Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси кукык илим тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.2 Лекциялық сабақтар тезистері Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні. Оның заң ғылымдары жүйесіндегі орны. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының құқық және мемлекет теориясы және тарихымен өзара байланысы.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні әртүрлі елдердегі саяси-құқықтық идеология мен теорияның мазмұны және даму мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш пәнді әлемнің әртүрлі халықтарының саяси-мемлекеттік және заңдық қалыптасуының дамушы қоғамтанудағы дүниетанымдық және концептуалдық көрінісі ретінде анықтауға болады. Бұның барлығы өз заманының ақыл-ойы мен саясатына ықпалын тигізген танымал ойшылдар мен әртүрлі мектептердің шығармаларында көрініс тапты. Саяси-құқықтық пән ретінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы шетел мемлекеті мен құқығы тарихына, отандық мемлекет пен құқық тарихына, жалпыадамзаттық тарихқа жақын. Екінші жағынан, ол мемлекет және құқық теориясын, құқық философиясын және өзге заңдық пәндердің теориялық аспектілерін, сондай-ақ саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, логика, философияларды зерттеумен байланысты. Пәннің маңыздылығы саяси-құқықтық доктриналардың замандас мемлекетінің құқықтық (заңдық, қылмыстық, пенитенциарлық және өзге де) саясатына ықпалын тигізгендігімен және тигізетіндігімен; мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік басқаруды қалыптастыруда жүзеге асатындығымен; құқық табиғатына деген көзқарастарды оның барлық компоненттерін ажырата отырып талдайтындығымен және мемлекет пен құқықтың тарихи байланысын көрсететіндігімен түсіндіруге болады.

Пән студенттерді ұлы ежелгі өркениеттер дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі көрнекті ойшылдармен, танымал мектептер және дәстүрлермен болашақ маманның жалпы және саяси-құқықтық мәдениеті іргетасын қалай отырып таныстырады.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әдістері. Тарихилық пен логикалықтың (теориялық) арақатынасы.

Саяси-құқықтық доктриналар мазмұнын түсіну және игеру үшін ғылым мен оқу пәнінің ара жігін ажырата білу қажет. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші ғылымда әртүрлі ғылыми әдістер, соның ішінде тарихи және логикалық зерттеу әдістерінің бірлігін талап ететін жалпыфилософиялық әдіс қолданылады. Оның біріншісі ілімдердің пайда болуы мен дамуын қарастыратын болса, екіншісі іргелі ережелердің шыңдалғандығымен ерекшеленеді және саяси-құқықтық ойдың дамуына, әртүрлі әлеуметтік күштер мен жалпы мемлекеттің саясатына үлкен әсерін тигізеді. Өз алдына логикалық әдіс құрылымдық (ілімнің құрамдас бөліктерін және олардың байланысын талдау) және функционалдық (ілімнің қоғамдағы ролі мен ықпалы), ал тарихи әдіс салыстырмалы (бұрынғы және кейінгімен, сондай-ақ тұстас ілімдермен салыстыру) және биографиялық (қандай да болмасын ойшылдың өміріндегі атаулы фактілерді зерттеу) әдістеріне сүйенеді.

Сонымен, саяси-құқықтық доктринаны қарастыру барысында: а) оның дүниетанымдық (философиялық, діни) негізін; ә) теория-әдістемелік мазмұнын (категориялар, түсініктер, әдіс); б) берілген саяси (құқықтық) ілімге негізделген нормативті-құқықтық жобаларды, саяси бағдарламаларды, декларацияларды, манифестерді, сондай-ақ осы доктринаның элементтерін қолданушы қоғамдық қозғалыстарды бағамдап талдау қажеттілігі бар.

Теориялық, саяси және құқықтық сана және оның құрылымы. Идеялар, концепциялар, ілімдер (теориялар, доктриналар), мектептер, ой ағымдары және бағыттары. Саяси және саяси-құқықтық сана типтері.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері:

Ежелгі дүние (жобамен б.д.д. ХХ – ХҮІІІ ғғ. бастап)

Орта ғасыр (Ү ғ. бастап ХҮІІ ғ. басына дейін)

Қайта өрлеу және Жаңғыру дәуірі, кейінгі Ортағасырды тәмамдаған (ХІҮ-ХҮІ ғғ.)

Буржуазиялық төңкерілістер дәуірі (ХҮІ ғ. - ХХ ғ. басы)

Еркін бәсекелестік кезеңі (ХІХ ғ. бастапқы үш ширегі)

Имперализм және кеңестік төңкеріліс кезеңі (ХІХ ғ. соңғы үштігі – ХХ ғ. бірінші жартысы)

Соғыстан кейінгі кезең (1945 жылдан кейін)

Жаңа дәуір ( ХХ ғ. 90-шы жылдарынан бастап).

ХІХ-ХХІ ғғ. басындағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;40;52;76;136-148.

Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.

№2.Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы көзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Көне Өсиет», «Авеста». Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары. «Ману заңдары». Джайнизм және буддизм. «Артхашастра» трактатындағы саяси және құқықтық теориялар. Ежелгі Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар. Лао-цзы және даосизм ілімі. Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Моцзыдың әлеуметтік-саяси және құқықтық идеялары. Фацзя (легистер) мектебінің мемлекет және заң ілімі. Шан Ян.

Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті кызғыштай қорғайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды. Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінен көрінеді.

Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы саналады. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндеті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Кьггай жерінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық касиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, ең алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді кім жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халық, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді

Әдебиеттер: 1-16;18-22;29;31;35;40;48;52;65;72;76;81;84;85;

88;97;100;104;106;111;126;136-148.

Тақырып 3. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер

Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ойлар: негізгі бағыттары және мәселелері, көрнекті өкілдері. Ерте кезеңдегі саяси-құқықтық ойлар. Пифагор. Гераклит. Сократтың саяси және құқықтық идеялары. Платонның мемлекет және құқық туралы ілімдері, оның философиялық негіздері. Мемлекет нысанын жіктеу және мемлекет нысандарының айналымы идеясы. Идеалды мемлекет үлгілері. Аристотельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. Аристотельдің «Саясаты». Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет нысандары және олардың эволюциясы. Полибийдің саяси және құқықтық идеялары. Полибий саяси өмір нысандарының айналымы туралы. Аралас мемлекет концепциясы.Б.з.д. мың жылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epлiк кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекетінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер, Полибий)

Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлгілі мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандық Хилонның "Заңға табын" деген шақыруы Дельфадағы Аполлон храмына ойылып жазылды. "Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атақты реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде қалған. Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демостық және оған қосылған евпатридтердің мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаскесіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады.

"Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.

Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибий олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамытылды.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;52;67;76;81;84,94-96;136-148.

Тақырып 4. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер

Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдердің жалпы сипаттамасы. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықтық идеялары. Сенека. Рим юристері құқық табиғаты және жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жария және жеке құқық. Ерте христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Інжіл. Августиннің саяси-құқықтық ілімі.

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августин шешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді. Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "coт — сөйлейтін заң, ал заң — әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері: Луций Анней Сенека /3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/ және Марк Аврелий Антонин.

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе — жеке адамдардың құқық мәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere — сот ісіне көмектесу.

Азаматтық құқық жинақталған Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;52;76;81;106;136-148.

Тақырып 5. Орта ғасырдағы Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер

Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының негізгі ерекшеліктері. Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар көзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм.

Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы көзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері». Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.

XI ғасырдан бастап мұсылман қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.

Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Ханифиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізін салушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).

Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.

Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған. Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мүсылмандық билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды "Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Мүсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайындауымен емес, қауым мен халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әлидің тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады.

Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын өзінің барлық іс-әрекеттерінде мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа альш отыруынан, қол астындағылардың мүддесі мен жалпы игілігін және олардың ар-ожданын қорғау істерінен және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.

Шыққан тегі жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзінің философиялық жүйесін ақыл-ой негізінде құрды, сондыктан да оның ислам дінімен амалсыз соқтығысуына тура келді. Аристотельдің еңбектеріне сүйенген ол о дүниедегі өмір туралы және дүниені құдай жаратты деген діни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгі-бақи өмір сүруде, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың іс-әрекеттері құдайдың қүдіретімен емес, өзінің ішкі табиғи заңдарымен жүреді деп түсіндірді ол. Табиғи заңдылықты негізге алған Ибн Рушд мемлекеттің пайда болуын құдайдың ісі емес, адамдардың жердегі тәртіпті сақтауға ұмтылуынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді.

