- •Статистиканың негізгі түсініктері
- •Биостатистика пәні және оның міндеттері. Статистикалық жинақ. Салыстырмалы өлшемдер. Графикалық бейнелеу
- •Емдеу-алдын алу мекемелерінде тіркелген аурулардың саны (1998 жыл)
- •Аурулардың ауруханада емделу нәтижесіне, жасына және жынысына байланысты бөлінуі
- •Аурулардың ауруханада емделу нәтижесіне, жасына және жынысына байланысты бөлінуі
- •Қазақстан Республикасында тұрғындардың ауруханадағы төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткішінің он жыл ішінде өзгеруі
- •3. Орта шамалар
- •Вариациялық қатар
- •4.3 Полигон және гистограмма
- •Интервалдық статистикалық қатардың сандық сипаттамалары. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммасы
- •Таңдама. Таңдаманың сандық сипаттамалары
- •4.4 Тандама орта және дисперсияны есептеу көбейту әдісі
- •Статистикалық жорамалдарды тексеру. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру
- •5.1 Манн-Уитнидің u - критерийі
- •6. Сапалық белгілерді талдау. Орайластық кестелері. Орайластық кестелерін Хи-квадрат критерийі бойынша талдау. Фишердің нақты критерийі
- •6.1 Белгілердің қиысу кестесі
- •7. Дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Бір факторлы дисперсиялық талдау әдісі
- •7.1 Дисперсияның негізгі қасиеттері. Дисперсияны ықшамдалған тәсілмен есептеу
- •7.2 Дисперсияларды қосу ережесі
- •7.3 Бірфакторлы дисперсиялық талдау
- •8. Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер
- •8.1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау
- •8.2 Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •8.3 Эпидемиологиялық жазба әдістері. Статистикалық зерттеу әдісі
- •8.4 Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •8.5 Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент
- •8.6 Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент
- •8.7 Табиғи эксперимент
- •8.8 Экспериментальды эпизоотология
- •8.9 Математикалық үлгілеу
- •8.10 Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •9. Өміршеңдікті талдау
- •9.2 Өміршеңдік уақытының кестесі
- •10. Құбылыстардың және белгілердің арасындағы өзара байланыс
- •Спирмен тәсілі бойынша рангтік корреляция коэффициентінің қатесін мынадай формуламен табады:
- •11. Сызықтық регрессия
- •12. Сызықтық регрессияның параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша табу
- •13. Өлшеу қателігі. Қос қателікті бағалау
- •13.1 Өлшеу міндеттері
- •13.2 Өлшеу принциптері мен әдістері
- •13.3 Өлшем қатесінің түрлері
- •13.4 Қателіктерді бағалау принциптері
- •13.5 Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •13.6 Өлшеу жүйелері
- •14. Медицина-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және зерттеу жүргізу
- •15. Spss, Statistica қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып, биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау
- •15.1 Мәліметтерді енгізу
- •15.2 Мәліметтерді енгізу форматтары
- •15.3 Категориалды мәліметтер
- •15.4 Жоқ (тасталынып кеткен) мәліметтерді кодтау
- •15.5 Қателерді тексеру
- •15.6 Шығындар (аномалды мәндер)
- •15.7 Шығындарға атқарылатын әрекеттер
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасында тұрғындардың ауруханадағы төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткішінің он жыл ішінде өзгеруі
-
Жылдар
10 000 адамға шаққандағы төсектер саны
Көрнекті көрсеткіш пайызға теңеліп есептелінеді, %
1990
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
138
140
142
142
136
136
134
132
130
128
120
100
101,4
102,8
102,8
98,5
98,5
97,1
95,6
94,2
92,7
86,9
Салыстырмалы мөлшерлерді есептегеннен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледі. Ондағы негізгі мақсат статистикалық көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету және талдауды жеңілдету. Графикалық бейнелеудің мынадай түрлері бар:
Диаграммалар (сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлық, көлемді, т.б.).
Картограммалар.
Картодиаграммалар.
Графикалық бейнелеу үшін абсолюттік де, салыстырмалы да, орта өлшемдер де пайдаланылады. Кез келген графикалық бейнені құрастырғанда мынадай ережелерді сақтау қажет:
әрбір графикалық бейненің өзіндік аты болуы тиіс. Онда бейненің мағынасы, уақыты және орны көрсетіледі;
ол белгілі бір өлшемде құрылуы керек;
әрбір графикалық бейнеге қолданылған бояуға және қосымшаға түсініктеме беру керек;
графикалық бейне статистикалық көрсеткіштің мағынасына сай келуі тиіс.
Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді. Оның көмегімен тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің барысын көрсетуге болады. Бір диаграммада бірнеше құбылыстың өзгеруін көрсетуге болады, оларды әр түрлі сызықтармен сызады, бірақ диаграммада төрт сызықшадан артық қолдануға болмайды (1-сурет).
Тарамдалған немесе радиалды – шеңберлі координат жүйесінде құрылады. Оны бір құбылыстың тәулік бойы және апталық, жылдық өзгеруін бейнелеуге пайдаланады (2-сурет).
Бағаналы немесе жазық диаграммалар – құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуге қолданылады (3-сурет).
Ішкі бағаналы диаграмма, жалпы ауру көрсеткішін 100%-ға теңейді, ал соның құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен көрсетеді.
Секторлық диаграмманың көмегімен көріністің құрамын бейнелейді. Онда шеңберді 100%-ға теңейді, ал шеңбердің көлемі 360о болғандықтан, 1%-3,6о-қа тең, яғни көрсеткішті 3,6-ға көбейтіп градусты табады (4-сурет).
Көлемді немесе фигуралық диаграммаларда статистикалық көрсеткіштерді суретпен (фигурамен) бейнелейді. Мысалы, халық санының өсуін адамның фигурасымен, төсек санының өсуін төсектің суретімен бейнелейді.
Картограммалар жасағанда географиялық картаға статистикалық көрсеткіштің мөлшеріне қарай соған сәйкес ауданды, аймақты, облысты, т.б. бояумен немесе сызықшалармен белгілейді Онда неғұрлым көрсеткіштің мөлшері жоғары болса, соған сәйкес бояудың түрі қанық болуы керек (5-сурет).
Картодиаграммаларда географиялық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы диаграмма пайдаланылады (6-сурет).
1-сурет. 1998 жылы Қазақстан Респуубликасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
2-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
3-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
4-сурет. 1998 жылы Қазақстан Респуубликасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
-
Ақмола
облысы – 406,4 -Оңтүстік
Қазақстан облысы – 53,7
-
Алматы
облысы – 99 -Басқа
облыстар – 177
5-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткішін 100000 адамға есептегендегі көрсеткіші.
406,4
Республика
бойынша
177
53,7
99
6-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткішін 100000 адамға есептегендегі көрсеткіші.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Биологиялық статистиканы оқыту пәні қандай?
Биологиялық статистиканы қолданудың негізгі аймақтарын атаңыз.
Статистикалық зерттеудің негізгі түрлері?
Статистикалық кестенің түрлерін атаңыз?
Биостатистикада қолданылатын салыстырмалы мөлшерлер.
Графикалық бейнелеудің түрлері (диаграмма, картограмма, картодиаграмма).
