Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МП-10-каз- (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391 Кб
Скачать
☆

Наурыз құтты болсын!

Балалар «Наурыз» көңілді әнімен залға кіреді.

(жарты шеңбер болып тұрады)

Жүргізуші: Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Бүгін біз сіздермен бірге тамаша мереке - Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Бұл мереке тыныштықтың, көктемнің, тазалықтың мейірімділік пен жақсылықтың хабаршысы болып қала береді. 22-наурыз мерекесі осы кезде күн мен түн теңеліп табиғат ұйқысынан оянады. Бұл күнді ата - бабамыз – Ұлыстың ұлы күні деп атаған.

( Әрбір бала төрт шумақ өлең оқиды)

Баяу самал еседі,

Сиқырлы қобыз секілді,

Үлкендер де жастар да ,

Наурызға асығып кетеді.

Келіңіздер, келіңіздер!

Бәйге мен айтыс болады,

Осы мейрамда көрсетіңдер,

Бойдағы бар өнерді.

Сіздерді ерекше бір той күтуде,

Наурыздық, шұбат, қымыз бар.

Бауырсақпен балдай шайда бар,

Келіңдер бірің қалмаңдар!

Әртүрлі гүлдер де жетерлік,

Міне бәйшешек, міне нәркес.

Қош келдің сүйікті мерекеміз.

Барлығы: « Армысың әз Наурыз!»

Ән: «Әз Наурыз »

(Балалар орындыққа отырады. Баяу әнмен Наурыз кіреді.)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Мейірімді адам! Сіз кімсіз және неге көңілсізсіз?

Наурыз: Мен әз Наурыз боламын,

Жыл сайын мені бәрі күтеді

Мен көп күттірген аймын,

Қарды мен шаршамастан жаншимын,

Себебі, Көктемді алып келуім керек!

Жүргізуші: Енді ол қайда?

Наурыз: Оны жауыз хан алып кетті де, сиқырлап тастады. Ал Көктемсіз, менің Көктемімсіз, өмір сүре алмаймын.

Жүргізуші: Балалар, не істесек екен? Наурызға көмектесу керек және Көктемді құтқару керек.

Наурыз: Бірақ, оны сендер қалай, не істемексіңдер?

Жүргізуші: Біз қатты әндетіп көңілді ойнап би билейміз, сонда Ханның мейірімділігі оянап, сиқырдың күші жойылады! Ал сен Наурыз; бізге көмектесесің ?

Ән: « Гүлдер-ай » («Ботақан» тобының балалары )

Наурыз: Әрине! Ой, естисіңдер ме, хан келе жатқан сияқты!

(Музыканың сүйемелдеуімен Хан кіреді.)

Хан: Міне, мен де келдім!

Жүргізуші: Көктемді ұрлап, сиқырлаған сен екенсің ғой?

Хан: Әрине! Мен ол үшін құн талап етемін. Маған төлеңіздер!

Жүргізуші: Бірақ біздің ақшамыз жоқ, бұл балабақша емес пе?

Хан: Ал, ендеше, менің тапсырмаларымды орындаңдар, ал олар өте қиын. Келісесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине, тапсырмаларыңызды орындауға дайынбыз!

Хан: Ха-ха-ха! Өздері орындай алатындай сенімді ғой!

Жүргізуші: Біздің балалар сіздің барлық тапсырмаларыңды орындайды.

Хан: Ал ендеше тыңдаңдар! Бірінші тапсырмам: Отандарыңды қорғай алатын батырларың бар ма? Сендерден! Оларды көргім келіп тұр, тыңдағым келіп тұр!

Отан туралы тақпақтар: (3 балаға )

Міне біздің Отанымыз!

Отан деген не өзі?

Оның толық түс кейпін,

Ханым білгін келе ме?

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені онда мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген атамакен!

Отан деген Туған жер!

Хан: Отанды қорғай алатын батырларың бар ма? Маған батыр керек.

Жүргізуші: Әміріңізге құлдық! Біздің батырлар шығады.

Би: «Батырлар биі»

Хан: Жарайсыңдар! Батырларым! Отан туралы жақсы біліп қалыпсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?

Бұл үйдің бұрышы жоқ,

Ол дөп-дөңгелек,

Және де осындай баспананы

Сен кең даладан табаласың.

Жүргізуші: Біздің балалар оның не екенін тауып береді. Шешімін тыңда. Ол не балалар?

Балалар: Киіз үй!

Хан: Енді киіз үйдің шаңырағын кім көтереді?

Жүргізуші: Біздің топта мықты ұлдарымыз бар яғни, жігіттеріміз бар. Киіз үйдің шаңырағын жоғары көтереді. Балалар қазір біз көңілді ойын ойнаймыз. Ханның бір көңілі көтеріліп қалсын.

Ойын: «Киіз үй»

Хан: Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы жұмбақ білемін. Ал енді шешіп көріңдер.

Мынау не? Менің аспабым сынып қалды. Ол қандай аспап? Соны жөндеп беріңдер – деп бұйырады.

