Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

Қорытындылар мен ұсыныстар

08.07.15 – 03.10.15 жж аралығында Солтүстік Қазақстан Обылысы Тайынша ауданы, Ақ құдық ауылынан 2 км шақырымда орналасқан ЖШС «Алабота асыл тұқымды зауытында» өндірістік машықтану практикасын өттім. Аталған шаруашылықта ағымдық, жылдық,кварталдық жүргізілетін ветеринарлық шаралардың біразы талаптарға сай жүргізіліп отырылады. Шаруашылықта жалпы ұйымдастырылатын ветеринариялық – санитариялық және де тағы басқа шаралар кейбір кемшіліктерге бой алдырылған тұстары да болады. Практика өту барысында мен жалпы инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізуге үйрендім. Атап кететін болсам ол: Сібір жарасына қарсы 55-ші штаммынан әзірленген тірі вакцина, қарасанға қарсы концентрленген гидрооксиалюминді формолвакцинасына, бұзаутасқа қарсы ЛТФ-130 вакцинасын егу шараларына қатыстым.Менің ойымша Солтүстік Қазақстан Обылысы Тайынша ауданы ақ құдық ауылындағы ЖШС «Алабота» асыл тұқымды зауытында өндірістік машықтанудан өту үшін жақсы шаруашылық болып табылады. Осыған мұнда барлық жағдайлар жасалған:

  • Өндірістік кооперативте асхананың болуы;

  • Жоғары квалификациясы бар ветеринарлық мамандар мен зоотехниктер;

  • Сою пункті;

  • Жылқы қорасы;

  • Көптеген мал шаруашылығы қоралары мен жайылымдар бар;

  • Жануарларды бекітуге арналған арнайы станоктардың бар болуы;

Кемшіліктеріне келсек, мен келесі өзгерістерді ұсынамын:

  • Ветеринарлық мамандардың кадрлық құрамын ұлғайту;

  • Жануарларды ұстау жағдайларын және азықтануын жақсарту, әсіресе буаз сиырлар мен бұзауларға қатысты;

  • Алдын алу шараларын жоспарлау:

Өндірістік машықтану практикасын ветеринарлық мамандардың қол астында өткен аралықта,мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде алған теориялық білімімді практикамен ұштастырып,сонымен қатар ветеринарияда көптеген жаңа емдік шараларды біліп,өндіріс жағдайының өмірлік ритмін өзіме сабақ ретінде қабылдадым.

20