- •Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың музыкалық білімін дамытуды ұйымдастырудың заманауи технологиялары
- •1.1. Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың музыкалық білімін дамытудың түрлері мен формалары
- •1.2 Ерте жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудегі жаңашыл әдістер
- •Балалар мерекесін өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2.1. Балалар мерекелерін топтастыру
- •Балалар мерекелерін өткізу ерекшеліктері
- •3. Мектепке дейінгі ерте жастағы балаларға арналған мерекелер сценарийлері Күнде өсіп келеміз! (Ойын-сауық)
- •Дос болайық бәріміз! (Ойын-сауық)
- •Жаңа жыл мерекесі
- •Жаңа жыл мерекесі
- •Жасыл шырша жанында Ортаңғы топ
- •8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
- •В новогоднем лесу
- •I младшая группа
- •Новогодний утренник
- •II младшая группа
- •Новый год Средняя группа
- •8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік іі сәбилер тобы
- •Ортаңғы топ
- •Наурыз құтты болсын!
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Жасыл шырша жанында Ортаңғы топ
Залдың іші әсем безендірілген. Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөз: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл бәрімізге мол бақыт, зор денсаулық, жаңа табыс, тек қана жақсылық әкелсін,
1-бала: Ескі жылмен қоштасып,
Шығарып сап келеміз.
Жаңа жылмен достасып,
Алға басып келеміз.
2-бала: Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейміз ән салып.
Бала бақша ішінде,
Қуанамыз баршамыз.
3- бала: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
4-бала: Шамдары самсаған,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
5-бала: Тамаша, тамаша,
Қандай қызық тамаша.
Аяз Ата ортада,
Қуанады балаша.
6- бала: Жаңа-жыл! Жаңа жыл!
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Тәрбиеші: Шырша жырын барлығымыз қосылып әнге салайық.
Ән: «Шырша жыры» (қолдарымен бір-бірімен тізбектеліп, шеңберге тұрады)
Шыршаның артынан қояндар секіріп шығады.
Қоян: Ау, жараңдар, ал қараңдар!
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Қоян: Тым алыстан, Марстан,
Келеді Аяз атамыз.
Жылды тойлап, билеп, ойнап,
Көп қызыққа батамыз.
Секіріп билеп жүргенде алдынан аю шығады, қояндар қорқып тұрып.
Қояндар: Амансың ба? Аю паң !
Аю: Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдымда,
Ұйқымды ашып сегідім,
Ұйықтамаймын мен бүгін.
Жылды қарсы алайық,
Би билеп ән салайық!
Қояндар: Жаңа жылда,
Жан салайық ойынға!
(Қояндар аю қол ұстасып би билейді. Сол кезде майысып түлкі кіреді)
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю панға бір сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі кел, мұнда!
Түлкі: Достарым жаңа жыл келді,
Сыйлығын ол ала келді.
Аю паң, қоянжаным Аяз Ата адасып кетіпті, көмекке шақырып жатыр. Сендер оң жақтан, мен сол жақтан барайын - деп шыршаны бір айналып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар Аяз Ата адасып кетіпті. Қане дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз Ата ! Аяз Ата!
(Аяз Атаның орнына Түлкі кіреді де шыршаны айналып, қонақтардың алдына келіп, шыршаны көріп қалады.)
Түлкі: Пай-пай! Шыршаның кереметін-ай. Оларды жақсы алдадым ғой. Тамаша болды. Мына шыршаны үйге алып кетсем бе екен! (Осы кезде төменге еңкейіп шыршаны тырмалай бастайды, түйірімен алып кетемін деп сөйлей бастайды.)
Тәрбиеші: Түлкіжан тоқтай тұр! Не істеп жатырсың?
Түлкі: Қазір қасекені алып келемін өзіміз жаңа жылды тойлайтын боламыз.( Ешкімнің сөзіне мән бермей жұла бастайды.)
Тәрбиеші: “Жаңа жыл” мейрамын тойлап жатырмыз. Тимеңіз шыршамызға (түлкі сөзіне мән бермей былай дейді).
Түлкі: Туу! (маңдайдағы терін сүртіп, тұрып) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғаны-ай жұлынбайды ғой сол кезде жылтыраған кілтті көріп қалады да) Мынау қандай қызық кілт өзі, осы бағанада жылтыраған сандық көріп едім соның кілті шығар. Соның ішінде тәттілер, дәмділер ақшада бар шығар. Шыршаға теймей ақ қояын осы кілтпен барып ашайын тамағына тойып, ақшасына байып қалайын- деп кетіп бара жатқанда бір жылтыр таяқ түсіп қалады.
Тәрбиеші: Бұл не екен өзі? ( Тәрбиеші оны алып қояды)
Қане тойды жалғастырайық. Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен шығар әнімізді шырқап Аяз Атамызды шақырайық.
Ән: “Аяз Ата” ( жаңа жылда барлық үйге Аяз Ата келеді) Орындарынан тұрып шеңберге тұрады.
