Қытай) идеологиясы аңыздар жүйесінде іске асқан. Аңыз болмысты жанды құбылыс ретінде түсінудің, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды тәңірлендірудің жемісі.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-22;29;31;35;40;
48;52;65;72;76;81;84;85;88;97;100;104;106;111;126;136-148.
№3. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Ежелгі грек саяси-құқықтық ойларының пайда болуы мен дамуы тарихының үш кезеңі бойынша конспект дайындау
Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ойлары: негізгі бағыттары мен мәселелері, көрнекті өкілдерін қарау
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі Грецияның идеялық, саяси және құқықтық мұрасын игеру барысында оның ежелгі грек полистерінің дамыған қоғамдық қатынастары жүйесіне негізделгендігін ескеру қажет. Ежелгі Грецияның саяси-құқықтық ойларына мемлекет пен құқық мәселелеріне тереңдетілген философиялық және әлеуметтік талдау тән болып табылады..
Платон теориясын оқып-зерттеу барысында оның «мемлекет идеясы» ілімі философиялық алғышарттарға негізделгендігін түсіну шарт. Платонның мемлекет пен заңдарға қоғамды және жеке тұлғаны экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгертудің құралы ретінде қарайтындығын түсінуіміз керек.
Аристотельдің мемлекет нысанының «дұрысы» ретінде сипаттаған «политиясына» назар аудару керек. Ол Аристотельмен «бұрыс» деп танылған екі нысанның: олигархия мен демократияның қосындысы ретінде қаралады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;
52;67;76;81;84,94-96;136-148.
№4. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Ежелгі римдік құқықтанушылардың саяси-құқықтық ойлары бойынша конспект дайындау
Мына тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысын дайындаңыз: «Ежелгі Римнің саяси және құқықтық ойлары: негізгі бағыттары мен мәселелері, көрнекті өкілдері»
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі Римнің саяси-заңдық конструкциясынан рим юристерімен жасалынған түсініктерді білу керек.
Ежелгі Римнің өзіндік саяси ойларын қалыптастыруда танымал рим ойшылы және мемлекеттік қайраткері Цицеронның сіңірген еңбегін ерекше атап өту керек. Цицеронның саяси шығармаларын сипаттау барысында оның мемлекеттің аралас нысаны (демократия, аристократия, монархия элементтерін біріктірген) теориясына назар аудару керек. Цицерон Рим мемлекеттілігінде ерікті тұрғындардың барлық топтарына «жалпы келісімді» қамтамасыз етуге қабілетті саяси институттар (халық жиналысы, сенат, консулдар) барлығына сенді. Оның республиканы «халық ісі» ретінде анықтауы келесі дәуірлерде көптеген саяси ағымдармен пайдаланылды. Цицеронның табиғи құқық туралы ілімін түсіну қажеттілігі бар.
Христиандық ежелгі Римнің саяси идеологиясындағы маңызды құбылыс десек жаңылмаймыз. Бұл тақырыпты қарастыру барысында студенттер өз қатарына әлеуметтік, саяси және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қаналған топтарды біріктірген христиан қозғалысының әлеуметтік-саяси идеологиясы туралы көзқарас қалыптастыра білуге тиісті.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;52;
76;81;106;136-148.
№5. Орта ғасырдағы Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Мына тақырып бойынша дайындалыңыз: «Әл-Фарабидің мемлекет және құқық туралы ілімдері»
Әдістемелік нұсқаулар: Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстанның саяси идеологиясымен танысу барысында исламның саяси және құқықтық идеялары туралы көзқарас қалыптастыру керек. Ислам тек дін ғана емес, ол дүниетанымның өзіндік нысаны, идеологияның ерекше түрі; онда діни ғана емес, сонымен байланысты философиялық, әлеуметтік, этикалық және эстетикалық көзқарастар орын алған.
Әл Фарбидің «игі» қала мемлекеті адамды дұрыс өмір сүруге және аса құндылыққа жеткізетін барынша жақсы және табиғи қатынастың үлгісі. Онда тәртіп және тұрғындардың, алдымен басшылардың жоғары адамгершілік қасиеттері орын алады.
Ибн – Халдун араб – ислам философтарының көрнектісі. Оның «Мукддима» (кіріспе) трактатында тарихи – әлеуметтік талдау негізіндегі мемлекетке деген философиялық және заңдық көзқарастар біріктіріле отырып қарастырылады. Ол мемлекеттің қалыптасуының, дамуының және құлауының «табиғи заңдарын» өркениеттің көрсеткіші ретінде ашуа үлкен назар аударады. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;33;39;
44;48;54;76;85;116;136-148.
№6.Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Мына тақырып бойынша дайындалыңыз: «Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі»
Тақырып бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастырыңыздар
Әдістемелік нұсқаулар: Студент орта ғасырлық батысевропада Рим құқығымен қатар канондық (шіркеулік) құқық және әдет – ғұрыптық құқық әрекет еткенін білуге тиісті. Құқықтың осы үш тармағын жеке дара қарау қажет.
Орта ғасырлық заңдық ойды зерттеу барысында оның екі бағыты бар екендігін ескеру қажет. Біріншісінде басты назар табиғи құқық мәселесіне аударылса, екіншісіне позитивті құқықтың нормалары, принциптері, жүйесі қарастырылады. Олардың екеуінің де жаңа замандағы ізін қуушылары бар.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;26;30;31;
40;47;52;76;136-148.
№7. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырма:
«Адамдар мен мемлекетті басқару өнері туралы» тақырыбы бойынша пікірталасқа дайындалу. Мынандай сұрақтар қарастыруға ұсынылады:
Ежелгі Шығыс ойшылдары басқару өнері («ісі») туралы
Ежелгі Грек және Рим ойшылдары мемлекет пен адамдарды басқару туралы
Ортағасыр ойшылдары мемлекет пен адамдарды басқару өнері туралы
Христиандықтың адамдар мен мемлекетті басқаруға көзқарасы
Николло Макиавелли және оның «Билеуші» еңбегі
Басқару өнері («ісіне»), билік пен әділсотты жүргізу механизміне, мемлекет мақсатына, билеуші, мемлекеттік қайраткерлер тұлғасына, билік жүргізудің нақты мәселелері мен әдістеріне қатысты саяси-құқықтық және әдеби ескерткіштер мен қайнар көздерді талдау
Мемлекет пен адамдарды басқару туралы танымал адамдардың 5-10 афоризмдерін, ойларын, сөздерін дайындаңыз
Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқу барысында саяси-құқықтық ойлардың ортағасырлық діни дүниетанымнан арылып, мемлект пен құқықты танудың жаңа әдістері қалыптасқанын ескеру керек. Бұл үрдіске Николло Макиавеллидің тигізген әсері мол. Жаңғыру кезеңі әдістемесінің жаңалығы шынайы өмірдің нақты, тәжірибелік тарихи фактілерін оқып – зерттеп, оларды тұтас қарастыруда болып табылады. Француз юристі Боден әдістеменің де осы бағытта дамытты.