Әл-Фарабидің саяси көзқарастарына ұқсас концепцияны Ибн Сина да ұсынды. Саясатқа деген мұндай көзқарас онын адамгершілік мазмұнымен байланыстырылған. Бүкіл араб философиясына тән болып келген саяси адамгершілік мазмұны оның теориялық негізінде болып саналады. Әл-Фарабидің саясаттын басты мақсаты бақытқа жеткізу болып табылады деген тезисіне шын пейілмен ықылас қойған Ибн Сина мұсылман философиясы мен ойындағы ірі өкілдерінің бірі боп саналады

Мұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі даму сатыларымен салыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі басқару формаларының классификациясын жасады.

Ибн Халдуннын ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы мен агрессиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады. Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.

Ибн Халдунның пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт сатыдан өтті:

  • Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"

  • Халифаттың сыртқы белгілерін сақтай отырып, біртіндеп монархияға көшуі (Омеядтар әулеті кезеңіндегі халифат)

  • Халифаттың толық монархияға айналуы (Аббасидтер әулеті кезкезеңіндегі халифат)

  • Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың, Мысырды османдық түріктердің жаулауы).

Ибн Халдун басқару формасының үш түрін 1) "табиғи" мо­нархия; 2) "саяси" монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.

Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монар­хия өзінін мақсатынан басқа еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан "саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге негізделеді, халық мүддесін қорғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.

Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына қарамастан, жоғары әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшін оған басымдық береді. Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;33;39;44;48;54;76;85;116;136-148.

Тақырып 6. Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер

Ортағасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ойлардың негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Фома Аквинскийдің құқық пен мемлекет туралы ілімдері. Билік мәні және нысандары. Шіркеу билігі мен зайырлы билік арақатынасы. Заң түрлері. Батысевропалық ортағасырлық еретиктер қозғалысының және шаруалар көтерілісінің саяси және құқықтық идеялары. Ортағасырлық заңгерлердің құқық туралы идеялары. Глоссаторлар және постглоссаторлар. Марсилий Падуанскийдің саяси-құқықтық ілімі. Халық билік қайнар көзі ретінде.

ХІ-ХІҮ ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар. Ресейде орталықтандырылған мемлекет құру кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. «Москва – үшінші Рим» теориясы.

Эволюциялық даму нәтижесінд қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:

  • Ерте феодалдық кезең (V—XI ғ.ғ. ) Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси батыраңқылыққа ұшырады.

  • Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. ортасынан — XV ғ. соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі — өкілді монархиялар өмір сүрді.

  • Кейіңгі орта ғасыр (XV ғ. соңы — XVII ғ. басы) Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болды, абсо-лютті монархиялық билік орнады.

Батыс Европалық орта ғасырлық саяси-құқыктық ойдың басты ерекшелігі оған сол кездегі христиан діні мен рим католиктік шіркеуінің едәуір ықпал етуі болды. Шіркеу орта ғасырлардағы рухани өмір саласына шексіз билік етті. Орта ғасырлық христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының түп тамырын белгіледі, адамдар санасына үстемдік етті

Шіркеу идеологтары мемлекеттін қуаттылығы шіркеудің камқорлығының нәтижесі деп түсіндірді. Осыдан келіп христиан дінінде мемлекеттердің христиан шіркеуіне бағыну міндеттілігі пайда болды. Сол кездсгі саяси-құқықтық ойдын басты мәселелерінің бірі де қоғамдық өмірде қай билік (ұйым) — рухани (шіркеу) немесе азаматтық билік (мемлекет) басымдықка ие болуы керек деген сұрақ төңірегінде болды.

Фома Аквинскийдің айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы қүдайлық сананың жалпы принциптері, универсальды нормалар — мәңгі заңдар тұрады. Мәңгі зандар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі зандар негізінде пайда болған. Табиғи заңдар — мәңгі зандардың адам санасындағы бейнеленуі болып табылады. Табиғи зандарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) зандары қызмет етеді Оның мақсаты — адамдарды күшпен жәнс қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады. Этика ілімі негізінде Ф Аквинский құқық туралы концепциясын жасады.

Аквинат, сонымен қатар, құл иеленудін сақталуын жақтады, жеке меншік пен әлеуметтік теңсіздікті, қоғамның сословиелік ұйымдасуын дәлелдеу арқылы адамдарды оған көнуге шақырды. Аквинский өзі қарастырған мемлекеттік құрылымдағы бес форманың ең дұрысы деп монархияны таңиды. Оның пікірінше. егер монарх тиранға айналса, халық оның билігіне қарсы шығып, оны биліктен тайдыруға құқылы. Бірақ, ол халыктың мемлекет басшысына қарсы шығуын, осы басшының іс-әрекеті шіркеу мүддесіне қайшы келгендс ғана мүмкін деп есептейді.

М. Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірак, М. Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға — төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелсрі, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделерінс ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.

М. Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінін айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айкындайды.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;26;30;31;40;47;52;76;136-148.

Тақырып 7. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси және құқықтық ілімдері

Қайта өрлеу дәуірінің саяси және құқықтық ойларына жалпы сипаттама. Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімдері. «Әмірші». Макиавелли мемлекет түсінігі, пайда болуы және нысандары туралы, саясат міндеттері және құралдары туралы. Макиавеллизм.

Германия мен Батыс Европаның өзге елдеріндегі Жаңғыру дәуіріндегі саяси-құқықтық идеологияның негізгі бағыттары. Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Жан Кальвиннің саяси-құқықтық идеялары.

Контрреформация. Иезуиттер.

Жан Боденнің мемлекет және құқық туралы ілімі. Мемлекеттік егеменділік теориясы. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы. Томас Мордың «Утопиясы» мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы».

Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н Макиавелли, Ж Боден), екіншісі — католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар (М Лютер, Т Мюнцср, Ж Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялық утопист социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т Mop, T Кампанелла)

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылды.

Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілгсн ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі", 1519 жылы "Әскери өнер туралы",1520 жылы "Флоренция тарихы" және тағы басқа еңбектерін жазады.

Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаналығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ол саясат коғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдык өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердін қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күндер арасындагы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардын шешімі өзгерістер мен қайта құрулар.

Макиавеллидің айтуынша, әлемде тендей дөреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ, олар бір елден екінші елге жылжи отырьш, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде жауыздык пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің жәнс басқа да факторлардың ыкпалымен үнемі озгеріп отырады. Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамаңдыктың жалпы жиынтығы өзгеріссіз калады.

"Макиавеллизм" деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте өз мақсатына калай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердін арасыңда кеңінен таралды. Макиавеллидің бүл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар.

Макиавеллидін айтуынша, халықты өзіңе толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі —халықтың билеушіге деген сүйспеншілігі, екіншісі — оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және қолайлы деген мөселеде Макиавелли "сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ал олардың біреуін тандау қажет болғанда, қорқынышты тандау тиімдірек болады" деген қорытыңдыға келеді.

Ол Полибийдің басқарудың дұрыс формасы — монархия, аристократия, демократиясын және үш дұрыс емес формасы — тирания, олигархия және охлократияны бөліп қарайды. Онын алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңгы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді. Мемлекет формаларының бұлайша алмасуын Макиавелли күштер арақатынасының нәтижесі деп есептелді.

ХУІ ғасырдьщ І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты — рим-католик шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.

Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және ірі қайраткері немістің діни ғалымы Мартин Лютер болды. Бүкіл Германияны дүр сілкіндірген реформацияның саяси-құқықтық және діни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын. Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәні кешіретін грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозгалыстың бастамасын салып берді. Мартин Лютердің саяси-құқықтық жүйедегі көзқарасын жақсы түсіну үшін 1-ден оның XVI ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ Реформацияның революциялық лагеріне қарсы болғандығын, 2-ден оның өзінің ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет.