( Есіктің сыртынан дауыстар естіліп , іле шала Аяз Ата мен ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан жетектеп кіргізеді. Ол кіргісі келмейді.)
Аяз ата: Қане балалармен амандасайық!
Аяулы аналарға! Құрметті әкелерге!
Ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға,
Сәлем бердік!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың,
Асулармен алысқан,
Асу желмен жарысқан,
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Балалар: Амандасады.
Аяз ата: Рахмет, рахмет балаларым! Киімдерің қандай әдемі, шырша да әсем безендірілген. Бәрі де әсем сұлуланып кетіпті.
Тақпақтар:
Тәрбиеші: Шырша шамын жағайық!
Ақшақар: Қойыңыз Аяз Ата! Сіз таяғыңызбен қатырып тастайсыз
Тәрбиеші: Ақшақар көңілін түспесін оданда балалармен шаңғы жарысын ойнайық.
Ойын: “Шаңғы жарысы”
Тәрбиеші: Ақшақар сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым әдемі, жылтыр. Сендер оны көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда қу түлкі келіп еді, қалтасынан бір жылтыр зат түсіп қалды, сол емес пе екен. Қане қоян жаным, аю балаларым көмектесіңдер, тауып беріңдерші.( Балалар іздейді таба алмайды. Сөйтіп, тұрғанда әндетіп Жылқы шығады.)
Жылқы: Ләй –лә- лә ләй (2-рет).
Аяз Ата: Жылқы жылым қош келдің!
Жылқы: Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Ән: “ Жылқының әні”
Тәрбиеші: Жылқы жылым қош келдің! Жылқыдан көмек сұрайын. Сен бізге сиқырлы таяқты тауып берші.
Жылқы: Қазір тауып көрейік. (Жылқы шығып кетеді)
Би: “ Су толқыны”
Жылқы: Міне, сиқырлы таяғыңыз.
Аяз ата: Жарайсың, Жылқы жаным! (бетінен сүйеді.)
Қане, балалар, шырша шамын жағайық! Сиқырлы сөзімізді айтайық.
Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Жылқы жылым қош келдің,
Береке байлық әкелсін
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
(Балалар қосылып шамын жағады.)
Тәрбиеші: Балалар, қанекей, Аяз Атамыз бен бірге шыршамызды ән –биге бөлейік.
Би: «Жаңа жыл» ортақ би (орындарына отырады)
Тәрбиеші: Сен де көңілдендің, сенің сіңілдерің де күтіп қалды.
Ән: «Ақшақарлар әні»
Ақшақар: Менің ұлпа қарларым маған ұшып келіңдер.
(Ақшақарлар шеңберге тұра қалады Ақшақар би билейді)
Жаңа Жылқы жылымен көңілді өтсін тойымыз.
Тәрбиеші: Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма!
Ойын: «Кім жылдам?»
Аяз Ата: Менен де жылдам екенсіңдер. Ойындарың қандай қызықты!
Тәрбиеші: Жаңа жылда, жылма жылда
Аяз Ата келеді.
Ән: «Жаңа-жыл»
Тәрбиеші: Аяз Ата, сіз біздің балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық сандықтың ішінде болатын. Ақшақар қызым сандықтың кілті қайда? ( Ақшақар иығымен білмеймін деген ишараны жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз Ата: Ия, сол кілт.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті қу Түлкі алып кетті. Ол біздің шыршамызды да алып кеткісі келді.
Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Біз Ақшақар екеуміз түлкіні іздеп келейік.
(Осы кезде залға түлкі кіреді)
Түлкі: А-а бәлем! Таптым, сандық мұнда тұр екен. (Оны ашайын деп жатқанда, еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді.)
Аяз Ата: Қу түлкі мұнда жүр. Қане кілтті маған бер. Балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Түлкі: Ой- ой, тағы не дейді. Сыйлық өзіме керек.
Аяз Ата: Ах! Бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қаттырып тастайын. “Қане таяғым түлкіні қатырып таста!” (Түлкі орнында қатып қалады.)
Түлкі: Әй! Аяз шал! Керегі жоқ. Қалпыма келтір, ой не істесем екен.
Аяз Ата: Бересің бе сандықтың кілтін.
Түлкі: Жоқ бермеймін.
Аяз Ата: Ендеше, солай тұр. Мен кеттім.
Түлкі: Жо-оқ, Аяз Ата, кетпеші беремін кілтіңді, бірақта менің тілегімді орындасын. Жұмбақтарымды шешсін.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою салады.
(Қырау)
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
(Шырша)
Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты жақсы шештіңдер. ( Кілтті Аяз Атаға апарып береді.)
Аяз Ата: Қулықты қою керек. Онымен жақсылыққа бармайсың! (Кілтпен сандықты ашады) Барлықтарын өнерлі, білімді екенсіңдер. Алыс сапардан шаршап келгенде, шаршағанымдыда ұмытып кетіппін. Киімдерің қандай әдемі. Біздің сылығымызға риза болыңдар. Өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Келесі кездескенше қош-сауболыңдар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Жаңа жыл бақыт, байлық, береке әкелсін. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
