Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МП-10-каз- (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391 Кб
Скачать
☆

Ортаңғы топ

Әсем безендірілген залға әдемі киінген балалар музыка ырғағымен кіріп жарты шеңбер құрады.

Тәрбиеші: Жыл басы наурыз мереке.

Ақ нұрға әлем боянды,

Аналар тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Ақ сүт беріп өсірген,

«Ботам» деген дауысы

Кетпес ешбір есімнен.

Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді 8-нурыз аналар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып өздерінің тақпақтарын, әндерін, билерін сыйға тартады. Біздің балалардың тілектерін қабыл алыңыздар.

Ән: Б.Қыдырбекова «Мерекеңмен, анашым!» хор

Бала: Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты,

Ең жақын жан балаға,

Кім десеңдер ол-АНА.

Әжелерді ардақтап,

Қуантатын келді күн,

Мейрамымен құттықтап,

Ән салайық біз бүгін.

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз,

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз,

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз.

Сегізінші наурызда,

Біз балалар бар қызға

Кәде сыйлық береміз:

Бірге қызық көреміз.

Мерекені қарсы алып,

Би билейміз, ән салып

Тәрбиеші: Құтты болсын ақ анам,

Сегізінші Наурызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл-қызың!

Ән: Н. Тілендиев «Құттықтаймын, мама!»

Би: «Cыйлық биі» ( Балалардың орындауында)

(Қолдарына гүл ұстап шыққан ұлдар гүлдерін әдемі құмыраға салып би билейді билеп болған соң гүлдерін аналарына береді.)

Балалар: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Тәрбиеші: Аналардың анасы әжелерге арнаған немерелеріңіздің сыйын қабыл алыңыздар.

Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем, пәк әжем,

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем.

Әже маған базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін,

Маған таңдап әперді.

Еркелетсе «Күнім» дейді,

Ұрысқаны білінбейді,

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым», «Күнім» дейді

Ән: А. Еспенбетова. « Әжетайым» хор

Осы сәтте есік қағылып, көңілді әуенмен залға Карлсон жүгіріп келеді.

Карлсон: Достарға сәлем! Мені таныдыңдар ма? Мен Карлсонмын ғой! Ең ақылды, ең көңілді, ең тәртіпті адаммын. Мен сендердің әжелеріңді аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ұшып келдім.

Тәрбиеші: Карлсон, бізге сыйлыққа не әкелдің?

Карлсон: (Ренжіп) - Мен гүл шоқтарын дайындап едім, Бірақ оларды ұшып келе жатып шашып алдым.

Тәрбиеші: Балалар Карлсонға гүлді жинап көмектесейік.

Ойын: «Гүл шоғын жинау»

(Балалардың көмегіне риза болған Карлсон билей жөнеледі.)

Тәрбиеші: Карлсон,сен қандай тәттіні жақсы көресің?

Карлсон: Үлкен торт, кәмпит және тосап.

Тәрбиеші: Жоқты айтпа! Бізде тосап жоқ. Ал кәмпитті мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тісің ауыратынын білмейді екенсің ғой? Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болуы үшін денешынықтырумен шұғылданған жөн. Қазір біздің балаларымыз өздерінің қандай күшті екенін саған көрсетеді.

Ойын: «Доппен секіру»

(Карлсон балаларға алғысын айтып, ұша жөнеледі.)

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде!

Тәрбиеші: Иә, көптен күткен көктемде келіп жетті.

(Залға вальс әуенімен қолына сыйлық салынған себеті бар көктем кіреді).

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, аналар!

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем,

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін,

Құтты болсын аналар!

Тәрбиеші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынды.Олар саған ән салып береді.

Ән: А. Еспенбетова. «Көктем»

Тәрбиеші: Сен балаларға не әкелдің?

Көктем: Мен көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектерімді алып келдім.

Тәрбиеші: Ал енді « Гүлдер» әнін тамашалайық.

Ән: «Гүлдер әні»

Көктем қыздарға алғыс айтады.

Жүргізуші:

Қандай ғажап күн бүгін

Күміс күлкі, жан жағың

Күлімдеген бар бала,

Құттықтайды сіздерді.

Ортақ би ( Егер саған ұнаса былай жаса.)

Тәрбиеші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Көңілді әуенмен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.

Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер