- •Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.4 Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2. 1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпарат
- •Сырттай бөлімнің тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Лабораториялық жұмыс қарастырылмаған.
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыс тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2. 8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •2.6.1.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары...........129
- •Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні бойынша
- •050301 – Юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030100 – юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030200 – халықаралық құқық мамандығы үшін оқу әдістемелік кешен
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
2.4 Лабораториялық жұмыс қарастырылмаған.
2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
№1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
Тапсырма:
Оқулықтар бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер (дәріс жоспары бойынша)
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымының түсінігін, пәні мен әдістерін қамтитын конспект жасаңыз
Тарихи даму кезеңдеріне сәйкес Саяси және құқықтық ілімдер тарихы курсын кезеңдерге бөліңіздер және ондағы негізгі саяси-құқықтық бағыттар мен ілімдерге қысқаша сипаттама беріңіздер
Мына терминдердің түсіндірме сөздігін жасаңыздар:
-саяси-құқықтық доктрина
-саяси-құқықтық концепция
-саяси-құқықтық ілім
-саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы сабақтастық
-бағдарламалық ережелер
-жалпыадамзаттық құндылықтар
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыппен жұмыс істеу оқу әдебиетінің тиісті тарауымен танысудан басталуы қажет және ол саяси және құқықтық ілімдер тарихының негізгі әдістемелік ережелерін игеруден көрінуі шарт. Саяси-құқықтық теориялардың қалыптасуын, мәнін, қызмет етуін қамтитын ғылымның пәнімен қатар, саяси және құқықтық идеялар мен ілімдердің бастапқы, негізгі әдістемелік заңдылықтарын да жете меңгеру абзал. Саяси және құқықтық ілімдердің қалыптасуына және дамуына ықпал еткен қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және саяси компоненттеріне де назар аудару жөн. Саяси және құқықтық ілімдерді зерттеуге негіз болатын тарихи және логикалық әдістердің маңыздылығын да ескеру қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;40;52;
76;136-148.
Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.
№2.Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
«Таяу және Орта Шығыстың саяси және құқықтық ойлары» сұрағына конспект дайындау
Ежелгі Египет, Шумер және Аккад, Ежелгі Вавилон, Ежелгі Иранның саяси-құқықтық және әдеби ескерткіштеріне жазбаша қысқаша талдау жүргізу
Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық ойлары қайнар көздері бойынша қысқаша конспект. Негізгі саяси-құқықтық категорияларына сипаттама
Ежелгіқытайдағы қоғам, мемлекет және құқық
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-22;29;31;35;40;
48;52;65;72;76;81;84;85;88;97;100;104;106;111;126;136-148.
№3. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Ежелгі грек саяси-құқықтық ойларының пайда болуы мен дамуы тарихының үш кезеңі бойынша конспект дайындау
Мына тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысын дайындаңыз: «Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ойлары: негізгі бағыттары мен мәселелері, көрнекті өкілдері»
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар.
Ежелгі Грецияның саяси-құқықтық ойларына мемлекет пен құқық мәселелеріне тереңдетілген философиялық және әлеуметтік талдау тән болып табылады..
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;
52;67;76;81;84,94-96;136-148.
№4. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
1.Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
2.Ежелгі римдік құқықтанушылардың саяси-құқықтық ойлары бойынша конспект дайындау
3.Мына тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысын дайындаңыз: «Ежелгі Римнің саяси және құқықтық ойлары: негізгі бағыттары мен мәселелері, көрнекті өкілдері»
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;52;
76;81;106;136-148.
№5. Орта ғасырдағы Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Мына тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысын дайындаңыз: «Әл-Фарабидің мемлекет және құқық туралы ілімдері»
СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс; әңгімелесу; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар.
Исламның қалыптасуына, Әл-Фарабидің және Ибн-Халдунның саяси-құқықтық ойларына терең талдау жасау негізінде ой түю қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;33;39;
44;48;54;76;85;116;136-148.
№6.Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Мына тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысын дайындаңыз: «Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі»
Тақырып бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастырыңыздар
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; әңгімелесу;қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;26;30;31;
40;47;52;76;136-148.
