- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Паразитология және инвазиялық аурулар
- •Ветеринария менеджменті
- •Ветеринарлық – санитарлық сараптау
- •Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық диагностикасы
- •Жануарлар паталогиясы
- •Ветеринарлық акушерлік және гинекология
- •Ветеринарлық фармокология және токсикология
- •Ветеринарлық гигиена және санитария
- •Қорытындылар мен ұсыныстар
Жануарлар паталогиясы
ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 08.07.15- 03.10.15жж.машықтану өткен уақытта өлекселерді жарып – сою арқылынақтылы диагноз қойылған жағдайлар кездесті. Негізінде жарып тексерілген малдарға тірі кезінде нақтылы диагноз қойылмаған.
Аталған шаруашылық кешенінде өлген малды арнайы сойып – жаратын қасапханасы бар.Мен машықтану барысында 3 өлексені союға қатыстым.Барлық жүргізілген жұмыстар қатаң бақылау тәртібінде жүргізіледі. Әрбір өлексені жарып тексергеннен соң жарып сою протоколы толтырылып отырылды. Алынған патологиялық материялды арнайы зерттеу үшін зертханаға жіберілген жөн. Өйткені бұл зертхананың жабдықталуы жеткіліксіз, тек облыстық зертханада ғана толық зерттеулер жүргізіледі.Зертханаға жіберілетін материалдар тоңазытқышта сақталады.
Шаруашылықта келесі жануар өлекселерін жардық:
Ақ бас тұқымды 1 жасар бұзауды жару, қызыл қасқа, ұрғашы тыныс алу орталығының асфиксиядан болған параличтің туындауы себер болды. Катаральды бронхопневмония алдын ала болжамдау қорытындысы сипатталған.
Жаруды мал дәрігері Сакипов.О.К жүргізді, студент практиканттар қатысуымен өткізілді.
Ақбас тұқымды 6 айлықбұзау.Осы жануардың өлуі катаральді гастроэнтерит түйілуінен организм уланған, соның салдарынан жүрек – қан тамырларының орталығының тоқтауынан болған. Диагноз клиникалық белгілерінің және өлексенің патологоанатомиялық жаруының сиаттамасы негізінде қойылады.
Жарғаннан кейін өлекселерді мал өлекселерін көмуге арналған биотермиялық шұңқырғаөңделуі үшін апарады.
шаруашылықта көбінесе төлдер өледі. Себебі болып ас қорыту жүйесінің ауруларының ауыр формалары болып табылады: улы диспепсия , гастроэнтериттер сүтті берудің әдістері мен жарамсыздығынан пайда болады, сонымен қатар сүтті алмастырғыштың дайындау технологиясының бұзылуы.
Сонымен қатар жануарлар тыныс алу жүйесі ауруларының салдарынан өледі. Олардың себептері : температураның көтерілуі, , тербелуі, және ауа ылғалдылығы , желдің соғулары жаман әсер ететін газдар.
Жануарлар өлімінің қысқарту үшін ұстау жағдайларын және азықтандыруын жақсарту керек, азықтарды дайындау технологиясын сақтау керек. Сонымен қатар жұмысшылар малға ұқыпты және жақсы қарау керек.
Ветеринарлық акушерлік және гинекология
ЖШС «Алабота» асыл тұқымды зауытында 08.07.15- 03.10.15жж.машықтану барысында акушерлік, гинекологиялық аурулар жиі кездеседі. Аталған шаруашылықта жылына екі рет ұрғашы малдарды диспансеризациядан өткізеді. Малдарды тууға дайындауға төлдеуіне бірнеше күн қалған малды туу цехының төлдеу алды секциясына ауыстырады. Алдын ала оларды клиникалық әдіс арқылы зерттейді. Тууға 1,2 күн қалғанда сиырларды туу секциясының боксына ауыстырылады, осы жерде туу актісі өтеді.
Шаруашылықта акушерлік жұмыстардың ішінде көбіне туу кезіндегі көмек көрсету, сиыр буаздылығын анықтау, акушерлік және гинекологиялық диспансеризация, жыныс органдары мен сүт бездерін емдеу жұмыстарына қатыстық.
Жануарлардың ұрықтандыруы толығымен табиғи жолмен жүзеге асырылады. Бұқалар әр 3 күн сайын ауыстырылып отырылады.
Сиырлардың буаздылығын анықтау жұмыстары көп жағдайда туберкулинизация мен қан алу кезіндегі айдауда тіркеледі. Анықтау әдісі: қолды тік ішеке салу арқылы және де оң бүйіріне жұдырықпен тез қимылмен итеру арқылы да анықталады. Малдарда көбінесе төлдердін ірі болгандыктын себебінен туу процесі киынга түседі , сондықтан малдарда көбінесе қынаптың түсуі, жатырдын түсуі коп кездеседі. Ал Желінсау сирегірек, себебі малдардын барлыгы сүт еметін бұзаулары бар.Өндірістік практиканы өткен уақытта мына аурулар кездесті: шудың жартылай түспеуі, қынаптың сероздық қабынуы, желінсаулар.
Акушерлік – гинекологиялық аурулардың себептері мынадай; буаз және құнажындарды дұрыс азықтандырмаудан және дұрыс ұстамаудан болады; белсенді серуендердің болмауы; буаздылық кезіндегі патологиялар, туу кезінде және туудан кейін, ауру буаз сиырларды және құнажындарды дер кезінде емдеу.
Мал дәрігерлік мамандар табынды ұрықтандыруда және емдік профилактикалық шараларды жасағанда үлкен жұмыс атқарады. Акушерлік- гинекологиялық диспансеризация туралы журнал жүргізеді, сонымен қатар сиырлардың гинекологиялық ауруларын тіркеу журналына тіркейді.
Берілген схема бойынша ерте сатыдан бедеулікті анықтайды, олар сәйкесінше емдеуге жіберіледі немесе бордақылайды.Сонғы бес жылда ірі қара малмен жылқылардың массалық аурулары және де инвазиялық аурулардың себебінен малды мәжбүрлеп сою тіркелмеген.