Утопиялық социализмнің саяси идеяларын білуге де назар аудару қажеттілігі бар. Ол үшін утопистік социализмнің алғашқы ірі еңбектерін Т.Мордың «Утопия» және Т.Кампанелланың «Күн қаласы» еңбектерімен танысу ұсынылады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;42;
57;77;89;108;110;111;124;136-148.
№8.ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
«Табиғи құқық теориясының пайда болуы мен оның негізгі ережелері» сұрағы бойынша қысқаша конспект құрастыру
Мына сұрақтар бойынша жазбаша жауаптар дайындау:
а) Г.Гроций: табиғи және позитивті құқықтың жаңа концепциясы
ә) Б.Спиноза: азаматтар республикасындағы ой және ар-ождан бостандығы құқығы туралы
б) Т.Гоббс адамның табиғи құқығы, қоғамдық келісім және абсолюттік этатизмнің өзара байланысы туралы
в) Джон Локк: адамның табиғи құқығына, халық егемендігіне және қоғамдық келісімге негізделген либералды индивидуализм философиясы
Әдістемелік нұсқаулар: Оқып-зерттеуді мемлекет және құқық туралы буржуазиялық ілімдердің, буржуазияның саяси-құқықтық идеологиясының әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық алғы шарттарын қарастырудан бастаған жөн. Голландия мен Англиядағы ерте буржуазиялық төңкерілістер буржуазиялық саяси-құқықтық дүниетанымның дамуына әкеліп соқты. Мемлекет пен құқыққа буржуазиялық көзқарастар негізіне сол кезеңде прогрессивті болған адамның «табиғи құқықтары» (өмір сүру құқығы, еркіндік, теңдік құқығы, жеке меншік құқығы, ар-ождан бостандығы және өзгелер) концепциясы қаланды.
Оған жақын «қоғамдық келісім» концепциясы мемлекеттің индивид өміріне араласу құқығын шектеді. Бұл концепция адамның «табиғи жағдайдан» шарт көмегімен мемлекет жағдайына ауысуы теориясынан тарады.
Ағылшын буржуазиялық төңкерілісі кезеңіндегі саяси ойлар туралы айтқанда оның европалық деңгейдегі бірінші төңкеріліс болғандығын және соған байланысты оған қатысушы жақтардың (индепенденттер, левеллерлер, диггерлер) саяси талаптарын шығармашылықпен негіздеуге тырысқандығын ескерген абзал.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;
51;52;55;74;76;105;109;136-148.
№9.ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Мына сұрақтар бойынша қысқаша конспект жасау:
а) Ағартушы атеизм және радикализм: Вольтер, Ж.Мелье, Морелли
ә) Ш.Л.Монтескье «заңдар рухы» мен мемлекеттегі биліктің бөлінуі туралы
б) Ж.Ж.Руссо әлеуметтік теңсіздік табиғаты, қоғамдық келісім және халықтың заңшығарушылық еркі туралы
в) Француз төңкерілісі кезеңінің саяси және құқықтық идеялары. Радикализм: Ж.П.Марат, М.Робеспьер, Г.Бабеф.
Әдістемелік нұсқаулар: Ерте буржуазиялық идеология мемлекеттік механизм теориясымен көп айналысты. Бұндай механизм идеалы билікті бөлісу туралы ілімдерде орын алды. Оның негізін салушы ретінде танылған Монтескье еңбектерін қарастырғанда географиялық және саяси факторлардың заңдар қалыптастыруға тигізетін ролі туралы, саяси еркіндік пен заңдылық туралы доктриналарына назар аудару қажет.
Жан Жак Руссо ілімінде қоғамдық келісім идеясы барынша жан-жақты қаралған. Әсіресе, «жалпы ерікпен» жүзеге асырылатын халық егеменділігі теориясы өзіндік мазмұнымен айрықша көрінеді. Руссоның қоғамдық келісім доктринасымен танысу студенттерге ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең таралған осы теорияны толығырақ игеруге мүмкіндік береді.
1789-1794 жж. Француз буржуазиялық төңкерілісі кезеңіндегі саяси-құқықтық идеяларды қарастыру барысында Робеспьер мен Мараттың төңкерілістік демократизміне және төңкерілістік үкімет теориясына назар қою қажет. Сондай-ақ утопистік социализм идеологтары – Мабли, Морелли, Мельенің саяси көзқарастарымен танысу жөн. Мельенің қоғам мен мемлекетті төңкеріліссіз түбегейлі қайта құру мүмкін емес деген ойын Бабеф әрі қарай дамытып, коммунистік қоғам орнатудың төңкерілістік жоспарын дайындаған.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;49;
57;66;76;79;84;102;106;109;122;136-148.
№10. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Республиканшылар мен олардың оппоненті федералистердің концепцияларын қысқаша талдауды ұйымдастыру, АҚШ-тың осы кезеңдегі барынша ірі өкілдерінің саяси және құқықтық көзқарастарын оқу
Әдістемелік нұсқаулар: АҚШ буржуазиялық төңкеріліс идеологтары Европадағы идеялық-саяси қозғалыспен тығыз байланысты болғандықтан, саяси-құқықтық актілерде, АҚШ тәуелсіздігі туралы Декларацияда табиғи құқық, қоғамдық келісім және халықтың төңкеріліске құқығы идеяларын бекітті. «Табиғи құқық» әрекеттегі заңнаманың негізі және бағалау өлшемі ретінде танылды. «Табиғи құқықты» бұзушы заңдардың бағынуды талап ете алмайтындығы айтылды. Осыған байланысты, феодализмнің барлық саяси-заңдық тағайындалымдары дұрыс емес деп жарияланды. АҚШ-тың осы кезеңіндегі алдыңғы қатарлы саяси-құқықтық ойлары Европадағы антифеодалдық күресті идеологиялық жабдықтауға ықпал етті. Джефферсон мен Пейннің саяси көзқарастарын қарастыра отырып, олармен дайындалған халық егеменділігі теориясының төңкерілістік рухпен ажарланғанын көреміз.
«Федералистер» деген ортақ атаумен ХҮІІІ ғ. соңында АҚШ күшті федералды орталыққа бағынатын одақтық мемлекет ретінде дамуын жақтаған саясаткерлер мен юристердің тобын айтамыз. Оның қатарына Дж. Вашингтон, Дж. Адамс, А.Гамильтон, Дж. Джей, Г.Моррис, Дж. Мэдисон және басқалар кіреді. Олардың көзқарастары 1787 жылғы АҚШ Конституциясында көрініс тапты. Федералистер мен олардың оппоненттері республикашылардың конституционализм, федерализм, өзара тежеу және қарсы салмақ көрсету жүйесі, соттық конституциялық бақылау, конституцияны кеңейте талқылау туралы концепциялары саяси-құқықтық теорияның дамуына американдықтардың енгізген ерен үлесі болып табылады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;
45;56;76;106;112;114;136-148.
№11.ХҮІІІ ғ.-ХІХ ғ. Басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
И.Канттың ілімі бойынша төмендегі ұғымдардың анықтамасы мен түсіндірмесін жазбаша дайындау
а) «қатаң императив» (құқық және мораль)
ә) мемлекет қажеттілігі мен мәні
б) құқықтық мемлекет концепциясы
в) позитивті құқық туралы ілімдердің кемшілігі
г) құқықты статуттық және таза деп бөлу
д) құқық метафизикасы
Гегель ілімі бойынша төмендегі ұғымдардың анықтамасы мен түсінігін жазбаша дайындау:
а) құқық
ә) абстрактілі құқық
б) мораль туралы ілім
в) адамгершілік туралы ілім
г) азаматтық қоғам және мемлекет
д) құқық пен мемлекеттің бірлігі
Әдістемелік нұсқаулар: Канттың саяси – құқықтық көзқарастарын түсіну үшін оның философиялық ойларын ұғыну қажет. Канттың құқық түсінушілігі адам тұлғасына тән еркіндікпен байланысты екенін білу керек. Құқық бір жанның екіншіге қатысты бұзықтығын жалпы объективті еркіндік заңы көмегімен шектейтін белгілі бір шарттардың жиынтығы. Кант нақты жағдайда жеке тұлғаның еркіндігі адамгершілік бұзуы мүмкін екенін таныған. Осыдан мемлект және мемлекет ішінде әрекет ететін құқық тарапынан мәжбүр етудің қажеттілігі келіп шығады. Бірақ ол қатаң императив қағидасына сай болуы тиіс.
Гегельдің азаматтық қоғам мен саяси мемлекетті ажырата қарауын және азаматтық қоғамды қарама-қайшылықтарға толы, барлығының бырлығымен соғыс ретінде қарауын білу керек. Гегель аса бай азаматтық қоғамның өзі аса кедейлікпен күресу үшін жеткіліксіз бай деп санаған. Сондай – ақ оның азаматтық қоғам ішіндегі әулетке жіктеуін білу қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;
61;62;106;128;136-148.
№12. ХІХғ. бірінші жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
1. Либерализм мен социализм (утопистік социализм) идеологиясы мен теориясының негізгі тезистерін жазбаша қалыптастыру
2.Төмендегілердің негізгі ережелері мен қорытындыларын қорыту:
а) ағылшын либерализмі (И.Бентам, Дж. Милль)
ә) француз либерализмі (Б.Констан, А.Токвиль)
б) неміс либерализмі (Л.Штейн, В.Л. фон Гумбольт)
в) социал-утопистер (А. де Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн)
Әдістемелік нұсқаулар: Өндірістік капитализм және еркін бәсекелестік кезеңіндегі либерализмнің үстем буржуазиялық саяси доктрина ретіндегі ерекшеліктерін түсіне білу керек. Төңкерілістік сипаттағы табиғи-құқықтық доктринаны буржуазияның мүддесін қорғаушы рухта қайта қарастырудың себептерін ұғыну жөн.
Әрі қарай буржуазиялық қоғамның мемлекеттік-құқықтық мекемелерін қатаң сынға алған утопистік социалистердің саяси идеяларының ерекшеліктерін қарастырған дұрыс. Сонымен бірге, студенттер ұлы социалист-утопистердің саяси күрестің барлық нысандарына теріс қарау себебін анықтай білуге тиісті.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;78; 80106;109;136-148.
№13. Батыс Европадағы ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырма:
К.Маркс пен Ф.Энгельстің өз бетінше оқуға ұсынылған еңбектерін оқып-зерттеп, ғылыми социализм теориясының немесе марксизмнің негізгі ережелерін және мемлекет пен құқыққа әдістемелік көзқарасын жазбаша мазмұндау
Әдістемелік нұсқаулар: Имперализмнің қалыптасуы әлеуметтік қайшылықтардың өткір шиеленісімен сипатталды. Марксизм ықпалы артты. Буржуазиялық мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық әрекетін кеңейте отырып, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарына белсенді араласа бастайды. Бұның барлығы либералдықтан бастап реакциялыққа дейінгі әртүрлі буржуазиялық саяси-құқықтық теориялардың кең таралуын туындатты.
Аталмыш кезеңнің буржуазиялық саяси және құқықтық теориялары жеңіске жеткен таптың идеялары ретінде қалыптасқанын анық түсіну керек. Олар капиталистік қоғамның мемлекеттік мекемелері мен құқықтық жүйелерінің мызғымастығына сенімді. Сондықтан, саясаткерлер мен заңгерлер басты міндет ретінде әрекеттегі мемлекеттік механизмді (парламент, сот жүйесі, атқару билігі органдарын) зерттеу және олардың жалпы белгілерін анықтау деп түсінді. Құқыққа көзқарас та осы тәріздес еді. Тек мемлекетпен тағайындалған нормалар ғана құқық ретінде танылды. Құқық нысанының белгілері анықталынып, жалпы теоретикалық құқықтық конструкциялар қалыптастырылды.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Маркс К., Энгельс Ф. Коммунистік партия манифесті / Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1989.