М. Лютер ілімінін басты қағидасы — адам сену арқылы ғана Корғаныш таба алады деген тезисі болып табылады. Әрбір сенушi өзінің жасаған әрекеттері үшін құдай алдында өздері ғана жауап береді және бұл кезде дін иелерінің көмегінін қажеті жоқ. Рим папасынан шаруаға дейінгі барлық адам құдай алдында бірдей. М. Лютерлің бұл қағидасы теңдік туралы ерте буржуазиялық ең алғашқы ұсыныс болды. Лютердін айтуынша, құдай жолын ұстану, христиандық өмір салтын кешу әркімнін жан дүниесіне байланысты бейбіт тәртіпке негізделуі тиіс. Ал бұл тәртіп құдай заңдары арқылы емес, ақсүйектік билік мекемелерінің қолдауы арқылы табиғи түрде жүзеге асуы керек.

Адамның ішкі жан-дүние бостандығы мен діни сенімі мемлекет заңынан тысқары болуы тиіс. Мемлекет билеушілері өздерін халықтың билеушісі емес, қызметшісі ретінде сезінуі керек деп есептеді М. Лютер. Бірақ ол мемлекеттің демократиялық құрылымы туралы ойдан аулақ болды. Ол бұқара халықты билеушіге бағынуды жәнс оған қарсы көтеріліс жасамауға шақырды.

Мюнцердін тікелей қатысуымен шыққан "Баптар бойынша жазылған хатта" халықтың қайыршылық жағдайда одан әрі өмір сүруінін мүмкін емес екендігі айтылды. "Осы кезеңге дейін шіркеу мен өкіметтің тарапынан адам айтқысыз ауыртпалық көріп, жапа шеккен халық бас косып толық азаттыкқа жетуі керек". Ал бұл міндеттерді шешу аталған құжатта "Жалпыға пайдалы цринциптердің негізінде өмірді жанартып, қайта құру мақсатымен барлық сезілген халык бас қосып біріккен жағдайда ғана жүзеге асырылады" деп атап көрсетілді.

Реформациялық қозғалыстың көрнекті идеологы және ықпалды қайраткерлерінің бірі Жан Кальвин (1509—1564) болды. "Христиан дініндегі өсиет". Бұл шығарманың діңгегі — Құдайдың адам тағдырын алдын-ала белгілеп қоюы туралы догматы еді.

Кальвин бойынша тағдыр жазмышы ешкімнің де жеке әрекетіне байланысты емес және ешкім де өзінін, болашақ тағдырын болжай біле алмайды, ешкім де оны өзгерте алмайды. Оның айтуынша, байлық та, кедеилік те, сәттілік пен сәтсіздік те құдайға шын ниетімен сенуді айқындаитын сынақ болып табылады. Адамдардын барлығы да өзінің әлеуметтік және лауазымдық жағдайына карамай өздерін құдайдың құлымын деп үғынуы тиіс. Және оны аянбай еңбек етіп жақсы нәтижелерімен дәлелдеуге міндетті.

Феодалдық-монархиялық топтарды олардың жасаған зорлык-зомбылығы мен әділетсіздігі үшін сынаған ол, барлық мемлекеттік билікті құдайлық деп жар салды. Кальвиндік идеология тарихта елеулі роль атқарды. Ол Батыс Европадағы алғашқы Нидерланды буржуазиялык, революциясынын жеңіске жетуіне және елде республиканың орнауына ықпал етті. Кальвиндік идеология негізінде Англия мен ІІІотландияда республикалық партиялар құрылды. Реформацияның басқа да идеялық ағымдарымен бірге кальвинизм XVII—XVIII ғасырлардағы буржуазияның саяси-құқықтык көзқарасының негізін дамытуға септігін тигізді.

Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың (156S—1639) "Күн қаласы" шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өндірісті әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдің қала- мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан тұрады. Бірінші —әскери іс, екіншісі — ғылым, үшіншісі — өндіріс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналық, Сүйіспеншілік) басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте — бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім шығару соның қолында.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;42;57;77;89;108;110;111;

124;136-148.

ХҮІІ-ХІХ ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер

№8.ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер

Өндірістік қоғам қалыптастыру дәуіріндегі ерте төңкерілістер кезеңіндегі саяси және құқықтық идеологияның жалпы сипаттамасы. Табиғи құқық теориясының жалпы сипаттамасы.

Голландиядағы ХҮІІ ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер. Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Табиғи құқық теориясы. Гроций мемлекеттік билік егемендігі, халықаралық құқық, соғыс және бейбітшілік туралы.

Бенедикт (Барух) Спинозаның құқық және мемлекет туралы ілімі. Азаматтардың ажырағысыз құқығы және мемлекеттік билік әрекетінің шегі туралы.

ХҮІІ ғасырдағы ағылшын төңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары.

Роялистердің саяси және құқықтық идеялары.

Роберт Филмердің саяси көзқарастары.

Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері. «Левиафан». Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының ерекшеліктері. Гоббс іліміндегі құқық және заң. Индепенденттердің саяси және құқықтық идеялары. Джон Мильтон және Олджернон Сидней мемлекеттік егемендік иегері және қайнар көзі ретіндегі халық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы. Джеймс Гаррингтон меншік пен билік арақатынасы туралы.

Левеллерлердің саяси-құқықтық идеологиясы. Джон Лильберн табиғи құқық туралы. Халық егеменділігінің ажырағысыздығы идеясы.

Джон Локктың либералды саяси және құқықтық ілімінде 1688 жылғы Англиядағы әлеуметтік-саяси келісімді негіздеу. Адамның ажырағысыз құқықтары. Билікті жіктеу теориясы.

Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың) ерте буржуазиялық ілімінің негізін қалаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.

Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымына қарай өзгермелі келеді, ал табиғаттан шыққан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтық қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық прин-ципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

Оның айтуынша "мемлекет — ерікті адамдардың жалпы мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылған одағы". Гроций бойынша "құқық күштінің ғана еркі".

Соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлген ол, "барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары" деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлекеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын, ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған "халықаралық құқықтың атасы" деген атақ берді.

Ерте буржуазиялық саяси және құкықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқыктық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Гео-метриялық әдіспен дәлелденген этика".

Спиноза "Діни-саяси толғау" трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды "Екі ақиқат" концепциясын басшылыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көмегі шамалы деп есептеді. Шындыкты іздеудің бірден-бір жолы Спиноза ілімі бойынша ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді.

Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда катар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттін табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан нсмесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады. Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттін бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр. Мемлекеттік шарт теориясының басты ерекшелігі, "әркімнің азаматтық қоғамдағы табиғи құқығы токтатылмайды", өйткені, адам­дар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы заңдар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен кауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен корқады.

"Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен өзіндік қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) өздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және мәңгі) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк өзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке ие болу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдар ешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке өтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

Зандылық режимін батыл қабылдаған ол "мемлекетте жоғары билікке кім ие болса да халық келісімі бойынша жарияланган тұрақты заңдар арқылы баскаруды" талап етті. Зандар сол кезде "оны бәрі білген және орындағанда ғана" мемлекеттің басты және ұлы мақсатына жетуіне мүмкіндік жасайды. Онын бұндай позициясы XVIII—XIX ғасырларда буржуазиялык саяси-құкықтық ойда дамытыла бастаған "құқыктық мемлекет" идеясын алдын-ала анықтаған еді.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;51;52;55;74;76;105;109;

136-148.

Тақырып 9. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер

ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы саяси және құқықтық идеологияның басты бағыттары. Ағартушылықтың саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның дамуы.

Вольтердің саяси-құқықтық көзқарастары.

Шарль Луи Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімі. Заңнама сипатын анықтайтын факторлар. Биліктің бөліну концепциясының ерекшеліктері.

Жан Жак Руссоның саяси және құқықтық ілімдері. Руссо мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы, мәні және нысандары туралы. Халық егеменділігі теориясы. «Жалпы ерік» және «барлығының еркі» түсініктері.

Утопиялық социализмнің саяси-құқықтық идеялары (Жан Мелье. Морелли. Габриэль Бонно де Мабли).

Ұлы Француз төңкерілісі кезеңіндегі саяси-құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Жирондистердің саяси және құқықтық идеялары. Жан Бриссо. Жан Антуан Кондорсе. Якобиншілердің саяси-құқықтық идеологиясы. Максимильен Робеспьер. Жан Поль Марат. Робеспьер төңкерілістік және конституциялық үкімет және төңкерілістік диктатура туралы.

1789 және 1793 жылдардағы Адам және азамат құқықтары декларациясының саяси-құқықтық идеясы. Утопистік коммунизмнің саяси идеологиясы. Гракх Бабеф.

Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге карағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның зандарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың қүқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

Француз ағартушылары өз еңбектерінде коғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам қүндылықтары сияқты сұрақтарга жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылык пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-қүқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірак оның шығармаларында мемлекет, саясат, кұкық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық кайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзкарастарынан басты ерекшелігі — бостандык, рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылык еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген канатты сөзі де бар.

Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жактай койған жок. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға төуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды

Шарль Луи Монтескье — француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал зангер және саяси ойшыл. Ол құкықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды.

Монтескьенің саяси-кұқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндгі заң шығару принциптері мен бұл зандардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың тендігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуіне тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мсмлекеттер үшін деспоттык, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялык түрі тиімді деп есептейді.

Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетсді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандьіқты камтамасыз ететін заңдар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын камтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекттік құрылыстың бостандығы бар кұрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

Монтескье сонымен бірге саяси бостаңдық ойына келгеннің бөрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заңмен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы іліміннің құрамды бөлігі оның заңдарының әртүрлі разрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдашйшылық құқықтармен (діни құқық) шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойьінша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттерінен ғана.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды".

Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл билікті Руссо егемендік дсп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді.

Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқьілы.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;49;57;66;76;79;84;102;106;

109;122;136-148.

Тақырып 10. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер

Саяси және құқықтық ой негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.

«Федералистердің» саяси және құқықтық идеялары. Александр Гамильтон. Джеймс Медисон. Джон Адамс. Джон Джей. Конституционализм және федерализм идеялары. Биліктің бөлінуі теориясы.

Радикалды демократтардың (республикашылар) саяси және құқықтық идеялары. Томас Джефферсонның саяси және құқықтық көзқарастары және олардың «тәуелсіздік декларациясында» көрініс табуы. Томас Пейннің саяси-құқықтық көзқарастары.

Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775—1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штат­тардың одағын нығайту жәнс тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1781 жылдың мамыр айында конституциялык Конвент құрылды. Ол барлық сословистік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, ресиубликалық құрылысты бекітетін ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап шығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялык бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революциияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жана мемлекттік құрылымды калыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.

Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамиль­тон (1757—1804) кең ауқымда көзқарастағы мемлекет кайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеушілердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдык өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды.

Бір орталыкқа бағынған мемлекеттің муддесін көздейтін федералистер халық билігінің үстемдігі туралы демократтардың пікірлерімен келіскенімен, билікті тобырдың жаман әдеттері мен қасиеітерін ауыздықтау қажеттілігімен байланыстырды, өйткені онсыз халық ешқашанда ақыл-ой мен әділеттіліктің еркіне бағынбайды. Федералдық конституцияның жобасына коммен­тарий турінде жазылған "Федералистердің ескертпелері" деп аталатын жинақта билік пен баскарудың барлық түрлерінде де өз артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны айтылған. Саяси шындықты бұлай бағалау федералистерді ағартушы-демократтармен жақыңдастырды.

Өзінің саяси көзкарасы жағынан федералистер тобына Джон Адамс (1735—1826) та жатады. Ол саяси ғылым және мемлекет мәселелері бойынша алғашқы фундаменталды (іргелі) еңбектің авторы, көпішліктің басқаруына жуйелі түрде қарсы шыққан және казіргі консерватизмнің идеядық көшбастаушыларының бірі болып табылады. Адамс қарыз бен сыбайластыққа баткан Англиядан бөлініп, колониялардың заң шығарушы және әкімшілік дербестігін негіздеуде Джефферсонды қолдады. Дж. Адамс алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қүрылымды ең маңызды және өзекгі мәселе ретіңде қарастырды. Өзінің "Америка Қүрама Штаттарындағы өкіметтік биліктің конституциясын қорғау" атты көлемді үш томды монографиясында биліктің үш тармағының ажыратылуы мен тәуелсіздігінің қажсттілігін негіздеді.

Монархия, аристократия, демократия сияқты басқарудың қарапайым формалары оның түсіндірмелерінде деспотизмнің көрінісі ретіндс байқалады. Адамстың идеалы ~ баскарудың аралас формасы, үш элементтен тұратын баланс: атқарушы билік. парламенттің жоғары аристократиялык және төменгі демократиялық палатасы — осылар бірігіп азаматтық биліктің теңестірілген формасын құрайды,

Джеймс Мэдисон (1751 — 1836) Филадельфия конвентіне қа-тысушы, "Федералист" авторларыныц бірі, "американ конститу-ииясының әкесі" деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағ-дайындағы республикалық баскару идеясын дайындауға билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция кон-цепциясына және т.б. қомақты улес қосты.

Мэдисонның шығармашылығында ғасырдың көптеген идеялық дәстүрлері қиюласып келеді: коғамдық шарт және табиғи құқық дәстүрлері, өкіметтік билік салаларын конституциялық реттеу және адам құқықтары туралы заң жобаларына философиялық комментарийлер беру, сондай-ақ шотландтық. философ-эмпириктердің, ағылшын вигаларының мүрзсына ой толғау және ертедегі республикалардың тәжірибесін кайта пайымдау.

Мэдисон Монтескьенің ізінше биліктің үш тармағының ажыратылуын жақтады, алайда олардың бөлінісіне келгендегі тенсіздікке орай қиыншылықтар туындады. Осған байланысты "ұстамдылықтар және қарсы қоюшылықтар" деп аталатын жүйе кұру идеясы пайда болды.

Американ демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737—1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Теуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемсөзге) айналды.

Пейн өзінің "Зерделі пайым" памфлетінде (1776 ж. қаңтар) дұрыс ойланатын американдық патриоттың атымен штаттардың респлбликалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мүрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Пейннің пікірінше, Америка ісі барлық адамзаттың ісі болып табылады және барлық адамзаттың табиғи құқықтарының жауларымен күрескендерді толық жақтайтындығын білдірді.

Американ колониялары тәуелсіздігінің либералды қорғаушысы бола отырып, француз революциясының практикасы мен идеяларын консервативті тұрғыда сынаған Э. Беркпен пікірталас барысында Пейн, бұл сыншының ұсынылған құқықты исламданған құқықпен шатастырғанына назар аударады. Берк үшін мемлекет — адамзат даналығының туындысы, ал адам құқығы — адамдардың қайырымдылық. пен зұлымдық аралығын таңдау барысындағы саналы талаптары. Пейн ойынша, биліктің пайда болуы мен емір сүруі тек бағыныштылардың келісіміне ғана негізделеді. Басқарудың барлық формаларын ол екіге бөледі: сайламалы-өкілдік және мұрагерлік басқару. Біріншісі респуб­лика болса, екіншісі — монархия және аристократия. Баскару билігі талант пен қабілеттілікті қажет еткендіктен, ал талант пен кабілет мүрагерлік арқылы берілмейтіндіктен, ең надан ел ғана монархиялық және аристократиялық басқаруды қанайды.

Адам құқығы — бұл адамның алеуметтік болмысының қасиеті және сонымен бірге, "өкіметтік биліктің принципі". Бұл қасисттердің болуы тез дамуға жағдай жасайды. "Адам құкықтары республикалық баскарудың принципі мен қажетті атрибутьін құрайды және өзінің осы сапасында барлық өркениетті халықтардағы зайырлы баскарудың атрибуты болып табылады. ("Адам құқықтары" памфлеті, 1791 ж.).

Томас Джефферсон 0743—1826) өз дәуірінің атакты замандастары сияқты философиямен айналысуды мемлекеттік және қоғамдық кызметтегі улкен белсеңділікпен біріктірді,

Ағылшын короліне анонимді ашық хат ретіндс жариялаған Джеффершнның брашюрасы "Британ Америкасының құқықтарына жалпы шолу" деп аталады. Осы жұмысының өзінде-ақ жас философ және публицист "табиғат заңдары бойынша алынған құқықтарын" қайта кайтару қажеттілігі туралы тезисін негіздеді. Арнау "шынайы тілмен" жазылды және онда король "халыққа пайда әкелу үшін сайланған, халық тарапынан бақыланып отыратын, күрделі мемлекеттік машинаның жұмысына комектесетін, заңмен тағайындалған өз халқының басты шенеулігі" ретінде сипатталады. Діни наным-сенім еркіндігіне деген қүқықты қорғай отырып Джсфферсон оны табиғи құқықтардың қатарына жаткызады.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;45;56;76;106;112;114;

136-148.

Тақырып 11. ХҮІІІ ғ.-ХІХ ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер

Иммануил Канттың құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Қатаң императив». «Құқықтық азаматтық қоғам» идеясы. Тең құқылы республикалардың дүниежүзілік федерациясы идеясы. Мәңгі бейбітшілік жобасы. «Мәңгі бейбітшілікке».

Г.В.Ф.Гегельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Құқық философиясы». Құқық түсінігі және оның даму сатылары. Биліктің бөлінуі және органикалық бірлігі концепциясы. Гегель халықаралық құқық, соғысжәне бейбітшілік туралы.

Құқықтың тарихи мектебі. Г.Гуго. Ф.К.Савиньи. Г.Пухта. Құқықтың стихиялы дамуы. Рух, халық санасы және құқық. Тіл және құқық.

Иммануил Кант (1724—1804) — классикалық неміс философиясының көшбастаушысы және құқьіқтың казіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы.

Кант философиясы танымның эмпирикалық (тәжірибелік) априорлық (тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға негізделеді.

Адамның жүріс-тұрыс әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағидаларға сүйенді. Оның практикалық философиясының құрамдас бөліктері — этикасы мен құқық туралы іліміндегі негізгі рөл априорлы идеяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер табиғатты тану барысында "ақиқаттың негізгі кайнар көзі тәжірибе" болса, ал адамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы сиякты мораль мен құқықтың теориясын калыптастыруға болмайды. Моральдық философияның міндеті ақыл-ойға сүйене отырьп адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруІнде ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беру болып табылады.

Кант рационализмінің тағы бір ерекшелігі философтың адамгершілік пен құқықты теориялық білім қатарынан шығарудан бас тартуымен сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда Руссо негізінен қалаған демократиялық дәстүрді жалғастырды.

Канттың құқықтық теориясы этикамен тығыз байланысты. Құқық пен моральдың арақатынасын қарастыра отырып, Кант құқықтық заңдарды адамгершіліктің алғашқы сатысы ретінде қарастырады.

Канттың анықтамасы бойынша құқық — бұл еркіндіктің жалпыға ортақ заңы тұрғысында жеке адамның еркі өзгелердің еркіне қайшы келмейтін шарттардың жиынтығы.

Әлсуметтік-саяси құбылыстарды түсіндірудің априорлы принципіне сай Кант мемлекеттің шығу тегі жөніндегі мәселемен айналысудан бас тартты. Табиғи құқық концепцияларына тән мемлекеттің қоғамдық келісім жолымен орнау мәселесіне келгенде ол тек ақыл-ойдың идеясына ғана ие.

Саяси теорияның қалыптасуындағы Канттың үлесі оның құқықтық мемлекет туралы қазіргі ілімдердің негізгі идеялары мен принциптерін орнықтыруымен сипатталады.

Тұрақты құқықтық тәртіптің кепілі болатын мемлекет, Канттың пікірінше, қоғамдық шарт және халық егеменділігі бастауларына негізделіп құрылуы тиіс. Ол заң билігін халықтың жүзеге асыруы азаматтардың арасында құқық теңсіздігіне әкелетін заң кабылдауға жол бермейді деген Руссоның пікірімен келіседі. Алаида Канттың халық егемендігі туралы пікірі шектеулі сипатта болды, Руссодағы халық билігін oл парламенттегі халық өкілеттілігімен алмастырады.

Кант мемлекеттегі үш басты органды — заң шығарушы (парламент), оны атқарушы (өкімет) және қорғаушы (сот) деп бөледі. Ойшыл Германияның болашақ құрылымын конституциялык монархия түрінде елестетті.

Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770—1831) философиялық ілімі классикалық неміс идеализмі дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Оның негізгі шығармалары — "Рух феноменологиясы" (1807), "Логика ғылымы" (1812—1816). "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы" (1817).

Оның философиясының негізгі категориясы — абсолюттік идея. Абсолюттік идея ашылуының бірінші этапы — ең жалған, абстрактылы ұйымдардан нақты, алуан түрлі және көпқырлы ұғымдарға қарай дамуы. Абсолюттік идеяның өзіндік қозғалысының екінші этапы — оның өзі табиғатқа сіңуі. Абсолюттік идея ашылуының үшінші кезеңі — оның қалыптастырған табиғат арқылы өзіне қайта оралуы. Табиғат төменгі формадан жоғары формаға карай дами отырып, рухқа қарай өрлейді және рухта абсолюттік идеямен қайта қосылады.

Абсолюттік идея дамуының үш кезеңіне сөйкес Гегель ілімінде білімдер жүйесі үш бөлімнен тұрады:

  1. Логика — ұғымдардың дамуы.

  2. Табиғат философиясы

  3. Рух философиясы

Мемлекет және құқықтың барлық мәселелерін Гегель рух философиясына жатқызады. Ол өз кезегінде үш бөлімге бөлінеді:

A. Субъективті рух (антропология (жан тәні сезінуінің субстанциясы ретінде); феноменология (жаннын санаға айналуы); психология (жаннын теориялық жөне практикалық қабілеттері);

Б. Объективті рух (абстракциялық құқық; мораль; адамгершілік);

B. Абсолюттік рух (эстетика; дін; филосктофия).

Субъективті рухтың объективтілікпен синтезі абсолюттік рухқа әкеледі.

Гегельдің коғамдық позициясы конституциялық құқыққа байланысты көзқарастарымен де айқындалады. Кант сияқты ол да биліктің бөлінуін еркіндіктің кепілі деп есептегенімен бұл принцип Гегельде өзгеше талданады. Сот билігін ол жеке емес, өкіметтік немесе атқарушы биліктің құрамдас белігі ретінде карастырады. Гегель заң шығарушы, өкіметтік және корольдік биліктерді бөліп көрсетеді, онын үстіне соңғысын бүкіл осы жүйенің негізі және шыңы ретінде сипаттайды. Корольдік билік қалған екі билікті біріктіреді және тұтастық ретіндегі мемлекеттің айнасы болып табылады. Гегель монархизмнің идеологы ретінде конститупиялық монархияны әлемдік рухтың көрінісі ретінде пайымдайды. Мұрагерлік монархия сайламалыға қарағанда табиғи және көпшіліктің билігімен салыстырғанда басқарудың ақылды формасы.

Германияда құқықтың тарихи мектебі XVIII ғасырдың аяғында пайда болды.

Бұл мектептің негізін қалаушы Геттинген университегінің профессоры Густав Гуго (1764—1844) болды. Г. Гугоның идеялары Берлин унинсрситетінің профессоры Карл Фридрих Савиньидің (1779—1861) XIX ғасырдың 40 жылдары басылып шыққан алты томдық "Қазіргі рим құқығы жүйесі" еңбегінде жалғасын тапты. Бұл кезеңде Германияда сакталып қалған феодалдық тәртіптер жеке капиталистік меншікке негізделген катынастардың дамуына кедергі келтірді. Осы кайшылықты шешуге ұмтылған неміс зангері Тибо өзінің "Германия үшін жалпыға ортақ азаматтық құкықтық кажеттілігі" деген мақаласында феодалдық әдептерді ығыстыратын біртұтас азаматтық кодекс құруды ұсынды.

Құқықты халық сенімінің көрінісі ретінде жариялай отырып, Савиньи құқықты даярлаудан заңгерлердің рөлін де теріске шығармайды. Ғылыми тұрғыдан алғанда тарихи мектеп мемлекет және құқықты зерттеуге позитивті үлес қосты.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;61;62;106;128;136-148.

Тақырып 12. ХІХғ. бірінші жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер

Саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы либерализмнің саяси-құқықтық идеологиясының негізгі белгілері.

Бенджамин Констан (Франция) саяси-құқықтық көзқарастары. Мемлекет және тұлға бостандығы. Билік жүйесіндегі бөліну және тең салмақтылық.

Иеремии Бентамның (Англия) саяси және құқықтық идеялары. Табиғи құқық және мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы теориясын утилитарлы-эмпирикалық сынау. Өкілді демократия концепциясы.

Либерализмнің неміс идеологы Л.Штейннің саяси-құқықтық ілімдері. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы. Билік бөлісу жүйесіндегі «таптан тыс» конституциялық монархия.

