Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МП-10-каз- (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391 Кб
Скачать
☆

Жаңа жыл мерекесі

І кіші топ

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Міне, біздің ең көңілді, ең сүйікті мерекеміз жаңа жыл да келіп қалды. Сендерді көңілді ойын-сауықтар, сыйлықтар күтіп тұр. Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша. Бұл шыршаны Аяз Ата орманнан жіберіпті әдемі ойыншықтар тізілген. Осы ойыншықтарға арнап әдемі би орындайық.

Би: « Ойыншықтар биі»

(Алыстан бір дауыс естіледі)

Аққала: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! Қардан шыға алмай қалдым.

Тәрбиеші: Балалар бір дауыс естіледі. Көмектесеміз бе?

Балалар: Иә! ( балалар арқанды тартып алып шығады.)

Аққала: Ой, балалар сендерге көп – көп рахмет маған жақсы көмектестіңдер. Менің қояным қайда? Менің жанымда қояным бар еді.

(Қоянның дауысы шығады)

Қоян: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?

Балалар: Иә! (Балалар арқанмен тартып шығарады. Қардың астынан қоян шығады. Қорқып тұрады.)

Тәрбиеші: Қоян қорықпа бұл балалар ғой. Балалар бізге қонаққа қоянда келді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Балалар. Біз Аққала екеуміз Аяз Атаның хатын әкеле жатып, қатты боран соғып, қардың астында қалып қойдық, алып шыққандарына көп-көп рахмет! Сендерге хат әкелдім.

Тәрбиеші: Қане хатыңды алып көрейін. Мына хатта Аяз Ата көңілдеріңді сылдырмақпен көтеріңдер мен келе жатырмын – депті.

(Қоян сылдырмақтарды таратып береді.)

Ән: «Сылдырмақ»

Аққала: Ойын ойнап, ән салып,

Біз өсеміз,өсеміз.

Жүгіреміз, жүреміз,

Ойынға біз тоймаймыз.

Ойын: Қане, қызық ойын бар!

Жүреміз, жүгіреміз (Тәрбиеші, аққала, қоян бірге ойнайды)

Көңілді ойынмен орындарына отырады.

Тәрбиеші: Балалар, шыршамыз жанбай тұр. Осыны жағу үшін бізге кім керек?

Балалар: Аяз Ата!

Тәрбиеші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық!

Балалар: Аяз Ата (3 рет)

Аққала мен қоян: Біз Аяз Атаның алдынан шығайық.

Тәрбиеші: Көңілді бимен қарсы алайық!

Би: «Біз көңілді баламыз».

Аяз ата! 3 рет

Аяз Ата кіреді. Қолында шанасы.

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Амансыз ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің.

Аяз Ата сендерге

Шаршап келді алыстан.

Тәрбиеші: Аяз Ата, сені көптен күттік. Аяз Атаны сағындық. Қош келдіңіз!

Тақпақтар.

Ән: «Жаңа жылды қарсы алайық»

Аяз ата: Қандай әсем жырларың!

Ақшақар: Шаршағаным да басылып қалды. Сендерге мен ойын алып келдім. Ойын: «Қар түйіршіктерін жинау».

Тәрбиеші: Аяз Ата, бізге сыйлықтарыңыз бар ма?

Аяз ата: Иә, бар! Қабымды ашайын, сыйлығымды берейін.

Құттықтау сөз. Аяз Ата қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Сіздерге арналған шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Бүлдіршіндердің «Жаңа жыл» биін тамашалаңыздар.

Көңілді әуенмен шығады.

Жаңа жыл мерекесі

ІІ кіші топ

Балалар көңілді әуенмен кіреді.

Тәрбиеші: Құттықтау сөз.

Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылы бәрімізге мол бақыт, тек қана жақсылық әкелсін! Осы кішкентай сәбилеріңіздің сыңғырлаған күлкісі кетпесін! Қандай әсем шыршамыз, Көз тоймайды қараса. Бәріміз қосылып шырша жырын орындайық.

Ән: Шырша жыры

Тақпақтар:

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына таңғажайып үйді. Бұл үйде кім тұрады екен? Қане, мен мына қоңырауды қазір соғайын. Кім шығады екен?

(Қарша қыз шығады)

Қаршақыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мына үйде атаммен бірге тұрамын. Үйде от жақпаймыз, өйткені атам оттан қорқады, мен де оттан қорқамын. Мені Қаршақыз дейді. Менің ақшақар сіңлілерім ұшып келіңдер, би билеп өнер көрсетіңдер!