Маркс К. Саяси экономияны сынауға. Алғы сөз. /. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1982.
Маркс К. Гот бағдарламасын сынау. / Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1983.
Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы. Жеке басылым. - Алматы, 1992.
№14.ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
«ХІХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар» тақырыбы бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастыру
М.Сперанскийдің мемлекетті қайта құру жоспары
Декабристер Ресейді қайта құрудың екі жолы туралы
Славянофилдер мен батысшылар
«ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар» тақырыбы бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастыру
орыс утопистік социализмі (А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский)
орыс либерализмінің саяси-құқықтық концепциясы (М.Ковалевский, Б.Чичерин, Г.Ф.Шершеневич, С.Муромцев, Н.Коркунов)
орыс либералды және төңкерілісшіл халықшылдарының саяси-құқықтық концепциялары (К.Кавелин, П.Лавров, П.Ткачев)
классикалық анархизмнің саяси-құқықтық идеялары (М.А.Бакунин, П.А. Кропоткин)
Өзіндік оқуға ұсынылған В.И.Лениннің еңбектерін оқу негізінде В.И.Лениннің билік пен саясатқа, мемлекет пен құқыққа, саяси үстемдік жүргізу «технологиясына» қатысты көзқарастарын анықтау
Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпта феодализмнің ыдырау үрдісін, капиталистік қатынастардың дамуын, Ресейдегі басыбайлыққа қарсы шаруа күресінің ұлғаюын, патша үкіметінің реакциялықтан либерализмге ауысуын көрсету маңызды. Міне осы тұрғыдан М.Сперанский жобасын, оның басыбайлыққа қатынасын, мемлекеттік биліктің мүмкін болатын құрылымына көзқарасын қарастыру қажет.
Дворян төңкерілісшілерінің, дворяндық қозғалыс идеологтары П..И. Пестель, Н..М. Муравьев жобалары Ресейдегі саяси-құқықтық ойлардың дамуының өзіндік кезеңі болып табылады. Бұнда олар ұсынған экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік қайта құрудың мазмұны мен мәнін игеру маңызды. П.Я. Чаадаевтің «филосрфиялық хаттары» төңірегінде болған дау барысында орыс қоғамдық-саяси ойлар батысшылар мен славянофилдер деген екі бағытқа бөлінді. Студент осы бағыттардың негізгі ережелерінің сипатын білуге тиісті.
Төңкерілісші демократтардың саяси-құқықтық ілімдерін зерттеу барысында А..И. Герценнің тек шаруа қауымы арқылы ғана социалистік құрылымға ауысуға болады деген көзқарасын ұғыну қажет. Социал-утопист Н.Г. Чернышевский өз идеалын жүзеге асыру жолы шаруа көтерілісі деп біледі. Олардың мемлекет пен құқық мәнін, ерекше белгілері, Ресейдегі құрылымның тарихи шектері мен сипаты, халықтың төңкерілістік күресіндегі мемлекет ролі туралы көзқарастарын да білу керек.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;32;41;52;
68;73;83;87;101;106;115;117;128;134;136-148
В.И.Ленин. Мемлекет және революция. Жеке басылым. - Алматы, 1984.
В.И.Ленин. Мемлекет туралы. Свердлов университетінде 1919 ж. 11 маусымында оқылған лекция. Жеке басылым. Алматы, 1989.
№15.ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Тапсырма:
Мына тақырыптарды қарастыру
а) Бұқар жыраудың саяси-құқықтық идеялары
ә) Ш.Уалихановтың саяси және құқықтық көзқарастары
б) Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
в) Ағартушы Ы.Алтынсаринның саяси-құқықтық көзқарастары
г) Барлыбек Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарастары
ғ) Алаш партиясының саяси және құқықтық идеологиясы және оның дамуы
д) Әлихан Бөкейхановтың саяси-құқықтық көзқарастары
е) Жақып Ақпаевтың саяси-құқықтық көзқарастары
ж) Ахмет Байтұрсынов, Мирякуб Дулатов, Бақытжан Қаратаевтың саяси-құқықтық идеялары
з) Мұстафа Шоқайдың саяси-құқықтық көзқарастары
и) Мұхамеджан Сералиннің саяси-құқықтық көзқарастары
к) «Үш жүз» партиясының бағдарламасындағы саяси және құқықтық идеялар
Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ойлары тарихын зерттеу және оны тұтас үрдіс ретінде қарастыру керек. Мына мәселелерге ерекше: 1) Қазақстанның ұлы ойшылдарының қоғамдық–саяси көзқарастары мен халық философиясы жүйесінің объективті мазмұнын түсіндіруге; 2) прогресивті қазақ қоғамдық-саяси және құқықтық ойлары даму тарихындағы байланыс пен ұрпақ жалғастығын ашуға назар аудару керек.
Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ойларын аса бай көп ғасырлық тарихқа ие. Оның бастауы фольклорда көрініс тапқан халық философиясы, ол дамыған тілдік мәдениетте өз дәуірінің ұлттық риторикасының және құқықтық мәдениетінің байлығын қамтыған. Кейіннен ол ХҮІ – ХІХ ғғ. қазақ ақын, жырауларының шығармашылығында бейнеленіп, ХІХғ. қазақ ағартушыларының шығармашылығына және ХІХ ғ. соңы – ХХғ. басы қазақ демократиялық интеллигенция еңбектеріне ауысты.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-20;22-25;27-28;36-38;43;46;53;58-60;63;64;69-71;82;86;90-93;98-99;103;107;119-120;132;136-148
№16.ХХ ғ. Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары бойынша конспект дайындау (теорияның мәні, бағалануы):
Л.Дюгидің солидаризмнің құқықтық теориясы
Г.Кельзеннің нормативистік теориясы («Құқықтың таза теориясы»)
М.Ориудің құқық теориясы
Дж. Роулздің құқық және әділеттілік теориясы
Әлеуметтік юриспруденция. Е.Эрлихтің «еркін құқық» мектебі
Р.Паундтың құқық теориясы
АҚШ-тағы шынайы құқық теориясы (К.Плевеллин, Д.Фрэнк)
Петражицкийдің психологиялық құқық теориясы
Ж.Маритен. Табиғи құқықтың қайта түрленуі
«Национал-социализмнің саяси-құқықтық идеологиясының негізгі ережелері. Тоталитаризмді саяси-құқықтық талдау. К.Шмитт.» Тақырыбы бойынша конспект жасау
ХХ ғасырдағы саяси ғылымның саяси-құқықтық концепциялары:
плюралистік демократия, «баршаға жақсылық жасау» мемлекеті концепциялары
«конвергенция» теориясы
элита, бюрократия және технократия теорияларының қысқаша сипаттамасы, аталмыш концепцияларда қандай теоретикалық немесе ғылыми жаңалықтардың барлығын сипаттау
«КСРО-ның саяси және құқықтық ілімдері: негізгі бағыттары және олардың дамуы» мәселесі бойынша талдау өткізуге дайындық
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша жұмыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары мен концепцияларын зерттеумен байланысты болуға тиісті. Осы концепциялар мен бағыттардың тарихи және теоретикалық тамырларын, кейінгі дамуын және қазіргі маңызын ашу керек. Тиісті саяси-құқықтық концепцияның зерттеу барысында олардың гносеологиялық және аксиологиялық аспектілері байланысын, қалыптасу логикасы мен механизімін, құқық, мемлекет және саясат аймағында жалпы адамзаттық құндылықтардың таралуы мен дамуы қарастырылады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;76;
83;84;101;106;109;111;114;118;121;123;125;127;129;130;136-148
№17. ХХ ғ. Қытайдағы, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
Тапсырма:
Мына сұрақтар бойынша конспект дайындау:
а) Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (М.Ганди, Д.Неру)
ә) Қытайдың ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (Сун Ятсен, Мао Дзэдун)
б) посткеңестік кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси-құқықтық идеялар
в) Қазақстанда тәуелсіз мемлекет қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі саяси және құқықтық идеялар
2. «ХХ ғасырдағы Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар» тақырыбын талдауға дайындалу
3. «КСРО-ның саяси және құқықтық ілімдері: негізгі бағыттары және олардың дамуы» тақырыбына реферат жазу
Әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа дайындалу барысында ұлт-азаттық қозғалысына тән саяси ойлардың бағыттары мен міндеттерінің жан-жақтылығын атап өту керек. Саяси және құқықтық аймақтарда Шығыс дәстүрі күшті мемлекеттік билік идеяларында көрініс табатынына назар аударамыз. Осы шығыстық саяси мәдениетке тән қасиет Батыспен жақындасуға тырысқан саяси қайраткерлер мен ойшылдарға да тән. Шығыстың саяси ойлары Саяси және құқықтық ілімдер тарихы курсы бағдарламасына сәйкес екі үлкен мемлекет Қытай мен Үндістанды мысалға ала отырып қарастырылады. Үндістанға тәуелсіздік үшін күрестің бейбіт жолы, қоғамдық өзгерістердің бірізділігі, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың біркелкі дамуы тән. ХХ ғасырдағы Үндістандағы көрнекті саяси қайраткер және идеолог ретінде тәуелсіздік үшін күрестің көсемі Махатма Ганди мен тәуелсіз мемлекеттің бірінші премьер-министрі Джавахарлал Неруді танимыз. Олар капиталистік құрылымды терістеп, әлеуметтік әділеттілікті бекітуге тырысқан.
Қытайдың азаттық қозғалысында 1905 жылы Сунь Ятсен басшылығымен құрылған «Біріккен одақ» мүшелері ядросын құраған төңкерілістік-демократтық күштер басым болды. Қытай төңкерілісі көсемі ұлттық типтегі социализмге бой ұрған. Қытайдың Коммунистік партиясының идеологиясының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар мен факторларды білу қажет. Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао Дзэдун марксизмді жартылай отар аграрлық мемлекет жағдайына КСРО тәжірибесін есепке ала отырып жақындатуға тырысты. Азаматтық соғыс логикасы оны күштеуді абсолюттендіруге және күрестің қатал нысандарына әкеліп соқтырды. «Мәдени төңкеріліс» кезеңінде де осы бағыт негізсіз қолданылды.
Қазақстандағы және посткеңестік кеңістікте пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси және құқықтық идеяларын оқып-зерттеу барысында қайта құру мен КСРО-ның құлауы кезеңіндегі оқиғалардың хроникасын білу керек. Қазақстанда егемендіктің де-юре қалыптасуы мемлекеттік тәуелсіздік, егемендік ұлттық-мемлекеттік құрылыс туралы идеялар қалыптасуы қалай және қандай тарихи, саяси жағдайда жүзеге асқанын білу маңызды. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму концепциясының саяси-құқықтық идеяларын оқып-зерттеуге үлкен назар аудару қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;48;64;
75;83-84;88;97;99-100;104;109;118;126;127;131;133;136-148.
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
Рефераттар мен бақылау жұмысының тақырыптары
а) Европалық саяси-құқықтық ойлардағы табиғи құқық идеялары
ә) Монтескьенің саяси және құқықтық ілімдері
б) Руссоның саяси және құқықтық ілімдері
в) АҚШ-тың негізін қалаушылардың саяси және құқықтық идеялары (Т.Джефферсон, Дж. Мэдисон, А.Гамильтон және басқалар)
г) Бұқар жыраудың саяси-құқықтық идеялары
ғ) Ш.Уалихановтың саяси және құқықтық көзқарастары
д) Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
е) Ағартушы Ы.Алтынсаринның саяси-құқықтық көзқарастары
ж) Барлыбек Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарастары
з) Алаш партиясының саяси және құқықтық идеологиясы және оның дамуы
и) Әлихан Бөкейхановтың саяси-құқықтық көзқарастары
к) Жақып Ақпаевтың саяси-құқықтық көзқарастары
қ) Ахмет Байтұрсынов, Мирякуб Дулатов, Бақытжан Қаратаевтың саяси-құқықтық идеялары
л) Мұстафа Шоқайдың саяси-құқықтық көзқарастары
м) Мұхамеджан Сералиннің саяси-құқықтық көзқарастары
н) «Үш жүз» партиясының бағдарламасындағы саяси және құқықтық идеялар
о) КСРО-ның саяси және құқықтық ілімдері: негізгі бағыттары және олардың дамуы
Рефератты орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 15 беттен кем болмауы керек. Ол сыртқы парақ (титулдан), жоспары мен негізгі бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін алынған әдебиеттерге сілтемелер сілтеме жасалған беттің төменгі жағында 10 кегль көлеміндегі шрифте жазылады. Беттің параметрлері: жоғары және төменгі – 2 см; сол жақ- 3 см; оң жақ – 1,5 см; қызыл жол 0,8 см. Колонтитул жоғарғы және төменгі – 1,25 см. Жол арасындағы интервал – 1,5. Студент реферат тақырыбының біреуін таңдап алуға тиіс. Рефератты жазу үшін ең алдымен деректер мен оқулықтарды мұқият оқып шығу қажет. Рефератты теориялық ойлармен және тақырыпқа байланысты дәуір мен мемлекет және құқық туралы жалпы мәліметтерден таныстырудан бастаған жөн. Содан кейін тақырыпты ғылыми тұрғыда негіздеп жазу үшін құқықтық деректерге талдау жасап, қалыптасқан механизмді сұрыптап, мәселеге байланысты өзіндік анализ, тұжырым жасау керек.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер: Курс бойынша жазбаша жұмыстарды орындау барысында таңдап алынған тақырыптың сипатына байланысты 2.2; 2.3; 2.5; 2.6-нысандарда берілген әдебиеттер тізімін қолдану ұсынылады.Қосымша тіркеу қажеттілігі жоқ.
