Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

Ветеринарлық фармокология және токсикология

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 08.07.15- 03.10.15жж.машықтану барысында шаруашылықтағы ветеринарлық дәріхананың уйымдастырылуымен таныстым.Шаруашылықта 2 ветеринарлық дәріхана бар.Біз шаруашылықта пайдаланатын дәрілік заттардың және препараттардың тізімін жазып ревизия жасадық.

Шаруашылықта кемірушілерді жою үшін зоокумарин қолданады, ол әсер ету механизмі күшті препарат. Бактерицидтерден кальций гипохлоридін және күйдіргіш соданы қолданады. Инсектицидтерден Перол-А, неостомазан. Осы заттардың барлығы улы болып саналыды, сондықтан сейфте сақталады, сейф құлыпқа жабылып, кілт ветеринарлық дәрігерде болады, бөгде адамға кіруге болмайды.

Өндірістік машықтану өту барысында, шаруашылық малдарының улы өсімдіктермен улану белгілері, улану жөніндегі ақпарат кездескен жоқ. Бұл мекеме зиянды өсімдіктер мен зиянкестерді жоюмен күрес шараларын ұйымдастырады. Олардың мәліметтеріне қарағанда, соңғы үш жыл ішінде шаруашылық аумағында улану туралы ақпараттар тіркелмеген. Жалпы аудан көлемінде, соның ішінде Аққұдық ауылында кездесетін улы өсімдіктерді анықтау мақсатында аудандағы тұрғындардан улы өсімдіктердің бар жоғын сұрастырғанда, ол аймақта меңдуана, жусан өсімдіктердің өсетіндігін айтты.

Ветеринарлық гигиена және санитария

ЖШС «Алабота» асыл тұқымды заводында 08.07.15- 03.10.15жж.машықтану барысында Жер бедері абсолют биіктігі 600м –ден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді.

ЖШС Племзавод «Алабота» шаруашылығы Петропавл қаласының облыстық орталықтан 220 км, Тайынша ауданның орталығынан 85 км және Золоторунный темір жол станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан.

Племзавод «Алабота» шаруашылығының жер көлемі 41307 га, соның ішінде егіс көлемі 14288 га, жайлау 19953 га, шабындық жер 5066 га. Бүкіл шаруашылық темір қоршаумен қоршалған. Орталық екі қақпасы бар.

Климаты тым континентті, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардағы орташа температура -25ºС, шілдеде 20ºС. Жауын –шашынның орташа мөлшері 300-350мм. Өндірістік аймақ Тайынша ауданында, омбы тасжолы бойында орналасқан.

Мал шаруашылық кешеннің қоралары барлық санитарлық-гигиеналық, инжинерлік, техникалық талаптарға сәйкес салынған. Барлық мал шаруашылығы қораларының аумағындағы шаруашылықтар бір қабатты. Бір топқа кіретін ғимараттардың арасы дәліз арқылы бөлінген.

Мал шаруашылығы қораларда санитарлық қашықтықтар35метр, өрт қауіпсіздігіне қарсы ережелерге және санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келеді. Мал шаруашылық қораларына кірер кезінде дез.кілемшелер төселген, оларға жұмасына екі рет дез. ерітінді құйылып отырады.

Мал шаруашылық кешенінде жалпы 11 база бар, сондай-ақ қосымша жаз мезгілінде жайылымда бағатын арнайы 7 жайлау бар. Сиыр тұратын қораларда еден бетоннан жасалған, үстеріне резеңке кілемшелер төселген, ал олардың үстіне сабаннан жасалған төсеніш төселеді. Олар күніне екі рет ауыстырылады. Сиырлар қыста байлауда, жазда жайылымда бағып күтіледі.

Бұзауларенесымен бірге ұстайды. Едендері ағаштан жасалып, үстеріне сабан төселеді.

Туу бөлімінде туу алдында және туу секцияларында едендері сиыр қораларындағыдай орналасқан. Туу бокстары мен профилакторий торларында едендері ағаштан жасалған және үстеріне сабан төселген.

Сиыр қораларының ұзындығы 150м, ені 15м , биіктігі 4,5м . Қабырғалары бетоннан жасалған. Әрбір жағында жеті терезеден орналасқан. Терезе ұзындығы 150см, ені 50см. Олардан жарық жақсы түседі. Бір басқа барлық қора көлемінен 8,1м2 19,7м2 құрайды. Ол негізінен ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Қи арнайы троктрлар арқылы шығарылады. Шығаруға арналған қисайғыш арқылы қиды көліктерге артып қи сақталатын биошұңқырларға апарып жинайды, ол шаруашылықтан 400 м қашықтықта орналасқан. Қиды қабаттап жинап, биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, кейін тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Жануарларды азықтандыруда келесі азықтар қолданылады: шырынды( жүгері сүрлемі), ірі( шабындық, сабан, аралас шөптер), концентрацияланған азықтар (бидай, арпа, сұлы), сонымен қатар арнайы түйіршіктер (гранула).

Су кешенге арнайыбұрғылау жүргізілген ( 70метр тереңдіктегі) скважина қойылған. Суы таза, бөгде иіссіз.

Азықтардың сапасы мен жарамдылығы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес.

Сою пунктіде бір қабатты ғимараттан тұрады. Ол сою залынан, онда ұшаларды ілуге арналған ілмек бар, бөлшектеу үстелі және таразы бар ; тері тұздайтын бөлмеден; бөлшектеу бөлмесінен; тоңазытқыш залынан, ұшаларды сақтайды, жалпы сыйымдылығы 40 ұша; демалу бөлмелерінен құралған. Қабырғалары мен едендері тақтамен жасалған. Жұмыс біткен соң еденді, қабырғаларды, комбинезонды, етікті және құралдарды жылы немесе ыстық сумен жуады, тек кейде ғана дезинфекциялық заттармен өңдейді, осының бәрі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес.

Өндірістік кооператив көлеміндегі нысандарға сақтық, аралық, қорытынды дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.