- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
Биомаркерлер |
Жоғарылау уақыты, сағат |
Максималды жоғарылау уақыты, сағат |
Алғашқы дең-гейге қайту уақыты, сағат |
Миоглобин |
3,3 [2,5-4,3] |
6,0 [4-8,5] |
20 [15,5-39] |
Креатинфосфокиназа (КК) |
5 [4,3-8,1] |
16[11,9-20,5] |
105 [72,6-130] |
КК-МВmass |
4 [3,5-5,3] |
14 [11,5-15,6] |
87 [68,8-96,3] |
Тропонин Т |
5 [3,5-8,1] |
18 [12,8-75] |
172 [147-296,3] |
Тропонин I |
4,5 [4-6,5] |
19 [12,8-29,8] |
168 [105-168] |
Ескерту. Сенімділік деңгейлерінің 95% арасындағы орташа деңгейлердің ауытқу диапазондарын ескере отырып орташа көрсеткіштері берілген. |
|||
ЖКС-ның морфологиялық субстратына коронарлық тамырдың дисталды бөліктерінде ұсақ фрагменттерінің қайталанбалы эмболиясы бар қабырғалық тромбтың (окклюзиясыз) дамуымен (көбінесе ST сегментінің көтерілуінсіз инфаркты дамиды) немесе зақымдалған коронар артериясының окклюзиялы тромбысымен (көбінесе ST сегментінің көтерілуі бар миокард инфаркты дамиды) асқынған атеросклероздық қатпа жатады.
Жедел жәрдем
Физикалық және эмоциялық тыныштық, таза ауамен тыныстану.
Нитроглицерин (0,5 – 0,4 мг тіл астына 3 ретке дейін қайталауға болады), АҚ қадағалау қажет.
Ацетилсалицил қышқылы 0,250 – 0,325 г ұсақтап шайнау және (немесе) клопидогрел 300 мг.
Морфин 1%–1 мл не промедол 1%–1 мл – ауырсыну толық басылғанша.
Ауру басталуының алғашқы 6 – 12 сағат арасында - тромболизистік терапия – стрептокиназа 1500000 МЕ 100 мл физиологиялық NaCl ерітіндісінде венаға 30–60 мин ішінде тамшылатып егу; немесе альтеплаза–15 мг венаға, одан соң 0,75 мг/кг/мин (50 мг дейін) 30 минут арасында, содан кейін 0,5 мг/кг/мин (35 мг дейін) 60 минут арасында (қосарланған дозасы 100 мг дейін).
Тромболизистік емді қолдануға болмағанда - гепарин 60 ед/кг (4000 ед дейін) венаға егу, одан кейін тек тамшылатып егу 12 ед/кг/сағ (1000 ед/сағ дейін 1–2 тәулікте) немесе төменгімолекулярлы гепариндер (эноксапорин–клексан 30 мг) венаға егу.
β-адреноблокаторлар (метопролол 5 мг венаға әрбір 5 минут сайын 3 рет, қосарланған дозасы 15 мг дейін, АҚ қадағалануы тиіс; пропранолол; эсмолол).
Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
ST сегментінің көтерілуі бар ЖКС науқас адамдар кешіктірмейтін реперфузиялық емді (тромболитиктер, алғашқы ангиопластика).
ЭКГ-да ST сегментінің жылжулары, Т тісшесінің өзгерулері бар, ауырсыну симптомы қайталанған немесе оның ұзақтығы 20 минуттан асқан, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз (АҚ, пульс) және, сол сияқты, синкопалық есінен танулары бар ЖКС науқас адамдар міндетті ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Кеудесіндегі ауырсынудың ишемиялық сипатқа аздаған болса да ұқсастығы бар адамдар, тіпті тән ЭКГ белгілері анықталмаса да, реанимациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ЭКГ-лық динамикалық қадағалау мүмкіншілігі бар және миокард инфаркты биомаркерлерін анықтай алатын емдеу мекемесіне міндетті түрді жеткізілуі және оған жатқызылуы тиіс.
ЖКС бар адамдарды тасымалдайтын жедел медициналық жәрдем көліктері дефибриллятормен, қажетті реанимациялық құрал-жабдықтармен, оттегімен тыныстандыра алатын және қажетті дәрілік заттардың жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.