(Үстелде қоржынның ішінде домбыраның сынған сынықтары шашылып жатады балалар соны ойын арқылы магниттік тақтаға құрастырады. Балаларды 2-сәбилер тобынан алу әдемі күй әуенімен ойын ойналады.

Ойын: «Домбыра құрастыру »

Балалар: Бұл қазақ халық аспабы-домбыра. Ол ағаштан ойып жасалған, оның екі ішегі және тесігі бар, дыбыс сол жерден шығады.

Хан: Жарайды, өздерің шебер екенсіңдер! Мұныда біледі екенсіңдер. Наурыз мерекесіне қандай дайындықтарың бар? Бұл тойда қандай тағам даярланады?

Балалар: Наурыз көже

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.

Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су.

Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз.

Ойын: «Наурыз көже» ойыны өткізіледі. Тұлпар тобының балалары.

Жүргізуші: Ендігі ойнайтын ойынымыз. Мол болсын дастархан деп аталады. Келесі кезекті сәбилерге берейік.

Ойын: «Мол болсын дастархан»

Жүргізуші: Ботақан тобының балалары сіздерге өз әндерін шырқап береді.

Ән: «Мол болсын дастархан!»

(Көңілді музыканың әуенімен Алдар көсе кіреді.)

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Мендей адам жұртта жоқ! Аха-хой, Охо-хой, а-а-а-ай!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіңдер ме, достар!

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Қош келдіңіздер батыр жігіттер мен кербез сұлулар! Сенде қош келдің Хан, міне тағы кездестік Ал сіз мені таныдыңыз ба?

Балалар: Иә.

Алдар көсе: Ал сендер мені қайдан танисыңдар!

Балалар: Қазақ халық ертегісінен.

Алдар көсе: Қымбатты Хан! Көктемді сиқырлап тастаған сіз емессіз бе?

Неге оны мерекеге жібермей жатырсыз?

Хан: Иә, Мен! Мен құдіретті де ең күшті Ханмын!

Алдар көсе: Ал енді балалар, кімнің күшті екенін тексерейік?

Ойын: «Арқан тартыс»

Хан: Ал жарайсыңдар! Мықты екенсіңдер! Ойбай, Көктемдеріңді алыңдар! Оны мен сиқырлап тастаған екенмін сиқырлы сөзімді ұмытып қалдым енді не істедім?

Алдар көсе: Мен білемін бізге әдемі Гүлдер биі көмектеседі.

Би: « Гүлдер » ( Сол кезде құлпырып көктем кіреді)

Жүргізуші: Балалар! Көктемді қарсы алайық!

Хан: Балалар, сендерге керемет мереке үшін көп рахмет! Менде кетейін ауылымды наурыз тойына шақырайын. (Хан кетеді )

Наурыз: Мен сіздерде қонақта болдым. Маған өте ұнады Көктемді құтқаруға көмектескендеріңіз үшін көп рахмет! Мерекені қазақтың дәстүрімен Наурыз көже ішейік.

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

ҚОРЫТЫНДЫ

Балалар мерекесі – бала өмірінің жарқын сәттерінің бірі. Мерекелер балаларға шығармашылыққа арналған кеңістікке жол ашады, баланың жан дүниесінде жарқын сезімдер, мәртебелі ұмтылыс туғызады, ұжымда өмір сүре білуді тәрбиелейді, ақылы мен жүрегін рухани байытады. Мұнда мерекені қабылдау қызметтің нысаны есебінде емес, сонымен бірге жеке тұлғасын дамытуға және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мәдени-білімдік құбылыс.

Мерекеде балалар тек қана тақпақ айтпайды, билейді, ән салады және сурет салады. Балалар өзінің қимылдарын әуен ырғағына бағындыруды, әуендік қарқынды ажыратуды, оларды сөздерімен қостап қимылдарында бейнелеуді үйренеді. Сауатты жазылған сценарийлер қалай болуы керек? Балалар мерекелері – туған күн, Жаңа жыл және көптеген бұқаралық мерекелер – бұл балаға қоршаған ортаның мейрамдары мен алуан түрлілігі туралы айтуға мүкіндік береді. Сондықтан балалар мерекелеріне тәрбиелік сәттер және танымдық тапсырмалар кіреді. Мысалы, қиялдауды, логикалық ойлау немесе зейінді дамытуға мүмкіндік беретін байқаулар мен жұмбақтар. Балалар мерекелері қайда өтуі мүмкін? Бұлар стадиондар, парктер, мәдениет орталықтары мен сарайлары, алаңдар және т.б барлығы мерекенің тақырыбына, қашан өтетіндігі жылдың мезгіліне тәуелді.

Осы құрал мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне арналады. Мұнда авторлық ертеңгіліктер ұсынылған. Қолданылған материалдар желісі бала түсінігіне, олардың жас ерекшеліктеріне жеңіл және қолжетімді. Әдебиеттік материал тақырыптары және сюжеттері бойынша әртүрлі.