Би: Ақшақар

Ақшақар: Мерекеге мен келдім. Әдемі кітабымды ала келдім. Сендер қызығын көре тұрыңдар! Мен қазір келемін. (Үйіне кіріп кетеді)

Тәрбиеші: (Кітапты ашады)

Көрініс:

Өтірік Аяз ата: Өңкей жүгірмектер жиналып қалыпсыңдар! Біз де жеттік ортаға.

Өтірік Ақшақар: Қандай әдемісіңдер! Біздің киіміміз сондай әдемі емес.

Тәрбиеші: Балалар, сендер оларға сенесіңдер ме?

Балалар: Жоқ!

Өтірік Аяз ата: Әй, жүгірмектер, неге сенбейсідер? Мен Аяз Атамын ғой.

Өтірік Ақшақар: Міне, мен де қандай әдемімін!

Тәрбиеші: Сіздер Аяз ата-Ақшақар болсаңыздар, дәлелдеңіздер!

Өтірік Аяз ата әні: Мен Аяз Атамын,

Сыйлықты сатамын.

Аяз бен елді қатырып,

Өзім мәз болып отырамын.

Әкел ақшаңды, міне сыйлық!

(Сыйлыққа кәмпит береді).

Тәрбиеші: Өтірікші, мынау кәмпит емес қой!

Балалар: Жооқ, Сіз Аяз Ата, Ақшақар емессіз!

Тәрбиеші: Балалар, егер кітабымызды жапсақ, олар шынға айналуы мүмкін. Қане, жауып көрейін! (Кітапты жабады).

Тәрбиеші: Балалар, сонда біздің Аяз Атамыз, Ақшақарымыз келгенше көңілді би билейік!

Би: Достарым, кел, билейік!

Тәрбиеші: Жаңа жыл мерекесінде Қаршақыздың жанында кім болуы керек?

Балалар: Аяз ата!

Тәрбиеші: Әрине, бізге Аяз ата жетіспейді! Қане, бәріміз Аяз Атаны шақырайық! Аяз Ата! (3 рет қайталайды).

Аяз ата кіреді.

Аяз Ата: Армысыңдар, балалар! Бармысыңдар, халайық! Жету үшін сендерге көптеген алыс елдерден, таныс емес жерлерден, мерекеге келдім мен!

Жаңа жылды қарсы алуға жақсылап дайындалған екенсіңдер! Киімдерің қандай тамаша! Жарайсыңдар! Шыршаларың қандай көрікті! Тек қана шамын жағайық! Қане, барлығымыз сыйқырлы сөзімізді айтайық. Шырша, шырша жарқыра ! (3 рет).

Пай-пай! Бәрекелді! Ғажап!

Тәрбиеші: Шыршаны айнала қоршап Аяз Атамызға әнімізді орындайық.

Ән: Аяз Ата.

Тәрбиеші: Аяз Ата, біз сізбен ойнағымыз келеді!

Аяз ата: Ойнасақ ойнайық!

Ойын: Қар, Боран, Жел.

Аяз Ата: Керемет! Керемет! Сендер мені қуанттыңдар!

Тәрбиеші: Жаңа жылға дайындаған тақпақтары бар. Назар салып тыңдаңыз!

Тақпақтар

Аяз Ата: Менің де кететін уақытым болды (Бүлдіршіндер қол ұстасып жібермейді).

Балалар: Бізбен бірге би билеңіз!

Би: Буги-вуги!

Ойын: «Қар жинау»

Тәрбиеші: Асықпаңыз Аяз Ата, есіңізге түсіріңізші! Сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз Ата: Пай-пай! Аяз Ата – Аяз Атамыз қартайды. Мен балаларға ең басты сыйлығымды беруге ұмытып кетіппін ғой. Қабыл алыңдар, қонаққа келген пингвин достарымның биі! Қане, ортаға шығып, би билеп беріңдер!

Би: Пингвин (Соңында мұз әкеліп қояды).

Аяз Ата: Мынау мұз жай мұз емес! Егер сендер қаласаңдар, мен мұны сыйлыққа айналдырамын!

Балалар: Қалаймыз!

Аяз ата: Бір, екі, үш – айнал мұзым сыйлыққа!

Тәрбиеші: Бәрекелді! Рахмет, Аяз Ата! Ендеше біздің әнімізді қабыл алыңыз!

Ән: Жаңа жыл

Аяз Ата: Мінеки, достарым, кететін уақыт та таяп қалды. Амандық болса, бір жылдан соң қайтып ораламын. Хош сау болыңдар!

Қаршақыз: Келесі жүздескенше!

Тәрбиеші: Жаңа жыл барлығымызға құт береке, мереке алып келсін! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.