№7. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырма:
«Адамдар мен мемлекетті басқару өнері туралы» тақырыбы бойынша пікірталасқа дайындалу. Мынандай сұрақтар қарастыруға ұсынылады:
Ежелгі Шығыс ойшылдары басқару өнері («ісі») туралы
Ежелгі Грек және Рим ойшылдары мемлекет пен адамдарды басқару туралы
Ортағасыр ойшылдары мемлекет пен адамдарды басқару өнері туралы
Христиандықтың адамдар мен мемлекетті басқаруға көзқарасы
Николло Макиавелли және оның «Билеуші» еңбегі
Басқару өнері («ісіне»), билік пен әділсотты жүргізу механизміне, мемлекет мақсатына, билеуші, мемлекеттік қайраткерлер тұлғасына, билік жүргізудің нақты мәселелері мен әдістеріне қатысты саяси-құқықтық және әдеби ескерткіштер мен қайнар көздерді талдау
Мемлекет пен адамдарды басқару туралы танымал адамдардың 5-10 афоризмдерін, ойларын, сөздерін дайындаңыз
СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас өткізу; жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқаулар: тақырыптар бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;42;
57;77;89;108;110;111;124;136-148.
№8.ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
«Табиғи құқық теориясының пайда болуы мен оның негізгі ережелері» сұрағы бойынша қысқаша конспект құрастыру
Мына сұрақтар бойынша жазбаша жауаптар дайындау:
а) Г.Гроций: табиғи және позитивті құқықтың жаңа концепциясы
ә) Б.Спиноза: азаматтар республикасындағы ой және ар-ождан бостандығы құқығы туралы
б) Т.Гоббс адамның табиғи құқығы, қоғамдық келісім және абсолюттік этатизмнің өзара байланысы туралы
в) Джон Локк: адамның табиғи құқығына, халық егемендігіне және қоғамдық келісімге негізделген либералды индивидуализм философиясы
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар.
Табиғи құқық теориясының қалыптасу кезеңінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясына шолу жасау керек.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;
51;52;55;74;76;105;109;136-148.
№9.ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Мына сұрақтар бойынша қысқаша конспект жасау:
а) Ағартушы атеизм және радикализм: Вольтер, Ж.Мелье, Морелли
ә) Ш.Л.Монтескье «заңдар рухы» мен мемлекеттегі биліктің бөлінуі туралы
б) Ж.Ж.Руссо әлеуметтік теңсіздік табиғаты, қоғамдық келісім және халықтың заңшығарушылық еркі туралы
в) Француз төңкерілісі кезеңінің саяси және құқықтық идеялары. Радикализм: Ж.П.Марат, М.Робеспьер, Г.Бабеф.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;49;
57;66;76;79;84;102;106;109;122;136-148.
№10. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Республиканшылар мен олардың оппоненті федералистердің концепцияларын қысқаша талдауды ұйымдастыру, АҚШ-тың осы кезеңдегі барынша ірі өкілдерінің саяси және құқықтық көзқарастарына баға беру
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;
45;56;76;106;112;114;136-148.
№11.ХҮІІІ ғ.-ХІХ ғ. Басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
И.Канттың ілімі бойынша төмендегі ұғымдардың анықтамасы мен түсіндірмесін жазбаша дайындау
а) «қатаң императив» (құқық және мораль)
ә) мемлекет қажеттілігі мен мәні
б) құқықтық мемлекет концепциясы
в) позитивті құқық туралы ілімдердің кемшілігі
г) құқықты статуттық және таза деп бөлу
д) құқық метафизикасы
Гегель ілімі бойынша төмендегі ұғымдардың анықтамасы мен түсінігін жазбаша дайындау:
а) құқық
ә) абстрактілі құқық
б) мораль туралы ілім
в) адамгершілік туралы ілім
г) азаматтық қоғам және мемлекет
д) құқық пен мемлекеттің бірлігі
СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау. Құқықтың тарихи мектебінің жалпы тезистерін жазбаша қалыптастыру
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;
61;62;106;128;136-148.
№12. ХІХғ. бірінші жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
Либерализм мен социализм (утопистік социализм) идеологиясы мен теориясының негізгі тезистерін жазбаша қалыптастыру
Төмендегілердің негізгі ережелері мен қорытындыларын жазбаша қорыту:
а) ағылшын либерализмі (И.Бентам, Дж. Милль)
ә) француз либерализмі (Б.Констан, А.Токвиль)
б) неміс либерализмі (Л.Штейн, В.Л. фон Гумбольт)
в) социал-утопистер (А. де Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн)
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;78; 80106;109;136-148.
