- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Кардиогенді шок Диагностикасы
КШ - ағзалар мен тіндерді қанмен қамтамасыз етудің бұзылу белгілері бар артериялық қысымның күрт төмендеуі. Систолалық артериялық қысымы с/б бойынша 90 мм төмен, пульстік қысым – с/б бойынша 20 мм төмен болады. Шеткілік қан айналымының бұзылу симптомдары (көгеріп бозарған өң, суық тер, шеткі веналардың жоғалуы, саусақ пен бақай терілерінің суық болуы); қан айналу жылдамдығының баяулауы (тырнақты не алақанды басқанда болатын ағарудың жоғалу жылдамдығының уақыты - 2 сек артыққа ұзарады); диурездің азаюы ( сағатына 20 мл азаяды); есінің бұзылуы (әлсіз тежелуден тіпті комаға дейін).
Шынайы кардиогенді шокты рефлекторлық, аритмиялық, дәрілік шоктардан, оң қарыншаның зақымдануынан, ӨАТЭ, гиповолемиядан, қатайған пневмоторакстан, шоксыз артериялық гипотензиядан ажырату қажет.
Жедел жәрдем
1. Өкпеде қарқынды тоқырау жоқ кезде:
– аяқтарын 20 градусқа дейін көтеріп және басын көтеріп отырғызу;
– оксигенотерапия;
ангинозды ауырсынуда – тиімді басу: морфин - венаға 2-5 мг әрбір
5-30 мин сайын ауырсыну толық басылғанға дейін;
қарыншалардың жиырылу жиілігін реттеу (минутына 150 жиі
пароксизмді тахиаритмияда – электроимпульстік терапия (ЭИТ),
минутына 50 сирек жіті брадикардияда – электрокардиостимуля-
ция (ЭКС);
– гепарин 10 000 ЕД венаға егу.
2. Өкпеде қарқынды тоқырау мен орталық веналық қысымның жоғарылаған белгілері жоқ кезде:
200 мл 0,9% NaCl венаға 10 минут арасында тамшылатып егу,
АҚ, тыныс пен пульс жиіліктерін, өкпе мен жүректің аускуль-тациялық көріністерін қадағалау қажет (артериялық гипертония дамыса және трансфузиялық гиперволемия белгілері болмаса трансфузияны жалғастыру қажет).
3. Дофамин 200 мг 400 мл реополиглюкинде немесе 5% глюкозада минутына 5 мкг/кг жылдамдықта артериялық қысымы аздап болса да көтерілгенге дейін венаға тамшылатып егу; егер көмек болмаса, онда қосымша норадреналин гидротартратын 2-4 мг 400 мл 5% глюкозада егу жылдамдығын минутына 4 мкг/кг дейін арттырып, артериялық қысымы аздап болса да көтерілгенге дейін венаға тамшылатып егу.
4. Мониторинг жасау (АҚ, пульс, орталық веналық қысым).
Ескерту: артериялық қысымы аздап болса да көтерілу дегеніміз систолалық қысымы с/б бойынша 90 мм жуық және ағзалар мен тіндердегі қанайналымының жақсарғанының клиникалық белгілерінің анықталуы.
Шынайы кардиогенді шокта кортикостероидтардың қажеттігі жоқ. Оларды тек шеткілік вазодилятатаорлардың әсерінен дамыған артериялық гипотензияда немесе гиповолемияда қолдану керек (нитроглицерин, т.б.).
Госпитализацияға қажеттілік.
Кардиогенді шок ауруханаға, мүмкіндігінше кардиохирургия-лық бөлімге, жатқызуға абсолютті көрсеткіш.
Кенеттен жүректік қаза болу
Кенеттен қаза болуға (КҚБ) қарыншалардың фибрилляциясынан немесе басқа диагноз қою мүмкіндігі болмаған кездердегі жүректің кенеттен тоқтап қалуы жатады. Сондықтан, кенеттен қаза болу ұғымына аурудың жіті дамыған белгілері басталуынан 1 сағат арасында өзін қанағаттанарлық сезімде болған адамның кенеттен өлімге ұшырағаны жатады.
