Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

Ветеринария менеджменті

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды завотында өндірістік машықтану барысында аталған шаруашылықтың ветеринариялық қызметінің құрамы төмендегідей:

Өндірістік корпоративтің директоры – Алпысов Ерлан Сапарбекович

  1. Мал шаруашылық кешенінің бригадирі- Любарский Вадим Григорьевич

  2. Ветеринарлық инспектор – Курманбеков Еркен Талгатович

  3. Дәрігер лицензият – Мустафин Айман Ермековна

  4. «Ижевский» ӨК бас мал дәрігері –Сакипов Омырсерык Койшыбаевич

  5. Мал шаруашылық кешенінің мал дәрігері –Қалтаев Сакен

  6. Өндірістік корпоративтің зоотехнигі –Малиновский Антон Иосипович

Осы шаруашылықтың ветеринарлық мамандарының мақсаты :

  • Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу;

  • Емдік профилактикалық және індетке қарсы шараларды жүргізу.

  • Мал шаруашлығы объектілерінің және шарушылық аумағының ветеринарлық – санитарлық жағдайын жақсарту;

  • ҚР – ның ветеринарлық заңдардың ережелерін сақтап, қадағалап отыру.

Ветеринарлық мамандар өз жұмыстарын толық атқарады. Ағымдық жоспардың барлық шаралары қатал графикпен орындалады.

Шаруашылықта вет.препараттарды , дезинфектанттарды сақтайтын арнайы қоймалар бар. Онда ол темір сейфті, аузына құлып тағылады.

Дәрі- дәрмектерді , құрал – саймандарды аудан орталығынан тапсырыс бойынша алып отырады.Қажетті құрал- жабдықтар мен дәрілер тізімі тіркемеде көрсетілген.

Шаруашылықтың ветеринариялық мамандары күн сайын жануарларды емдеу және профилактикалау , диагностикалау жұмыстарын;дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларын , және де індетке қарсы шаралар жүргізіледі.Жануарларды ұстау және азықтандыруды қадағалайды, ауылдағы бақташыларға , мал иелеріне жануарды бағып- күтіп ережелеріне үйретеді; бекітілген құжаттарды жүргізеді. Ағымды жоспарлар бас мал дәрігері құрастырады.

Ветеринарлық – санитарлық сараптау

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 8.07.15- 03.10.15жж аралығында өтілген өндірістік машықтану барысында ветеринарлық-санитарлық сараптау пәні бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

Шаруашылық көлемінде,аудан көлемінде мал сою (қасапханаларда)сойыс малдардаң технологиясы мен гигиенасымен танысып, тәжірибе жүзінде көз жеткіздім. Сою пункты бір қабатты ғимарат. Ол сою залынан құралған, онда ұшаларды ілуге арналған ілмек, бөлшектеу үстелі және таразылар бар. Сонымен қатар тері тұздайтын бөлмеден,бөлшектеу бөлмесінен, душ бөлмесінен , тоңазытқыш (рефрижатор) залынан, ұшаларды сақтайтын бөліммен, оның жалпы сыйымдылығы 40 ұшаға арналған және дем алу бөлмелерінен құралған. Су құбыры және канализациясы бар. Сою пунктінің қасында сою алдында жануарларды ұстайтын қоршау бар. Жануарды сою туралы шешімді бас мал дәрігері Сакипов.О.К шығарды. Алдымен сояр алдында малдарға клиникалық байқау жұмыстары жүргізіледі. Осы атқару барысында малдың жалпы күйіне ,көзге көрінетін кілегей қабықтарының жағдайына , түсіне назар аудардық.Ал сойғаннан соң сараптау жүргізу кезінде ұшаның дәрежесіне , беткейлік лимфа түйіндеріне, қабырға аралық бұлшықеттеріне көңіл аудардық. Бұлшық еттері жақсы дамыған жерлері финнозға (тілді), ішкі ағзаларды паразитарлық және індеттік аурулардың кезінде болатын негізгі патологиялық өзгерістердің бар-жоғына көз жеткізу үшін мұқият тексерістен өткіздік.

Аққұдық ауылындағы ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводы бүтіндей алғанда ветеринарлық-санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Осында құрылғыларды пайдаланудың барлық ережелері сақталады.