Ескерту: Сыртқы бөлім студенттері курс бойынша жазба жұмыстарын «Факель» автоматтандырылған алыстан оқыту ілеспе бағдарламасы бойынша жіберіледі.
2.6.2 Курстық жұмыс тақырыптары
Ежелгі Мысырдағы құқықтық және саяси ойлар
Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар
Ежелгі Қытайдағы саяси-құқықтық ойлар
Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімі
Көне Грецияның саяси және құқықтық ілімдері
Сократтың саяси-құқықтық көзкарастары
Платонның саяси және құқықтық ілімдері
Аристотельдің саяси және құқықтық ілімдері
Полибийдің мемлекет пен құқықты тарихи-саяси зерттеулері
Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі
Рим стоиктерінің саяси және құқықтық ілімдері. Сенека
Рим құқықтанушылары құқық туралы
Ерте христиандықтың саяси-құқықтық ілімдері
Арабтық Шығыс, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдердің ерекшеліктері
Исламның саяси-құқықтық идеологиясы
Аль-Фарабидің саяси және құқықтық ілімдері
Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімі. Халифат теориясы
Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері және ерекшеліктері
Августиннің саяси-құқықтық ілімі
Фома Аквинскийдің құқық және мемлекет туралы ілімдері
Ортағасырлық ересь идеологиясындағы мемлекет пен құқық мәселелері
Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары
Марсилий Падуанскийдің саяси және құқықтық ілімдері
Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімдері
Германия және Батыс Европаның өзге елдеріндегі Жаңғыру дәуірінің саяси-құқықтық идеологиясының басты бағыттары
Ж.Боденнің мемлекет пен құқық туралы ілімдері
ХҮІ-ХҮІІ ғғ.европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы
Табиғи құқық теорияларының жалпы сипаттамасы
Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері
Бенедикт (Барух) Спиноза құқық және мемлекет туралы
ХҮІІ ғасырдағы ағылшын төңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары
Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері
Джон Локктың саяси және құқықтық ілімдері
ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы саяси және құқықтық идеологияның негізі бағыттары
Вольтердің саяси-құқықтық көзқарастары
Ш.Л.Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімдері
Ж.Руссоның саяси және құқықтық ілімдері
АҚШ тәуе,лсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары
“Федералистердің” саяси және құқықтық ойлары (А.Гамильтон, Дж.Адамс, Дж.Мэдисон)
Радикалды демократтардың (республика шылдар) саяси және құқықтық ойлары (Т.Джефферсон, Т.Пейн, Б.Франклин)
Канттың құқық және мемлекет туралы ілімі
Гегельдің саяси және құқықтық ілімдері
Құқықтың тарихи мектебі
ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық идеологияның басты бағыттарының жалпы сипаттамасы
Бенджамин Констан мемлекет және тұлға бостандығы туралы
Иеремия Бентам өкілді демократия туралы
Огюст Конттың саяси-құқықтық ілімі
Марксизмнің (К.Маркс, Ф.Энгельс) саяси және құқықтық ілімі
ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің басты бағыттары
М.М.Сперанскийдің саяси және құқықтық көзқарастары
Декабристердің саяси және құқықтық идеялары
Ресейдегі құқық пен мемлекеттің либералды теориялары
ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы өзіндік саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы
Қазақ ағартушыларының саяси-құқықтық идеялары, олардың ерекшеліктері
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Шоқан Уалихановтың саяси және құқықтық идеялары
Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
Ыбырай Алтынсариннің саяси-құқықтық ойлары
ХХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар. Б. Сыртанов
Алихан Бөкейхановтың саяси және құқықтық көзқарастары
Жакып Ақпаевтың саяси және құқықтық көзқарастары
“Алаш” партиясының саяси-құқықтық идеологиясы және оның дамуы
ХХ ғасырдың саяси және құқықтық ойларының басты бағыттары және негізгі ерекшеліктері
ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары
ХХ ғасырдың саяси ғылымының саяси-құқықтық концепциялары
ХХ ғасырдың саяси қозғалыстарының саяси және құқықтық идеялары
КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар
Курстық жұмысты орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау: Курстық жұмыстың көлемі 25 беттен кем болмауы керек. Ол сыртқы парақ (титулдан), мазмұнынан, кіріспе мен негізгі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін алынған әдебиеттерге сілтемелер сілтеме жасалған беттің төменгі жағында 10 кегль көлеміндегі шрифте жазылады. Беттің параметрлері: жоғары және төменгі – 2 см; сол жақ- 3 см; оң жақ – 1,5 см; қызыл жол 0,8 см. Колонтитул жоғарғы және төменгі – 1,25 см. Жол арасындағы интервал – 1,5.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Курс бойынша жазбаша жұмыстарды орындау барысында таңдап алынған тақырыптың сипатына байланысты 2.2; 2.3; 2.5; 2.6 нысандарда берілген әдебиеттер тізімін қолдану ұсынылады. Қағаз үнемдеу мақсатында олардың жалпы тізімін қайтадан беру қажетсіз деп саналады.