Утопистік социализм өкілдерінің саяси және құқықтық көзқарастары. Клод Анри де Рувруа Сен-Симонның саяси және құқықтық ілімдері. Франссуа Мари Шарль Фурьенің әлеуметтік-саяси даму концепциясы. Роберт Оуэн азаматтар тәрбиесі және заңнаманы жетілдіру планетаны саяси-құқықтық қайта құру құралы ретінде.

Француз либерализмінің негізін қалаушының бірі ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де (1767-—1830).

Констан адамдар еркін болса өз өмірін дербес және саналы түрде өткізе алады деп сенеді. Олар қандай да бір тұлғадан тыс күштің ықпалынсыз өздерінің индивидуалдық күш-жігерінің есебінен өзіне лайықты өмір сүруге қабілетті. Осы көзкарастарға сүйене отырып, сонынан жалпы күдіретті халық егеменділігінің қажеттілігі туралы руссоистік тезиске түзету енгізеді. Оның шекарасы "жеке адамның дербестігі мен өмірінің" басталатын жерінен аякталуы тиіс.

Алайда, Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалайтын либералдардың қатарына жатпайды. Ол билік институттарының әлеуметтік пайдалылығының нақты шараларын қатаң анықтауға, одардың компетенцияларының шекараларын дәл бекітуге ынталы. Қазіргі мемлекет Констанның ойынша, формасы жағынан конституциялық монархия болуы қажет.

Индивидуалдық еркіндіктің кепілі ретінде баспасөз бостандығына сүйсінген коғамдық пікірмен және жалпы қоғаммен кадағаланатын мемлекеттік билік институттарымен қатар құқық маңызды рөлге ие болады. Бұл — Констанның мызғымас ұстанымы. Құқық өзінің бүкіл болмысымен еркіншілдікке қарсы тұрады. Кұқыктық нысандар "адамзат қоғамының желеп-жебеуші періштелері", "адамдар арасындағы қатынастардың жалғыз мүмкін болатын негізі". Әлеуметтік болмыстың тәсілі ретіндегі құқықтың түбірлІ мәні құқықты сақтауды саяси институттар кызметінің негізгі міндетіне айналдырады.

Ағылшын либерализмінің ең көрнскті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746—1832) утилитаризм ("utilitas''-пайда) теориясының негізін қалады.

Бентам да Гоббс сиякты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп есептеді. Құқық — бұл мемлекеттің бекіткен және санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар.

Мемлкеттік биліктің ұйымдасуы мәселесіне келгенде Бентам демократиялық позицияны ұстанды. Бұл оның либерализмін күшейтіп нығайтты. Ол монархия мсн мұрагерлік аристократияны сынады да, негізгі үш билік тармағы бөлінуге тиіс болатын мемлекеттің республикалық құрылымын қолдады. Бірак, Бентам бұл билік тармақтары өздерінен-өздері өмір сүріп, бір-бірінен тәуелсіз әрекет етуін қолдамады. Бентам олардың корпорациясын бір-бірімен өзара әрекетте болуын қалады, өйткені "осы өзара байланыс олардың бір-бірімен келісімге келуіне, тұрақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелі түрде үздіксіз қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер биліктер мүлдем тәуелсіз болса, онда олардың арасында үнемі қақтығыстар болып отырар еді". Бентам Англияда бір палаталы парламент жүйесін енгізуді және лордтар палатасын таратуды ұсынады.

Бентамның бірқатар идеялары XIX—XX ғасырлардағы саяси-құқықтық ойдың дамуына ықпал етті. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтік мақсат пен мүдделер балансының арақатынасы мәселесі құқықтың әлеуметтік мектебінің қалыптасуына алып келді. Екінші жағынан, Бентамның қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесі құқықтың заңгерлік-позитивистік мектебі құрылуының алғышарты болды.

XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында либералдар буржуазиялық тәртіптерді (жеке меншік, кәсіпкерлік еркіндігі, бәсекелестік және т.б.) дәріптеп жаткан тұста Батыс Европада бұл тәртіптерді аяусыз сынға алып, қанаушылықтан кұтқаратын қоғамның жобаларын ұсынған ілімдер де пайда болды. Капита­листік қоғамның қайшылықтарын ашып әлеуметтік теңсіздікке, әділеітілік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы ілімнің — утопиялық социализмнің классиктері қатарына Сен-Симон, Ш. Фурье және Р. Оуэн жатады.

Анри дс Сен-Симонның (1760—1825) мемлекет және құқыққа көзқарасы оның тарихи прогресс концепциясымен анықталады. Оның пікірінше адамзат қоғамы бір кезеңнен екіншісіне өте отырып, өзінің "алтын ғасырына" ұмтылады.

Тарихтың позитивті кезеңіне индустриализм жүйесін (экономиканы талантты өнеркәсіпкерлердің басқаруы) енгізу дәстүрлі мемлекеттік-құқықтық нысандарды бұзуды қажет етпейді. Мо­нарх институты, өкімет (министрліктер) және әкімдік мекемелер сақталады. Бірақ, бүкіл зайырлы билік жаңадан құрылған пар­ламент — өнеркәсіпшілер Кеңесіне шоғырланады. Сен-Симоінның пікірінше, жеке меншіктік қатынастар индустриализм жүйесімен толық сыйыса алады. Бірақ Сен-Симон тек өнеркәсіпшілер тобының ғана емес, бүкіл халықтың экономикалық мүддесінің жақтаушысы болды.

Шарль Фурье (1772—1837). Ш.Фурье төрт козғалыстың (материалдық, органикалық, жануарлық және әлеуметтік) ұқсастығын және олардың негізі — "тартылыстың жалпы негізгі заңдылығын" таптым деп есептеді. Қоғамда бұл универсалды заңдылық адамдардың әр алуан құмарлықтарының ойыны арқылы әрекет етеді. Осы құмарлықтарды тауып, сипаттап жіктеу жаңа әлеуметтік тәртіптерді енгізуді қамтамасыз етуге қабілетті оңтайлы құралды табуды, қазіргі қоғамды радикалды түзетудің жалғыз жолын білдіреді. Тарихтың үдемелі дамуы ол қоғамның келуін жакындатады.

Ірі ағылшын социалисі Роберт Оуэн (1771—J858) өнеркәсіптік төңкеріс және оның салдарынан туған таптық қақтығыстар дәуірінде өмір сүрді. Бұл оның реформаторлық көзқарасына ықпал етті. Оның көзқарастар жүйесіндегі негізгі орынды адамдардың мінез-құлқы туралы шешім алады. Оуэннің пікірінше, адамның мінез-құлқы индивидтің табиғи ұйымдасуы мен оны қоршаған ортаның өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Өмірде орын алған капиталистік қатынастар сыртқы орта­ның факторы ретінде қазіргі адам өміріндегі қараңғылық, надандық, зұлымдық, мешкейлік сияқты барлық күнәһарлықтар үшін жауапты. Бүкіл әлеуметтік зұлымдықтардың негізгі көзі — жеке меншік. Р. Оуэн Сен-Симон мен Фурьеге қарағанда жеке меншіктік қатынастар құрылысына батыл қарсы шықты.

Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;78;80106;109;136-148.

ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер

Тақырып 13. ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси және құқықтық идеологияның негізгі белгілері мен басты бағыттары.

Батыс Европадағы марксизмнің саяси және құқықтық ілімі. Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуы. Мемлекет, құқық және экономиканың арақатынасы. «Коммунистік партия Манифесті». Мемлекет және төңкеріліс. Пролетариат диктатурасы мемлекеті идеясы. Марксизм мемлекеттің жойылуы шарттары туралы. Энгельс мемлекеттің пайда болу белгілері және нысандары, мемлекеттік және құқықтық қондырманың экономикалық базиске ықпалы туралы.

Позитивизмнің негізін салушылардың саяси және құқықтық тұжырымдамалары. Огюст Конттың саяси-құқықтық ілімі. Мемлекет пен құқықтың тарихи дамуы. Социократия теориясы. Субъективті құқық міндет және әлеуметтік қызмет ретінде.

Герберт Спенсердің саяси және құқықтық ілімдері. Мемлекеттің органикалық теориясы. Мемлекет функциялары мен органдарының дамуы, олардың типтері.