№13. Батыс Европадағы ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
К.Маркс пен Ф.Энгельстің өз бетінше оқуға ұсынылған еңбектерін оқып-зерттеп, ғылыми социализм теориясының немесе марксизмнің негізгі ережелерін және мемлекет пен құқыққа әдістемелік көзқарасын жазбаша мазмұндау
СОӨЖ өткізу түрі: конспект түріндегі жазбаша жұмыс; қарастырылатын сұрақтардың күрделі мәселелерін талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш кезеңнің буржуазиялық саяси және құқықтық теориялары жеңіске жеткен таптың идеялары ретінде қалыптасқанын анық түсіну керек. Олар капиталистік қоғамның мемлекеттік мекемелері мен құқықтық жүйелерінің мызғымастығына сенімді. Сондықтан, саясаткерлер мен заңгерлер басты міндет ретінде әрекеттегі мемлекеттік механизмді (парламент, сот жүйесі, атқару билігі органдарын) зерттеу және олардың жалпы белгілерін анықтау деп түсінді. Құқыққа көзқарас та осы тәріздес еді. Тек мемлекетпен тағайындалған нормалар ғана құқық ретінде танылды. Құқық нысанының белгілері анықталынып, жалпы теоретикалық құқықтық конструкциялар қалыптастырылды.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;73;
106;109;113;136-148
№14.ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
«ХІХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар» тақырыбы бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастыру
М.Сперанскийдің мемлекетті қайта құру жоспары
Декабристер Ресейді қайта құрудың екі жолы туралы
Славянофилдер мен батысшылар
«ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар» тақырыбы бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрастыру
орыс утопистік социализмі (А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский)
орыс либерализмінің саяси-құқықтық концепциясы (М.Ковалевский, Б.Чичерин, Г.Ф.Шершеневич, С.Муромцев, Н.Коркунов)
орыс либералды және төңкерілісшіл халықшылдарының саяси-құқықтық концепциялары (К.Кавелин, П.Лавров, П.Ткачев)
классикалық анархизмнің саяси-құқықтық идеялары (М.А.Бакунин, П.А. Кропоткин)
Өзіндік оқуға ұсынылған В.И.Лениннің еңбектерін оқу негізінде В.И.Лениннің билік пен саясатқа, мемлекет пен құқыққа, саяси үстемдік жүргізу «технологиясына» қатысты көзқарастарын анықтау
СОӨЖ өткізу түрі: білімдер базасының логикалық схемасын дайындауға қатысты жеке жұмыс, әңгімелесу, жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-16;18-20;22;32;41;52;
68;73;83;87;101;106;115;117;128;134;136-148
№15.ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Тапсырма:
Мына тақырыптардың біреуіне баяндама дайындау:
а) Бұқар жыраудың саяси-құқықтық идеялары
ә) Ш.Уалихановтың саяси және құқықтық көзқарастары
б) Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
в) Ағартушы Ы.Алтынсаринның саяси-құқықтық көзқарастары
г) Барлыбек Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарастары
ғ) Алаш партиясының саяси және құқықтық идеологиясы және оның дамуы
д) Әлихан Бөкейхановтың саяси-құқықтық көзқарастары
е) Жақып Ақпаевтың саяси-құқықтық көзқарастары
ж) Ахмет Байтұрсынов, Мирякуб Дулатов, Бақытжан Қаратаевтың саяси-құқықтық идеялары
з) Мұстафа Шоқайдың саяси-құқықтық көзқарастары
и) Мұхамеджан Сералиннің саяси-құқықтық көзқарастары
к) «Үш жүз» партиясының бағдарламасындағы саяси және құқықтық идеялар
СОӨЖ өткізу түрі: баяндамалардың тыңдау және талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша семинар сабағына дайындалуға берілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыздар
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1-20;22-25;27-28;36-38;43;46;53;58-60;63;64;69-71;82;86;90-93;98-99;103;107;119-120;132;136-148
№16.ХХ ғ. Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Тапсырма:
Оқулықтар мен хрестоматия бойынша көрсетілген тақырыпты оқып-зерттеңіздер
ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары бойынша конспект дайындау (теорияның мәні, бағалануы):
Л.Дюгидің солидаризмнің құқықтық теориясы
Г.Кельзеннің нормативистік теориясы («Құқықтың таза теориясы»)
М.Ориудің құқық теориясы
Дж. Роулздің құқық және әділеттілік теориясы
Әлеуметтік юриспруденция. Е.Эрлихтің «еркін құқық» мектебі
Р.Паундтың құқық теориясы
АҚШ-тағы шынайы құқық теориясы (К.Плевеллин, Д.Фрэнк)
Петражицкийдің психологиялық құқық теориясы
Ж.Маритен. Табиғи құқықтың қайта түрленуі
«Национал-социализмнің саяси-құқықтық идеологиясының негізгі ережелері. Тоталитаризмді саяси-құқықтық талдау. К.Шмитт.» Тақырыбы бойынша конспект жасау
ХХ ғасырдағы саяси ғылымның саяси-құқықтық концепциялары:
плюралистік демократия, «баршаға жақсылық жасау» мемлекеті концепциялары
«конвергенция» теориясы
элита, бюрократия және технократия теорияларының қысқаша сипаттамасы, аталмыш концепцияларда қандай теоретикалық немесе ғылыми жаңалықтардың барлығын сипаттау