2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
Тақырып |
Сабақ түрі |
Бағдарламалық өнім түрі |
Алу мүмкіндігі бар орын |
Арнайы дәрісхана атауы |
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері |
Дәріс
|
Аудио дәріс |
Кафедра
|
Мультимедиа лық кеңейтілген дәрісханалар |
Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер |
||||
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер |
Мультимедиа лық презентация |
|||
Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер |
||||
Орта ғасырдағы Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер |
||||
Ортағасырдағы Европадағы саяси және құқықтық ілімдер |
||||
Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси және құқықтық ілімдері ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер ХҮІІІ ғ.-ХІХ ғ. Басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер ХІХғ. бірінші жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар ХХ ғ. Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер |
||||
Барлық тақырыптар бойынша |
Дәріс |
Электронды дәрістер курсы |
Кітапхана |
Кітапхана |
Барлық тақырыптар бойынша |
Аралық бақылау |
Электронды тест |
Сұрақтары кафедрада |
Компьютерлік сыныптар |
2. 8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1.Брахманизм идеологиясы қандай шығармада көрініс тапты:
A)& Артхашастра
B) Одиссея
C) Құқық философиясы
D) Айтыс
E) Доктрина
*****
2.Конфуций мемлекеттің қандай концепциясын дамытты:
A)& патриархалды-патерналистік
B) психологиялық
C) психиатриялық
D) касталық
E) маркстік
*****
3.Қытайдағы легизм ілімінің өкілі:
A) Аристотель
B)& Шан Ян
C) Конфуций
D) Ману
E) Хамурапи
*****
4.Теңестіретін және үлестіретін әділдік түрлерін кім бірінші болып айқындаған:
A) Г. Кельзен
B) В.Ленин
C)& Аристотель
D) Б. Констан
E) К.Маркс
*****
5.Геометриялық теңдік әділдіктің қай түріне сәйкес келеді:
A) теңестіру әділдігі
B) тұтыну кеңдігі
C) жақын әділеттілік
D) алыс әділеттілік
E)& үлестіру әділдік
*****
6.Стоицизм ілімінің негізін салушы:
A)& Киттоннан шыққан Зенон
B) Фома Аквинский
C) Г. Пухта
D) Т. Джефферсон
E) Т. Пейн
*****
7."Нағыз заң -табиғатқа сәйкес барлық адамға бірдей берілген саналы ереже, бұл заңдар адамдарға парыздарын өтеу міндетін жүктейді, қылмысқа қорқыту арқылы тиым салады"-осы түсініктеменің авторы кім:
A)& Цицерон
B) Фома Аквинский
C) Гегель
D) В.И.Ленин
E) Ф. Энгельс
*****
8."Юстиция" деген ұғымды заң саласына кімдер енгізген:
A) Қазақстан заңгерлері
B)& Рим юристері
C) либералистер
D) федералистер
E) мұсылмандар
*****
9.Христиан шіркеуінің ресми идеологиясын айқындаған тұлға:
A) Шан Ян
B) Эпикур
C) Аятолла Хомейни
D) Әл-Фараби
E)& Ф.Аквинский
*****
10.Марсилий Падуанский "Әлем қорғаушысы"деген еңбегінде:
A) оқытудың кредиттік жүйесін жақтады
B) Қазақстан Республикасы Конституциясын мақтады
C)& шіркеуді сынға алды
D) стоицизм теориясын жақтады
E) И.Кант ілімін сынға алды
*****
11.Мұсылман құқығының қайнар көздері:
A) Император конституциялары
B) Президент жарлықтары
C)& Құран, Сунна, Иджма, Кияс
D) Дигетер
E) "Хабар"агенттігінің бағдарламалары
*****
12.Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі:
A) Құқық философиясы
B) Мемлекет және революция
C)& Патша
D) "Ақыл-ой ғасыры"
E) Адамгершілік метафизикасы
*****
13.Табиғи құқықтық доктринаны ғылыми түрде бірінші болып жан-жақты талқылаған ойшыл:
A)& Г.Гроций
B) Л. Гумплович
C) Н.И. Бухарин
D) Г. Спенсер
E) Н.А. Бердяев
*****
14."Адам адамға-қасқыр" деген тұжырымдама қандай философтың еңбегінде басым:
A)& Г. Гоббс
B) Әл-Фараби
C) Аристотель
D) Ф. Аквинский
E) Филофей
15."Мемлекеттен тыс жерде-адамдар арасында соғыс, өшпенділік, қорқыныш, кедейлік, қатыгездік, жалғыздық, варварлық, жабайылық, қайырымсыздық…"деген тезисті кім дәлелдеді:
A) В.И.Ленин
B) Августин
C) Ф. Аквинский
D) К.Маркс
E)& Г.Гоббс
*****
16.Дж. Локктың пікірінше мемлекеттің қалыптасуына дейін адамдар қандай жағдайда болған:
A) социалистік жағдай
B) революциялық жағдай
C)& табиғи жағдай
D) капиталистік жағдай
E) феодалдық жағдай
*****
17.Мемлекеттік билікті заң шығару, атқарушы және федеративтік тармақтарға бөлу идеясы кімнің үлесіне тиеді
A) В.И.Ленин
B) Хамурапи
C) Ману
D)& Дж.Локк
E) Гомер
*****
18.Спиноза табиғат құбылыстарын тануда қандай тәсілді қолданды:
A) априорлық
B)& дедуктивті-аксиомалық, математикалық
C) формациялық
D) опостериорлық
E) императивтік
*****
19.Христиан схоластикасын қалыптастырған адам:
A) Платон
B) Ж.П.Марат
C) Т. Пейн
D)& Августин Блеженный
E) Пифагор
*****
20.«Қайырымды қала" трактатында Әл-Фараби қаралатын мәселе:
A) саяси экономикаға байланысты
B)& әлеуметтік әділеттілік және еркіндік қоғамды арылту
C) позитивтік юриспруденция проблемалары
D) құқықтың "таза теориясы"проблемалары
E) құқықтың психологиялық теориясы
Дұрыс жауаптың кілті
Сұрақ нөмірі |
Дұрыс жауап |
Сұрақ нөмірі |
Дұрыс жауап |
1 |
А |
11 |
С |
2 |
А |
12 |
С |
3 |
В |
13 |
А |
4 |
С |
14 |
А |
5 |
Е |
15 |
Е |
6 |
А |
16 |
С |
7 |
А |
17 |
D |
8 |
В |
18 |
В |
9 |
Е |
19 |
D |
10 |
С |
20 |
В |
Студенттердің білімін бағалау өлшемдері
Дұрыс жауаптардың саны |
Бағасы |
19-20 |
Үздік |
16-18 |
Жақсы |
10-15 |
Қанағаттанарлық |
10 баллдан төмен |
Қанағаттанарлықсыз |
2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әдістері
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері
Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы
Ежелгі Мысырдағы құқықтық және саяси ойлар
Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар
Ежелгі Қытайдағы саяси-құқықтық ойлар
Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімі
Көне Грецияның саяси және құқықтық ілімдері(Гомер, Гесиод, “Жеті дана”, Пифагор және пифагорийлер, Гераклит)
Демократиялық ілімдердің дамуы. Демокрит, софистер
Сократтың саяси-құқықтық көзкарастары
Платонның саяси және құқықтық ілімдері
Аристотельдің саяси және құқықтық ілімдері
Полибийдің мемлекет пен құқықты тарихи-саяси зерттеулері
Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы
Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі
Рим стоиктерінің саяси және құқықтық ілімдері. Сенека