Заңдық позитивизм. Джон Остин (Англия). К.Бергбом және П.Лабанд (Германия). « Ұғымдар юриспруденциясы». Құқық заң ретінде. Мемлекеттің заңдық белгісі. Құқықтық мемлекет идеясы.

Әлеуметтік позитивизм. Рудольф фон Иерингтің (Германия) мемлекет және құқық туралы ілімі. «Мүдделер юриспуденциясы». Құқық заңдық қорғалған мүдде ретінде. Әлеуметтік күштер құқығы үшін күрес.

Людвиг Гумплович (Австрия) саяси және құқықтық ілімі. Күш көрсету теориясы. Мемлекет эволюциясы. «Қазіргі мәдени мемлекет».

Құқық және мемлекет туралы Фридрих Ницше ілімі. Мемлекет мәдени және әлеуметтік даму құралы ретінде, оның типтері. Құқықтың элитарлы тұжырымдамасы. Құқық, теңсіздік, жеңілдіктер. Соғыс пен бейбітшілікке көзқарастары. Төңкеріліс мәдениетке қауіп ретінде.

Маркстік ілім бойынша адамзат қоғамының өмір суруінің шарты — материалдық игіліктерді үнемі өндіріп отыру болып табылады. Маркстің айтуынша қоғам дамуы өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің дамуының сипаты мен деңгейіне сәйкес келуіне байланысты болмақ. Бұл тарихи прогрестің итермелеуші күші болып табылады.

Марксизм ілімІ бойынша, мемлекет алғашқы кезден-ақ қарама-карсылық пен кайшылыққа толы қоғамдык дамудың жемісі. Рулық коғамның ыдырауы мен мемлекеттің пайда болуының алғашқы белгілері туралы Ф. Энгельс "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы туралы" еңбегінде былай деп жазады: "Өзінің бүкіл экономикалық тұрмыс жағдайларынан келіп, еріктілер мен құлдарға, қанаушы байлар мен қаналушы кедейлерге белінуге тиісті қоғам — бұл қарама-қарсылықтарды кайтадан ымыраластыра алмайтыны былай тұрсын, қайта оларды барған сайын шиеленістіре түсуге тиісті қоғам пайда болды».

Мемлекет туралы Маркс пен Энгельстің ілімін одан әрі жалғастырған Ленин "Мемлекет туралы" еңбегінде "Қай жерде, қай кезде қоғам тап-тапқа бөлінсе, қай кезде қанаушылар мен қаналушылар пайда болса, сол жерде, сол кезде мемлекет пайда болды" деген қорытынды жасайды.

Лениннің сөзімен айтқанда, "мемлекет дегеніміз адам қоғамынан бөлініп шыққан басқару аппараты". Тек басқару ісімен ғана шұғылданатын, басқару үшін өзгенің еркін күштеуге бағындыратын айрықша зорлау, бағындыру аппараты — түрмелерді, адамдардың айрықша образдарын, әскерді, тағы сол сияқтыларды қажет ететін адамдардың айрықша тобы пайда болған кезде мемлекет те пайда болған күштеу тәсілі деп аталды.

Маркстік-лениндік ілім бойынша қоғамның дамуына байланысты, пролетариаттың экономикалық, саяси, әскери және мәдени күшінің артуына байланысты мемлекет құрыла бастады. Билік олардың пікірінше буржуазиялық мемлекеттен пролета­риат диктатурасына көшеді, ол жалпы халықтық социалистік мемлекетке ұласады, ол дами келе ақыр соңында мемлекеттің құрып-бітуіне жеткізеді.

Мемлекетті тек тап үстемдігінің құралы ретінде ғана қарастырған маркстік-лениндік ілімнің негізін қалаушылар мемлекеттің басқадай қызметтеріне назар аудармады және оның ұйымдастыру, шаруашылық,, мәдени, сыртқы саясат мәселелерін қарастырмайды. Мемлекет және құқық туралы маркстік ілімге тарих өз бағасын берді. Олардың мемлекет және саясат туралы көптеген қағидалары уақыт талабына шыдай бере алмады. Дегенмен де, олардың саясат, мемлекет, құқық және заң туралы көзқарастары мен идеялары әлемдік саяси-құқықтық ілімдер тарихына мәнгіге енді және ғалымдардьің зерттеу тақырыбына айналды. Сонымен бірге, марксизмді жап-жақты оқып үйренбей, әлемнің XIX—XX ғасырлардағы саяси және рухани бейнесін көз алдымызға елестету де мүмкін емес.

Танымдық жағынан ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық саяси және құқықтық ілімдер метафизикалық әдістемені теріске шығарып, позитивизм негізінде дамыды. Мемлекет пен құқықтың позитивистік теориясы екі түрде көрініс тапқанын білу және түсіндіре алу керек. Біріншісі – заңдық позитивизм (буржуазияның заңдық дүниетанымының дәстүрлерін жалғастырушы формалды-догматикалық бағыт), әрекеттегі мемлекет механизмін зерттеумен, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық жүйелердің белгілерін анықтаумен шектеледі. Өкілдері: Д.Остин, К.Бергбом, А.Эсмен, Г.Ф.Шершеневич. Екіншісі – әлеуметтік позитивизм, құқықты өзге әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста қарастырады. Өкілдері ретінде Р.Иеринг, Г.Спенсер, Л.Гумпловичті атауға болады.

Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;73;106;109;113;136-148

Тақырып 14. ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер

ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары және оның ерекшеліктері.

Славянофилдер мен батысшылардың саяси-құқықтық идеялары. Геосаяси және мәдени бағдар туралы, Ресейдің тарихи тағдыры туралы пікірталастар. М.М.Сперанскийдің саяси және құқықтық көзқарастары. ХІХ – ХХ ғғ. басындағы Ресейдегі төңкерілістік қозғалыстың саяси және құқықтық идеялары.

Декабристердің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттік құрылым мен басқару нысандарын өзгерту жобалары.

Төңкерілістік демократизмнің саяси-құқықтық идеологиясы. А.И.Герцен. Төңкерілістік халықшылардың саяси-құқықтық идеялары. П.Н.Ткачев. П.Л.Лавров.

ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы классикалық анархизмнің саяси және құқықтық идеялары. М.А.Бакунин. П.А.Кропоткин. Л.Н.Толстой.

Мемлекетті сынау және теріске шығару. Бакунин Европаның Құрамдас Штаттары және дүниежүзілік федерация туралы, құпия төңкерілістік ұйымның «жасырын», байқалмайтын диктатурасы туралы. Мұрагерлік құқық туралы мәселе.

Кропоткин өркениет пен мемлекеттің дамуы туралы. Федерализм теориясы. Құқықтың биоәлеуметтік негіздері. Өлім жазасын және қылмыстық жауапкершілікті сынға алу.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы ресейдегі төңкерілістік қозғалыстың социал-демократтарының саяси және құқықтық идеологиясы.

Солшыл радикалды марксизмнің (большевизм) саяси және құқықтық идеологиясы. В.И.Ленин. Билікті бөлу идеясын жоққа шығару, парламентаризмді сынау. Федерацияға көзқарас. Лениннің 1917 жылдан кейінгі саяси көзқарастарының дамуы. Экономика және саясат. Кеңестік заңдылық және пролетариат диктатурасы.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі құқық пен мемлекеттің либералды теориясы. Құқықтық мемлекет теориясы.

Құқық пен мемлекет туралы Борис Чичериннің ілімі. Құқық заңмен анықталынатын адамның сыртқы бостандығы ретінде, оның дамуы. Конституциялық монархия мен билік бөлісудің қажеттілігін негіздеу.

Заңдық позитивизм (С.В.Пахман, Г.Ф.Шершеневич). Құқықтың «ішкі» және «сыртқы» жақтары. Құқықтың «метазаңдық» және заңдық аспектілері. «Таза» құқық нысаны заңдық ғылым пәні ретінде. Құқықты «әлеуметтендіруді» сынау. С.А.Муромцевтің құқықтың әлеуметтік теориясы. Құқықтың жалпы теориясы және құқықтың «қолданбалы» саясаты, оның міндеттері. Қоғамдық қатынастар құқық негізі ретінде. Құқықтық тәртіп. «Өлі» және «қолданыстағы» нормалар. Сот және әкімшілік құқық жасаушылар ретінде.

Н.М.Коркуновтың мемлекеттің және мемлекеттік биліктің әлеуметтік-психологиялық теориясы. Қоластындағының бағыныштылығын сезіну билік негізі ретінде.

ХХ ғасырдың басындағы құқық пен мемлекеттің психологиялық теориясы. (Л.И.Петражицкий, М.А.Рейснер). Құқық және мемлекет психика жемісі, адам санасының қызмет етуі нәтижесі ретінде. Петражицкийдің құқық теориясы. Құқық этикалық көңіл-күй, эмоция ретінде. Құқықтық плюрализм. Ресми және биресми, позитивті және интуитивті құқық, олардың өзара байланысы және әлеуметтік қақтығыстар. Интуитивті құқық аксиомалары позитивті құқықты бағалау өлшемі ретінде. Ресми құқық реформасы және құқық саясаты.

Владимир Соловьевтің саяси және құқықтық көзқарастары.

Әдебиеттер:1-16;18-20;22;32;41;52;68;73;83;87;101;106;

115;117;128;134;136-148

Тақырып 15. ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар

ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы өзіндік саяси-құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі және қазақ халқының бірлігі идеясы, қазахи саяси-құқықтық ойлардың еркіндігі туралы. Бұқар жыраудың саяси және құқықтық идеялары. Бұқар жырау қазақ мемлекетінің геосаяси бағдары туралы, халық бірлігінің қажеттілігі туралы. Ресейдің саяси-құқықтық идеологиясының ықпалы.

Қазақ ағартушыларының саяси-құқықтық идеялары, олардың ерекшеліктері.

Шоқан Уалихановтың саяси және құқықтық көзқарастары. Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының бағыттары және ерекшеліктері. Қытайдың, Ресейдің және Қазақстанның саясижүйелерін сынау. Халықтың өзіндік дамуы, өзін-өзі қорғауы және өзін-өзі басқаруы туралы идеялар. 1860 жылғы сот реформасына көзқарас. Билер соты және әдет-ғұрыптық құқық. «Сот реформасы туралы жазбалар».

Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары. Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. «Қара сөздерінде» Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.

Әлеуметтік-саяси дамудың стихиялығы туралы идеялар. Қазақстан мен Ресейдің тарихи тағдырының бірлігі. Ресейдің отаршыл саясатын сынау. Панисламизм мен пантюркизмге қатынас. Қазақстанның сот жүйесі мен әдет-ғұрыптық құқығына көзқарас.

Ағартушы Ыбырай Алтынсариннің саяси-құқықтық көзқарастары.

Барлыбек Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарастары. Конституциялық идеялары.

«Алаш» партиясының саяси және құқықтық идеологиясы және оның дамуы. Ресей мен Қазақстанды төңкеріліс жолымен қайта құру туралы идеялар. Ресейдегі басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны. Ресей құрамындағы Қазақстанның мәртебесі. Сот және сотөндірісі туралы идеялар.

Алихан Бөкейхановтың саяси және құқықтық көзқарастары.

Жақып Ақбаевтың саяси және құқықтық көзқарастары.

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаевтардың саяси-құқықтық идеялары. Мұстафа Шоқайдың саяси және құқықтық көзқарастары.

Мұхамеджан Сералиннің саяси және құқықтық көзқарастары.

«Үш жүз» партиясының бағдарламасындағы саяси және құқықтық идеялар.

Әдебиеттер:1-20;22-25;27-28;36-38;43;46;53;58-60;63;64;69-71;82;86;90-93;98-99;103;107;119-120;132;136-148

Тақырып 16. ХХ ғ. Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер

ХХ ғасырдағы саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгілері мен негізгі бағыттары.

ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары. Л.Дюгидің солидаризм құқықтық теориясы. Әлеуметтік бірігу және тарихи даму. Әлеуметтік бірігу нормасы құқық негізі ретінде. Мемлекет бірігу құралы ретінде.

Кельзеннің нормативтік теориясы. Құқықтың «таза» теориясы. Құқық деңгейлері: негізгі норма, конституциялық нормалар, жалпы және жеке нормалар. Құқықшығармашылық және құқық қолдану. Сот жеке нормалар мен прецеденттердің жалпы нормаларын қалыптастырушы ретінде. Мемлекеттік егеменділік нормативті тәртіптің логикалық алғы шарты ретінде.

М.Ориудің құқық теориясы.

Дж. Роулздің құқық және әділеттілік теориясы.

Әлеуметтік юриспруденция, «еркін құқық» мектебі. Е.Эрлих. Құқық қоғамдық қатынастардың «жанды тәртібі». Соттың құқықты еркін іздеуі.

Гарвардтық әлеуметтік құқық мектебі. Р.Паундтың құқық теориясы. Құқық мүдделерді келістіру мен үйлестіруге арналған әлеуметтік бақылаудың жоғары түрі. Құқықтың үш жағы: қатынастар жүйесі, нұсқаулар жиынтығы, соттық және әкімшілік процесс.

АҚШ-тағы құқықтың «шынайы» теориясы. «Заңдағы (қағаздағы) құқықты» «шынайы құқыққа» қарсы қою. Құқық сот және әкімшілік практикасы ретінде.

Құқықтың психологиялық теориясы. Құқық сана мен психика жемісі ретінде. Құқықтық түсініктер «субъективті сенімдер» ретінде. Құқықтың инстинкті негізі туралы идеялар. Заңнаманың «алдамшы нормативтілігін» сынау.

Табиғи құқық теориялары, олардың негізгі түрлері. Әдістемелік негіздері.

Интегративті юриспруденция.

Герман национал-социализмінің саяси-құқықтық идеологиясы. Саяси-құқықтық идеология бастаулары. Билік пен мемлекеттің фашистік доктринасы. Национал-социалистік сипаттағы құқық. Тоталитаризмнің саяси-құқықтық талдауы. Карл Шмитт.

ХХ ғасырдың саяси ғылымдарының саяси-құқықтық концепциялары. Плюралистік демократия, «баршаға жақсылық жасау» мемлекеті концепциялары. «Конвергенция» теориясы. Элита, бюрократия және технократия теориясы.

КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар. 1920-1930 жж. КСРО-дағы құқық теориясы. Құқықтың әлеуметтік, психологиялық және нормативті мектептері. (П.И.Стучка, М.А.Рейснер, Н.В.Крыленко). Сталиншілдік саяси-құқықтық идеологияның қалыптасуы мен негізгі белгілері. Құқықтың заң ретіндегі концепциясы. Жаппай репрессиялауды идеологиялық негіздеу. А.Я.Вышинский.

ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-дағы ресми саяси және құқықтық доктринаның дамуы. Бүкілхалықтық мемлекет пен құқық теориясы. «Кең мағынада» құқықтүсінушілік концепциясы, құқық пен заңды ажырату. «Қайта құрудың» саяси-құқықтық идеологиясы. М.С.Горбачев. КПСС ХІХ бүкілодақтық конференциясының саяси және құқықтық идеялары. Құқықтық мемлекет концепциясы.

Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;76;83;84;101;106;109;111;

114;118;121;123;125;127;129;130;136-148

Тақырып 17. ХХ ғ. Қытайдағы, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар

Ұлт-азаттық қозғалысының саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары. Сунь Ятсен. Ұлтшылдық, халық билігі, халықтың әл-ауқаты принциптері. Халық билігі режиміндегі бес билік концепциясы.

Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары. Махатма Гандидің саяси-құқықтық ілімдері. «Сатьяграха» (күшсіз әрекеттер тактикасы) саяси күрес әдісі. Ынтымақтасудан бас тарту және азаматтық көнбеу.

Азиядағы, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары. Панисламизмнің саяси-құқықтық идеялары, олардың дамуы.

КСРО-ның бұрынғы республикалары – қазіргі тәуелсіз мемлекеттердегі КСРО-ның ыдырауы алдындағы және одан кейінгі кезеңдегі мемлекеттік тәуелсіздік, егеменділік және ұлттық-мемлекеттік құрылым туралы саяси құқықтық идеялар.

Қазақстанда егеменді мемлекет пайда болуы мен қалыптасуы кезеңіндегі саяси және құқықтық идеялар, олардың 1990-шы жылдардағы конституцияларда көрініс табуы. Евразиялық одақ концепциясы. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуы концепциясының саяси-құқықтық идеялары.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;48;64;75;83-84;88;97;99-100;

104;109;118;126;127;131;133;136-148