Рим құқықтанушылары құқық туралы
Ерте христиандықтың саяси-құқықтық ілімдері
Арабтық Шығыс, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдердің ерекшеліктері
Исламның саяси-құқықтық идеологиясы
Аль-Фарабидің саяси және құқықтық ілімдері
Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімі. Халифат теориясы
Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері және ерекшеліктері
Августиннің саяси-құқықтық ілімі
Фома Аквинскийдің құқық және мемлекет туралы ілімдері
Ортағасырлық ересь идеологиясындағы мемлекет пен құқық мәселелері
Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары
Марсилий Падуанскийдің саяси және құқықтық ілімдері
Қайта өрлеу дәуірінің саяси және құқықтық ойларының жалпы сипаттамасы
Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімдері
Германия және Батыс Европаның өзге елдеріндегі Жаңғыру дәуірінің саяси-құқықтық идеологиясының басты бағыттары
Ж.Боденнің мемлекет пен құқық туралы ілімдері
ХҮІ-ХҮІІ ғғ.европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы
Табиғи құқық теорияларының жалпы сипаттамасы
Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері
Бенедикт (Барух) Спиноза құқық және мемлекет туралы
ХҮІІ ғасырдағы ағылшын төңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары
Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері
Джон Локктың саяси және құқықтық ілімдері
ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы саяси және құқықтық идеологияның негізі бағыттары
Вольтердің саяси-құқықтық көзқарастары
Ш.Л.Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімдері
Ж.Руссоның саяси және құқықтық ілімдері
АҚШ тәуе,лсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары
“Федералистердің” саяси және құқықтық ойлары (А.Гамильтон, Дж.Адамс, Дж.Мэдисон)
Радикалды демократтардың (республика шылдар) саяси және құқықтық ойлары (Т.Джефферсон, Т.Пейн, Б.Франклин)
Канттың құқық және мемлекет туралы ілімі
Гегельдің саяси және құқықтық ілімдері
Құқықтың тарихи мектебі
ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық идеологияның басты бағыттарының жалпы сипаттамасы
Бенджамин Констан мемлекет және тұлға бостандығы туралы
Иеремия Бентам өкілді демократия туралы
Огюст Конттың саяси-құқықтық ілімі
Марксизмнің (К.Маркс, Ф.Энгельс) саяси және құқықтық ілімі
ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің басты бағыттары
М.М.Сперанскийдің саяси және құқықтық көзқарастары
Декабристердің саяси және құқықтық идеялары
Ресейдегі құқық пен мемлекеттің либералды теориялары
ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы өзіндік саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы
Қазақ ағартушыларының саяси-құқықтық идеялары, олардың ерекшеліктері
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Шоқан Уалихановтың саяси және құқықтық идеялары
Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
Ағартушы Ыбырай Алтынсариннің саяси-құқықтық ойлары
ХХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар. Б. Сыртанов
Алихан Бөкейхановтың саяси және құқықтық көзқарастары
Жакып Ақпаевтың саяси және құқықтық көзқарастары
“Алаш” партиясының саяси-құқықтық идеологиясы және оның дамуы
ХХ ғасырдың саяси және құқықтық ойларының басты бағыттары және негізгі ерекшеліктері
ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары
ХХ ғасырдың саяси ғылымының саяси-құқықтық концепциялары
ХХ ғасырдың саяси қозғалыстарының саяси және құқықтық идеялары
КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар
Мазмұны
Пәннің оқу бағдарламасы - SYLLABUS..............................3
Оқытушы туралы мәліметтер....…......….................……......3
Пән туралы мәліметтер…….….............................………....3
Курстың пререквизиттері..………............….....…................4
Курстың постреквизиттері………..............….......................4
Пәннің қысқаша мазмұны….............………...............…......4
Оқыту нәтижелері...............................………...............…......5
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және
өткізу кестесі...................................................................................6
Әдебиеттер тізімі……………………….....…………...........6
Баға туралы ақпарат …………………………….................16
Курстың саясаты мен процедурасы...............................16
Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар…...................17
Курстың тақырыптық жоспары………….............................17
Лекциялық сабақтар тезистері..................…..…..................25
Семинарлық сабақтар жоспары………..…..........................75
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттер
өзіндік жұмысының жоспары......................................................101
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша
сабақтар жоспары……..………………......................................113
2.6.1.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары...........129
2.6.2. Курстық жұмыс тақырыптары..........................................130
Оқу сабақтарына бағдарламалық және
мультимедиалық ілеспе...............................................................133
Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары.........…............135
Курс бойынша емтихан сұрақтары......................................139
ОӘК Мемлекет пен құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды
2012 жыл 20 ақпан №9 хаттама
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды, бекітілді.
2012 жыл 6 сәуір №5 хаттама
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні бойынша
050301 – Юриспруденция мамандығы үшін
5В030100 – юриспруденция мамандығы үшін
5В030200 – халықаралық құқық мамандығы үшін оқу әдістемелік кешен
Ахметова Нейля Сейсембекқызы
Байжанова Гулзира Төлепбергенқызы
_______________________________________________________
Басуға ________. 2012 ж. қол қойылды. Пішімі 60*84. 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі __ ес. б.т. Таралымы ____Тапсырыс № __
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің баспасы
100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
